Көне түркі тіліндегі сын есім жұрнақтарының қазіргі түркі тілдеріндегі қалыптасуы



бет5/6
Дата13.05.2020
өлшемі42,15 Kb.
#67722
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Көне түркі тіліндегі сын есім жұрнақтарының қазіргі түркі тілдеріндегі қалыптасуы

Ақ, қара, сары, көк, сұр, биік, үлкен, аласа, жылы, жұқа, қалың, тік, ірі, кіші сияқты сапалық сын есімдерді алсақ, қазіргі кезде олардың қай-қайсысы болса да, тиісті морфемаларға бөлшектенбейтін түбір сөздер есебінде қабылданып, ежелден келе жатқан негізгі сын есімдер ретінде түсініледі. Ал, туынды бойшаң, алғыр, білгір, өткір, ашпалы, жаппалы, қалалық, ауылдық, сөзшең, сөзуар сияқты қатыстық сын есімдерді алсақ, олардың бəрі де тиісті түбірлер мен жұрнақтарға мүшеленетін туынды сөздер есебінде қабылданып, белгілі қосымшалар арқылы жасалған туынды сын есімдер екені аңғарылып тұрады.

Сөйтіп, сын есімдерді морфемалық құрамдарына қарай, негізгі сын есімдер жəне туынды сын есімдер деп бөлуге болады. Бірақ оларды осылайша жіктеу шартты нəрсе екенін есте ұстау қажет, өйткені қазіргі кезде негізгі сын деп жүрген сөздердің көпшілігінің төркінін талдап қарағанымызда, туынды сындар болып келеді. Мысалы: тұнық, суық, сұйық, сирек, тілік, сергек сияқты сындар бастапқы тұн, суы, ары, сире, тіл, сергі деген етістіктерден туған. Сондай-ақ ащы, тұщы сияқты сындардың əуелгі формасы ашты, тұшты дегендер болған да, кейін белгілі дыбыстық өзгерістерге ұшырап, бөлінбейтін түбір сөздерге айналып кеткен. Ал, толы, пісі, кіші сындары да бастапқы толық, пісік, кішік деген формалардан ықшамдалғанкебу (отын) сияқты сындар да кепкебік деген етістіктерден туған. Əрине, мұның бəрі бір күнде емес, замандар бойы тілдің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қорының қарым-қатынасынан туып, тілдің даму заңына лайық бірте- бірте қалыптасқан жəне сол заң бойынша орныққан.



Тіл-тілдегі сөздердің семантикалық жақтарында жалпылық та, ұқсастық та, тіпті пара-парлық та бола береді, өйткені сөздің семантикасы ойлау категориясымен тікелей байланысты болады; ойлау қабілеті арқасында ақиқат өмірдегі құбылыстардың бəрі де адамның ойлау елегінен өтіп қабылданады. Ал тілдің грамматикалық құрылысын алсақ, оның сипаты бұлай емес. Жүйелері басқа- басқа тілдер былай тұрсын, шыққан төркіні бір, туыстас тілдердің өздерінің де грамматикалық құрылыстарында өздеріне ғана тəн ерекшеліктері бола береді.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет