Көне түркі тіліндегі сын есім жұрнақтарының қазіргі түркі тілдеріндегі қалыптасуы



бет3/6
Дата13.05.2020
өлшемі42,15 Kb.
#67722
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Көне түркі тіліндегі сын есім жұрнақтарының қазіргі түркі тілдеріндегі қалыптасуы

-лығ/ -лы аффиксінің көмегімен зат есімнен сын есім құралады. Берілген аффикс кейбір тілдерде бірден бастап он алты нұсқасы берілген.

Татар тілінде бұл аффикістің екі нұсқасы бар-лы, -ле. Мысалы: акыллы — умный, көчле —сильный.

Башқұр тілінде төрт нұсқасы: -лы, -ле, -ло, -лө. Мысалы: акыллы — умный, көслө — сильный, толопло — имеющий тулуп, итле — мясистый.

Əзербайжан тілінде де бұл аффикстің төрт нұсқасы бар: -лы, -ли, -лу, -лү. Мысалы: агыллы — умный, күчлү — сильный, дузлу — соленый, əтли — мясистый.

Қырғыз тілінде берілген аффикстің алты фонетикалық нұсқасы берілген: -луу, -лүү, -дуу,- дүү, -туу, -түү. Мысалы: акылдуу — умный, күчтүү — сильный, аттуу — имеющий лощадь, эгиндүү — имеющий хлеб.

Хакас тілінде де алты түрі бар: -лығ,-ліг, -тығ, -тіг, -нығ, -ніг. Мысалы: малығ — имеющщий скот, аттығ — имеющий лощадь.

Тува тілінде бұл аффикстің он алты фонетикалық нұсқасы бар:

-лығ, -лиг, -луг, -лүг, -тыг, -тиг, -туг, -түг, -дыг, -диг, -дуг, -дүг, -ныг, -ниг, -нуг, -нүг. Мысалы: таглығ — гористый, хирлиг — грязный, суглуг — водянистый.

Якут тілінде де бұл аффикстің он алты нұсқасы бар: -лаах, -леех, -лоох, -лөөх, -таах, -тээх, -тоох, -төөх, -даах, -дээх, -доох, -дөөх, -наах, -нээх, -ноох, -нөөх. Мысалы: ақалаах имеющий отцадьиэлээх — имеющий дом, околоох — имеющий ребенка [4].

Қазіргі түркі тілдерінде -ғы, -гі, -қы, -кі жұрнақтары арқылы жасалған қатыстық сын есімдер атқаратын қызметімен де, беретін мағынасымен де орхон-енисей ескерткіштеріндегімен, негізінен, ұқсас болып келеді.

Гагауз тілінде -кы, -ки, -ку, -кү варианттарында қолданалып, екі мағынаны білдіреді: 1) заттың сының, уақыт, мезгілін көрсетеді: қышқы (түн), бүүнкү (жұмыс); 2) жатыс септік тұлғасында тұрған сөздерге жалғанып, мекендік мағына береді: батыдақы (бастағы), аачтакы (ағаштағы).

Қарашай-балқар тілдерінде -қьы, -ғьы, -кьы, -нги, -хы, -ки, -ги, -кьу, -гьу, -кю, -гю аффикстері де сондай қызмет атқарады: алгьынды (бұрынғы), арбаздағьы (қорадағы), қьышдағы (қыстағы), кюзгюдегі (күздегі). Жатыс септік формасынан кейін жалғанған -кы жұрнағы мен кьышкьы сөздіндегі -кьы жұрнағының өзара фонетикалық ерекшелігі болғанмен, беретін мағынасы, атқаратын қызметі жағынан бұл екеуінің бір-бірінен айырмасы шамалы.

Бұл жұрнақтың қарақалпақ тіліндегі қолданылауынан да (-гьы, -ги, -дагьы, -деги, -тагьы, -теги)жоғарғы тілдердегіден айтарлықтай өзгерісі жоқ: юйдеги, базардагьы, авилындагьы.

Өзбек тілінде -ги, -ки белгілі бір уақытты не орынды білдіреді: езги (жазғы), кузги (күзгі), ички (ішкі): -ги (жатыс септігінің формасынан кейін келіп) заттың орның, мекенің білдіреді: үйдеги, сондай-ақ ол түрік тілінде -кі, -кү: шор тілінде -кы, -кі, -гы, -ги, турунгу (бұрынғы), күскү (күзгі), əртенги, қышқы, тағдағы (таудағы), иердағы (жердегі), хакас тілінде -ғы, -гі (түнгі): -хы, -кі: кынтегі (қазіргі), голдағы (қолдағы). Түрікмен тілінде -кы, -ки, -дакы, -дəки (ахыркы): алтай тілінде -гы,-ги,-кы, -ки: қырғыз тілінде -кы (артқы, былтыркы), азербайжан тілінде -қы, -ки, -ку, -кү варианттарында кездеседі. Соңғы айтылған тілде -ки жұрнағы қазіргі түркі тілдерінде беретін екі мағынаны да біддіреді. Бірақ мекендіктен гөрі мезгілдік мағынасы бар қатыстық сын есімдерді көбірек жасайды: индики, соңки, илки.

Башқұрт тілінде -кы, -кі, -ғы, -гі, -ке, -ге, -ко, -го, -кə, -ге сияқты форманттар пайдаланылады. Белгілі бір кесікті уақытты білдіреді: баяғы, боронғо, һунғы, иртенге, көндөзге: кеңістік, мекендік мағынаны береді: алдыңғы, алғы, арғы, аскы, ситке, түбəнге.

Қазіргі түркі тілдерінің бəрінде де -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары біркелкі колданылады. Жоғарыда келтірілген мысалдардан -қы жұрнағының қазіргі атқаратын қызметі мен беретін мағынасының көне түркі тілдеріндегіден гөрі өзгерісі аз [5].

Түркі тілдерінде етістіктерде де толып жатқан сын есімдер жасалады. Оның үшін етістіктердің түбіріне сын есім тудыратын белгілі жұрнақтар қойылады да, етістіктің лексикалық мағынасын дəл сақтай отырып, сан алуан сындық ұғым білдіретін сөздерді жасайды. Түркі тілдерінде бұндай етістіктерден жасалған сын есімдердің көпшілігі бір-біріне ұқсас болып келеді. Солардың кейбіреулеріне тоқтап, бір-бірімен салыстырып қарайық:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет