Конспектісі мамандығы: «5B011700 Қазақ тілі және әдебиет»


дәріс. Дидактика-оқыту теориясы



бет7/8
Дата30.10.2019
өлшемі200,16 Kb.
#50857
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция бакалавриат


15 дәріс. Дидактика-оқыту теориясы -2 сағат.

Мақсаты: Оқыту процесінің тұтас жүйе ретіндегі әдіснамалық, психологиялық негіздерін сипаттау

Жоспары:

1. Оқытудың мәні және құрылымы.

2. Оқытудың әдiснамалық және психологиялық негiздерi.

Негiзгi ұғымдар: оқыту процесi, оқытудың қызметi, оытудың ұстанымдары., танымдық iс-әрекет.

15.1 Оқытудың мәні және құрылымы.

Оқыту дегеніміз заман талабын ескере отырып, жеке тұлға қалыптастыру барысында олардың бойында білім, білік, дағды, іскерлікті мақсатты меңгерту мен дамыту процесі. Яғни, ол қоғамдық құбылыс сипатындағы мақсатты бағдарланған, жүйелі ұйымдастырылғын қоғамдық қатынастар тәжірибесі, сонымен қатар қоғамдық сананың даму нәтижесі.

Оқытудың негізгі қызметі оқушылардың білім, дағды шығармашылық-іс-әрекетке іскерлігін қалыптастыру болса, екіншіден олардың дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Оқыту процесі оқулықтар негізінде іске асырылады.

Оқыту процесiнде оқулықтар құрылымындағы, оқытушының оқу материалын түсiндiруiндегi жүйелі мәселе қою әдiсі басты орынға ие болады. Оқыту тәрбие процесімен қатар жүргізіледі, яғни екі жақты процесс ретінде сипат алады. Оқыту барысында ұйымдастыру, білімдендіру, қарым-қатынас, басқару қызметтері тұтастай іске асырылады. Оқыту түрлері жалпы алғанда жеке, топтық болып бөлінеді және әр тұрғыдан ұйымдастырылады.

Оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласы танымдық белсендiлiктiң қозғаушы күші болып табылады. Олардың оқу -танымдық іс-әрекетке ынтасын оятуда: оқудағы жетiстiктi қамтамасыз ету; оқушылардың артта қалуының алдын алу; “қауiп-қатер балаларының” диагностикасы; үлгермеушiлiктi болдырмау; оқу материалының мазмұны (тарихи сапарлар, өмiр тәжiрибесiнен мысалдар, мемлекет стандарт шегiнен асу, т.б.); бiлiм берудiң әртүрлi формалары мен әдiстерi, жаңа педагогикалық технологияларды қолдану; мұғалiмнiң оқушыларға қатынасы; балалар ұжымының қоғамдық пiкiрi; ақыл-ой қабiлеттiлiгi мен жалпы оқу бiлiктерiн дамыту қызметтерiнің маңызы зор. Мысалы: оқудағы жетiстiктi қамтамасыз етуді алар болсақ, мұндағы жетiстiк – адамның белсендi іс-әрекетiнiң ең маңызды қозғаушы күшi. Бұл психологиялық феномен балалық және жасөспiрiм шақта – басқа себеп-сылтаулар мен ынталандырушылары әлi тұрақсыз немесе тиянақсыз болғанда ерекше көрiнiс табады. Үлгерiмi нашар, өз қатарынан артта қалған баланың оқуға деген ынта-ықыласы тез жойылады, оның сабақтағы танымдық белсендiлiгi төмендеп кетедi.

Оқу процесінде қабілеттеріне қарай бейіндік оқыту (жаратылыс ғылымдары, гуманитарлық-филологиялық, әлеуметтiк-экономикалық, физика-математикалық, көркем-дiк-эстетикалық, т.б.) оқушылардың ынта-ықыластары мен қабiлеттiлiгiн, сондай-ақ, бiлiм беру мекемесiнiң педагогикалық ұжымының мүмкiндiктерiн, жергiлiктi бiлiм беру жүйесiнiң құрылымын және әлеуметтiк ортаның ерекшелiктерiн есепке ала отырып жүргiзiледi. Педагогтар тәжiрибесiндегi оқу іс-әрекетiн белсендiру. Бiлiм берудiң қазiргi заманға сай әдiстемелерiн талдайтын болсақ, олардың бәрiн, қазiргi қоғамның аса маңызды қажеттiлiктерiне жауап беретiн, өсiп келе жатқан адамның дамуы мен тәрбиесi идеясы бiрiктiрiп тұрғанын анықтау қиын емес. Олардың бәрi оқушыны танымдық іс-әрекеттiң және өзiндiк дамудың субъектiсi ретiнде қалыптастыра алады. Осыдан, оқу мақсаты – адамның бiлiм қазынасын арттыра отырып, өзiнiң дұрыс өмір сүруі үшiн алынған бiлiмдерін қолдана алуы, сонымен қатар өз заманына сай, айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни, ғылым, бiлiм, эрудиция қоғамдық құндылықтарды жасау арқылы қоршаған болмысты түрлендiрiп, өмiр мен басқа ортаны жақсартудың құралы ретінде сипат алады. Шынайылықты танудағы әдіс-тәсiлдермен, құнды бiлiктермен қаруландыру, iс-әрекетi мен көзқарастары арқылы дүние мен адамдарға деген өзiнiң өнегелiлiк қатынасын бiлдiре алу – оқушыға бiлiм беру, дамыту және тәрбиелеудің бiр арнаға бағытталуы қазiргi заманғы оқыту процесiнiң мәнi болып табылады. Демек, қазiргi қоғамға өзіндік пiкiрi қалыптасқан, жаңа қоғамдық қатынасты дамытуға атсалыса алатын жеке адамдарды даярлаудың маңызы ерекше. Ал, оқытудың әлеуметтiк мақсаттары ағартушылық, дамытушылық және тәрбие іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Бұл айтылған мәселелер, ТМД-ның жаңашыл педагогтарының, шебер оқытушыларының (Ш.А. Амонашвили, С.Н. Лысенкова, И.П. Волков, В.Ф. Шаталов, К. Битибаева, К. Нургалиев, Р.Б. Нуртазина, А. Искаков, т.б.) тәжiрибелерінде көрiнiс тапқан.

Оларға тән ортақ идеяларға тоқталар болсақ:

- балалармен адамгершiлiк қатынас, әрбiр оқушыны жеке тұлға деп тану;

- оқушының iшкi жан дүниесiн, оның мақсат-мүддесiн, ынтасын, қабiлеттiлiгiн, жанұя өмiрiнiң жағдайларын тани білу;

- оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс құра бiлу, оларды оқу-тәрбиелеу процесiнiң әрiптесi қылу, баланың тiлегi мен ынта-ықыласын есепке ала отырып танымдық іс-әрекетке араластыру;

- оқушыларға ауқымды мақсаттар қоя бiлу және оқушылардың сол мақсаттарға жете алу сенiмiн нығайту;

- балалар ұжымына сүйену: сабақ – ұжымдық еңбек, мұғалiм мен балалардың ұжымдық шығармашылығы;

- оқушыларға, мүмкiн болған кезде, тапсырмаларды еркiн таңдау құқығын бере алу; және т.б.

Оқытуда ауызша әдiстер мектепте, бұрыннан-ақ, басты орын алып келеді. Мұғалiм сөзi, оқулықтар – оқыту процесiнiң бұрыннан келе жатқан құралдары. Алайда, соңғы он жылда олар мәселелiк сипатқа ие болып келедi. Мәселелiк әдiс ақырындап оқулықтар мазмұнын өзгертiп келедi. Оқулықтар құрылымындағы, пән оқытушысының оқу материалын түсiндiруiндегi жүйелі мәселе қою әдiсі оқыту процесiнде басты орынға ие болуда. Бұл әдiс барысында дәстүрлi көрнекiлiк және техникалық құралдарды да қолдану арқылы іске асырылады.

1980 жылдары өткізілген дүниежүзiлiк 40-шы коференция өзiнiң ұсыныстарында “оқушылардың ғылыми зерттеулер мен технологиялық даму процестерiне қатысу белсендiлiгiн арттыратын лабораториялық, эксперименталды және тәжiрибелiк сабақтарды кеңiнен өткiзудiң” қажеттiлiгiн атап өткен. Осыған байланысты, көптеген батыс елдердiң мектептерiнде лабораториялық сабақтарға арналған уақыт екi есе көбейтiлген, лабораториялық тапсырмалардың мазмұны эвристикалық сипатқа ие болуда. Қатаң талапқа негiзделген тапсырмалар, көбiнесе, оқушыдан шығармашылық әдiс пен өзiндiк ойлауды керек ететiн iзденiс мiндеттерiмен алмастырылады. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндiк жұмысының, оқыту тәсiлi ретiнде, оқушылардың өздiгiнен бiлiм алуға, жұмысты жоспарлаудың маңызды дағдыларын қалыптастыруға, оны ұйымдастыру мен өзiн өзi бақылауға, ақпаратты талдау мен сараптауға, жалпы қорытынды жасауға, жұмысқа тиiстi түзетулер енгiзуге дайындығына аса маңызды болып табылады. Өздiк жұмыстың дәстүрлi түрi – үй жұмысы, оны оқушы мұғалiмнiң көмегiнсiз орындайды. Кейде тапсырма ерекше материал жинастырумен, сұрақ-жауап, бақылау жүргiзумен байланысты болып келедi. Мұндай өздiк жұмыс – жоба деп аталады. Оқушылар тобы немесе жеке оқушы жобаның тақырыбы мен мiндеттерiн анықтап, тек мектеп қабырғасында ғана емес, сондай-ақ мектептен тыс жұмыстарды да атқарады (мұрағаттарда, мұражайларда, қалалық кiтапханада, мекемелерде т.б.). Жоба әдiсi оқушыны оқу субъектiсi етiп қана қоймай, оның қазiргi ақпараттар заманындағы өте маңызды әртүрлi каналдан келiп түскен ақпаратты жинастыру мен талдау дағдыларын қалыптастырады.

Танымдық және шығармашылық белсендiлiктi арттыру мiндетi дидактикалық рольдiк ойындардың пайда болуына себеп болды. Ал, рольдiк, іскерлік ойындар мен драматизация ынта-ықыласты оятатын мықты педагогикалық тәсiл ретiнде қарастырылады. Ол мұғалiм оқушыларға мәселенi шешу, қарама-қайшылықтан шығу жолын табу мiндетiн қойған кезде ерекше нәтиже көрсетеді.



15.2 Оқытудың әдіснамалық және психологиялық негіздері.

Оқытудың ұйымдастырылуы формалары мен әдістерін таңдау педагогикалық процесстің жалпы әдіснамасының ұстанымдық ережелері негізінде дамиды және оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты. Сондықтан да оқытудың әдіснамалық негізі арнайы құрастырылады. Соның ішінде бихевиризм және прагматизм – оқып білудің тәсілдерін (тетіктерін) түсіндіруге мүмкіндік жасайтын, оқытудың кең таралған тұжырымдамалары. Бұл бағыттарға экзистенцализм және неотомизмде қосылады. Олар оқытудың ролін төмендетіп, сезімді тәрбиелеуге ақыл – ойды дамытуды тәуелді деп таниды. Жаңа бағыттардың ішінде Д.Бруннердің (АҚШ) жасаған “жаңалық ашу арқылы оқыту” тұжырымдамасына ерекше назар аударуға болады. Бұл тұжырымдама бойынша оқушылар дүниені өз бетінше жаңалық ашулары арқылы тануға білімдері арқылы жетеді деп біледі. Ал, шығармашылықта оқытуға тән ерекшелік, белгілі бір тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, бағалау және соның негізінде тиісті қортындыны жасау ғана емес сонымен қатар, оқылып отырған материалдың шеңберінен тыс заңдылықтарды да анықтау деп есептейді.

Оқыту процесінің әдіснамалық негізін объективті дүниені танудың арнайы түрін және ғылымның танымын бейнелейтін, оқушылардың іс-әрекеттерінде оқуды салыстыру арқылы түсіндіруге болады. Ғылым объективті жаңаны, ал оқушы – субъективті жаңаны таниды және ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, ғылыми дәйектерді меңгереді.

Оқыту процесін танымның арнайы процесі ретінде оның үнемі қозғалыстағы, дамушы процесс ретінде - қарама-қайшылықтар маңызын есте сақтау керек. Мұндағы негізгі қайшылықтар оқыту процесіндегі қозғау күші, өйткені таным процесі үздіксіз іс-әрекеттегі шынайы құбылыс. Бұл тұрғыда М.А.Данилов оқытудың қозғалыстағы қадамдары танымдық және практикалық міндеттермен оқушылардың білімдерінің, іскерліктерінің және дағдыларның деңгейлерінің, олардың ой-өрісінің дамуы мен қатынастарының арасындағы қарама-қайшылықтар деп түсіндіреді. Ал, педагогикалық процестің қозғаушы күші- тұлға дамуының қарама-қайшылықтарымен байланысты деп тұжырымдайды.

К.Д.Ушинский өзінің “Адам тәрбие пәні” атта еңбегінде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта келе, баланы білімдендірудің негізгі факторы оқыту мен тәрбиелеу деп көрсетеді. Оқыту мен тәрбиелеу бірін-бірі үнемі толықтырып отыратын педагогикалық процестің құрамдас бөлігі. Бұл тұрғыда психолог ғалым Л.С.Выготскийде оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін, оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс; оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс; оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін деп қарастырады. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деп есептесе, Н.А.Менчинская, Д.И.Богоявленская, Е.А.Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттірінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдейді. Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдаса, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина баланың ой-өрісінің дамуына ақыл-ой әрекеттерінің кезеңді қалыптастырудың әсерін зерттеген, Т.В.Кудрявцев, А.М.Мотюшкин оқытудың дамытуылық әсері педагогикалық әрекетттер мазмұнында проблемалы оқытудың ролін арттырғанда ғана артатынын дәлелдеген.

Оқыту процесі психологиялық тұжырымдамаларға сүйене отырып, дидактикалық жүйелерге негізделеді. Дидактикалық жүйе оқытудың мақсатына жетуге қызмет ететін, біртұтас құрылымды жасайтын элементер жиынтығын құрайды. Педоцентристикалық тұжырымдамада оқытудағы басты роль оқуға баланың іс-әрекетін ұйымдастыруды жатқызады. Бұл тәсілдің негізінде Д.Дьюидің жүйесі, Т.Кершенштейнердің еңбек мектебі, В.Лайдың ХХ ғасырдың басындағы педагогикадағы реформа кезеңінің теорияларын жатқызуға болады. Қазіргі кездегі дидактикалық жүйе, екі жақтылы оқыту мен оқу – оқытудың іс әрекетінен тұрады, олардың дидактикалық қарым-қатынасы дидактика пәнін құрайды деген тұжырымдамадан негіз алады. Сонымен қатар дамыта оқыту теориясынан, психикалық дамуға бағдарланған (Л.В.Занков, З.И.Калмыкова, Е.Н.Кабанова-Миллер) және тұлғалық дамуды ескеретін тұжырымдамаларды (Г.А.Цукерман, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.А.Смирнов) ерекше атауға болады.

Бүгінде маңызды дидактикалық танымдық тұжырымдамалар: дамыту тұжырымдамасы (Г.И.Щукина, т.б.), дамыта оқыту тұжырымдамасы (Л.В.Занков, т.б.), проблемалық оқыту тұжырымадамасы (М.И.Махмутов, т.б.), ақыл-ой әрекетін кезеңді қалыптастыру теориясы (П.Я.Гальперин, т.б.), білім беру мазмұны теориясы (Л.Я.Лернер, т.б.), мазмұнды толықтыру теориясы (В.В.Давыдов, т.б.), оқу процесін тиімдендіру теориясы (Ю.К.Бабанский), оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру теориясы (Т.И.Шамова, т.б.), оқыту әдістерінің теориясы (М.И.Махмутов, В.А.Онищук, т.б.), өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру теориясы (М.А.Зорина, М.К.Журавлев, т.б.), біртұтас педагогикалық процесс теориясы (Н.Д.Хмель, т.б.), оқытудың тұжырымдық тәсілі теориясы (В.Дьяченко, т.б.). теориялар мен тұжырымдамалардың маңызы зор .

16 дәріс. Оқыту заңдары, заңдылыќтары және принциптері -1 сағат.

Мақсаты: Студенттерді оқытудың заңдары, заңдылықтары және негізгі принциптерімен таныстыру, тәжірибеде қолдануға үйрету.

Жоспары:

1. Оқытудың заңдары, заңдылықтары.

2. Оқытудың негізгі принциптері.

Негiзгi ұғымдар: оқыту заңдары, заңдылықтары, кезеңдерi, принциптері, және т.б.

16.1. Оқыту заңдары, заңдылықтары және кезеңдері.

Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады. Құбылыстар мен процестер арасындағы обьектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар обьектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы аынқталған кезде заңдылықты заң деп білеміз. Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.

Оќыту iсiнiң табысты болуы бiлiмдiк негiздер мен оның күрделi ќұрылымын бiлумен шектелу емес, меңгерген таным-түсiнiктердi жүзеге асыра алумен және оның заңдылыќтарын орындауға ќалыптастыру арќылы орындалады. Оқытуда ескерiлетiн заңдылыќтар:


  • Оќытудың қоғамдық-әлеуметтік талаптарға сай болуы.

  • Оќыту арќылы тұлғаның өздiгiнен єр жаќты еңбектенiп дамуына бағдар берумен ынталандыру.

  • Белсендi iс-әрекетке баулу.

  • Даму белсендiлiгiне ќажеттi мотивтер туғызу.

  • Оќыту барысында шєкiртке талап ќоя бiлу және оларға сенiм бiлдiре отырып, ќұрметпен ќарау.

  • Бiлiмдi меңгеру барысындағы ќиындыќты жеңудегi шєкiрт ќуанышын, ынтасын ќолдай бiлу.

  • Оќушының шығармашылыќ нышандарын демеп, оны iлгерi жетiлдiре түсуiн ќолдау.

  • Оќыту барысында тұлғаның жас ерекшелiгiн және дербес өзгешелiгiн есепке алу.

  • Оќытуда жеке оќушы мен ұжымның белсендiлiгiн көтерудегi ынтымаќтастыќты саќтауға ыќпал ету.

  • Оќытуда ұстаз, отбасы, бұќара көпшiлiктiң бiрыңғай талап ќоюына ыждаћаттылыќпен ќарау.

И.Г. Песталоцци өз кезінде, белгісізден белгіліге, түсініксізден түсініктілікке өту заңын ұсынған. Неміс педагогі Э.Мейман өзіндік тұрғыдан төмендегідей заңдылықтарды ұсынады:

  • жеке адамның табиғи ерекшеліктері дамытылады;

  • алдымен баланың өмір сүруге қажетті қабілеттері дамытылады;

  • балалардың дене және рухани дамуы біркелкі дамымайды.

Оқытудың жалпы заңдылықтарына:

    • оқыту мақсаты.

    • оқыту мазмұны;

    • оқыту сапасы;

    • оқыту әдістері;

    • оқытуды басқару;

    • оқытуды белсендендіру.

Оқытудың жеке заңдылықтарына:

    • жеке дидактикалық (оқыту нәтижелері қолданылатын әдістер, құралдар және оқытушының кәсіби біліктілігіне және т.б. байланысты);

    • гносеологиялық (оқыту нәтижесі студенттің танымдық белсенділігіне байланысты);

    • психологиялық (оқыту нәтижесі әр студенттің қабылдау, меңгеру деңгейіне байланысты );

    • әлеуметтік (индивидтің дамуы, оның басқа да индивидттермен қарым-қатынасына байланысты );

    • ұйымдастырушылық (оқыту нәтижесі, оны ұйыдастырушының студенттерді қызықтыра алуына, белсендендіруіне байланысты).

Оќыту барысында шєкiрттiң меңгерiлген бiлiмiн ќазына деп бiлсек оны iлгерi дамытып, өрiстетуге бағдар берiп, жол-жосығын үйрету – оќыту әдісiмен сабаќтас.

Заңдылықтар объективті, қажетті, жалпы, тұрақты және белгілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды сипаттайды. Феноменннің мәнінің қатаң түрде айқындалған ерекшеліктері – заңдарды құрайды.



16.2. Оқытудың негізгі принциптері.

Қазіргі таңда оќу орындарының жаңарып ќайта ќұрылуына байланысты оќыту, бiлiм беру тұрғысындағы басты маќсат та, мiндет те алдыңғы саптағы дамыған елдердiң деңгейiне сєйкес белгiленген мемлекеттiк стандарт дәрежесiнде ғылым негiздерi меңгерiлiп уаќыт талабына үйлесiмдi тәрбиеленген адамдарды ќалыптастыру болып табылады. Жас ұрпаќтың ќалыптасуы шєкiртке берiлетiн ғылыми бiлiмнiң мазмұнына тєуелдi деп бiлсек, оның жүзеге асуы оќыту арќылы орындалады және білгілі бір заңдар, заңдылықтар және принциптерге сүйенеді.



Яғни, оқыту процесі белгілі бір заңдар, заңдылықтар мен принциптерді ұстану арқылы іске асырылады. Мұндағы принцип – белгілі бір мақсатқа жету барысында міндетті түрде ұстанатын қағидалар жиынтығы.

Оқыту принциптеріне:

  • оқытудың ғылымилық принципі (оқытылатын ғылымның тілі мен қисыны, бүгінгі күн талабына сай ғылымның негізгі теориялары мен ұғымдарын, ғылымның нақты әдістерін, қоғамдық және табиғи құбылыстардың ғылыми-таным әдістерін);

  • оқытудың тарихилық принципі (тарихи даму кезеңдерінің сақталуы);

  • көрнекілік принципі;

Я.А. Коменский бұл принципті “Дидактиканың алтын ережесі” деп атаған. Көрнекілік принциптің құралдары: нақты объект; көлемді құралдар (модель, макет, муляждар және т.б.); көркем сурет (картиналар, фото суреттер, диафильмдер, т.б.); аудио,видио аппараттар және т.б.

  • жеткіліктілік принципі;

  • саналылық, белсенділік принципі;

  • жүйелілік, бірізділік принципі;

  • өмірмен байланыстылық принципі;

Оқыту заңдары мен заңдылықтарына сәйкес оның принциптері түзеледі. Олардың бірлікте қарастырылуы мен іске асырылуы оқытудың тиімділігін арттырады және нәтижеге алып келеді.
17 дәріс. Қазiргi кездегі бiлiм берудiң мазмұны- 2 сағат.

Мақсаты: Қазiргi кездегі бiлiм беру мазмұны мәселесi туралы теориялық және практикалық бiлiмдерді сипаттау, олар туралы жалпы мағлұмат беру

Жоспары:

11.1. Бiлiм беру мазмұнынының мәні және принциптері

11.2. Бiлiм беру мазмұнының негізгі компоненттерi

Негiзгi ұғымдар: бiлiм, білім беру, білім мазмұны, құжат, білім мазмұнының негізгі компоненттері

17.1. Бiлiм беру мазмұнының мәні

ХҮІІІ ғасыр аяғы ХІХ ғасырдың басында бiлiм беру мазмұнының ғылыми теориялары қалыптаса бастаған. Алғашында материалдық сипатта, дидактикалық материализм немесе энциклопедизм теориясы деген атпен белгілі болды. Бұл бағытты ұстанғандар бiлiм берудiң негiзгi мақсаты, оқушыларға ғылымның әртүрлi саласынан көлемді білім беру деп ұсынушылар болды. Осы мәселе төңерегінде ß.А.Коменский өз еңбектерінде, дидактикалық материализм теориясы тұрғысынан қарастырған. Сол сияқты XIX ғасырдағы көптеген педагог ғалымдар да бiлiм беру мазмұнын құрастыруда материалдық теорияны жақтаған. Қазіргі кездің өзінде оқу жоспары мен оқулықтарға талдау жасауда осы теорияны басшылыққа ұстанып келеміз. Яғни, бұл теория өзінің құндылығын жойған жоқ деген қортынды жасай аламыз. Екінші теория, білім мазмұнының формальды теориясы. Бұл теорияны ұстанушыларға: Героклит, Цицерон, Кант, Песталоцци, Дистервег және тағы басқа ерте кездегі педагог-ойшылдарды жатқызуға болады. Мысалы, Героклиттің тұжырымы бойынша: “Адамды оның көп бiлiмі, ақылды етпейдi”- деген. Мұны, Цицерон да қолдаған. Аталған теорияның негізгі қағидаларын - И.Кант, Песталоцци философиялары құрайды. Олардың тұжырымы бойынша оқытудың негiзгi мақсаты оқушылардың дұрыс ойлау қабілеттерін жақсарту. Бұл туралы А.Дистервег өзiнiң “Немiс оқытушыларына басшылық” –атты еңбегiнде өзіндік көзқарасын бiлдiрген. Ол, бiлiм беру мазмұнын қарастыру барысында оқушылардың танымдық-қызығушылық іс-әрекеттеріне көңіл бөлу,ақыл-есi, ойлау қабiлеттерiн ескеру қажеттігіне мән беру керек деген. Формалüды оқытуды жақтаушылар да, алғашқылар сияқты оқытудың субъективтiк жағының мәнiн жете бағалаған. К.Д. Ушинский алғашқылардың бірі болып, екі теорияны да сынға алды. Ол, “Ойды ат үстi дамыту нағыз тиянақты бiлiм бермейдi”- дей отырып, алдымен адамды бiлiм жағынан сусындатып, алған бiлiмдерін игерту қажеттігіне мән берілуі тиiс екендігіне тоқталған. К.Д. Ушинский бiлiм беру мазмұнын таңдау барысында материалдық және формалüдық әдiстердi бiрлiкте қарастыру идеясын ұсынған.

Педагогикада бiлiм беру мазмұны - жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту барысындағы ғылыми негiз ретінде қарастырылады. Өйткені, жеке тұлға дамуы тәрбиемен оқытуға тығыз байланысты, сондықтан да, алдымен бiлiм беру мазмұнын анықтап алу қажет екендігі дау тудырмаса керек.

Сонымен, бiлiм беру мазмұны дегенiмiз – жеке тұлға қалыптастыру барысындағы адам баласының iс-әрекет тәсiлдердi меңгере отырып, жүйелi түрде бiлiм алуы, iскерлiк пен дағдысын, таным арқылы көзқарасын қалыптастастыру және ақыл-ойы мен сезiмiн дамыту. Яғни, бiлiмдi адам дегеніміз ақыл-ойы жетiлген, әдiс-тәсiлдердi меңгерген, қабiлеттi, өз пiкiрiн дәлелдей алатын, болашақты болжай отырып, шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны айтуға болады.

Бiлiм мазмұны оқу орындарының негiзгi мәселелерінің бірі. Ал, оның мәні әрбір ғылыми пәндерден ғылыми бiлiмдi игеру, тәжірибеде қолдана білу.

Педагогика ғылымының мазмұны, оның тарихында қалыптасқан рухани мұралар мен құндылықтар әлемі. Бiлiм берудiң мазмұны мен оның мәнiн ашуда және бiлiм берудi iзгiлендiру идеясын жүзеге асыру барысында, жеке тұлғаны дамыту мәселесі соңғы он – он бес жыл шамасында, күн тәртібінің алдыңғы қатарына ендірілді. Аталған мәселе, И.ß.Лернер, М.Н.Скаткин, В.С.Леднев, Б.М. Бим-Бада, және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде қарастырылып, талданған.

И.ß.Лернер мен М.Н.Скаткин бiлiм беру мазмұнын теориялық тұрғыда бiлiм iскерлiк, дағдыны қалыптастыру жүйесі деп түсiндiрген, сонымен қатар шығармашылық iс-әрекет, ерiк сезiмін меңгерудi ұсынады. Бiрқатар шетел педагогтары (АҚШ, Англия, Франция т.б.) жеке тұлғаға жалпы адамзаттық тәрбие берудi, оқу мазмұнына табиғи құбылыстар мен қоғамдық өмiрдегi шынайы құбылыстарды түсiндiруде оқу пәндерiн өзара кiрiктiрудi негiзге алуды ұсынған.

Білім мазмұнын анықтауда, жалпыға міндетті білім беруде, ал оның ғылым мен техника және мәдениеттiң даму деңгейiне сай болуын қамтамасыз ету мақсатында оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жетiлдiру аса қажет болуда.

Бiлiм беру мазмұнын іске асыру барысында аға ұрпақтың жинақтаған тәжiрибесiн болашақ ұрпаққа меңгерту, сонымен қатар әлеуметтiк-мәдени тұрғыдан мазмұнын дамыту мақсатында : ғылым туралы толық мәлімет беру ( бiлiм мамұнының негiзгi теориялары, заңдары, ұғымдары,т.б.); бiлiм мазмұнының ғылыми және практикалық мәнін ашу; білім алушылардың жас және дара ерекшелiктерін ескеру; әртүрлі пәндердi оқытуда берiлген мерзiмiне, көлеміне қарай беру; бiлiм беру мазмұнын әлемдік тәжiрибмен ұштастыру; оқу орнының оқу-әдiстемелiк және материалдық базасына сай құру қажет.

Бiлiм беру мазмұнының мақсаты қашанда қоғамның қажеттiлiгiн, жеке тұлғаның сұрансы мен қызығушылығын қанағаттандырып отыруы тиіс.

Бiлiм беру мазмұнының сипатын, жеке тұлға бойында саналы өзгерiс болған жағдайда көруге болады. Жеке тұлғаның өзгеру динамикасы дегеніміз, субъектiнiң санасы мен қасиетiндегi елулі өзгерiстер.

Бұл мәселе тұрғысында В.С. Леднев , білім алушылардың бiрлескен iс-әрекетiнiң мазмұнына көңiл аудару теориясын негiзге алу керек деп санайды. Бiлiм беру мазмұны шынайы педагогикалық өлшем бнйынша негізінен нақты оқу процесiн игерумен байланысты. Жалпы бiлiм беру мазмұнының жобасын құрастырғанда, оның ұстанымдары мен технологияларын меңгерту қажеттілік екенін басшылыққа алған дұрыс. Оның негізгі құрылымдық ұстанымын әртүрлi деңгейде қалыптастыру барысында теориялық мазмұнының негiзi болып табылатын пән, оқу материалдары, педагогикалық iс-әрекет, білім алушының тұлға ретіндегі бейнесімен сәйкес болуы қадағаланады. Жалпы бiлiм беру мазмұнының гуманитарландыру ұстанымы ең алдымен білім алушыларға жалпы адамзаттық мәдениеттi белсендi шығармашылық және практикалық тұрғыдан игерулеріне жағдай жасауға тiкелей байланысты. Білім алушылардың дүниетанымын қалыптастыруға және қазiргi қоғамдық жағдайды ескере отырып, жеке тұлғаның гумандық мәдениетiнiң негiзгi компонентi: өмiрде өзiн-өзi анықтау мәдениетi; экономикалық және еңбек мәдениетi; саяси және құқықтық мәдениетi; интеллектуалдық адамгершiлiк, экологиялық, көркемдiк және дене мәдениетi, имандылық мәдениеті, отбасы және қарым-қатынас мәдениетiн қалыптастыруға байланысты.

Жалпы бiлiм беру мазмұны оның негізгі компонентеріне байланысты , яғни жалпы адамзаттық мәдениетпен кіріктіріледі.

Сонымен білім мазмұны ол білім алушылардың оқылатын пәндер бойынша меңгерген білім, білік, дағдылары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет