Конкурстық ҚҰжаттама


Қазақстан, Ресей және Беларусь Кедендік одағын құруға арналған іс-шаралар кешенін өткізу



бет8/12
Дата11.02.2018
өлшемі2,04 Mb.
#37590
түріКонкурс
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Қазақстан, Ресей және Беларусь Кедендік одағын құруға арналған іс-шаралар кешенін өткізу



Қазақстан, Ресей және Беларусь Кедендік одағын құруға арналған іс-шаралар кешенін өткізу. Қазақстан, Ресей және Беларусь Кедендік одағы шеңберіндегі интеграциялық ынтымақтастық мәселелері жөнінде Қазақстанның сараптамалық қауымдастығының арасында әлеуметтік зерттеу (сараптамалық сұрақ-жауап) өткізу. Қазақстан, Ресей және Беларусь Кедендік одағын құрудың бірінші нәтижелерін талдау. Кедендік одақ шеңберіндегі интеграциялық ынтымақтастықты тереңдету жөнінде ұсынымдар әзірлеу. Талдау баяндаманы дайындау. Қазақстан, Ресей және Беларусь Кедендік одағын құру мәселелерін талдауға арналған «дөңгелек үстел» өткізу. Өткізілген зерттеудің нәтижелері бойынша кітап дайындау, шығару және сараптамалық қауымдастық ортасында таныстыру. Кедендік одақ шеңберіндегі интеграциялық ынтымақтастық мәселелерін түсіндіруге арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі жарияланымдар сериясын ұйымдастыру. Зерттеулердің нәтижелерін ҚР бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты негізде тарату. Жоба жөніндегі жұмыс сараптамалық қауымдастықтың әлеуетін қатыстыра отырып жүзеге асырылуы тиіс. Жобаның іске асырылу барысы туралы «http://monitoring.academy.kz» сайтына орналастыру үшін Тапсырыс берушіге ай сайын электронды түрде есеп беру қажет. Жобаның іске асырылу қорытындылары бойынша қорытынды талдау ақпаратты және аталған бағыт бойынша мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар дайындау, сондай-ақ телевизиялық арналарда көрсетуге бағдарланған форматта жоба туралы бейне есеп шығаруды қамтамасыз ету қажет.




Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы шеңберіндегі іс-шараларды ұйымдастыру



Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына арналған екі халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу.

Республикалық және шетелдік мерзімді ғылыми басылымдарда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ЕҚЫҰ төрағасы лауазымындағы Қазақстанның қызметіне арналған жарияланымдардың тұрақты сериясын ұйымдастыру. Интернетте кең көлемде тұрақты ақпараттық жариялауды қамтамасыз ету. ЕҚЫҰ төрағасы лауазымындағы Қазақстанның қызметі туралы талдау баяндаманы дайындау. Жоба жөніндегі жұмыс сараптамалық қауымдастықтың әлеуетін қатыстыра отырып жүзеге асырылуы тиіс. Жобаның іске асырылу барысы туралы «http://monitoring.academy.kz» сайтына орналастыру үшін Тапсырыс берушіге ай сайын электронды түрде есеп беру қажет. Жобаның іске асырылу қорытындылары бойынша қорытынды талдау ақпаратты және аталған бағыт бойынша мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар дайындау, сондай-ақ телевизиялық арналарда көрсетуге бағдарланған форматта жоба туралы бейне есеп шығаруды қамтамасыз ету қажет.






Әлеуметтік сала қызметкерлері үшін тегін заң консультациясын ұйымдастыра отырып, азаматтық құқықтық сананы арттыру орталығын құру



Үкіметтік емес ұйымның базасында әлеуметтік сала қызметкерлері үшін тегін заң консультациясын ұйымдастыра отырып, азаматтық құқықтық сананы арттыру орталығын құру. Еліміздің барлық өңірлерінде, соның ішінде ауылдық жерлерде әлеуметтік сала қызметкерлерінің азаматтық құқықтық санасын арттыру жөнінде іс-шаралар кешенін (дөңгелек үстелдер, конференциялар, кеңестер және т.б.) өткізу. Әлеуметтік сала қызметкерлері үшін тегін заң консультациясын беру мақсатында Қоғамдық қабылдау қызметін құру.

Әлеуметтік сала қызметкерлері арасында өзекті мәселелерді айқындау жөнінде сұрақ-жауап жүргізу. Мақсатты топтың құқықтық мәдениетін арттыру және хабардар ету мәселелері бойынша модульдер әзірлеу. Құқықтық тақырыптарға ақпараттық-анықтамалық бюллетеньдер әзірлеу, басып шығару және әлеуметтік сала қызметкерлерінің арасында тарату. Жоба жөніндегі жұмыс сараптамалық қауымдастықтың әлеуетін қатыстыра отырып жүзеге асырылуы тиіс. Жобаның іске асырылу барысы туралы «http://monitoring.academy.kz» сайтына орналастыру үшін Тапсырыс берушіге ай сайын электронды түрде есеп беру қажет. Жобаның іске асырылу қорытындылары бойынша қорытынды талдау ақпаратты және аталған бағыт бойынша мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар дайындау, сондай-ақ телевизиялық арналарда көрсетуге бағдарланған форматта жоба туралы бейне есеп шығаруды қамтамасыз ету қажет





Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қызметі және міндеттері туралы халықтың қалың топтарын хабардар ету жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу



Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қызметі және міндеттері туралы халықтың қалың топтарын хабардар ету жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу. Еліміздің барлық өңірлерінде азаматтық қоғам өкілдеріне, ауыл тұрғындарына, жастарға арналған адамзат өлшемдерінің өзекті мәселелері жөніндегі семинарлар, лекциялар, кездесулер, дөңгелек үстелдер және басқа да білім беру іс-шараларын ұйымдастыру. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қызметі туралы баспасөз өнімдерін әзірлеу және тарату. Жоба жөніндегі жұмыс қоғам өкілдерін қатыстыра отырып және бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде жариялана отырып жүзеге асырылуы тиіс. Жобаның іске асырылу барысы туралы «http://monitoring.academy.kz» сайтына орналастыру үшін Тапсырыс берушіге ай сайын электронды түрде есеп беру қажет. Жобаның іске асырылу қорытындылары бойынша қорытынды талдау баяндама және аталған бағыт бойынша мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар дайындау, сондай-ақ телевизиялық арналарда көрсетуге бағдарланған форматта жоба туралы бейне есеп шығаруды қамтамасыз ету қажет.





Азаматтық қоғам өкілдеріне арналған азаматтық өлшем мәселелері жөнінде мемлекеттік тілдегі іс-шаралар кешенін өткізу


Еліміздің барлық өңірлерінде азаматтық қоғам өкілдеріне арналған азаматтық өлшем мәселелері жөнінде мемлекеттік тілдегі іс-шаралар кешенін өткізу: :

- заң үстемдігі (заңнамалық ашықтық, сот билігінің тәуелсіздігі, әділ сот төрелігіне құқық),

-діни сенім бостандығы;

- БАҚ бостандығы;

-бейбіт жиындар мен қауымдастықтар бостандығы;

- қозғалыс еркіндігі;

- өлім жазасы;

- жәбірлеу және оларды болдырмау;

- адам саудасы;

- гендерлік баланс;

- еңбек мигранттары, заңды мигранттардың кірігуі, босқындар;

- аз ұлттар;

- жеккөрушілік негізіндегі қылмыстар;

- адам құқығы саласындағы білім.

Адамзат өлшемдері саласындағы өзекті мәселелер жөніндегі баспасөз өнімдерін әзірлеу және тарату. Жоба жөніндегі жұмыс қоғам өкілдерін қатыстыра отырып және бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде жариялана отырып жүзеге асырылуы тиіс. Жобаның іске асырылу барысы туралы «http://monitoring.academy.kz» сайтына орналастыру үшін Тапсырыс берушіге ай сайын электронды түрде есеп беру қажет. Жобаның іске асырылу қорытындылары бойынша қорытынды талдау баяндама және аталған бағыт бойынша мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар дайындау, сондай-ақ телевизиялық арналарда көрсетуге бағдарланған форматта жоба туралы бейне есеп шығаруды қамтамасыз ету қажет.




Авторлық құқықты және зияткерлік меншікті қорғау саласындағы азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу



Авторлық құқықты және зияткерлік меншікті қорғау саласындағы халықаралық және отандық тәжірибені зерделеу. Авторлық құқықты қорғау мәселелері жөніндегі консалтинг қызметін құру. Зияткерлік құқықты қорғау мәселесін реттейтін заңнаманы бұзу тәуекелдерін төмендету мәселелері жөнінде өңірлік іс-шаралар өткізу. Зияткерлік құқықты қорғау саласындағы ұйымдардың және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және хабардар ету мәселелері бойынша оқу модульдерін ілеспе үлестірме материалдарымен бірге) әзірлеу және жариялау. Әзірленген оқу модульдері бойынша семинар-тренингтер өткізу. Зияткерлік құқықты қорғау саласында тиімділікті арттыру үшін электрондық үкімет инструменттерін пайдалану мәселелері жөніндегі практикалық нұсқаулықты шығару және тарату. Таралымы - 500 дана. Жоба жөніндегі жұмыс қоғам өкілдерін қатыстыра отырып және бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде жариялана отырып жүзеге асырылуы тиіс. Жобаның іске асырылу барысы туралы «http://monitoring.academy.kz» сайтына орналастыру үшін Тапсырыс берушіге ай сайын электронды түрде есеп беру қажет. Жобаның іске асырылу қорытындылары бойынша қорытынды талдау баяндама және аталған бағыт бойынша мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар дайындау, сондай-ақ телевизиялық арналарда көрсетуге бағдарланған форматта жоба туралы бейне есеп шығаруды қамтамасыз ету қажет.




Қазақстан Республикасындағы Гендерлік теңдік стратегиясын және отбасы институтын нығайту жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру


Қазақстан Республикасындағы Гендерлік теңдік стратегиясының ережелерін ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету және отбасы институтын нығайту жөнінде елдің барлық өңірлерінде іс-шаралар кешенін ұйымдастыру (дөңгелек үстелдер, конференциялар, пікір-сайыстар, блиц-сауалдар және т.б.).

Қоғамдағы отбасы институтын нығайту жөніндегі жұмыстардың отандық және халықаралық тәжірибелерін зерттеу.

Неке-отбасылық қатынастардағы гендерлік теңдік мәселелері бойынша халықты ақпараттық-құқықты ағартуды қамтамасыз ету.

Дағдарысты жағдайдан шығу және әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелері бойынша отбасыларға құқықтық көмек көрсетудің мамандандырылған қызметтің үлгісін әзірлеу. Халықаралық отбасы күніне арналған тақырыптық көрмелер мен іс-шаралар ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасындағы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету процесстерін реттейтін нормативтік-құқықтық базаларға талдау жасау. Ақпараттық-әдістемелік материалдар әзірлеу және басып шығару.

Оларға тәуелсіз ұйымдармен сараптама жүргізу.

Халықтың ұлттық салт-дәстүрлері мен менталитетін ескере отырып, қазақстандық отбасының жағдайын зерттеу негізінде отбасы институтының жағдайы туралы талдамалық баяндама әзірлеу.

Жоба жөніндегі жұмыс қоғам өкілдерін тарта отырып және кеңінен ақпараттық жариялау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Жобаның іске асырылу барысы туралы «http://monitoring.academy.kz» сайтына орналастыру үшін Тапсырыс берушіге ай сайын электронды түрде есеп беру қажет. Жобаның іске асырылу қорытындылары бойынша қорытынды талдау баяндама және аталған бағыт бойынша мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар дайындау, сондай-ақ телевизиялық арналарда көрсетуге бағдарланған форматта жоба туралы бейне есеп шығаруды қамтамасыз ету қажет.




Әйелдердің саяси лидерлігі мектептерін дамыту жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыру


Әйелдердің саяси лидерлігі мектептерінің желісін дамыту жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыру (дөңгелек үстелдер, пікір-сайыстар, семинар-тренингтер). Өңірлерде әйелдерді саяси көтермелеу мәселелерін талқылау жөнінде дөңгелек үстелдер өткізу. Дөңгелек үстелдердің материалдарын жинақтау негізінде әйелдерді саяси көтермелеу жөнінде республикалық конференция өткізу.

Әйелдердің лидерлік әлеуетін арттырудағы қазіргі заманғы тәжірибелік тәсілдерді қолдану жөнінде тренинг-практикум өткізу.

Сараптама қоғамдастығының әлеуетін тарта отырып және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен мына тақырыптарға арналған панель-отырыстар ұйымдастыру: «Сайлауға қатысудың тәжірибесі және болашағы», «Қазақстандық әйелдердің саясатқа қатысуларының проблемалары мен болашағы».

Әйелдердің саяси лидерлігі проблемаларымен айналысатын отандық және халықаралық ұйымдардың тәжірибелерін зерттеу. Гендерлік саясат саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ деректер қорын жасақтау. Әйелдердің Қазақстанның басқару құрылымдарына қатысулары туралы талдамалық ақпарат әзірлеу.

Жоба жөніндегі жұмыс қоғам өкілдерін тарта отырып және кеңінен ақпараттық жариялау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Жобаның іске асырылу барысы туралы «http://monitoring.academy.kz» сайтына орналастыру үшін Тапсырыс берушіге ай сайын электронды түрде есеп беру қажет. Жобаның іске асырылу қорытындылары бойынша қорытынды талдау баяндама және аталған бағыт бойынша мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар дайындау, сондай-ақ телевизиялық арналарда көрсетуге бағдарланған форматта жоба туралы бейне есеп шығаруды қамтамасыз ету қажет.






Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды (қыз балаларды) асырап алу процессін ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу



Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды (қыз балаларды) асырап алу процессін ынталандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу (конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.) Роликтер үшін бейнесюжет әзірлеу және монтаждау, баспа өнімдерін, жарнамалық жолдар әзірлеу және басып шығару.

Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды (қыз балаларды) асырап алу процессін ынталандыру жөнінде кеңінен ақпараттық кампанияны қамтамасыз ету.

Балаларды асырап алу саласын реттейтін заңнамаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды (қыз балаларды) асырап алу жағдайы жөнінде кешенді сараптамалық сауалдар өткізу.

Қазақстан Республикасындағы жетім балаларды асырап алу саласындағы жұмыстарды жетілдірудің жағдайы мен болашағы туралы талдамалық есеп дайындау.

Жоба жөніндегі жұмыс қоғам өкілдерін тарта отырып және кеңінен ақпараттық жариялау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Жобаның іске асырылу барысы туралы «http://monitoring.academy.kz» сайтына орналастыру үшін Тапсырыс берушіге ай сайын электронды түрде есеп беру қажет. Жобаның іске асырылу қорытындылары бойынша қорытынды талдау баяндама және аталған бағыт бойынша мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар дайындау, сондай-ақ телевизиялық арналарда көрсетуге бағдарланған форматта жоба туралы бейне есеп шығаруды қамтамасыз ету қажет.




Ауылды жерлерде тұратын әйелдер үшін Гендерлік теңдік стратегиясын түсіндіру және жалпы құқықтық мәдениеттерін арттыру жөнінде іс-шаралар кешенін ұйымдастыру



Ауылды жерлерде тұратын әйелдер үшін Гендерлік теңдік стратегиясының негізгі бағыттарын, қолданыстағы заңнамаларды түсіндіру және жалпы құқықтық мәдениеттерін арттыру жөнінде еліміздің барлық өңірлерінде іс-шаралар ұйымдастыру.

Осы мақсатты топтар үшін лекторларға көмекші құрал болатын ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау.

Гендерлік теңдік стратегиясының негізгі бағыттары, қолданыстағы заңнамалар жөнінде мемлекеттік және орыс тілдерінде баспа өнімдерін әзірлеу, басып шығару және ауыл әйелдері арасында тарату. Таралымы 2000 дана.

Өңірлік ҮЕҰ базасында ауыл әйелдеріне арналған тегін заң консультацияларын ұйымдастыру.

Жоба жөніндегі жұмыс қоғам өкілдерін тарта отырып және кеңінен ақпараттық жариялау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Жобаның іске асырылу барысы туралы «http://monitoring.academy.kz» сайтына орналастыру үшін Тапсырыс берушіге ай сайын электронды түрде есеп беру қажет. Жобаның іске асырылу қорытындылары бойынша қорытынды талдау баяндама және аталған бағыт бойынша мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар дайындау, сондай-ақ телевизиялық арналарда көрсетуге бағдарланған форматта жоба туралы бейне есеп шығаруды қамтамасыз ету қажет.






Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбандарына арналған әлеуметтік қызметтер көрсетудің екінші жүйелерінің даму мониторингі және әрекет етіп отырған дағдарыс орталықтарына қолдау көрсету



Лот тақырыптары бойынша халықаралық және отандық тәжірибелерді зерттеу, осы сала бойынша айналысатын инфрақұрылымдар мен субъектілер туралы дерек қор қалыптасыру.

Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбандарына арналған әлеуметтік қызметтер көрсту процессін реттейтін нормативтік-құқықтық базаға талдау жасау.

Адам саудасының құрбандарына екінші әлеуметтік қызмет көрсетуге мүдделі ұйымдарға арналған республикалық білім беру бағдарламасын әзірлеу және өткізу.

Адам саудасының құрбандарына қатысты нормалар мен ережелерді реттейтін заңды әзірлеуге бастама көтеру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне қорытынды құжат ұсыну.

Лот тақырыптары бойынша ақпараттық-әдістемелік материалдар әзірлеу және басып шығару.

Дағдарыс орталықтарына қолдау көрсету жөніндегі ұсыныстардың проблемалары мен іске асырылуына талдау жасау. Қоғамдық бірлестіктердің, құқық қорғау органдарының, БАҚ қатысуымен мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге арналған ұсынымдар әзірлеу жөнінде ұйымдастыру-тәжірибелік іс-шараларын өткізу (дөңгелек үстел, семинар). Іс-шаралардың материалдары бойынша баспа өнімдерін дайындау және шығару.

Жоба жөніндегі жұмыс қоғам өкілдерін тарта отырып және кеңінен ақпараттық жариялау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Жобаның іске асырылу барысы туралы «http://monitoring.academy.kz» сайтына орналастыру үшін Тапсырыс берушіге ай сайын электронды түрде есеп беру қажет. Жобаның іске асырылу қорытындылары бойынша қорытынды талдау баяндама және аталған бағыт бойынша мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар дайындау, сондай-ақ телевизиялық арналарда көрсетуге бағдарланған форматта жоба туралы бейне есеп шығаруды қамтамасыз ету қажет.






Қазақстан Республикасындағы этнодемографиялық ахуалды жақсарту жөнінде іс-шаралар кешенін өткізу


Қазақстан Республикасындағы этнодемографиялық ахуалды жақсарту жөнінде іс-шаралар кешенін өткізу (семинарлар, конференциялар).

Этнодемографиялық саясатты іске асырудың отандық және халықаралық тәжірибелерін зерттеу.

Этнодемографиялық саясаттың проблемалары мен болашағы жөнінде дөңгелек үстелдер ұйымдастыру.

Халықтық жағдайдың дамуына талдау жасау және Қазақстанның этнодемографиялық құрылымын жақсартуға арналған тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу.

Жоба жөніндегі жұмыс қоғам өкілдерін тарта отырып және кеңінен ақпараттық жариялау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Жобаның іске асырылу барысы туралы «http://monitoring.academy.kz» сайтына орналастыру үшін Тапсырыс берушіге ай сайын электронды түрде есеп беру қажет. Жобаның іске асырылу қорытындылары бойынша қорытынды талдау баяндама және аталған бағыт бойынша мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар дайындау, сондай-ақ телевизиялық арналарда көрсетуге бағдарланған форматта жоба туралы бейне есеп шығаруды қамтамасыз ету қажет.






Азаматтардың діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласында қызмет көрсету жөніндегі ресурстық Орталықтың қызметтерін ұйымдастыру



Беделді ҮЕҰ базасыда азаматтардың діни сенім бостандығын қамтамасыз ету саласында әдістемелік-консультативтік, құқықтық және әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі ресурстық Орталық ұйымдастыру.

Жобаны іске асыру барасында лот тақырыптары бойынша халықаралық және отандық тәжірибені зерттеу керек, осы саламен айналысатын инфрақұрылымдар мен субъектілер туралы деректер қорын қалыптастырып, осы сияқты өңірлік орталықтардың қызметтерін үйлестіруді ұйымдастыру қажет.

Қызмет тұрақты негізде көрсетілуі тиіс және тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны, қоғамдық қабылдау жұмысы, тегін заң консультацияларын қарастыру керек, діни ұйымдардың қызметтеріне және діни салада жұмыс істейтін ҮЕҰ қызметтерінің заңдылығына, оның ішінде адам құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу.

Жобаны іске асыру барысында кемінде 30 ақпараттық-әдістемелік басылымдар шығарылуы қажет (брошюралар, буклеттер, құралдар және т.б.). Таралымы кемінде 1000 дана. Түрлі түсті баспа және басылымның дербес дизайны міндетті. Арнайы бейне роликтер шығаруды ұйымдастыру.

Орталықтың жұмыс кестесі, шығарылатын материалдарының мазмұны мен формасы, сол сияқты қызметіндегі басқа да өнімдері тапсырыс берушімен міндетті түрде келісілуі қажет.

Жоба жөніндегі жұмыс қоғам өкілдерін тарта отырып және кеңінен ақпараттық жариялау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Жобаның іске асырылу барысы туралы «http://monitoring.academy.kz» сайтына орналастыру үшін Тапсырыс берушіге ай сайын электронды түрде есеп беру қажет. Жобаның іске асырылу қорытындылары бойынша қорытынды талдау баяндама және аталған бағыт бойынша мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар дайындау, сондай-ақ телевизиялық арналарда көрсетуге бағдарланған форматта жоба туралы бейне есеп шығаруды қамтамасыз ету қажет.




Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру


Қазақстан Республикасындағы конституциялық құрылымның тарихы туралы халықты ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасындағы конституциялық құрылымның тарихы бойынша ақпараттық материалдар әзірлеу жөніндегі сараптама тобын құру.

«Конституция әрбір үйде» атты республикалық патриоттық акциясын ұйымдастыру және өткізу.

Акция штабын жасақтау және оның жұмысына халықпен жұмыс істеу үшін республика бойынша кемінде 500 волонтер тарту.

Баспа өнімдерін басып шығару және барлық өңірлерге тарату (құттықтау хаттарының жинағы, буклеттер, еліміздің негізгі заңының тарихы және 2007 жылғы конституциялық реформаның нәтижелері туралы ақпараттық материалдар).

Халықтың әр түрлі адрестік топтарының арасында ақпараттық материалдар тарататын волонтерлар топтарының жұмыстарын үйлестіру.

Өткізілетін іс-шараларды республикалық және өңірлік БАҚ кеңінен ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету. Жобаны іске асыру шеңберінде өткізілетін жұмыстар туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде кемінде 100 жарияланымның шығуын, оның ішінде телеарналар мен газеттерде шығуын қамтамасыз ету.

Жобаның іске асырылу барысы туралы «http://monitoring.academy.kz» сайтына орналастыру үшін Тапсырыс берушіге ай сайын электронды түрде есеп беру қажет. Жобаның іске асырылу қорытындылары бойынша қорытынды талдау баяндама және аталған бағыт бойынша мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар дайындау, сондай-ақ телевизиялық арналарда көрсетуге бағдарланған форматта жоба туралы бейне есеп шығаруды қамтамасыз ету қажет.







«Негізгі заң – демократияның негізі» республикалық акциясын өткізу


Ғалым-заңгерлердің, қоғам өкілдерінің қатарынан сараптама қоғамдастығының әлеуетін тарта отырып, «Негізгі заң – демократияның негізі» республикалық акциясын өткізу.

Қазақстанның демократиялық дамуы мен еліміздің Негізгі заңының рөлі мен маңыздылығы мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық материалдар сериясын дайындау.

Осы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық-саяси журналдарда жарялау.

Мемлекеттік органдардың, ғылыми ортаның, қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу.

Конференцияның қорытындысы бойынша республиканың қолданыстағы конституциялық заңнамасының әлеуетін ескере отырып, демократиялық процесстердің әрі қарай дамуы жөнінде талдамалық материалдар, нақты ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу.

Елміздің өңірлерінде конференцияның жұмысының қорытындылары мен оның қатысушылары әзірлеген ұсыныстарды талқылау жөніндегі арнайы пікір-сайыс алаңдарының жұмыстарын ұйымдастыру. Пікір-сайыс алаңдарына қатысуға қоғамның кең ортасын, ғалымдарды, журналистерді, құқық қорғаушыларды кеңінен тарту. Өңірлік пікір-сайыс алаңдарының қатысушыларының пікірлерін жинақтау және осы жұмыстың негізінде талдамалық баяндама дайындау.

Жоба жөніндегі жұмыс қоғам өкілдерін тарта отырып және кеңінен ақпараттық жариялау арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Жобаның іске асырылу барысы туралы «http://monitoring.academy.kz» сайтына орналастыру үшін Тапсырыс берушіге ай сайын электронды түрде есеп беру қажет. Жобаның іске асырылу қорытындылары бойынша қорытынды талдау баяндама және аталған бағыт бойынша мемлекеттік органдарға арналған ұсынымдар дайындау, сондай-ақ телевизиялық арналарда көрсетуге бағдарланған форматта жоба туралы бейне есеп шығаруды қамтамасыз ету қажет.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет