Конспект жазамыз. В ә. Кекілбаев «Шыңырау»



бет6/11
Дата22.05.2022
өлшемі42,3 Kb.
#144486
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ағымдық 1

«Жармақ»
Романның басты кейіпкері – Мұрат Бейсенұлы Қазыбеков және оның жармағы Марат Бейсенұлы Қазыбековтер. Романның өн бойы тола қиял мен мистика болғанымен, негізі шынайы өмірден алынған. Адамдар қақ жарылып, бүтіннің бөлшегіне айналып жатпаса да, әр адам өз ішінде ұдайы екі ойдың жетегінде жүретіні, әр кезде екі жолдың жолайрығында тұратыны айтпаса да ақиқат. Әдетте, түрлі фантастикалық фильмнен көріп жүрген бұл «транс» жүйесінің қазақ әдебиетіне енгені бір өзгешелік болып отыр.

Шығарма арқалаған тағы бір мұрат - көркем тарихилық пен қоғамдық ахуал. Әдеби шығармада ескі қоғам мен жаңа қоғамның тай-таласы, ақша мен дүние-мүліктің құлына айналған және ілім, ғылымның соңына түскен жанның қос тағдыры бір-бірімен жарыса суреттелген. Шығармада елдің өткені мен бүгінгісіне қатысты түрлі тарихи кезең, оқиғалар детальды түрде баяндалады. Жалпы, Мұхтар Мағауиннің жазушылдығынан тарихшылдығы басым. Осыған орай шығармада тарихтың ізі жатуы да орынды. Роман өз кезегінде жаңалығымен де, жаңылысымен де оқырман қауымға таныс болып үлгерді.


«Сары қазақ»

«Сары қазақ» романының бас кейіпкері – Стансилав Юрьевич, ұлты орыс, Ресей топырағында 1895 жылы Елетіс қаласында дүниеге келген, 16 жасында Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түседі, «Неміс философтарының дүниені қайта құру идеясымен басы шырмалған әкесінің тәрбиесінде, патшалық құрылстың Россия үшін ең үлкен сор екенін миына сіңіріп өскен Стансилав социал-революция партиясына қатысып, көтеріліс қимылдарына араласады, кейін бұл партиядан, төңкерісшіл жастардың арасынан сытылып шығып, жеке іс жүргізеді, текедей таңдап өңкей мықтыларды бірден өлтіреді (барлығы қатыгез биліктің адамдары, ұзын саны сегізге жетеді). Революциялық террордың жаңаша сипат алып, кеңінен тарала бастағанын аңдаған үкімет адамдары «қиқар студенттерді» тұзаққа түсіре бастайды, осы қатарда Стансилав бес жыл каторгаға кесіліп, он жыл еркін қоныстанушы деген «саяси қылмыспен» алыс Сібірге (итжеккенге) айдалады. Алайда жолда еуразиялық ежелгі қалашыққа екі күн демалып, вагондар Сібірдің терең қойнауына темір доңғалақтарын тарсылдата енді, бет түзеген шақта Стансилав жол үстінде қашып шығып, түстікке қарай кісенін сүйіретіп жан ұшыра жүгіреді.


Стансилавтың таң алаң-елеңде орман арасымен түстіктегі киргиз-қайсақтардың даласына жан сауғалап кіруі шын мәнісінде оның бұл далаға қайтадан «оралуы» еді. Себебі, Стамбектің (қазақша есімі) арғы аталары XVI ғасырда орыс книяздіктеріне бір жола келіп орнығып қалған Бөкей ордасының текті адамдары. (Бөкей ордасының күш-қуаты толысып тұрған шағында Стамбектің арғы ата-бабалары орыс ішіне қашады, арада бес ғасыр өткен соң, бар билік Россияға көшкен шақта сол Бөкейдің бақытсыз ұрпағы Стансилав қырғыз-қайсақ ішне қашады).
Қаламгердің бытыранды реаль өмір құбылстарын жинақтап, типтендіре суреттеуі яки біртектес заттардың, құбылстардың өзара ұқсайтын ішкі қасиетін тұлғаландыруы әдеби образдың сомдалуындағы аса маңызды фактор. Алайда, бізді қызықтыратыны 1907 жылғы жалған саяси жаланың құрбаны болып, итжеккенге айдалған мың сан жігіттің немесе орыс книяздіктеріне бауыр басып тұрып қалған Бөкей ордасындағы қаракөк тұқымдардың, тіпті революцияның туын көтеріп, бүкіл Россияның тағдырына басы ауырған талай азамат ердің типтік образындағы Стамбек Сыпатайұлы Дәулеткелдиевтің әдеби образы емес, кейіпкердің өмір сүрген жаратылстық ортасының өзгешелігінде. Бұл өзгешелік ойға құрастырылған сюжеттік желістің дамуына байланысты емес, бұл тыныш тірлік, барақатты өмір іздеген қазақтардың ‹жер ұйықты› аңсаған ақырғы тілегіне байланысты еді. 1916 жылғы майдан жұмыстарына адам алу оқиғасынан соң-ақ тынышы кеткен Сыпатай байдың (Стансилавты айдаладан тауып алып, асыранды ұлы еткен ) ауылы Қызылжар, Есіл өңірінен алыстап түстікке қарай аууы, Көкшеден асып, Қалқұтанды кешіп өтіп, Терісқаққан бойына дамылдауы, Ұлытаудан асып, Едіге тауын жағалай үздіксіз түстікке жортуы, жайыла көшіп Кішітаудан жылжый, Сарысу мен Кеңгірдің құйғанындағы Қаражардан қалың тама қоныс кесіп берген мезгілге дейін аумалы-төкпелі дүрбелең мен дүбірге толы, қаншама қатердың астындағы көші-қон тағдыры он бес жыл уақытқа дейін созылады. Неше мың шақырым аймақты кезіп шығады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет