Конспектісі мамандығы: «5B011700 Қазақ тілі және әдебиет»



бет2/8
Дата30.10.2019
өлшемі200,16 Kb.
#50857
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция бакалавриат

Жоспары:


1.Педагогиканың әдіснамасы ұғымына түсінік

2.Педагогикалық зерттеулердің зерттеу әдістері

3. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің құрылымы
Негізгі ұғымдар: ғылыми зерттеу әдісі, абстракциялау (дерексіздендіру) теориялық, эмпирикалық зерттеу әдістері, эксперимент

2.1. Педагогиканың әдіснамасы ұғымына түсінік

Ғылым тек жаңа білімдердің толықтырылуымен ғана дами алады. Игерілген білім ең алдымен әдіснамалық зерттеулерді таңдауға байланысты нақтыланады.

Әдіснама (грек сөзі methodos – зерттеу жолы немесе таным, теория, оқу және logos – сөз ұғым): 1) теориялық және практикалық іс-әрекетті құру және принциптер жүйесі мен ұйымдастыру тәсілі; 2) ғылыми таным әдісі туралы ілім; 3) қандай-да бір ғылымда қолданылатын әдістер жиынтығы.

Әдіснама -зерттеу жұмысының сапасын бағалауға оның бағдарламасын құруға, ғылыми білімдер жүйесін түзуге бағытталған іс-әрекет. Сонымен қатар зерттеу объектісі мен пәнінің ерекшеліктеріне байланысты зерттеуді ұйымдастыру және принциптерін таңдау, мәселеге әр тұрғыдан келу.

Педагогика ғылымының әдіснамасы- бұл таным процесі, формасы, әдістері, принциптері туралы ілім және педагогикалық құбылыстарды бейнелейтін білімдерді іздестіру мен оған әр тұрғы аспектіден келу жүйесі.

Теориялық білім педагогиканың шынайы ќұбылыстардың әдіснамасының негізі болады, сонымен қатар әдістеме арқылы іске асырылады. Ал, теория – таным процесінің нәтижесі, әдіснама танымға жетудің жолы. Таным теориясы таным іс-әрекетінің тұтас процесін, мазмұнын қарастырады. Ғылыми әдіснаманың үш деңгейі бар: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми. Философия әдіснама ретінде зерттеушіні адам, қоғам, табиғат, сана дамуының жалпы заңдарын білуіге, әлемнің тұтастығын қамтуға байланысты мәселелерден алатын орнын анықтаумен қамтамасыз етеді. Жалпы ғылыми әдіснама зерттеудің кейбір жалпы заңдары мен ұстанымдарын меңгеруге көмектессе, нақты ғылыми әдіснама, ғылыми пәнге қатысты заңдылықтар мен ұстанымдарды меңгеруге көмектеседі. Қандай ғылым саласы болмасын ең алдымен философиялық ілімге сүйенеді. Ғылымды философиялыќ, аксиологиялыќ түсіну философия ғылымың мазмұнына кіреді , сондай-ақ ғылыми білім туралы түсініктердің ќалыптасуына негіз болады. Дегенмен маманның ғылыми-зерттеу мәдениетіне, әдіснамалыќ тұжырымына тек философия және оның гносеологиялыќ негіздері ғана ықпал етпейтіні белгілі. Зерттеушінің ғылыми білімді ќұру мен дамыту теориясы оның әдіснамалыќ тұжырымдамасын құрайды, сонымен қатар психологиялыќ-педагогикалыќ ғылымдарға және олардың тарихына сүйенеді. Яғни, әдіснамалыќ тұжырымдамалар психологиялыќ-педагогикалыќ теориялар негізінде ќұрылады.

Ал, әдіснамалыќ тұжырымдар ғылымның философиялыќ негіздері мен педагогика ғылымының қарастыратын мәселелеріне сай ажыратылады. Зерттеушінің әдіснамалыќ тұжырымы оның бұрын ќалыптасқан психологиялыќ-педагогикалыќ тұжырымдары негізінде толықтырылады. Тіпті кей кезде, барлық ғылым жүйесі негізге алатын тұраќты ережелер, әдістемелік көзќарастар, ғылыми мектептердің негізгі бағыттары да өзгеріске ұшырап отырады. Сондықтан түрлі тұжырымдарға, көзқарастарға сын айтылып, талдау жасалу арқылы жаңа ой туындап, дәлелденіп ғылыми мәселе шешімін табады. Әсіресе, ғылыми зерттеу жұмыстарымен алғаш рет айналысушылар ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы тұраќты философиялыќ және теориялыќ тұжырымдар мен ќортындыларға сүйенбей, белгілі бір нәтиже алуларына мүмкіндік болмайды.

Демек, теориялыќ білім дегеніміз белгілі бір педагогикалыќ шынайы ќұбылысты талќылауға, ќолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзќарастар, тұжырымдар, түсініктер мен идеялардың жиынтығы болып табылады. Теориялық білім жеке адамды тәрбиелеу, оќыту және ќалыптастырудың ќалыптасќан тєжірибесін шығармашылыќ тұрғыдан ќайта ќұрумен тікелей байланысты деуге болады. Сондықтан да ол педагогикалыќ тєжірибені ќортындылап, жеке адамның болашаќта маман ретінде ќалыптасуы мен дамуының алғы шарты бола алады.

Сондай-ақ теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен ќатар, алынған білімдерінің белгілі бір зерттеу бағдарламасының тетігі деуге болады.

Ғылымда әдіснамалық бөлімнің төрт деңгейін бөліп қарастырады: философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми және техникалық. Философиялық деңгейде танымның жалпы қағидалары және ғылыми аппараты құрылады. Жалпы ғылыми деңгейдің негізінде көптеген ғылымдарда қолданылатын тұжырымдамалар, әр аспектіде ғылыми тұрғыдан келу жүйесі жатыр. Яғни, жүйелілік, жеке тұлғалық, іс-әрекеттілік, мәдени, этнопедагогикалық және т.б. тұрғылардан келу. Нақты ғылыми деңгей- нақты бір ғылым саласында қолданылатын зерттеу әдістер, принциптер жиынтығы. Техникалық деңгейін зерттеуге қолданылатын әдістеме мен техника құрайды.

Ќазіргі кездегі ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамуда және оған наќты-ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулерге сүйене алады. Кей кезде әдіснаманың философиялыќ және наќты-ғылыми деңгейлері теңесіп, олардың шынайы мүмкіндіктері мен шегі ғылыми зерттеулердің әдіснамалыќ негізі- материалистік диалектика ғана айғақтайды. Бұл мәселелер Т. Кунның ғылыми революциялар теориясына, Ст. Тулминнің ғылыми білім дамуының тарихи маќсатына, К.Поппердің әдіснамалыќ тұжырымында және басқа тұжырымдамаларда көп көңіл бөлінген және олардың ғылым тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, ғылымның неопозитивистік маќсатын сынаған. Ќазіргі әдіснамалыќ және ғылыми-педагогикалыќ зерттеулер ғылыми білімдер жүйесінің жалпы ќұрылысынан ерекше орын алуда, сондай-ақ диалектикалыќ материализмнің дамуына өзіндік тұрғыдан єсер етуде. Сондықтан да, әдіснамалыќ зерттеулер түрлі философиялыќ мектептер мен бағыттар негізінде іске асырылып отыр. Дегенмен, ғылыми нәтижелер, көбінесе, ғылыми-зерттеушінің философиялыќ бағыттылығына байланысты бола бермейді, олардың жалпы ғылыми ќұндылығы ретінде, педагогика ғылымы әдістемесінің дамуына үлес ќосқандары абзал.

Әдіснама - әдістер туралы ілім және оларды зерттеушінің ойлау деңгейін, оны таным процесінің дамуына жол көрсетуші ретінде ќарастырған дұрыс. Педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын-оќыту, тәрбиелеу, дамыту теориялары ќұрайтыны баршаға мәлім. Бұл аталған теориялар зерттеу әдісі ќызметін атќарады және басќа теориялардың ќұрамдас бөлігі болып табылады. Таным процесіндегі әдістерге антикалыќ философияда-аќ үлкен мєн беріліп, алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми таным әдісі арасындағы байланыс айќындалған. Ќазіргі кезде таным әдістері, олардың ќалыптасып, даму процесі зерттеу объектісін нақты әдістерді қолдануды меңзейді. Ғылыми-педагогикалыќ зерттеу әдістерінің дамуы мен жетілдіру процесі педагогика ғылымының дамуына зор әсер етуде.

Ғылыми-педагогикалыќ зерттеудің єртүрлі әдістері сондай-ақ, зерттеушінің ойлау қабілетінің шығармашылыќ тұрғыдағы сипаты ғылыми зерттеулердің барлыќ әдістері және олардың өзара байланысын бейнелейтін ортаќ теория жасауда көптеген ќиындыќтарға єкеліп соғады. Сол себептен, таным әдістерінің көптеген жіктемелері бар, оларды ќолдану маќсатќа, объектіге , зерттеудің пєніне және де зерттеу әрекеттеріне, ғылыми іс-әрекет пен зерттеу болжамдарын жүзеге асыруға негізделіп бағытталады.

Зерттеушінің теориялыќ ойлауы мен зерттеу мәдениеті негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинақтауға оны түсіндірудегі субъективті көзќарастан, олардың біржаќтылығынан ажыратылып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи талдау жасауға , оның дамуының тенденциясы мен заңдылыќтарын іздестіруге, таным мен болмыстағы ќарама-ќайшылыќтарды шешудің тєсілдерін ашуға итермелейді. Объективті заңдылыќтар арқылы аныќталатын білім мен шынайы аќиќаттың єр түрлі формаларының өзара байланысын аныќтауға, ќоғамдыќ және жаратылыстану ғылымдарын дамытатын ой-пікірлердің басќа да диалектикалыќ әдістерін терең түсінуге көмек көрсетеді.

Ғылымның ќазіргі әдіснамасы, сондай-ақ педагогикалыќ әдіснама да, теорияның негізін ќұрайтын; теориялыќ түсіндірмені талап ететін фактологиялыќ материалдың бастапќы эмпирикалыќ негізі; зерттеу объектісін суреттейтін алғашќы жорамалдардан, аксиомалардан, болжамдардан және теориялыќ ыңғайлардан тұратын, бастапќы теориялыќ негіз; теорияның логикасы мен ќұрылысы; эмпирикалыќ дєлелдері бар теориялыќ пайымдаулар жиынтығы; объект пен оның теориялыќ үлгісін суреттеумен байланысты педагогикалыќ теорияны ќалыптастырудың әдіснамалыќ негізі сияқты компоненттерден тұрады.

Таным процесінде белгілі бір, наќты ғылымдарды (химия, физика, математика, тіл білімі) зерттеу жеке әдістер арқылы іске асырылады. Мұндай, наќты ғылымдардың әдістерімен ќатар жалпы ғылыми сипаттағы барлық ғылымдарда ќолданатын әдістер қатарына: баќылау, теңеу, талдау және синтездеу, сұрыптау, өлшеу, эксперимент, индукция мен дидукция т.б.



Ғылыми-зерттеу әдістер: теориялыќ және эмпирикалыќ әдістерге бөлінеді. Яғни, зерттеу әдісі - күрделі таным ережелері және олар зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейді, сонымен қатар түрлі әдіс-тєсілдердің жиынтығын құрайды.

2.2. Педагогикалық зерттеу әдістері

Жалпы алғанда педагогикалық зерттеудің үш кезеңі бар: теориялық,эмпирикалыќ, әдіснамалыќ.

Теориялыќ зерттеу әдістері. Ғылыми-зерттеу әдістерінің бірі де теориялық зерттеу әдістері болып табылады. Бұл әдіс зерттеушіге алғашқы мәліметтерді жинақтау мен талдауға көмектеседі.

Теориялыќ зерттеу әдістері:

Біріншіден: Зерттеу мақсатына сай ғылыми әдебиет көздерін жинақтау зерттеудің бастапќы ќұрамды бөлігін анықтайды. Ғылыми іс-әрекеттің алғашќы кезеңі де осыдан бастау алады. Зерттеу жұмысымен айналысушылар ғылымның өзі қарастырып отырған саласында, ќандай мәселелер зерттелгенін аныќтау мақсатында, зерттеу мәселесінің бұрын және ќазіргі кездегі зерттелу деңгейін, оған ќатысты барлыќ мєліметтерді сараптап, алынған таќырып бойынша єдебиеттермен танысуы керек.

Зерттеу мәселесі туралы ғылыми єдебиеттерді білу зерттеушінің ғылыми-мєдениетінің негізін қалайды. Зерттеу көзі болып отырған ғылым саласының жағдайы және оның дамуын айқындау барысында зерттеуші єр түрлі педагогикалыќ көзќарастар, тұжырымдар, ғылыми мектептер, отандыќ және шетелдік баспалардың ішінен өзіне керекті єдебиеттерді таңдап алып, көптеген авторларға ортаќ және білімдендіру процесіндегі қазіргі заманға сай тенденцияларды аныќтауы тиіс.

Алынған әдебиеттерді қарастыру барысында оларға талдау жасалып, салыстыру, саралау, жалпыға ортаќ ғылыми әдістерді аныќтау сияќты іс-әрекеттер іске асырылады.

Екінші: талдау және синтездеу. Талдау әдісінің эмпирикалыќ мәліметтерді механикалыќ тұрғыдан бөлу; элементтердің тұтас ќұрамдағы өзара ќатынас формаларын аныќтау; білім ќұрылымының мәнін ашу; зерттеу нысанасының сипаты мен динамикасын айќындау сипаттағы түрлері бар. Талдау қарапайым сипатта болуы мүмкін және бұл талдауда элементтердің бір біріне, тұтас сипатта бастапќы жүйеге ќатынасы айќындалмайды. Сонымен бірге, өзара ќатынастыќ-логикалық сипатта да болады және бұл талдаудың барысында эллементтердің бір біріне ќатынасы көрініс береді. Талдау кезінде зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, жоспарлар, кестелер, жүйелер түрінде жинаќталады мұндай уақытта алшақтату тәртібі ќолданылады, яғни күрделі пікір айтылған соң, тиянақты жинақталған сөйлесім әрекеті іске асырылады. Үшінші: абстракциялау (дерексіздендіру). Оның екі түрі бар: талдау барысында ќорытындыға келу және жекеге бөлу. Талдау барысында ќорытындыға келу – көптеген бірдей заттар мен ќұбылыстардың жалпы, ұқсас белгілерін аныќтауды білдіреді. Жекеге бөлу – белгілі бір ќұбылысты зерттеу және талдау үшін зерттеуші өзіне ќажетті ќасиеттерді бөліп алып қарастыру процесі.

Дәріптеушілік- абстракциялаудың (дерексіздендірудің)– бір түрі және ол ғылыми танымның жеке әдіс-тєсілі ретінде ќарастырылады. Дәріптеушілік үрдісі кезінде зерттеуші ойлау арқылы заттың барлыќ шынайы ќасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін болмайтын жаңа түсінік, белгі ендіреді.

Төртінші: тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдіс арқылы эмпирикалыќ деректерге ќортынды жасалады, жекеден жалпыға ќарай және керісінше жалпыдан жекеге ќарай логикалы салдар айќындалып, жүйеленеді.

Бесінші: ұќсастыру әдісі. Бұл әдіс заттар мен ќұбылыстардың жалпыға бірдей, ортақ екендігін айќындау барысында іске асырылады.

Алтыншы: теория жүзінде мүмкін жағдайдың, шынайы ќұбылыстың немесе заттың үлгісін жасау әдісі. Үлгілеу – зерттеу нысанасына ұќсастыќ ќатынастағы басќа бір нысанамен алмастырылатын зерттеу әдісінің түрі. Яғни, бірінші нысана түпнұсќа ал, екіншісі оның үлгісі болады. Зерттеуші үлгіні зерттеу барысында, алған нәтижелерін ұќсастыќ және үйлесімділік заңы бойынша түпнұсќаға көшіреді. Үлгі және үлгілендіру әдісі түпнұсќаны зерттеу барысында ќиын немесе мүмкін емес болғанда, немесе түпнұсќаны зерттеуге мол ќаражат шығынын талап еткен жағдайда ќолданылады. Үлгі мен түпнұсќа арасында белгілі бір ұќсастыќ болады. Ұќсастыќ зерттеушінің үлгіні зерттеу кезінде алған мәліметтерін түпнұсќаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұќсастыќтың, талдау мен синтездің єртүрлі формалары пайдаланылады. Үлгінің тұпнұсќадан айырмашылығы оны зерттеу еш қиындық туғызбайды, дегенмен оның құрылымында үлгіге де, түпнұсќаға да тєн негізгі сипаттар, өлшемдер болуы ќажеттілік. Үлгілендіру ауызша, логикалыќ, физикалыќ, математикалыќ, заттыќ бола алады. Үлгілеудің түрі зерттеу объектісінің күрделілігіне қарай таңдалып алынады.

Жетінші: болжау әдісі. Аталмыш әдіс зерттеушінің ќатысынсыз педагогикалыќ жүйе немесе білім беру жүйесінің іс-әрекетін сипаттауға бағытталады. Зерттеу жұмысының нәтижесінде алынған наќты ғылыми деректерді сандыќ көрсеткіштерге, графиктерге, кестелерге, сызбаларға, формулаларға, диаграммаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесін бейнелейді.

Сегізінші: математикалыќ және статистикалыќ әдіс, яғни педагогикалыќ ќұбылыстар мен олардың сапалыќ өзгерістері арасындағы сандыќ тєуелділікті аныќтауға бағытталады. Математикалыќ және статистикалыќ әдіс арқылы нақты белгісі бар объектіні аныќтап алып, оны белгісі жоќ басќа бір нысанадан ажырату барысында тіркеу әдісі қолданылады. Бұл үшін, шартты критерилер ќажет, мысалы тәртіпті немесе тәртіпсіз, өзімшіл, көпшіл деп қандай белгілерге немесе критерилерге сүйенетінімізді анықтау керек. Ал тізбектеу әдісі деректердің, ќұбылыстардың, ќасиеттердің, белгілердің жоғарылауы немесе төмендеуін аныќтау үшін ќолданылады.

Теориялыќ зерттеу әдістерінің аталған түрлері эмпирикалыќ деректерге, олардың теориялық білім жиынтығын ќұрастыруға ыќпал етеді, сондай –ақ талдау жасалынып, заңдылыќтардың мәні ашылып, сыртќы және ішкі факторлар анықталып, олардың мазмұнын ашуға ықпал етеді. Эмпирикалыќ әдістер нысананы философиялыќ категория ретінде «ќұбылыс» деңгейінде қарастырса, теориялыќ әдістер оның «мєні» деңгейінде қарастырады. Зерттеудің теориялыќ және эмпирикалыќ әдістері ғылыми таным деңгейлері ретінде бір бірімен диалектикалыќ тұрғыдан тығыз байланысты, сондықтан да жеке дамымайды.

Эмпирикалық зерттеу әдістері. Эмпирикалыќ зерттеу әдістерінің құрылымы өте күрделі, ол грек сөзі Empeiria – тєжірибе деген ұғымды береді.

Алғашқы тобына баќылай отырып зерттеуді жатқызуға болады. Бұл маќсатқа сай заттар мен ќұбылыстарды зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді санамен ќабылдау және аќпараттарға өзіндік тұрғыдан талдау жасау; зерттеу нысанасының сыртќы көрінісі мен ќасиеттері, белгілері туралы мєліметтер жинақтау дегенді білдіреді. Баќылай отырып зерттеуге, алдымен, баќылаушының өзі, зерттеу нысанасы, баќылай отырып зерттеудің шарттары, сондай-аќ баќылай отырып зерттеудің ќұралдары – видеоаспаптар, аспап-ќұралдар, қажетті құралғылар және өлшеу ќұрал-жабдықтары жатады.

Баќылаушы баќылау көзін, сондай-ақ ќандай ќұбылыстарға көңіл бөлу керектігін аныќтап алуы керек. Зерттеу барысында баќылай отырып зерттеу түрлерінің төмендегідей жіктемесін беруге болады:

- тікелей баќылай отырып зерттеудің, педагог-зерттеуші оќу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен ќатар ол тікелей куєгер болғанымен бейтарап адам; педагог зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кіргізілуі. Оның роліне байланысты эмпирикалыќ фактілерді жинаќтаудың техникасы мен әдісі таңдалады;

- жанама баќылай отырып зерттеу, тікелей баќылай отырып зерттеуді толыќтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмысқа қатынасушылар арќылы жүзеге асады. Зерттеуші біреу немесе бір нєрсе туралы жанама деректер жинақтайды;

- жасырын немесе елеусіз баќылай отырып зерттеу тұйыќ теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде іске асырылады. Жасырын баќылай отырып зерттеу зерттеушіге ќұнды мєліметтер береді, егер оќушылар өздерін баќылап отырғанын білер болса, онда олар өздерінің іс-әрекетін қадағалап, басќаша бейне көрсетуге тырысады.

- үздіксіз баќылай отырып зерттеу оќыту процесін, екі-үш оќушының сабаќтағы, ойындағы, сыныптан және мектептен тыс – оќу-тәрбие процесі физикалыќ ќолайлы уаќыттағы мінез-ќұлќын зерттеу барысында іске асырылады;

- монографиялыќ баќылай отырып зерттеу бір адамды немесе бір затты баќылау кезінде ќолданылады;

-дискретті (үзік-үзік) баќылай отырып зерттеу нысананы ұзаќ уаќыт баќылау барысында пайдаланылады.

- баќылай отырып зерттеу ұзаќ уаќытты қамтуы мүмкін, атап айтқанда, жарты жыл немесе бір жыл. Баќылай отырып зерттеу белгілі бір уаќытта үзіліп, кейіннен ќайтадан жалғастырылады;

- бір бағытты баќылай отырып зерттеу жалпы тұтастыќтан зерттеу маќсатына сай бір ќұбылысты немесе деректі баќылау кезінде ќолданылады;



- баќылай отырып зерттеу , іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен ќұбылыстарды іздеген кезде ќолданылады және мұндай зерттеу үшін біршама уаќыт пен зерттеушінің аналитикалыќ жұмыс жасауы ќажет. Баќылай отырып зерттеудің негізін- педагогикалыќ ќұбылыстар мен деректердің сандыќ және сапалыќ суреттемесі мен өлшемдерінің тәртібі құрайды. Мұндағы өлшем – зерттеу нысанасын сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басќа біртекті шамаға ќатынасын аныќтау процесі. Сандыќ баќылай отырып зерттеулер мен өлшемдер оларды математикалыќ өңдеуге жол ашып, теориялыќ болжамдардың эксперименталды тексеруін тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.

Педагогикалыќ эксперимент танымның эмпирикалыќ дейгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі және ол ќұбылыстарды олардың өту барысының наќты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталады. Эксперимент деп ғылымда, едәуір қолайлы жағдайларда зерттеу мақсатына сай құбылыстарды жаңарту мен өзгертуді айтады. Эксперимент болжамды тексеруге, теорияның жеке қортындыларын, фактілерді анықтауға және дәлелдеуге бағытталады. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялыќ және эмпирикалыќ деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын. Эксперименттің тағы бір маќсаты білімді жетілдіру, оќушыларды оќыту, тәрбиелеу және дамыту тєжірибесін жаңаша бағытта құру.

Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар:шынайы педагогикалық құбылыстарды эксперименттен өткізу. Өзіндік диагностикалық «карталар», қарастырылған сауалнамалардың мазмұнын сипаттайтын «бөлімдер», «сурет» қолданылады. Ол педагогикалық процесс барысында, яғни оќыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабораториялыќ, практикалық және оќушылардың белгілі бір топтарын бөліп зерттеу кезеңінде іске асырылады. Екіншіден, қалыптасқан болжамды эксперименттік тұрғыдан тексеру. Ол зерттеу нысанасының педагогикалыќ жүйесінің бастапќы күйін белгілеп, көрсетеді. Бұл кезеңде тєжірибе арќылы теориялыќ болжамдар тексеріліп, болжамдар расталуы немесе жоќќа шығарылуы мүмкін.

Келесі жаңадан ұсынылған үлгілер мен жобаларды іске асыру барысында пайда болған педагогикалық құбылыстарды эксперименттен тексеру. Экспериментті жүргізу баќылаудың практикада тексерілген, теориялыќ тұрғыдан дєлелденген, зерттеу мәселесін дұрыс шеше алатын техникалыќ ќұрал-жабдықтарынсыз және өлшеу құралдарынсыз өткізу мүмкін болмайды.

Келесі, сұраќ-жауап әдістері. Бұл әдіс ауызша әңгімелесу, интервью (сұхбат), жазбаша (анкета) түрде жүргізіледі. Эмпирикалыќ зерттеу әдістерінің ретін ќұрастыру кезінде субъектінің өз іс-әрекетінің жағдайы, іс-әрекет ретінде ќабылдайтын мағлұматтары есепке алынуы тиіс.

Сұраќ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар:

а) Єңгіме-сұхбат, яғни ұйымдастырылуы және мазмұнына байланысты еркін диалог. Әдісті жүргізерден бұрын, зерттеуші оған жоспар ќұрып, ќажетті мәселелерді реттеп, сондай-ақ єңгіме-сұхбатты жазып алу ќұралдарын даярлайды (бейне таспа, аудио таспа, стенография).

є) Сұхбат – єңгіме-сұхбаттың бір түрі. Зерттеушінің міндеті зерттеу объектісінің єңгімесіне ќолдау көрсету. Сұхбат зерттеушінің жоғары кєсіби білігіне және тєжірибесіне байланысты нәтиже береді. Талдау барысында сұраќ-жауап алынған адамның іс-әрекеті нысананың шынайы мазмұнын, жұмысындағы білімдендіру міндеттерін шешу барысында туындаған ќиындыќтарды, қарама-қайшылықтарды жеңудің тєсілдерін аныќтауға бағытталуы тиіс.

б) Сауалнама (анкета). Яғни, бұл арнайы іріктеліп алынған танымдыќ сұраќтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының талапқа сай логикалыќ ќұрылысының жиынтығы. Анкетадағы сұраќтардың жауаптары болмаса, онда ол ашыќ сұраќтар деп аталады. Статистикалыќ сараптан өткізуді жабыќ сұраќтарға ќарағанда ашыќ сұраќтарға жасау ќиындық туғызады.

Сонымен қатар, алдыңғы қатарлы жаңашыл-педагогтардың озық тєжірибелерін зерттеу болашақ ұрпаќты оќыту және тәрбиелеумен тығыз байланысты болады. Тєжірибе- педагогтың ұзаќ жылдар бойындағы педагогикалыќ процесс барысында жасаған іс-әрекеттерінің нәтижесінде жинақтаған шеберлігі, шығармашылық қабілеті. Ал, оќушылардың интеллектуалды-даралыќ ерекшеліктері мен ќабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бір түрі-оќушылардың жазбаша, графикалыќ және шығармашылыќ жұмыстары. Сонымен эмпирикалық зерттеу әдісі ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыруда жетекші роль атқарады.

Ғылыми танымның үшінші кезеңі немесе ең жоғарғысы – әдіснамалық кезең болып табылады. Танымның әдіснамалық кезеңі педагогика ғылымының категорияларымен, «белгiсiз бiлiмдi бiлу туралы» бiлiмдердi айќындаумен сондай-ақ ғылыми-педагогикалыќ зерттеу әдістемесі ретінде белгілі теорияларды ќолданумен байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.

2.3 Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің құрылымы

Ғылыми жұмыстың мақсаты- іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу болып табылады. Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің дүниежүзілік мәселелерін қарастырады, оның зерттеу пәні ретінде әлем мен жаратылыс құрылымының жалпы және ортақ заңдылықтары сипатталады. Қолданбалы ғылым, іргелі ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, өмір-тіршіліктегі міндеттерді қарастырады. Ғылыми нәтижелер іс жүзінде қолданылады. Жалпы алғанда зерттеу жұмысы зерттеу бағдарламасы арқылы іске асырылады. Ол негізінен жеті кезеңнен тұрады:

Алғашқы кезең, зерттеу мәселесімен танысудан басталады. Оның өзектілігі мен зерттелу деңгейін қарастырады. Ғылыми жұмыстың мақсаты, міндеттері, объектісі, пәні анықталады. Ғылыми жұмыстың өзіндік қарама-қайшылығы болуы тиіс, ол зерттеу жұмысын жүргізу барысында шешімін табуға тиіс.

Жұмыстың мақсаты- зерттеушінің жұмыс қортындысында алатын нәтижесін сипатауы тиіс. Ал, жұмыстың объектісі- таным процесінің неге бағытталғандығын көрсетеді. Пәні- зерттеу объектісінің нақты қарастыратын бір бөлігі. Мақсат, объект, пәнге және болжамды дәлелдеуге байланысты ғылыми зерттеу жұмысының міндеттері айқындалады.

Екінші кезең, әдіснама таңдауға байланысты: алдыңғы тұжырымдар, теориялық ілімдер, таным әдістері, тәжірибенің болжамдық нәтижесі, т.б. Қазіргі кездегі педагогикалық мәселелерді қарастыру барысында, жүйелілік, кешенділік, тұтастық, жекелік, іс-әрекеттілік және т.б. тұрғыдан келу іске асырылады.

Үшінші кезеңде, ғылыми жұмыстың маңызды бөлігі болжам жасау іске асырылады. Зерттеудің болжамы дегеніміз, болашақта теориялық, тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеуді қажет ететін, ғылыми тұрғыдан негізделген болжам жасаушылық.

Төртінші кезең, зерттеу әдістерін таңдаумен сипатталады.

Бесінші кезең, тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу арқылы ерекшеленеді.

Алтыншы кезең, зерттеу нәтижелерін өңдеу, талдау, безендірумен сипатталады.

Жетінші соңғы кезеңде, практикалық ұсыныстар жасалады. Осылайша, ғылыми зерттеу жұмысы өз нәтижесін көрсетеді. Бұл процесті іске асыру барысында зерттеушінің зерттеу мәдениеті қалыптастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет