Конспектісі мамандығы: «5B011700 Қазақ тілі және әдебиет»


дәріс. Педагогика ғылымының аксеологиялық негiздерi - 1 сағат



бет3/8
Дата30.10.2019
өлшемі200,16 Kb.
#50857
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция бакалавриат


3 дәріс. Педагогика ғылымының аксеологиялық негiздерi - 1 сағат.

Мақсаты - педагогика ғылымының аксеологиялық негiздерiнiң

мәнi мен мазмұны туралы ғылыми бiлiмдер жүйесiн қалыптастыру.



Жоспары:

1. Аксеология - педагогиканың жаңа негiздемесi ретiнде.

2. Педагогикалық құндылықтар және бiлiм мен тәрбиенiң жалпы адамзаттық құндылық ретiндегi мәнi.

Негiзгi ұғымдар: аксеологиялық негiз, құндылықтар, өмiрлiк бағдар, iшкi бағдар, гуманистiк педагогика, құндылық түрлерi.

3.1. Аксеология - педагогиканың жаңа негiздемесi ретiнде.

Жалпы алғанда еуропалық мектептер мен бiлiм беру жүйесінің негізін қалағандар қатарына Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, И.Ф.Гербарт, А.Дистервег пен Дж.Дьюи және т.б. сынды классик педагогтар енеді. Олардың идеялары XIX-XX ғасырларда қарқынды дамыған және ұзақ ғасырлар бойы өзiнiң мақсатымен, әдiс-тәсiлдерiмен және ұйымдастырылу формасы бойынша өзгермей келген бiлiм берудiң классикалық моделiнде жатты. Гуманистiк педагогикаға аксиологиялық ыңғай тән, өйткенi онда адам қоғамның ең бiрiншi құндылығы болып саналады. Соған байланысты гумандылық проблемасына жалпы ортақтықта болып табылатын аксеология бiлiм философиясының жаңа негiзi және соған сай қазiргi педагогиканың методологиясы болып табылады. Аксеологиялық ойдың негiзi әлемнiң өзара тәуелдi, өзара әсер етушi концепциясы болып табылады.



3.2. Педагогикалық құндылықтар және бiлiм мен тәрбиенiң жалпы адамзаттық құндылық ретiндегi мәнi.

Әрбiр адам немесе маман үшiн өмiрi мен қызметiнде өзiндiк құндылықтары әртүрлi болады. Әрбiр жеке тұлғаның даралық қасиетi мен қызығушылығына және өмiрлiк принциптерiне сай құндылық өлшемдерi бiрдей болмайды.

Құндылық түсiнiгi адамзат әлемi мен қоғамында қоланылады. Адам жоқ жерде құндылық болуы мүмкiн емес. Өмiрдiң әлеуметтiк жағдайларының өзгеруiне байланысты және қоғамның, тұлғаның қажетiнiң артуына байланысты педагогикалық құндылықтар да арта түсуде. Педагогикалық құндылықтарды өзiнiң пайда болу деңгейiне қарай анықтауға болады. В.А.Сластенин педагогикалық құндылықтарды мынадай үш топқа бөледi: тұлғалық, топтық және әлеуметтiк құндылықтар.

Әлеуметтiк-педагогикалық құндылықтарға әр түрлi әлеуметтiк жүйелердегi құндылықтар жатады. Олар бiлiм беру сферасында қоғамның қызметiн көрсететiн идеялар жиынтығы, нормалар, ережелер, дәстүрлер.

Топтық-педагогикалық құндылықты нақтылы бiлiм беру институттар көлемiндегi педагогикалық қызметке бағыттаушы және көрсетушi нормалар, концепциялар, идеялар түрiнде қабылдауға болады. Мұндай құндылықтардың жиынтығы тұтастық сипатқа ие болады, сөйтiп, салыстырмалы түрде тұрақтылық пен қайталанушылыққа ие болады.

Тұлғалық-педагогикалық құндылық мұғалiм тұлғасының мақсаты, мотивi, идеалы, мiндеттерi және басқа да дүниетанымдық сипаттары байқалатын әлеуметтiк-психологиялық бiлiм беру ретiнде көрiнедi. Аксеологиялық "Мен" құндылық бағдар жүйесi ретiнде тек когнитивтiк қана емес, оның бағдарында маңызды рөл атқаратын эмоционалдық-ерiктiк компоненттердi де қамтиды. Ол педагогикалық құндылықтардың әлеуметтiк -педагогикалық, кәсiби-топтық және жекелiк- тұлғалық жүйесi ретiнде көрiнедi. Бұл жүйе мыналарды қамтиды:

-тұлғаның әлеуметтiк және кәсiби ортадағы рөлiне байланысты құндылықтары;

-оның өз ортасымен қарым-қатынас жасау негiзiнде қажетiн қанағаттандыруға байланысты құндылықтары;

-өзiнiң жеке бойындағы шығармашылық қасиеттерiн дамытуға байланысты құндылықтары;

-өзiн қалыптастыруға (самореализация) байланысты құндылықтар;

-прагматикалық қажетiн қанағаттандыруға мүмкiндiк жасайтын құндылықтар.

Жоғарыда аталған педагогикалық құндылықтардан өзiне қанағаттану және инструментальды түрлерiн бөлiп көрсетуге болады. Өзiне қанағаттанушылық құндылық - бұл, педагогтың шығармашылық еңбегiнiң мақсаты, әлеуметтiк мәнi, жоғары мәртебелiлiгi, мемлекет алдындағы жауапкершiлiктiлiгi, өзiн-өзi көрсету мен дәлелдеуге мүмкiндiктiң болуы, балаларға бауыр басып қалушылық және т.б. болып табылады.

Инструменталдық құндылықтың мәнi құралдармен байланысты. Олар теорияларды , методология мен педагогикалық технологияларды меңгеру нәтижесiнде қалыптасады. Олар: құрал-құндылығы, қарым-қатынас құндылығы, қасиет құндылығы, бiлiм құндылығы және т.б.


4 дәріс. Педагогикадағы мақсатты анықтау- 1 сағат.

Мақсаты: адам тәрбиесiнiң қоғамдық өзгерiстермен диалектикалық бiрлiкте дамып, толығып отыратындығын ғылыми және өмiрлiк фактiлермен дәлелдеп көрсету.

Жоспары:

1. Тәрбие - қоғамдық категория ретiнде.

2. Тәрбиенiң қоғамдық-әлеуметтiк құбылыс ретiндегi даму тарихы.

Негізгі ұғымдар: тәрбие, адам, қоғам талаптары, қозғаушы кұш, нарық талаптары, ұлттық тәрбие, тәрбие моделi.
4.1 Тәрбие - қоғамдық категория ретiнде.

Тәрбие адамзат қоғамының пайда болуымен бiрге бiте қайнасып дамып келе жатқаны бәрiмiзге де белгiлi. Педагогика ғылымы адам тәрбиесi туралы ғылым болғандықтан, тәрбие мазмұны да адамзат қоғамымен бiрге дамып, өзгерiп отырады.

Отбасының пайда болуымен және жеке меншiктiң шығуымен сәйкес тәрбие сипаты да бөлiне бастады. Үстем тап өкiлдерiнiң балалары ақыл-ой мен дене тәрбиесiне, ал қаналушы тап өкiлдерiнiң балалары еңбек тәрбиесiн алды. Қоғамда және тiршiлiкте болып жатқан күнделiктi құбылыстар тәрбие мәселесiнiң алдына жаңа мiндеттердi қойып отырды.

Тәрбие бүгiнге дейiн бiр орында тұрған емес. Ол сан құбылып, сан өзгерiске ұшырап, қоғаммен бiрге жаңарып келедi.

Осыған орай, мемлекеттің дамуын тәрбие мен оќыту маќсаттарының байланыстылығынан туады. Маќсат єртүрлі болады: мемлекеттік, ұжымдыќ және топтыќ, салалыќ, тұлғалыќ. Маќсатты таңдау көптеген факторларға байланысты.

Педагогикалыќ маќсат төмендегі белгілі ќұрылымға ие:

- мемлекеттік маќсат;

- жеке білімдендіру жүйесінің маќсаты;

- жеке пєн бойынша оќыту және тәрбиелеудің маќсаты;

- жеке таќырып немесе єрбір сабаќ (дәріс, семинар сабаќтар және т.б) маќсаты.

Тәрбие мен оќытудың мемелекеттік маќсаты нормативті мемлекеттік ќұжаттарда көрсетілген белгілі ќасиеттері бар адамдардың тәрбиесі мен оќуына берілген ќоғамның сұранысы (заказ). Мысалы, «Коммунизм құрылысшылардың моральдық кодекстің қандай адамдардың, өсiп келе жатқан жеткiншектердi тәрбиелеу мен оқу процесiнде мiндеттi түрде қандай қасиеттерi арқылы айқындады. Қазiргi кезде Қазақстан қоғамында осындай мемлекеттiк құжаттардың бiрi – бiлiмдендiру стандарты.

Бiлiмдендiру стандартының жекеленген маќсаты єрбір білімдендіру сатысы үшін анықталған: бастауыш, негізгі, толыќ орта мектеп, кєсіби білімдендіру, жоғары білімдендіру. Осы білімдендіру деңгейлерінің өзіндік маќсаты бар және өзара байланысќан болуы мүмкін.

Сонымен ќатар, кез келген оќытылатын пєн өзіндік оќыту және тәрбие маќсаттарына ие. Себебі, оның єрќайсының (физика, химия, єдебиет және т.б.) наќты зерттеу аймаќтары бар. Ал, пєндегі єрбір сабаќтың таќырыбы, дәріс немесе сабаќтан тыс шаралар өзіндік наќты маќсатќа ие болуы керек.

Педагогика ғылымының даму тарихында ќоғамның өзгеруіне, тәрбиелеу және білімдендіру процесінің ќоғам талаптарына байланысты тәрбие мен оќу маќсаттары өзгеріп отырған және өзгеріп отырады. Мысалы, кеңес уаќытында тәрбие маќсаты жеке тұлғаның жан-жаќты және үйлесімді дамуын ќалыптастыру болып табылды және осы маќсатта оќу жоспары мен бағдарламалар жасалды. Соңғы жылдары тәрбие мен оќыту дағдарысќа ұшырады, себебі, бұл асыра сілтеушілік және орындалуы мүмкін емес еді. Ал, мектеп бағдарламасының шексіз ізденуі мен оќу пєндерінің сандарының өсуінің соңынан ќуу кесімді нәтижелерге єкеліп соќты.

Ќазіргі кездегі шетелдер, соның ішінде Еуропа және АЌШ, тәрбие мен оќуға єртүрлі тұрғыдан келуді көздеген. Тәртіптілік дағдылар ќалыптастыратын тәрбие мен оќытуға қазіргі кезде прагматикалыќ тұрғыдан келуді көзделуде. Біраќ, мұндай тұрғыдан келу өзіндік ішкі түрткілерінсіз жалпы мєдениетті тұтынушы функционер ќалыптастыру ќаупін тудырады.

өзіне білім беруді үйретіп, машыќтандыруды, сондай-аќ адамды жан-жаќты жетілдіріп, дамытуды ќоса алған "тәрбие "өзінің әрекет аясын кеңейтіп, жаңа мазмұнға ие болады, бұл педагогиканың бала тәрбиесі туралы ғылым деген тарихи атауына ќайшы келеді. Ал, іс-әрекет тек нақты мақсат қойғанда нәтиже береді. Педагогика ғылымының да алдына қойған өзіндік нақты мақсаты бар. Негізінен алғанда қоғамға қажетті, бойында ізгі қасиеттері бар адам тәрбиелеуді көздейді.

С.И. Ожеговтың сөздігінен «маќсат» сөзінің мағынасы бір нәрсеге талпыну, оны міндетті түрде жүзеге асыруды білдіреді. Нәтижеге жетудің мазмұны, түрі, әдістері, ќұрамы маќсатќа байланысты. Наќты іс-әрекетті ќайда және ќалай жүзеге асыру керектігін маќсат көрсетеді. Маќсат – болашаќтағы ќажеттілік моделі, керек нәтиженің бейнесі болып табылады. Болашаќта жоспарланған нәтижеге маќсат алып келеді.

Педагогика ғылымында маќсат ұғым ретінде маңызы зор. Тәрбие мен оќытудың маќсаттарын айќындау өте зор теориялыќ және практикалыќ мєні бар. Маќсатты ашыќ түсіну наќты нәтиже мен тиімді іс-әрекетке жеткізетіндіктен кез келген педагогикалыќ процесс міндетті маќсатќа бағытталған процесс болуға тиіс. Сондыќтан, педагогика ғылымында маќсаттылыќ педагогикалыќ іс-әрекет міндеттерімен байланысќан наќты маќсатты айќындау және таңдау процесі.

Негізінен кез келген процесс міндетті түрде іс-әрекет двигателі ретінде маќсатќа ие болуы керек. «Маќсат» ұғымы философиялыќ категория болып табылады. Философияда маќсатты айќындау мен таңдауға: идеалистік, иммаменттік және материалистік үш тұрғыдан келу айқындалған. Алғашқылар маќсат ќұдіреті күштілер жаратылыспен аныќталады, яғни, ќұдай, рух десе, екіншілері, маќсат єрбір тұлғаның ішкі сұраныстарына байланысты дейді. ‡шіншілер болса, тәрбие маќсаты ќоғам сұранысына байланысты дейді. Әрине, біз соңғы көзқарасты жақтаймыз және сол тұрғыдан қарастырамыз

4.2. Тәрбиенiң қоғамдық-әлеуметтiк құбылыс ретiндегi даму тарихы.

Тәрбие ұғымы қоғамдық категория ретiнде қызмет етедi. Олай болса, оның анықтамасы, мақсаты және мiндетi адамзат қоғамында болған әрбiр өзгерiстен соң мiндеттi түрде өзгерiп отырады. Өйткенi, сол қоғамда өмiр сүретiн адамдардың әлеуметтену процесi нәтижесiнде бүкiл болмысы, психологиясы, сұранысы және т.б. өзгередi. Олай болса, оларды тәрбиелеудiң теориясы мен әдiс - тәсiлдерi де өзгеруге тиiстi. Оған дәлел, кеңестiк тәрбиедегi жеке адамға қойылған талап пен бүгiнгi балалар тәрбиесiне қойылатын талап бiрдей еместiгi. Елiмiздiң егемендiк алуына байланысты тәрбие ұлттық бағытқа бет бұрды. Өйткенi, қоғамға тәуелсiз қазақстанның ұлттық тәрбиесiн алған жастарын қалыптастыру қажеттiлiкке айналып, тұңғыш рет 1993 жылы жаңа ұлттық тәлiм-тәрбие тұжырымдамасы жарық көрдi. Онда тәрбиеге берiлген анықтама да жаңаша бағытта берiлдi яғни онда:"Тәрбие дегенiмiз-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, iрiктеп алған озық дәстүрлерiн жас ұрпақтың бойына сiңiру",-деп анықтама берiлдi. Ал, тәрбиенiң негiзгi мақсаты-ұлттық тәрбие беру болды. Себебi, бiздiң ұлтымыздың ғасырлар бойы қолданып келген дәстүрлi тәрбие тәжiрибесi өте жоғары тиiмдiлiк көрсетiп келгенi бәрiмiзге белгiлi. Онда тәрбиенiң алдына қойған мiндеттерi: ең алдымен денi сау, ұлттық сана сезiмi оянған, рухани ойлау дәрежесi биiк, мәдениеттi, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, iскер және бойында басқа iзгi қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу деп көрсетiлдi. Осы мiндеттердi мемлекеттiк тұрғыда жүзеге асыруда мектеп бағдарламаларына көптеген өзгерiстер яғни жаңа оқу пәндерi енгiзiлiп, тәрбие сағаттарының ұйымдастырылуы мен мазмұны жаңаша этнопедагогикалық тұрғыда қарастырылды.

Қоғамда нарықтық экономиканың келуiне байланысты балалар психологиясын нарық талаптарына сай тәрбиелеу қажеттiлiкке айналды. Оларда ұлттық тәрбиемен қоса нарық заманына сай қасиеттердi қалыптастыру тәрбие мақсатына айналды. Яғни, тәрбиеге әлеуметтік тұрғыдан анықтама берер болсақ, ол - жастарды қоғамда дұрыс өмiр сүру және еңбек етуге бейiмдей отырып, олардың қоғамдағы әлеуметтік мәнін айқындау. Бүгiнгi таңда "тәрбие" ұғымының ауқымы әлеуметтендiру ұғымымен астасып, әлеуметтiк мәнге ие болып отыр. Өйткенi, бүгiнгi тәрбие беру мәселесi жастарды қоғамға лайықты азамат етiп тәрбиелеумен сәйкес келгендiктен, бұл ұғымдар бiр-бiрiнiң баламасы ретiнде де қолданылып келедi.

Әлеуметтiк жағдайлардан туындаған проблемалар мен сұраныстардан бүгiнгi педагогика ғылымының жаңа салаларының өзектiлiгi артып, өмiрде кең қолдау тауып отыр. Мәселен, әлеуметтiк педагогиканың зерттеу проблемалары ғылыми педагогика мазмұнындағы тәрбие мәселелерiн басып озып, тiптi оны өзiнiң мазмұнында терең қарастырып, өзара байланыста қамтып келедi. Бұл да бүгiнгi қоғамның жағдайлары адам тәрбиесiнде әлеуметтiк педагогтар қызметiне мұқтаж екендiгiн көрсетiп, тәрбие әлеуметтенумен бiте қайнасып бiрге қарастырылуын керек етедi.


5 дәріс. Оқушы тұлғасы – тәрбиенің объектісі мен субъектісі- 2 сағат.

Мақсаты: студенттердің жеке тұлға және оның дамуына әсер ететін факторлар туралы бiлiмдерін жүйелеу.

Жоспары:

1. Адам дамуы жеке тұлғаның әлеуметтену процесі ретінде

2. Тұлға дамуының негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күші

3. Жеке тұлғаны қалыптастыруға әсер ететін факторлар



Негiзгi ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даму, тәрбие, қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының факторлары; қозғаушы күштер, жеке тұлғаның қалыптасуының заңдылықтары.

5.1. Адам дамуы жеке тұлғаның әлеуметтену процесі ретінде

Тәрбиелеу барысында жеке тұлғаның әлеуметтiк тәжiрибенi меңгеруi, оның жан жақты үйлесiмдi дамуы ерекше мәнге ие. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселелері әртүрлі аспектiде қарастырылады. Ерте кездегi грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық сонымен қатар әлеуметтiк факторлар да әсер ететіндігіне мән берген. Жеке тұлға мәселесі көптеген (Э. Роттердамский, Я. А. Коменский, К. А. Гельвеций, Д. Дидро, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, З. Фрейд, Д. Дьюи, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.) әр саладағы ғалымдардың зерттеулерінен орын алған.

Психология ғылымында “жеке тұлға” деген ұғымға әртүрлi түсiніктер береді, олардың ойын қорытар болсақ: жеке тұлға дегенiмiз әлеуметтiк қатынастар мен саналы іс-әрекеттiң субъектiсi ретiндегi индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгiсi – оның әлеуметтiк мәнiнiң болуы және оның әлеуметтiк функцияларды (қызметтердi) (болмысқа, адамдарға, өзiне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгiлi бiр деңгейiне ие (темперамент, мiнез-құлық, қабiлеттiлiк, ақыл-ой дамуының деңгейi, қажеттiлiктер, мақсат-мүдделер).

Сонымен тұлға дегеніміз, өзіндік сана қалыптастыру барысында қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудағы адамның әлеуметтік мәні.

Демек, жеке тұлға – бұл интегративтi жүйе, оның маңызды белгiлерi ретінде саналылық, жауапкершiлiк, еркіндік, қадiр-қасиет т.б. көрініс береді. Жеке тұлға ұғымын анықтау барысында “адам”, “индивид”, деген ұғымдардың айқындалуы қажеттілік болып табылады. Адам, бет-бейнесімен, келбетімен, саналы іс-әрекетімен, сөйлеу қабілетімен сипатталатын тірі организм. Яғни, ол биологиялық мәнге ие болады. Ал, “индивид”- латын тiлiнен алынған және оның қазақша баламасы – “жекелiк”. Бұл сөздің ұғым ретiндегі сипаты адамзат тұқымының қасиеттерiнің ескерiлмеген көрінісін берсе керек. Осы тұрғыдан алғанда әрбiр адам индивид болып табылады. “Жеке тұлға” ұғымы мен онымен байланысты бiр тектес ғылыми категориялардың мәнi де осында.

Адамның жеке қасиеттерi өмiр жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы” ұғымдарының мәнiн ашу педагогика үшiн маңызды мәселе болып табылады.

Жеке тұлғаның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы қоғам қолдауы мен әлеуметтік қажеттілікке байланысты іске асырылады. Әрбір адам өзінің өмір салты, құндылық бағыттарына сай іс-әрекеттерін бағдарлап отырады. Осыған орай, адамдардың тұрмыс-тіршілігі өзгермелі болады және қоғамнан өз орнын белгілейді. Яғни, жеке тұлға тұрақты қасиеттер жиынтығымен ерекшеленеді.

Жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеумен қатар әлеуметтендiру деген термин бар. Өйткенi жеке тұлғаның өзi, оның сана-сезiмi құндылықтарды, әлеуметтiк тәжiрибенi, мәдениеттi меңгеру процесiнде үлкен роль атқарады. Әлеуметтенуде тәрбиемен қатар алдын-ала әдейi дайындықсыз, өздiгiнен туындаған ықпал арқылы адамның қоғамның толыққанды, толыққұқылы мүшесi болуы байқалады.

Жеке тұлғаның әлеуметтенуі, қоршаған ортамен байланыс орнатып, адамдармен қарым-қатынасы жасауы, күрделі мәселелердің бірі. Өркениетке ұмтылу барысында елдің орнықты дамуының қамтамасыз етілуі, қоғамдағы адамдардың рухани-имандылық дамуын басты кезекті міндет және жауапкершілік ретінде қабылдаулары тиіс.

Жеке тұлғаға байланысты философиялық теориялар көптеген педагогикалық тұжырымдар мен тәрбиелiк жүйелердiң негiзiн құрайды.

Қоғамның даму процесі барысында тәрбиенің мазмұны өзгереді, педагогика - тәрбие субъектісі ретінде адамды қарастырады, ал тәрбиелеудің ықпалы оның жетілдіруіне бағытталған. Бұл тәрбиелеу фономеніне негізгі анықтама береді, яғни педагог - тәрбиелеушілердің қайта көркею қызметі. Ақыл - ойының өзгеруіне, дүниеге көзқарасы, психологиялық, мәнділік бағыты, жеке білімі және амалдары, сапа өсуінің себепшісі болады және оны жетілдіреді. Тәрбиелеудің мақсаты - жеке адамның және топ арасындағы тәрбиелеу жүйесін кең ауқымда қолдану.

Әлемдік әлеуметтік-тарихи тәжірибе тәрбиелеудің негізгі мақсатын анықтауға мүмкіндік береді, яғни жеке адамның жан - жақты дамуы мен үйлесімділігі, қазіргі қоғамда әлеуметтік және кәсіптік қызмет талаптарына дайындалу, жеке адам даярлау қабілеті және оның құндылығын қалыптастыру болып табылады.

Тәрбиелік қатынас арқылы тәжірибе алмасу, оны үйрену, үйрету, пайдалана білу жүзеге асады. Осының барысында түрлі құралдар қолданылады. Тәрбиелік қатынас “субьект-субьектілік” “субьект-обьектілік” болып жіктеледі. Тәрбиелік қатынаста сыртқы жағдай (тәрбие, білім беру, оқыту) ішкі дүниемен (өзін-өзі тәрбиелеу, өздігінен білім алу, өздігіне оқу) сәйкестенеді. Осындай әрекеттесуден адам дамиды, яғни тұлға жетіледі. Рухани бай тұлға адамзат санасынан туындаған дүниелік құндылықтарды бойына жинақтап, сол арқылы, дүниеге тұлғалық мәндегі обьект деп қарайды. Өмірге осындай дүниелік қатынастан, өмірге қанағаттанбаудан, тұлға ізденіске түсіп, өзін-өзі дамытады. Өмірдегі жағымсыз қылықтарға (екіжүзділік, өтірікшілік т.б.) қанағаттанбаушылық тұлғаның рухани қалыптасуының белгісі, тәрбиеліліктің белгісі болып табылады. Тәрбиелеу барысында біз жеке адам бойына ізгі қасиеттер жиынтығын сіңіруді көздейміз , соған байланысты қызмет көрсетеміз.

Жеке адамды тәрбиелеу қызметтеріне:



  • жалпы адамзаттың гуманитарлық доминанттар деңгейін игеру немесе меңгеру;

  • этикалық және эстетикалық мөлшерлерде қоғамды меңгеру, яғни негізгі әлеуметтік және кәсіптік қызметі, жеке құндылығы және амалы;

  • тәрбиелеу процесіндегі жеке адамның иерархиялық сапасын және деңгейін игеру;

Тәрбиелеуші – тәрбиенің субъектісі, екі жақты процесс, яғни тәрбие өзінің белсенділігі арқылы іске асырылады және өз қабілеті мен өзін -өзі тәрбиелеу арқылы жетістікке жетеді.

Тәрбие – бағытталған процесс, әрбір негізгі мақсат оның мазмұны мен әдістеріне сәйкес және ол жеке мазмұны мен бағыты арқылы анықталады.

Педагогикалық ғылымда тәрбие дәстүрлі тұрғыдан анықталады: ақыл- ой, мінез – құлық,адамгершілік, эстетикалық, еңбек, дене шынықтыру бағыттары қазіргі кезде құқықтық, экономикалық, экологиялық, имандылық және азаматтық тәрбиемен толықтырылады. Тәрбиелеу процесінің толық және жеке бағыты әртүрлі деңгейде іске асырылады: социумдық деңгейде, әлеуметтік институттарда, жеке әлеуметтік топтарда, жеке өзара және өзіндік тәрбиелеу деңгейінде.

Тарихи жинақталған тәрбие түрлері ішкі мәдениет түрлеріне қарай дамиды. Бірінші, тарихи тәрбиелеу түрі үлкендердің балаларға арналған және негізгі міндетті, топтық мінездемесіне дәл келеді.

Тәрбиенің мақсаты – тәрбиенің белгілі әдістемесі арқылы шешіледі, оның құрылымын құрастырушылар: педагогтар мен тәрбиешілер болып табылады. Тәрбие әдістерінің классификациялық шарты және тәрбиелеу үлгісінің түрлері және бағыты, тәрбиелеу ортасы, тәрбиелеушінің жасы және тәрбиелеушінің жеке қасиеті немесе тұлғасына байланысты болады. Осы берілгендермен байланысты тәрбие процесін контекс ретінде қарастыруға болады, ол жетістікке жету үшін әдістердің тиімділік жүйесін жетілдіру болып табылады.

5.2 Тұлға дамуының негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күші

Жеке тұлғаның дамуы - объективтік шындыќтың күрделі процесі. Бұл процесті терең зерттеу үшін ќазіргі дамудың ќұрамдас бөліктерін, атап айтќанда, тєн, психикалыќ, рухани, єлеуметтік және басќа салаларды жеке-жеке бөліп ќарастырған дұрыс. Педагогика жеке адамның рухани даму проблемаларын оның барлыќ басќа компоненттерімен байланысы тұрғысында зерттейді.

Жеке тұлға дамуының заңдылықтары ретінде: ішкі және сыртқы жағдайды есепке алу; іс-әрекеттегі өзін-өзі жетілдіруге байланысты белсенділігін ескеру; өзі қатысатын іс-әрекет мазмұны мен түрткіге байланыстылығы; көптеген факторлардың әсер етулері басшылыққа алынады.

Ал, оның дамуының қозғаушы күші – қарама-қайшылық. Қарама-қайшылық ішкі, сыртқы және жалпы, жеке болып бөлінеді.



Ішкі қарама-қайшылық адамның өз-өзімен келіспеуі барысында туындайды. Мысалы, адам өзінің ағзасының дамуы мен жеке өзіндік потенциалына қанағаттанбауы барысында туындайтын қарама-қайшылықтар.

Сыртқы қарама-қайшылық адамның басқа адамдармен, қоғаммен, табиғатпен қарым-қатынас барысында туындайды. Мысалға, жоғарғы оқу орнының талаптарымен студент тілегі арасындағы қарама-қайшылық туындауы мүмкін.

Жалпы қарама-қайшылық - барлық адамдардың даму барысында туындайды. Яғни, материалдық, рухани қажеттіліктер мен шынайы мүмкіндіктер арасындағы қарама-қайшылықтар.

Жеке қарама-қайшылық жеке бір адам үшін туындаған қарама-қайшылық. Қарама-қайшылықты шешу жоғары деңгейде іс-әрекет жасау барысында нәтиже береді. Қажеттілік қанағаттандырылған кезде қарама-қайшылық та жойылады. Қарама-қайшылықты шешу барысында адам дамиды, ал даму барысында жаңа қарама-қайшылықтар туындайды.

Жеке тұлға дамуына ішкі, сыртқы көптеген факторлар әсер етеді. Жеке тұлғаның дамуы дегенiмiз, ең алдымен, оның ағзасы, қасиеттерi мен сапасындағы сандық өзгерiстер.

Жеке тұлғаның қалыптасуына, қоршаған орта аса зор әсер етедi. Яғни, адам және қоғам өмiрiндегi әлеуметтiк-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлардың әсері. Қоршаған орта макро, мезо және микро болып бөлiнедi. Макро-орта дегенiмiз – адамға әлеуметтiк-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастар деңгейi, өмiрдiң қаржы жағдайлары, мәдениеттiң даму деңгейi, бұқаралық ақпараттар құралдары). Мезо-орта – дегенiмiз идеологиялық және дiни қатынастар, моральдық нормалар мен құндылықтар жататын адамдар және әлеуметтiк топтардың өмiр сүру ортасы. Микро-орталық дегенiмiз – баланың араласатан ең жақын ортасы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгiлi бiр өлшемде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары да әсерін тигізеді.

5.3 Жеке тұлға қалыптастыруға әсер ететін факторлар

Жалпы алғанда, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негiзгi объективтi факторлары ретінде тұќымќуалаушылыќ, орта және тәрбие қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда тұќымќуалаушылыќќа (биологиялық факторға) жалпы адамзаттық қасиетпен қатар жеке адамға тән ќасиеттерді де жатқызуға болады.

Тұқымқуалаушылық немесе биологиялық фактор – ата-анасының балаға белгiлi бiр сапалық қасиеттермен ерекшелiктерiнiң берiлуiн жатқызамыз. Тұқымқуалаушылықты таситын "Ген" – грек тiлiнен аударғанда туа бiту деп аталады. Қазiргi ғылым организмнiң қасиеттерi гендiк кодпен шифрланатынын, олар организмнiң қасиеттерi туралы ақпараттарды сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзiп отыратындығын дәлелдейдi. Тұқымқуалаушылық арқылы әртүрлi нышандар, ойлау, сөйлеу, аурулар берiлуi мүмкiн. Ата-аналарынан балаға сыртқы бейнелер: дене бiтiм ерекшелiктерi көздiң, шаштың, терiнiң түр-түсi берiледi. Қан ауруларының (гемофиля), қант диабетiнiң, алкоголизм мен наркоманияның тұқым қуалаушылық сипаты бар. Адамның орталық нерв жүйесiндегi туа бiткен ерекшелiктерi ретінде – дененi тiк ұстап жүру, тiлдiң дамуы, ойлануы, еңбек етуге қабiлеттiлiгi, музыкаға бейiмдiлiгi тағы толып жатқан нышан түрiнде болады. Адам дамуы бүкіл өмiр бойында жүрiп жатады. Ол сан алуан дене күшi мен психикасы, жағынан, сандық және сапалық жағынан өзгерiстерге ұшырайды. Дене күштерi өзгерiстерiне – сүйек және бұлшық ет жүйесінің iшкi органдарының, нерв жүйесінің өсуi мен дамуы жатады.

Психикалық өзгерiстер, ең алдымен, ақыл-ой жағынан дамуына, жеке басының барлық психикалық сипаттарының қалыптасуы мен қоғамда тiршiлiк ету үшiн қажеттi әлеуметтiк салдарды алуына қатысты болып келедi.

Абай Құнанбаев айтқандай: “адамдардың біреуі жесем, кисем десе, екiншiсi, көрсем, бiлсем” – дейдi. Адам көп жағдайда өзiн-өзi тәрбиелей отырып, өз бiлiм деңгейiн көтеруi тиiс. Адамның әрқашанда алдына қойған мақсатты, ерiк-жiгерi оны жетiстiктерге жетелейдi.

Адамның басқа адамдармен қарым-қатынасынсыз рухани, әлеуметтiк, психикалық дамулардың болуы мүмкiн емес.

Сыртқы орта әсерiне географиялық, әлеуметтiк, отбасындағы жағдайлар, мектеп, достары, микроаудандарды атауға болады.

Бала кезде адамға үй iшiндегi жағдайлар көп әсерiн тигiзедi. Отбасында адамның даму негiздерi қалыптасып, бағыт-бағдар алады. Тiрi организм үздiксiз өзгерiп, қоршаған ортаға бейiмделiп отырады. Климат ауыстырған кезде, басқа климатқа кейбiр адамдар тез бейiмделiп, ал кейбiреулер өте қиындықпен бейiмделуi мүмкiн. Табиғаттың өзi де адамның түсiнiгiне iшкi дүниесiне әсер етедi, нәр бередi.

Климат пен барлық сан алуан табиғат жағдайлары мен ресурстары географиялық орта адамның тiршiлiк ету салты мен оның еңбек қызметiнiң сипатына ықпал ететiндiгi даусыз.

Биологиялық және әлеуметтiк факторлар бiр-бiрiне паралелü емес байланыссыз екi фактор. Олар тұлғаға кешенді түрде бiрдей әсер етедi. И.Шванцордың кестесі осы тұрғыдан алғанда белгiлi – бiр қызығушылық туғызады. Бұл кестеде адам дамуындағы үш фактордың қарым-қатынасын суреттейдi.





Биологиялық

Әлеуметтiк

Биоәлеуметтiк

Адам – табиғи тiршiлiк иесi. Тұлғаның рухани қасиетi биологиялық негiздерi болады: iс-әрекерт пен даму туа бiткен қабiлеттiлiктерi

Мен инстинктерi және адам бейiмделетiн сырт қы талаптарына сай анықталады. Тәрбие – табиғи дамуды тегжейтiн процесс



Адам биологиялық тiрi жан болып туғанымен де, өмiр барысында ортаға бейiмделiп кетедi. (өзiне жақын әлеуметтiк топ ықпалына). Тәрбие – сыртқы орта әсерiн реттеушi.

Адам биологиялықта әлеуметтiк те жан. Биологиялық табиғатына психикалық процесi тән. Ал оның бағытталуын-әлеуметтiк орта әсерi деп білеміз.


Әсер етушi факторлар кестесі





Факторлар




Iшкi









Сыртқы













Тұлғаның өз белсендiлiгi, яғни өзiн-өзi тәрбиелеуі




Макроорта




Кең ауқымдағы тәрбие




























Мезоорта (табиғи және әлеуметтiк




Кең педагогикалық ауқымдағы тәрбие


































Микроорта табиғат және әлеуметтiк




Тар педагогикалық ауқымды тәрбие







Iс-әрекет және қарым-қатынас



Іс-әрекеттiң кез-келген жағдайында анатомиялық-физиологиялық бейiмдiлiктер жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше орынға ие бола алады (мысалы, есту мүшелерiнiң құрылысы, ойлау қабiлетiндегi ерекшелiктер, т.б.). Олар баланың қабiлеттiлiгiнің, іскерлігінің дамуының алғышарттары болып табылады.

Тәрбие мен бiлiм беру барысында адамдардың табиғи қасиеттерiн ескеру қажет, оның бейiмдiлiгi мен қабiлеттiлiгiн анықтай отырып, дамуларының тәсiлдерiн, формалары мен әдiстерiн айқындау керек.

Тәрбиенiң зор күшiн көптеген прогрессивтi педагогтар мойындаған. Мысалы, ұлы чех педагогi Ян Амос Коменский табиғат адамға дүниеге келген сәтiнде бiлiм игеруге нәр бередi, бiрақ бұл тек тәрбие мен бiлiм арқасында ғана дами алады деп тұжырымдаған. Белгiлi педагог А.С. Макаренко педагогикалық теория мен тәжiрибеде “қиын”, тiптi “тәрбиесі ќиын” балалармен жұмыста тәрбиенiң игiлiктi күшiн дәлелдеген болатын.



Тәрбие – белгілі бір мақсатқа негізделе отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру процесi. Тәрбие мен бiлiм беру адамның қоғамдық қажеттi бiлiм, бiлiк, дағдылардың белгiлi бiр жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмiрi мен еңбегiне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мiнез-құлық ережелерiн сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтiк институттармен ара қатынасын қарастырады. Қазiргi жағдайларда адамның ұзақ та арнайы ұйымдастырылған бiлiм-тәрбиесiз өмiрге араласуы өте қиын. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтiк бағдарламасын жүзеге асыратын, оның бейiмдiлiгi мен қабiлеттiлiгiн жетiлдiретiн шешушi күш.

Тәрбиенiң оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешелiктерiнiң бiрi оның осы бiр әлеуметтiк қызметтi орындау үшiн қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылады. Педагогиканың ұлы классигi К. Д. Ушинский жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиешiнiң ерекше орны туралы былай деген: “Тәрбиешi тұлғасының жас жанға әсерi оқулықтармен де, моральдық нұсќаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесiмен де алмастыруға болмайтын тәрбиелiк күштi құрайды”.

Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемiстi болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгерiп отыратын үш фактор: тума ќасиеттері, қоршаған орта және тәрбие болып табылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешушi мән бере отырып, өзара күрделi байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнiн дұрыс түсiне бiлу керек.


6 дәріс. Дамудың жас және жеке ерекшеліктері- 1 сағат.

Мақсаты - оқушылардың жас мөлшерi мен жеке басына тән ерекшелiктерi туралы түсiнiк қалыптастыру және осы ерекшелiктердi оқу-тәрбие процесiнде ескеру.

Жоспары:

1. Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелiгi және оның дамуы.

2. Жасөспiрiмдiк кезең және оның ерекшелiктерi.

3. Жоғары сынып оқушыларына психологиялық сипаттама.



Негiзгi ұғымдар: жеке тұлға, баланың дамуы, жас ерекшелiк, дара ерекшелiк, девиация.
6.1. Бастауыш сынып жасындағы баланың ерекшелiгi және оның дамуы.

Белгiлi бiр жастағы балалардың жас мөлшерi дегенде олардың көпшiлiгiне тән ерекшелiктер мен сипаттарын айтамыз. Бұл ерекшелiктердi педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту мен тәрбие берудiң тиiстi түрiн, әдiстемесiн және тәсiлдерiн пайдалану керек.

Мектеп табалдрығын аттаған балада әлеуметтiк өзгерiстер пайда болады. Баланың ең негiзгi iс-әрекетi әлi де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала бередi. Баланың құштарлығы өзiн қоршаған әлемдi тануға және осы әлемнiң құбылысын өзiнше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүрiп тәжiрибеден өтедi, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелдiлiктiң себебiн ашуға тырысады. Бала ой қабiлетi жағынан неғұрлым белсендi болса, соғұрлым сұрақты көп қояды және әртүрлi сұрақтар қояды.

Мектеп оқушының өсуi мен дамуына қарай оның қоғамдың өмiрге қатысуы да өседi, оны азамат ретiнде жаңа сатыға көтередi.

Iшкi және сыртқы күштердiң өзара тығыз әрекетi болған жағдайда ғана жеке адамды қалыптастыру ойдағыдай өтпек. Балдырған оқушы жан жақты бiлiм алады, осы бiлiм оны мiнез-құлқының толып жатқан фактiлерi туралы ойлауға, өзiн - өзi жолдастарымен, басқа да адамдармен салыстыра қарауға мәжбүр етедi.

Я. А. Коменский, Ж.Ж. Руссо сияқты ұлы педагогтар тәрбие беру кезiнде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшелiктерiн есепке алып отыруды ұсынған.

Жеке - даралық ерекшелiктер жас ерекшелiктермен тығыз байланыста болады. Бұлар белгiлi бiр адамға тән және оны басқалардан ажыратып көрсететiн жеке адамның мiнезiнiң, ынта-ықыласын, ақыл-ой қызметiнiң ерекшелiктерi.

Олардың сыныбы жоғарылаған сайын балаларға берiлетiн оқу материалдары күрделене түседi. Сонда да бiр сыныптағы жасы бiрдей балалардың өздерi сол оқу материалдарын жеке ерекшелiктерiне байланысты әртүрлi қабылдайды, әртүрлi деңгейде меңгередi. Сонда сыныпта үздiк, орта, нашар үлгерушiлер орын алады.

Оқушының дамуында белсендi әрекет етудiң маңызы ерекше. Тiршiлiк және iс-әрекеттерi барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзiн-өзi тәрбиелеу белсендiлiгi дамиды.

Бала белсендiлiгiнiң ең алғашқы формасының бiрi қарым-қатынас жасау белсендiлiгi. Балалардың жас ерекшелiктерiне сәйкес басқа адамдармен қарым-қатынас белсендiлiгiнiң мазмұны өзгерiп отырады. Мысалы, мектеп жасына дейiнгi балалар ересек адамдардың әрекеттерiне үңiле қарап үйренедi, оларға елiктейдi. Яғни қарым - қатынас жасау белсендiлiгi жеке адам қасиеттерiнiң қалыптасуына мүмкiндiк туғызады.



6.2. Жасөспiрiмдiк кезең және оның ерекшелiктерi.

11-жастан бастап бала организмiнiң жетiлу процесiнiң басталуына сәйкес оның бойында физиологиялық, психологиялық және педагогикалық, әлеуметтiк өзгерiстер пайда болады. Педагогикалық тәжiрибеде баланың жан-жақты дамуы мен мiнез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспiрiмдiк шағы 10-15 жас аралығына сәйкес келедi. Бұл кезде баланың бойы тез өседi. Балалардың сабақ үлгерiмi төмендеп, тәртiбi нашарлайды. Бұл кезеңде балаға ерекше тәрбиелiк қамқорлық қажет. Өйткенi, осы кезеңнен бастап бала дамуының өтпелi кезеңi басталады. Ол алғашқы кезеңi болғандықтан елеусiз, байқалмай өтедi.

Жасөспiрiм шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын көрiнiп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тiптi көп жағдайда бiрiмен бiрi үйлесiмдi болып келедi.14-15 жас пен 16-17 жас аралығы кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледi, ал кейбiр жағдайларда жасөспiрiмдiк шақтың соңы болып есептеледi.

Балалықтан есейген шаққа өту сол қоғамның бала мен үлкенге қоятын нормалары мен талаптарының арасындағы айырмашылықтың болуымен айқындалады. Жастық шақ ақыл-ой қабiлеттiлiгi артуының маңызды кезеңi.



6. 3. Жоғары сынып оқушыларына психологиялық сипаттама.

Жоғары сынып оқушылары "Неге" деген сұраққа үнемi және табанды түрде жауап iздейдi және берiлген жауаптың жеткiлiктiлiгiне және негiздiлiгiне өз күдiгiн бiлдiрiп отырады. Жастық шақтағы маңызды психологиялық процесс - өзiндiк ақыл-ойдың және өзiндiк "Меннiң" бейнесiнiң қалыптасуы болып табылады.

Мектеп оқушыларының жас және дара ерекшелiктерiн оқу-тәрбие процесiнде ескерiп отыру олардың дамуында өте маңызды. Мектеп оқушыларын олардың қабiлеттерiне қарай топтарға бiрiктiруге болады . Балалар типологиясында екi ерекше бағытты атауға болады:

-қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшелiктерi;

-дарынды балалар мен психологиялық жағынан қараусыз қалған балалар.

Қыз блалар мен ер балалардың физиологиялық дамуы әсiресе өтпелi кезеңде қарқынды жүретiндiктен, тәрбиеде ерекше назар аудару қажет. Ал, дарындылық балалардық оқу еңбегiнiң барлық сатыларында көрiнiп отырады.

Жоғары сыныпқа барғанда оқушылар бiршама қалыптасып, көзқарастары мен дүниетанымы орныққан болады. Онда тәрбие жұмысын жүргiзуде сенiм бiлдiру мен өзара түсiнiстiк негiзiнде ұйымдастырылған әрекеттер жоғары нәтиже берiп отырады.

Қорыта келе, бала тәрбиесiнде олардың жас және дара ерекшелiктерiн ескерiп отыру өте маңызды. Өйткенi, балалардың табиғаты бiрдей болмағандықтан оларға деген қатынас та бiрдей болмауға тиiстi. Балалар даралығы айқын байқалатын кезең олардың өтпелi кезеңдерi. Сондықтан бұл кезде балаларға аса ерекше тәрбиелiк қамқорлық қажет. Осы кезеңде берiлген тәрбие олардың өмiрлiк қалыптасуының негiзiне айналады. Балалардың жас және дара ерекшелiктерiн ескеру олардың физиологиялық, психологиялық, дене және әлеуметтiк қалыптасуында да маңызды. Бұл педагогикалық процестi ұйымдастыруда басқа ғылымдар бiлiмiдерiн пайдаланудың қажеттiгiн көрсетедi.


7 дәріс. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі- 1 сағат.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйелерi мен олардың сабақтастығы жөнiнде ғылыми бiлiмдер жүйесiн қалыптастыру.

Жоспары:

1. Халыққа бiлiм берудегi ҚР "Бiлiм туралы" заңының мәнi.

2. Білім беру жүйесінің міндеттері.

3. ҚР үздiксiз бiлiм берудегi бiлiм берудегi дамытудың негiзгi факторлары мен негiзгi қағидалары.



Негiзгi ұғымдар: Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесi, бiлiм беру стандарттары, әр типтi мектептер, нормативтiк құжаттар, үздiксiз бiлiм берудiң принциптерi.

7.1. Халыққа бiлiм берудегi ҚР "Бiлiм туралы" заңының мәнi.

Мемлекетіміздің демократиялық жолды таңдап, даму барысында халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдай түбегейлі өзгеріп, соның салдарынан білім беру жүйесінің де қайта құрылуы қажетті болды. Бұл тұрғыда іске асырылып жатқан реформалар, алдыңғы жетістіктерге сүйене отырып, бiлiм беру жүйесiн әрi қарай дамыту жолдарын белгiлеуді қажет етуде. Осыған орай, бiлiм беру саласындағы әлемнің алдыңғы қатарлы елдерiнiң тәжiрибесiне сүйенiп, жаңа мемлекеттiң даму барысын ескере отырып, білім беру жүйесін жаңаша бағытта құрастыру өзекті мәселелерге айналды. 1992 ж., 1999 жыл бiлiм, жоғары бiлiм туралы заңдар қабылданып, бiлiм саласындағы мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамалары және де орта бiлiмнiң даму тұжырымдамасы, бiлiм берудiң жалпыға міндетті мемлекеттiк стандарттары бекiтiлдi.

Қазақстан Республикасында үздiксiз бiлiм беру процесi халқымыздың ұлттық дәстүр-салтына, мәдениетiне, экономикасына және саяси өмiрiне негiзделiп iске асырылады. Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне орай бiлiм беру мәселелерi жаңаша бағытта дамуға көштi. Осыған сәйкес ҚР бiлiм беру туралы заң қабылданып, онда бiлiм берудегi мақсат пен жаңа мiндеттер айқындалып көрсетiлдi.

Заң бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк саясаттың төмендегiдей негiзгi қағидаларын орнатты:



  1. ҚР азаматтары бiлiм алуға тең құқылы.

  2. Әрбiр азамат үшiн интеллектуальдық дамуы мен психофизиологиялық және жеке бастарының қажеттiлiгiне сәйкес, бiлiмнiң барлық саласының қол жетерлiк болуы.

  3. Бiлiмнiң зайырлылығы.

  4. Жеке тұлғаның бiлiмiнiң және дарынының дамуына жағдай жасау.

  5. Оқыту мен тәрбиелеудәң бiрлiгi, бiлiм алу жүйесiнiң үздiксiздiгi.

  6. Бiлiм беру ұйымдарының меншiк түрiне, оқыту мен тәрбиелеу түрiне, бағыттарына байланысты әртүрлi болуы.

  7. Бiлiм беру ұйымдарының өкiлеттiлiгi және оны басқарудың демократиялық бағытта болуы.

  8. Бiлiм беру iзгiлiктi, әрi дамыту бағытын ұстануы керек.

  9. Бiлiмнiң ғылыммен, өндiрiспен байланысы.

  10. Оқушыларды кәсiптiк бағытқа бейiмдеу.

7.2. Білім беру жүйесінің міндеттері.

Республикамыздың білім беру жүйесі белгіленген заңдар негізінде іске асырылады. Білім беру ұйымдарының барлық түрі мемлекеттік білім беру стандартын, оқу бағдарламаларын орындауы тиіс. Жалпы алғанда білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – білім алушыны жан-жақты дамыта отырып, оның ғылыми көзқарасын, білім, білік, дағдысын қалыптастыру. Сонымен қатар кәсіби біліктілігін, құндылықтарын жетілдіру. Аталмыш мақсатқа сай білім беру жүйесінің төмендегідей міндеттерін атап көрсеуге болады:



  • оқу жоспары мен, бағдарламаларының жүзеге асыруына жағдай жасау;

  • білім алушылардың танымдық-шығармашылық, рухани және психо-физиологиялқ мүмкiндiктерiн дамыту, салауатты өмiр салты мен адамгершiлiктiң негiзiн қалыптастыру, ақыл-ойының дамуына мүмкіндіктер беру;

  • өз еліне, отанына деген сүйіспеншілік негізінде мемлекетті, оның рәміздерін және халықтың дәстүрлерін құрметтеуге баулу;

  • еліміздің саяси-қоғамдық, әлеуметтік-мәдени өміріне саналы көзқарасын қалыптастыру және белсенділігін арттыру;

  • халқымыздың тарихын білу; барлық мәдени іс-шараларға атсалысу; толеранттыққа тәрбиелеу; шет тілдерін меңгеру;

  • бiлiм беру ұйымдарының дербестiгi мен өзiн-өз басқару құқын, сонымен қатар оны демократияландыруды жетілдіру;

  • оқытудың жаңа технологияларын ендiру, бiлiмдi информатизациялау, халықаралық коммуникация жүйесiне шығу; коммуникативтік білім беруді дамыту;

  • жоғары және орта кәсіби оқу орындарында қоғам сұранысын қанағаттандыратын, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, қайта даярлау;

  • жұмыссыздарды қайта оқыту мен қайта даярлау;

  • бiлiм беру ұйымдарының түрлi кадрларының қарқынды дамуына көмектесу;

7.3. ҚР үздiксiз бiлiм берудегi бiлiм берудегi дамытудың негiзгi факторлары мен қағидалары.

ҚР бiлiм беру жүйесi Заң бойынша бiлiм беру ұйымдарының оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегi мемлекеттiк бiлiм беру стандарттары, басқару орындары мен оларға бағыныщты ұйымдардың өзара байланысы негiзiнде құрылды. Бiлiм беру жүйесiнiң негiзгi мiндетi ретiнде бiлiм алу жеке тұлғаның дамуы мен кәсiби қалыптасуы ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен техниканың жетiстiктерi негiзiнде қарастыруға қажеттi жағдай жасау көзделдi.

Халыққа бiлiм беру iсi нақтылы бiр жүйемен жүргiзiледi.

Бiлiм беру жүйесi мынадай құрылымнан тұрады:



  • үйелмендiк тәрбие;

  • мектеп жасына дейiнгi тәрбие;

  • жалпы орта бiлiм;

  • мектептен тыс тәрбие мен оқыту;

  • кәсiптiк - техникалық бiлiм;

  • орта арнаулы бiлiм;

  • жоғары бiлiм;

  • арнаулы бiлiм мекемелерi;

  • жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм;

  • кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау;

  • қосымша бiлiм.

Оқу орындарындағы ең маңызды нормативтi құжаттардың бiрi- бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттары болып табылады. Солардың негiзiнде жалпы және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар бiлiм беру мекемелерiнiң барлық түрiне мiндеттi болып саналатын және бiлiм беру iсiнiң әрбiр деңгейiнiң мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң оқыту жүктемелерiнiң көлемiн, бiлiм сапасын тексеретiн мемлекеттiк бақылау орындарының ережелерiн, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтiн құжаттарды анықтайды.

Бiлiм беру iсiн басқару мемлекеттiк - қоғамдық сипатта болады.

Дүние жүзiлiк бiлiм кеңiстiгiне кiру және халықаралық байланыс елiмiзде бiлiм жүйесiн жасауға мүмкiндiк туғызады. Кадрлар дайындау мен бiлiм мазмұнын анықтау және ондағы мiндеттердi жүзеге асыру мақсатындағы педагогикалық процестi ұйымдастыру жұмыстарында әлемдiк тәжiрибелер енгiзiлiп, қолдау табуда. Жастардың дүниетанымы мен жеке басын қалыптастыруда мемлекетаралық келiсiм-шарттар жасасу негiзiнде кадрлар алмасу мен студент жастардың тәжiрибе алмасуы кеңiнен орын алып келедi.

Бүгiнгi таңда Қазақстан Республикасында жастарға бiлiм беру мәселесiне мемлекеттiк тараптан аса үлкен мән берiлiп келедi. Оған дәлел Қазақстан Республикасының бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылдың 11 қазан айындағы Жарлығы. Онда "ҚР-да бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы" қабылданып, бүгiнгi мемлекетiмiздегi бiлiм берудiң мақсат-мiндеттерi және нақтылы мақсатты iс-шараларды жүзеге асырудың мерзiмдерi көрсетiлiп берiлдi. Онда бiлiм берудiң мақсаты: "Адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру, жеке тұлға мен қоғамның қажеттiктерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негiзiнде көп деңгейлi бiлiм берудiң ұлттық жүйесiн жаңғырту" деп көрсетiлген. Бағдарлама мазмұнында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, орта бiлiм беру, орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру, жоғары бiлiм беру, жоғар бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру мекемелерiнде сапалы бiлiм берудi жүзеге асыру жолдары қарастырылған. Қорыта келе, Қазақстан Республикасындағы бiлiм берудi белгiлi бiр жүйемен жоспарлау және жүзеге асыру бiлiмнiң сатылы және сабақтастықта дамуын қамтамасыз етедi; Қазақстан Республикасындағы бiлiм берудiң жүйесi заман ағымына қарай халықаралық талаптарға сай үнемi өзгерiп толықтырылып реттелiп отырады; Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесi белгiлi бiр заңға және принциптерге негiзделiп жүзеге асырылады.


ІІ бөлім. Тәрбие теориясы

8 дәріс. Педагогикалық процесс жүйесіндегі тәрбие -2 сағат.

Мақсаты: тәрбиенiң тұтас педагогикалық процесс ретiнде және қазiргi қоғамдық даму кезеңiндегi мәнiн ашу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет