17.2 Бiлiм мазмүнының негізгі компоненттерi
Қазiргi өзіміздің өмір сүріп отырған демократиялық қоғамда еркiн, шығармашылық- танымдық тұрғыдан ойлай алатын адамдарды қалыптастыру мiндетiне сай бiлiм беру мазмұнында қолданыста бар үш түрлi тұжырымдамалар бар. Мысалы, ғылымдар негiзiнде педагогикалық бейiмделу мектептің оқу-тәрбие процесінде іске асырылады. Яғни, құндылық қасиеттердің жаңа түрлері қалыптастырылады, дамытылады. Білім мазмұны өндіріспен байланыстырылады, демек білім адамға әсер ететiн өндiрiстiк фактор ретiнде сипатталады.
И.Ф.Харламов бiлiм беру мазмұнының келесi тұжырымдамасында білім алушылар меңгеретiн бiлiм, дағды, iскерлiктері тұтастықта қарастырылады.
Оқыту, үйрету барысында білім алушылар мiндеттi түрде бiлiм мазмұнының құрамы ретінде дүниетанымдық және адамгершiлiк, эстетикалық идеяларды түсiнуi қажет, деп санайды. Әрине, мұнда адамзаттық мәдениеттiң барлық құрамы талданбаған, сондықтан да бiлiм,білік, даңдының негiзi сипатын ашпайды. Білім мазмұнының негізгі компоненттері, жоғарыда айтылған мәдениет түрлерін қалыптастыруға тікелей байланысты.
Бiлiм беру мазмұнының тұжырыдамасындағы мақсат- гумандық тұрғыдан ойлауға, әлеуметтiк тәжiрибенiң барлық құрылымдық бөлiктерiнде педагогикалық бейiмделуiне сай келедi. Бiлiм мен тәжiрибенi iске асыру барысында аталмыш тұжырымдама шығармашылық-танымдық iс-әрекеттiк және құндылық эмоционалдық қатынас тәжiрибесiн енгiзедi. Әрбiр осы аталған тәжiрибелер бiлiм беру мазмұнының өзiндiк түрi ретінде есептеледі. Яғни:
табиғат, қоғам, техника туралы бiлiм, ойлау және оны iске асыру қабiлетi. Осы бiлiмдердi меңгере отырып білім алушы дүниенiң шынайы бейнесiн қалыптастыру, танымдық iс-әрекетiнде дұрыс әдiспен қамтамасыз етедi;
белгiлi iс-әрекет тәсiлдерiнiң арасында тұлғаның дағды, iскерлiк бiлiмдi игеруi, тәжiрибенi кеңейте түседi;
шығармашылық iзденушiлiк әрекет қоғамда пайда болған жаңа проблемаларды шешуде iске асады. Бұрыннан белгiлi iс-әрекеттердi қалыптастырудың жаңа әдiстерi алған бiлiмiн- iскерлiгiн қазiргi жағдайда iс-әрекеттiң жаңа тәсiлдерiн өздiгiнен iске асыруды талап етедi. Әрбiр адамның қалыптасуының көрсеткiшi ретiнде белсендiлiгi және өзiндiк дамуы кiшкене кезiнен шығармашылық тұрғыда жұмыс iстеу барысында қалыптасады, бiрақ бiлiм беру мазмұнында оны бағдарламаға енгiзу керек. Яғни, қоршаған ортаға, алған біліміне байланысты әрбір адамның құндылық дүниесі қалыптасады.
Адамдардың қоршаған дүниеге қарым-қатынас нормасы негізінде өз-өзiне көзқарасы қалыптасады. Адам мiнезi қарым-қатынас жасау барысында көрініс береді. Білім беру мазмұнының компоненттері білім, іскерлік (білік), дағды бiрiмен-бiрi тығыз шартты байланысты. Бiлiмсiз iскерлiк те, дағды да қалыптаспайды, яғни олар бір-бірімен кері байланыста қарастырылады. Шығармашылық iс-әрекет те бiлiм мен iскерлiктiң тәжiрибесiнен, ал қарым-қатынас бiлiмдiлiк iс-әрекет тәжiрибесiнен көрiнедi. Әлеуметтiк тәжiрибеде оқу мазмұнын игеру барысында адам қоғамда өздiгiмен iстей алатын және оны өзгерте де алатын дәрежеде болуы шарт. Сондықтан да оқу орнында алған бiлiм жиынтығын өмiрде қолдана алулары қажет. Жалпы бiлiм мазмұны бiр жағынан оқу-танымдық iс-әрекет жадайының, екiншi жағынан iс-әрекеттi игерудiң құралы болып табылады. Бiлiм беру мазмұнын қалыптастырудың негiзгi көзi мәдениет пен әлеуметтiк тәжiрибе болып саналады.
Адам iс-әрекетiнiң түрлерi қоғамдық сана формалары, қоғамдық қатынас тәжiрибелерi, рухани құндылығы, материалдық жағдайы, оқу барысында танымдық, коммунитивтiк, бағдарлы-құндылық, көркемдiк iс-әрекетімен сипатталады
Әрбір халықтың бiлiм алуға құштарлығы бiлiм беру қызметi, қосымша бiлiм беру, саралап оқыту т.б. арқылы іске асырылады. Бiлiммен қамтамасыз ету, мемлекеттiк жалпыға міндетті стандартқа,бағдарламаға сай іске асырылады және ол мемлекеттiң құзырына кiредi. Жалпыға міндетті білім беру стандарты оқу мекемелерінің түрене (мектепке дейінгі,орта мектеп, арнайы, жоо т.б.) байланысты құрастырылады. ЖОО стандарты белгілі бір мамандық бойынша қойылатын талаптар, оқытылатын пәндер және олардың мазмұмыны, оқу жоспарын құрайды.
Ал оның нормативтік құжаттарының негізін: оқу жоспары, яғни оқу пәндері мен ретін, мерзімін, бақылау түрін белгілейтін құжат;оқу бағдараламалары-білім берудің бағыты бойынша оның мазмұнын анықтайтын құжат; оқулықтар құрайды.
Білім беру мекемелерінің бiлiм беру мазмұнының принципi мен өлшемi оқу материалының пәндік мазмұнын береді. Білім беру мазмұны жеке тұлғаның қоғамдағы орнын табуға көмектесуге бағытталады. Мұнда оның негізгі компоненттері, атап айтқанда білім, білік, дағдысы қалыптастырылады.
18 дәріс.Қазіргі кездегі оқыту құралдары мен әдістері-1сағат.
Мақсаты: Қазiргi кездегі оқыту құралдары және әдістер, әдістемелер жиынтығымен таныстыру.
Жоспары:
1. Қазіргі кездегі оқыту әдістері.
2. Оқытудың құралдары мен мен әдістемесі.
Негiзгi ұғымдар: оқыту құралдары, әдістері, шәкірт ұстаз ынтымақтастығы, әдістер жүйесі және т.б.
18.1. Қазіргі кездегі оқыту әдістері
1960-1970 жылдар аралығында оқытудың түсіндірмелі – иллюстративті түрі практикада кең орын алып келгені бәрімізге белгілі. 1960 жылдың аяғында оқушылардың танымдық қабілетін дамыту тұрғысында дидактика ілімінде жаңа бағыттар пайда болды. Оқытудың бұл түрі зертеушілердің пайымдауынша, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдану білім сапасының деңгейін көтеруге ықпал етеді. Оқыту әдіс тәсілдері дегеніміз – белгіленген оқу мақсатына жету үшін мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің үйлесу тәсілі немесе мұғалімнің оқушыларды білім және білікпен қаруландыратын құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Оқыту әдістерінің құрылымы өте күрделі. Оның мазмұндық құрылымын анықтағанда, ғалымдар ең алдымен атқаратын қызметін естен шығармау керектігін ескертеді. Оқыту әдістері, оларды дұрыс оқу мақсаттарына орай, бір-бірімен тығыз бірлікте, атқаратын қызметіне қарай қолданғанда ғана тиімділігі артады. Оқыту әдістері білімдік, тәрбиелік, дамытушылық, мотивациялық қызмет атқарады, сондықтан әдістерді сабақтың дидактикалық мақсаттарына сәйкес қолдана білудің маңызы зор. Мұны жүзеге асыратын тікелей субъект оқытушы екендігі, ең алдымен оның теориялық білімінің тереңдігі мен әдістемелік-кәсіби шеберлігіне байланысты.
Әдіс –«метод» гректің сөзбе-сөз аударғандығы «бір нәрсеге жету жолы» немесе «зерттеу» деген мағынаны білдіреді. Осы күнге дейін дидактикада шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі- оқытудың әдістерін айқындау, топтау,жіктеу жүйелеу. Оқу әдістерін жүйеге түсіріп, топтап жіктеудің оқыту процесінде алатын орны ерекше. Оны жіктеудің оқытушы үшін де білімді қабылдап отырған студент үшін де, оның танымдық іс-әрекеті үшін де маңызы зор.
Әдістемелік еңбектерде оқыту әдістерін әр түрлі топтаудың жүйесі қалыптасқан.Дидактика ілімінің көрнекті өкілдері И. Я. Лернер мен М. Н. Скаткин оқыту әдістерінің сипатына қарай 5 түрін ұсынады.
түсіндірмелі-көрнекілік әдісі: білімді «даяр» күйінде алу, яғни студенттер репродуктивті ойлау деңгейінде қалады.;
репродуктивті: үлгі, ереже негізінде оқу
проблемалық хабарлау, оқу материалын бере отырып, проблема қою, оқу іс-әрекетінің нәтижесін дәлелдей отырып,мәселені шешу жолдарын көрсетеді. Бұл қазір кең қолданылып жүрген әдіс;
ішін ара -іздену немесе эвристикалық әдіс. Ойлау процесіөнімділік сипат алады. Үйренуші өз бетімен жұмыс жасайды және олар үнемі бақылауда болады;
зерттеушілік әдіс (оқушының өз бетінше шығармашылық-іздену әрекеті);
Белгілі ғылым Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін 3 топқа бөліп қарастырады;
оқытуды ынталандыру және уәждеу: танымдық ойындар, оқу ой толғақтары, пікірталастар, мадақтау;
оқу әрекеттерін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері: сөйлеу, көрнекілік, практикалық индуктивті, дидуктивті, ұқсату, проблемді іздену, эвристикалық, зерттеу, реппродуктивті (нұсқаулар, түсіндіру, жаттығу), кітаппен өз бетінше жұмыс /1/.
Оќыту әдісi - өте күрделi ұғым, өйткенi бұл әрекеттi, категорияны айќындайтын мәселенiң аумағы да, ќамтитын жүйесi де сан салалы. Сондыќтан да педагогика iлiмiнде әдістемеге байланысты наќты тұжырымдалған аныќтама боларлыќ бiрыңғай ереже жоќ десе де боларлыќ. Әдістеме ғылымның єр саласын зерттеушi ғалымдар бiр-бiрiне жаќын пiкiрлер ұсынып оќыту, бiлгiзу және оны жүзеге асыру жөнiнде бiлiмдендiрудi ұйымдастыру әдістерiн өз тұрғысынан ќойылған маќсатќа жету тұрғысынан ќарастырады.
Әдiс – оќыту барысында ұстаздар мен шєкiрттiң ынтымаќтаса еңбектену нәтижесiнде ќойылған маќсатќа жетуiн реттейтiн тєсiл. Оќыту әдісiнiң көмегiмен оќушы белгiлi деңгейдегi бiлiмдi, iскерлiк әрекеттiң машыќ, дағдысын игередi, дүниетанымын ќалыптастырады, ќабiлетiн өрiстетедi. Ал оќыту барысында әдістi таңдайтын және оның наќты әрекетке айналдыратын оќытушы ұстаз. Оқыту әдістеріне: сөздік әдістер (әңгіме, дәріс, кітаппен жұмыс), көрнекілік әдіс (бақылау, демонстрация,иллюстрация), машықтық әдістер (жаттығу, лабораториялық, зерттеу, өзіндік оқу жұмыстары, танымдық ойындар, ситуация, сұхбат),бақылау және өзіндік бақылау әдісі (бағдарламалы оқыту, білім беруді бақылау) жатаж\ды. Сонымен оќыту әдісiнiң атќаратын ќызметi бiлiмдендiрудегi тиiстi маќсатќа жету, ал маќсатќа жету оқытушының шеберлiгiне, бiлiмдарлығына, оќу процесiн тиiмдi ұйымдастыра бiлуiне, шєкiрттердi ынталандыра алуына байланысты.
18.2. Оқытудың құралдары мен мен әдістемесі.
Оқытудың құралдарына оқыту процесінде қолданылатын көрнекілік, техникалық заттар жатады. Атап айтқанда, оқулықтар, бағдарламар, әдістемелік көмекші құралдар, техникалық құрал-жабдықтар және т.б. Олардың сабақта дұрыс таңдалынып алынуы, тиімді нәтиже бере алады.
Ал, оќытудың педагогикалыќ негiздерiнде әдістеме мәселесi саласында жеке пєндердi оќытуға байланысты жазылған ғылыми және практикалыќ зерттеулер өте көп. Бiраќ оларда оќыту әдiстерiн жүйелеу (классификация) бiр ќалыпта емес, ғылым саласынан берiлетiн бiлiм, тєлiм-тәрбие маќсатына үйлесiмдi әдістерге өз тұрғысынан зейiн ќоятындыќтан оќыту әдісiн бiр арнаға келтiре ќоюдың да мүмкiндiгi шамалы, сол себептi әдістеменi классификациялау педагогикалыќ єдебиеттерде түрлi-түрлi жiктеледi. Өткен ғасырдың 50-60 жылдарына дейiн оќыту әдістерiн екi жүйеде ќарайтын. Атап айтќанда: 1) Сөздiк әдістер тобы – єңгiмелесу, єңгiме, түсiндiру, дәрiс, кiтаппен жұмыс. 2) Көрнекiлiк әдістер тобы – демонстрация, иллюстрация, баќылау. Бұл әдістердi пєндердiң оќыту ерекшелiктерiне байланысты талдап, наќты таќырыптар жүйесiнде деректемелер ұсынылатын.
Жаңа ғасырдың бастауына дейiнгi педагогикалыќ және жеке пєн методикасы саласындағы зерттеулер мен практикалыќ тєжiрибелердi ескере келiп оќытудағы әдістеме мына тұрғыда жүйелендi:
1. Түсiндiрме иллюстративтi әдіс.
2. Репродуктивтi әдіс.
3. Проблемалы баяндау әдісi.
4. Iшiнара iздену, немесе эвристикалыќ әдiсi.
5. Зерттеу әдiсi.
Оқыту барысында бұл әдістердiң єрќайсысының ерекшелiктерiн, оларға тєн өзгешелiктердi пєннiң және болашаќ маманның меңгеретiн ғылымына үйлестiре алынған деректер келтiре отырып єңгiмелеймiз.
Оќыту әдістерiн классификациялауда мына мәселелер ескерiледi:
1) Єрбiр әдіс оќыту процесi (үрдiсi) ќойып отырған негiзгi ой түйiнiн терең меңгеруге бағытталған дидактикалыќ принциптердi шешерлiктей болуға тиiс.
2) ¦стаздар мен шєкiрттiң бiрлескен әрекетi таным ќабілетін дамытуға және белгiлi ой-түсiнiктi бiлiп ќана ќоймай оны өздiгiнен пайымдай алуға машыќтандыруға жаттыќтыруы керек.
3) Ќолданылатын әдістiң ќай-ќайсысы болсын оќыту процесiн тиiмдi ұйымдастыруға бағытталып, шєкiрттiң iзденiп, әрекеттенiп, еңбектене бiлуiн ќамтамасыз етуге тиiс.
¦стаздың оќыту әдісiн таңдай алуы – алға ќойған маќсатына үйлесiмдi болса, оның нәтижесiнде ќойылған талапты өтей алады. Оќыту әдісiн таңдағанда ұстанар өлшем (критерий), еске тұтар ќағида мынау:
1) Таңдаған әдістің оќыту заңдылыќтары мен процесіне сєйкестiгi.
2) Әдiстің оќыту технологиясының дидактикалыќ маќсаттары мен мiндеттерiне үйлесiмдiлiгi.
3) Оќыту әдісiнiң сабаќтың таќырыптыќ мазмұнын ашуға сєйкестiгi.
4) Оќыту әдісiнiң оќушының танымдыќ мүмкiндiгiне сєйкестiгi мен үйлесiмi.
5) Оќыту әдісiн таңдағанда оқытушы өз мүмкiндiгiнде ескеруi тиiс (тєжiрибесi, дүниетанымы, ќабiлетi, бiлiм деңгейi, ұстанымы, ќарым-ќатынас жасау єдетi т.б.).
6) Оќыту әдісiнiң оќу орнының материалдыќ-техникалыќ мүмкiндiгiне сєйкестiгi.
7) Әдістердiң оќу орны орналасќан ішкі құрылымы мен экономикалыќ объектiсiне сєйкестiгi. Мұнда оќушылардың жалпы бiлiмi, түсiнiк деңгейiне сєйкес таным дағылары мен iс-әрекеттi атќарушы деген ыќылас-ынтасына үйлестiруге де мєн беру керек.
Оќу әдістерi оќушының мүмкiндiгiне үйлесiмдi болса, олардың дербестiгiне сєйкес өздiгiнен iзденуiн жетiлдiре түсетiндiгi аќиќат шындыќ екендiгiн естен шығармауға тиiстiмiз.
Оќыту әдістемесiнiң жүзеге асуы оќыту технологиясымен бiрге оќытуды ұйымдастыруға тiкелей тєуелдi. Көптеген педагогикалыќ єдебиеттерде оќытуды ұйымдастыру түрiне (формы организации обучения) тек сыртќы көрiнiс, оќушының саны, реттiлiктiң жүйесi тұрғысынан ќарайды. Шындығында, оќытуды ұйымдастыру-педагогикалыќ категория ретiнде оќытуды ұйымдастыру барысындағы ұстазда мен шєкiрттiң iс-әрекетiн жүзеге асыруда белгiленген тәртiп, жұмыс режимiнiң орындалуы. Айталыќ, оқытушы бiр топ оќушымен, немесе ұжыммен, болмаса жеке оќушымен жұмыс атќарып, оќытып отыр делiк. Мұнда оќушының сандыќ ќұрамы, оќытудың уаќыт мерзiмi, ќолданылатын оќыту әдісi бiрлiкте ќаралды. Сондыќтан оќыту әдісiн оќыту технологиясынан болмай тұтастыќќа ќарай отырып өтiлетiн сабаќтың типiн және оның ќұрылымын белгiлеу оқытушының шығармашылыќ iзденiсi мен тапќырлығына және өтiлетiн таќырыптың мазмұнына байланысты.
Оќу орындарындағы сабаќ және оның типологиясы мен ќұрылысы туралы кеңестiк кезеңде өте көп жазылып, алуан түрлi пiкiр сайыстары тоќталмастан сөз болған таќырып. Сондыќтанда сабаќтың мазмұны, типтiк ќұбылысы, атќарылатын еңбектiң түрiне байланысты оның сан түрлi атауға ие болуда заңды ќұбылыс (ойын сабаќ, саяхат сабаќ, пiкiрсайыс сабаќ, көкпар сабаќ, аукцион сабаќ, iрi блокты сабаќ, театрланған сабаќ т.б.).
19 дәріс Қазіргі кезде оқытуды ұйымдастыру формалары-1сағат.
Мақсаты: Қазiргi кездегі оқыту ұйымдастыру формалары туралы мағлұматтармен таныстыру.
Жоспары:
1. Қазіргі кездегі - сабақ.
2. Оқушылардың оқу қызметінің ұйымдастырылуы және мұғалімнің сабаққа дайындығы.
Негiзгi ұғымдар: оқытуды ұйымдастыру, сабақ, оқытудың дәстүрлі әдістері, оқушылардың оқу қызметі, сабаққа даярлық және т.б.
19.1. Қазіргі кездегі - сабақ.
Сабақ – оқуды үйымдастырудың басты формасы. Форма сөзі латын тілінен аударғанда сыртқы көрініс дегенді білдіреді. Оқыту түрі әдістерге, амал-тәсілдерге, құралдарға және оқушылардың іс-әрекеттеріне тәуелді. Оқытуды ұйымдастыру оқушылардың саны, құрамы, жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы болып жіктеледі. Ал, оқыту түрі: жеке, жеке-жұптық, жеке-топтық, өзара бірлесіп оқу (беланкастер), саралап оқыту (Мангейм жүйесі), «Винетка-жоспар», «Трампа жоспар», кіші топтық (микро топ) және т.б. тұрғыда бөлінеді. Оқыту түрінің сыныптық-сабақ жүйесі ХҮІІ ғасырда Богемия, Украина, Белоруссия елдерінде дамып, күні бүгінге дейін өміршеңдігін көрсетуде. Бұл жүйені теориялық тұрғыдан негіздеген Я.А.Коменский. Дәстүрлі класс – сабақ түрлерінің негізгі белгілірі ол : біржастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері ; кластың бірыңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеу; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әрбір сабақ бір оқу пәніне тақырыпқа арналған, себебі класс оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте мұғалімнің басқарушылық ролі және т.б.
Сонымен ,оқушы, оқу күні, сабақтар кестесі, оқу каникулдары, үзілістер – бұл класс сабақ жүйесінің белгілері.
Дәстүрлі оқытудың концептуальдық негізін жасай отырып, Я.А.Коменский педагогикалық принциптерін де анықтаған: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділік, сапалылық, көрнекілік теорияның практикамен байланыстылығы , жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.
Оқыту процесінің авторитарлығы іс-әрекетті регламентациялаудан көрінеді; оқытуды атқару тәртібінің ықтиярсыз істелінетіндігі (“мектеп тұлғаны даралайды”); бақылауды бір орталықтандыру; орташа оқушыға бағыттанушылық (“мектеп талаптарды өшіруде”) . Онда оқушы позициясы ықпал етуге оқыту объектісіне бағынған , оқушы “тиісті” оқушы әлі толықанды. Тұлға емес, рухсыз “винт” ретінде көрінеді. Ал мұғалімнің позициясы – ол командир, жалғыз инциативті адам, төрешісі (“әрқашанда ол дұрыс айтады”) жас үлкен адам (ата - ана) оқытады; пәнмен балаға , “жазалаушы оқ” стилі.
Білімді меңгеру әдістері дайын білімдерді хабарлауға негізделеді, оқыту белгілі бір үлгілермен, индуктивтік логикамен жеке даралықтан жалпылыққа механикалық есте сақтауға көзбен көргенді мазмұнын айқын беру, репродуктивтік еске түсіру елестету.
Сабақ негізгі форма ретінде оқыту – тәрбиелеу процесін ұйымдастырудың басқада формаларымен толықтырылуы мүмкін. Олардың бір бөліктері сабақты паралелді дамытады; яғни класс – сабақ жүйесі шеңберінде ( экскурсиялар, консультациялар, үй жұмысы, оқу конференциялары, қосымша сабақтар. Жоғары оқу орындарында қолданылатын дәріс – семинар жүйесінен алынып пайдаланған. Олар оқушылардың жас ерекшелгін ескеруге бейімделген ( дәрістер,семинарлар, практикумдар, сынақ, емтихандар). Мысалы, дәріс – семинар – сынақ оқу жүйесінде (формасында) алдымен класқа оқу материалы дәріс әдісімен беріледі, содан соң семинар , практикалық және лабораториялық сабақтарда талқыланады. ( меңгеріледі, қолданады) және меңгеру нәтижесі сынақтық формада тексеріледі.
Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін үйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданылуда. Алайда, бүл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, окушылардың ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз өзіне қьізмет ету, еңбек десанттары, әртүрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бүл іс-әрекеттер барысында мүғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-қүлқы мен тіршілік әрекетін үйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.
Таным оқу процесіндегі негізгі іс-әрекет болып табылады. Сондай-ақ, оқуда іс-әрекеттің басқа түрлері де (ойын, қарым-қатынас, еңбек т.б.) колданылады. Әртүрлі іс-әрекетті қолданғанда ғана жеке түлғаға толығымен әсер етуге болады. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың әдістері мен формалары ойын, өнер мен қарым-катынас қоса жүзеге асырылуы тиіс. Ұжымдық танымдық-іс-әрекетін мүғалім мен оқушының ғана емес, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-қатынасы ретінде қарастыруға болады.
Оқу әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баягндамасы, оқулықпен жұмыс, әртүрлі әңгіме-сүқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сиякты ынталаңдыру әдістері де қолданылады.
Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.
Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола түра (оқыту міндеттері, тәрбие міндеттері), түтас педагогикалық процесте бірлікте қолданылады.
Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін, дейді белгілі педагог-ғалым Н. Д. Хмель мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, формалары және әдістерін. тәсілдерін ажырата алуы қажет. Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады.
Оқыту барысында мұғалім педагогикалық ықпал ету әдістерін де қолданады. Педагогикалық ықпал ету әдістері дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалык процесте жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-катынас. таным. ойын, еңбек, сабақ т.б.) жатады.
Педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету аркылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінін формалары мен әдіс-тәсілдер аркылы шешілетін белгілі бір максаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалык түрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалык процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де карастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын төмендегідей жіктеуте болады:
-қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
-тұтас педагогикалык процестің оқу жұмысында қолданылуы:
-таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия т.б.):
-оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалык процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден. олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер тәсілдер арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық болмайды.
19.2. Оқушылардың оқу қызметінің ұйымдастырылуы және мұғалімнің сабаққа дайындығы.
Оқушылардың оқу қызметі олардың мұғаліммен үйлесімді іс-әрекеттерінің сипатынан көрініс алады. Оның фронтальды, яғни мұғалімнің оқушылардың жеке және өзіндік жұмысын басқаруы, өзіндік жұмыстары сияқты бағытта ұйымдастырылады. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың арасынан ең тиімді ой-пікірді таба отырып, оқу ситуациясын туындатуы, қойылған міндеттерге жауап іздеуі, оқушыларды толық тыңдауы, түзетулер енгізуі маңызға ие болады.
Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында оқушылардың өзіндік іс-әрекеттері есепке алынады. Жеке жұмыстарға өзіндік тұрғыдан әдебиеттермен, тұжырымдармен жұмыс жасауы, шығарма, эссе, реферат жазуы жатады. Яғни, жеке жұмысты ұйымдастыру барысында жеке және жекелендіру сияқты екі тапсырма орындалады.
Топтық жұмыста:
сыныптың топқа бөлінуі;
әр топтың берілген тапсырманы орындауы;
топтың жаңалығына сай тапсырмалардың іріктелуі;
сабақ мазмұнына сай топ құрамының өзгеруі;
топ құрамының деңгейлеріне сай құрамның сұрыпталуы сынды іс-әрекеттер жасалады.
Оқушылардың оқу қызметінің дұрыс ұйымдастырылуы мұғалімнің сабаққа дайындығына тікелей байланысты. Оның сабаққа дайындығы сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және құрылған жоспарды әр сабаққа сәйкестендіру болып бір-бірімен байланысты екі кезеңнен тұрады. Оқытушы өткізілетін сабағы бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар құрастырады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда: сабақ мақсатын, жүргізу жолдарын және сабақ жоспарының арнайы жазылуы қадағалануы тиіс.
Жалпы алғанда мұғалімнің сабаққа дайындығы – оның оқу материалын тиянақты талдауы, оқу кезеңдерінің сәйкес құрастырылуымен қатар, оқушылардың материалмен жұмыс жасау кезіндегі туындағы сұрақтары, жауаптары, тұжырымдары сондай-ақ меңгеру және қабылдау процесі. Сабақ беру барысында, оның қысқаша конспектісі де даярлануы тиіс. Сабақ нәтижесі, тек мұғалімнің мұқият дайындығына ғана байланысты емес, сондай-ақ оқушылардың да психологиялық даярлығына да байланысты. Оқушылардың даярлығы сабақ соңында мұғалімнің келесі сабақ жоспарымен таныстырып, бағыт беруінде болып табылады.
Сабақтың нәтижелілігі мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра алуына, оларды қызықтыра білуіне және алынатын нәтижені болжай білуіне тікелей байланысты.
20 дәріс. Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау-1 сағат.
Мақсаты: Оқыту процесінің сапасын педагогикалық бақылау туралы түсінікті қалыптастыру.
Жоспары:
1. Тұтас педагогикалық процесте оқу-тәрбие жұмысы нәтижелерін есептеу мен бағалау.
2. Мектеп ішіндегі бақылау.
Негiзгi ұғымдар: оқыту процесі, оқытудың сапасы, педагогикалық мектеп ішілік бақылау, бағалау және т.б.
20.1. Тұтас педагогикалық процесте оқу-тәрбие жұмысы нәтижелерін есептеу мен бағалау.
Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің тиімділігі мен нәтижелігін көрсетеді. Сондықтан, жалпы оқыту процесіндегі оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру мен бағалаудың қандай орын алатын, онда оқыту және тәрбие үшін қандай потенциалды мүмкіндіктер барын, бұл мүмкіндіктерді оқу іс әрекетімен белсендіру үшін қалай дамытып, пайдалану керектігін, оқыту жемісті болу үшін нәтижесіне не ықпал ететінін қарастыру қажет.
Оқыту нәтижесін тексерудің мәні оқытушылардың белгілі бір бағдарлама пән бойынша білім беру стандартына сай білімді меңгеру деңгейін анықтау. Алайда, қазіргі педагогикада тұтас педагогикалық процесті тексеру мен бақылау ұғымдарының ауқымы айтарлықтай кең.
Оқытуды бақылау дегеніміз, бір жағынан, мұғалімдер мен мектептердің жұмыстарын тексерудің әкімшілік-ресми тәртібі, нәтижелерін басқару шешімдерін қабылдау үшін қызмет ету. Ал екінші жағынан, оқытуды бақылау дегеніміз мұғалімнің оқушылар білімін тексеру мен бағалауы. Отандық ғылымда «педагогикалық диагностика» атауының қолдану аясы тар және көбінесе тәрбие саласында көбірек қолданылады, онда ол тәрбиелік деңгейдің өлшемі мен талдауын білдіріп, психодианостикаға жақындай түседі.[1]
Оқыту процесіне қатысты «педагогика диагностикасы» атауын жоғарыда келтірілген мағынада қолданылған орынды. «Бақылау», «педагогикалық процесс нәтижелерін тексеру мен есепке алу» сияқты дәстүрлі атаулармен де қолдануға болады.
Бақылаудың үш түрi бар:
Алдын ала бақылау: сабақ өткiзу үшiн әзiрленген жоспарлар, материалдармен танысу; түсiндiру, бекiту әдiстерi мен формалары туралы, оқушылардың өзіндiк жұмысының тәсiлдерi туралы әңгiме жүргiзу.
Күнделiктi бақылау: сабақты немесе сабақтардың өтуiн бақылау, оқушылардың бiлiмдерi мен дағдыларын тексеру, оқушылар жұмысын текскру.
Қортынды бақылау: белгiлi бiр уақыт аралығындағы мұғалiмнiң оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтижелерiн зерттеу. Журналдар, мәлiмет тiзiмдердi тексерiп, бақылау жұмыстары, сұрақ-жауап өткiзу.
Бақылау мазмұнының мәні ерекше. Тексеріске ұшырайтын оқушылардың білім, білік және дағдылары болып есептелінеді. Білімдерден басқа шәкірттердің әлеуметтік және жалпы психологиялық дамуы мектеп жетсітіктерін тексерудің мазмұны болып табылады. Мектеп тек білімдерді қалыптастырып қана қоймай, тәрбиелеп, дамытатын болғандықтан, мектеп жетісткітерін тексеру бағыттарында да жүргізілуі керек.
Осылайша, тұтас педагогикалық процесте оқу-тәрбие жұмысы нәтижелерін есептеу мен бағалау мұғалімдер мен оқушылар қызмет-әрекетіндегі құбылыстардың барлық жағын қамтуы керек.
Мектептерде педагогикалық қызмет-әрекеттің нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылау жүйесіне енгізілген. Мектеп ішіндегі бақылау қойылған міндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгізу мақсатында оқу-тәрбие процесін жан-жақты зерттеу мен талдау.
20.2. Мектеп ішіндегі бақылау.
Мектеп ішіндегі бақылау-күрделі де көп жақты процесс, ол да барлық тұтастықтар сияқты заңды тәртіп ретінде, бір-бірімен тығыз байланысты және әрқайсысы белгілі бір қызмет атқаратын бөліктердің тұтастығынан тұрады.[2]
Мектеп ішіндегі бақылау жүйесі белгілі бір дидактиалық талаптарға негізделеді. Бақылаудың мазмұны мен әдістеріне деген бұл талаптар үйлесімді, басқару қызметін жүзеге асыруға мүмкіндк беретін жағдайларды анықтайды. Қазіргі зерттеушілер бақылауға төмендегідей дидактикалық талаптар қояды:
Бақылау мазмұнының бағдарламалық талаптарға сәйкес болуы. Егер талаптар төмен болса, білім беру деңгейі де төмендейді; ал талаптар жоғары болған жағдайда оқушыларға шамадан тыс салмақ түседі.
Алдыңғы ақпарат мазмұныны объективтілігімен анықталады.
Оқушылар дайындығының негізгі элементттеріне талдау жасау қажеттігі.
Бақылау шапшаңдығы, жүйелілігі мен жариялылығы.
Бақылаудың даралық және ұжымдық формаларын үйлестіру.
Алынған ақпарат көлемі бойынша бақылаудың келесі түрлерін ажыратуға балады:
А) жаппай бақылау, мұғалім мен оқушының жұмыс жүйесінің негізгі компоненттері зерттелінеді;
Ә) тақырыптық бақылау, кез келген процестің бөлігі болып келетін мәселенің талдауымен байланысты.
Мектеп ішіндегі бақылаудың белгілі бір формалары бар және ол тиісті әдістер арқылы жүзеге асырылады. Бақылау әдістері мен формаларының алуан түрлілігі оның объективтілігін арттырып, әрбір мұғалім мен тұтас педагогикалық ұжым іс-әрекетінің ұжымдық бағлауы үшін жағдай жасайды. Бақылаудың әрбір формасының мақсаты болуы керек, ол оқу-тәрбие жұмысының әртүрлі кезеңінде пайда болуы мүмкін қиыншылықтардың алдын алуа жағдай жасауы тиіс.
Мектеп ішіндегі бақылау жүйесіндегі педагогикалық процестің жай-күйін зерттеу келесі мәселелерді тексеруді керек етеді: мектеп жасындағы балалардың барлығына толық білім беру туралы белгіленген талаптарды орындау; мемлекеттік оқу бағдарламаларын толық көлемде орындау; оқушылардың білім, білік және дағдыларының деңгейі (тексеру жұмыстары негізінде анықталады); оқушылардың тәрбиелік деңгейі.
Аталып кеткен қорытындыға байланысты мектеп құжаттамасын жүргізу, оқытудың тәрбиелік сипатының болуы, сабақтар мен сабақтан тыс жұмытрадың сапасы, барлық оқушылардың үйлесімді ақыл-ой және жекелік дамуын қамтамасыз ететін оқыту процесінің даралануы (мектеп психологінің қатысуымен жүргізіледі) тексеріледі.
Оқыту процесінің құрамды бөлігінің бірі болып келген оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексерудің мақсаты оқушылардың оқу жұмысын бақылау мен олардың үлгерімін есептеу. Мұғалімге оқушылардың білім, білік және дағдыны толық және сапалы түрде меңгеру аз.[3]
Оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтап, мұғалім оны жоюға тырысады, оқушыларға ақыл-ой және практикалық жұмыс тәсілдерін үйретеді. Білім сапасына ерекше мән беріледі, ол мына қасиеттермен сипатталады: білімнің толықтығы мен ғылымилығы-белгілі бір оқу пәнінің мектеп бағдарламасына сәйкес өзегі болатын негізгі мағлұматтар, түсініктер мен ұғымдар, ережелер, заңдар, теориялар: білімдерді меңгеру саналылығы – оқушының ғылыми заңдар негізінде фактілерді, құбылыстарды, материалдық әлем заттарын түсіндіре алуы, білімдерді ұқсас жағдайларда қоладана алу және білімдер мен іс-әрекет әдіс-тәсілдерін жаңа жағдайларға көшіре алуы; білімдер жүйелілігі-жаңа түсініктер мен ұғымдардың оқушы санасындағы бұдан бұрын игерген білімдермен тығыз байланысы; беріктік - жинақталған білім саны мен іс-әрекет әдіс-тәсілдерінің оқушы есінде сақталуы.
Оқушылардың оқуға қатынасы, дербестік, еңбекқорлық, ынталылық, берілген тапсырманы дер кезінде орындау мен оның сапасына деген жауапкершілік сияқты оқушы жеке тұлғасының басты қасиеттерінің қалыптасуы оқушылардың білімін тексеру мен бағалау қалай жүргізілгеніне байланысты.
Осылайша, тексеруге тек бақылаушылық қана емес, сонымен қатар, тәрбиелеушілік және дамытушылық кызметтері де тән.
21 дәріс. Оқушылардың оқуын мотивациялау-1 сағат.
Мақсаты: Жеке тұлғаны дамыту мақсатында оқушылардың оқуын мотивациялау және ұжымдық танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың қажеттілігін негіздеу.
Жоспары:
Ұжымдық таным іс-әрекеттері жөнінде түсінік.
Оқушылардың оқу іс-әрекетін мотивациялау.
Негізгі ұғымдар: дамыту, қарама-қайшылық, дамытудың қозғаушы күштері, біріккен іс-әрекет, ұжымдық танымдық іс-әрекет, мотив, мотивация.
21.1 Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер жөнінде түсінік.
Диалектиканың қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез-келген нәрсені құбылыс, процесс қарама-қарсы, бірін-бірі жоққа шығару және бір мезгілді өзара шарттастық сияқтыөзара қарым-қатынаста болатын қарама-қарсы жақтардың қарама-қайшылықты бірлігі болып табылады. Белгілі бір құбылысты, нәрсені дамыту процесіндесоңында күрес арқылы шешілетін қарама-қайшылықтардың күшеюіне әкеп соғатын қарама-қарсылықтардың арасында сәйкессіз элементтер пайда болады. Дамытудың қозғаушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық. Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әртүрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылықтарымен сипатталады. Практик мұғалімдер оқу процесінде қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады.
Белгілі дидакт М.А.Данилов оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын жетекші қарама-қайшылықты алғашқылардың бірі болып анықтады. Бұл оқыту барысында алға қойылатын оқу және практикалық міндеттері мен білім, білік және ақыл-ой дамуының деңгейі арасындағы қарама-қайшылық. Сонымен бірге қарама- қайшылықтың, қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзінің санасында ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама- қайшылықтың қалыптасуы болып табылады. Осы көрсетілген қарама-қайшылықты шешудің мәні әрбір адамға қоршаған ортаны танып білуіне, өзінің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектеседі. Сондықтан оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды, кедергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшылықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші роль атқарады.
Басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне оқушылардың араласуы, олармен әрекеттесуі, дербестенуі оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде студент өзінің қалыптасуында өэіндік дамуының қарама-қайшылықтарына кездесіп отырады. Қарама-қайшылық «оқушы (адам )»жүйесінде пайда болып «адам-адам» жүйесінде, яғни педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеттесуі арқылы шешіледі. Оқу-тәрбие процесі жағдайында оның негізгі қарама-қайшылықтарын оқушыларды оқу-танымдық біліктерге үйрету арқылы шешу қиыншылықтарды, кедергілерді жою үшін оларға ұстаз көмегі мен құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажет болғандықтан ұстаздың оқушымен және бір-бірімен ынтымақтастықта болуын талап етеді. Сонымен бірге оқушы өзін өзін-өзі бағалау мен басқада тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы және оның толыққанды дамуы үшін мұндай өзара әрекеттестік қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субъекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама- қайшылықтарын шешу қажетігі оқу процесін оған қатысушылардың қарым-қатынас, өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағыдайда фронтальды жұмыс ұғымымен қатар қояды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалдарына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын олардың арасындағы жақын қарым-қатынас, жалпы үлгерімі бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар, жасалатын қарым-қатынастың зерделенетін объектілері тұрғысындағы әртүрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәні мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесін ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.
Оқу танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін ескере отырып төмендегідей ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің, өзіндік және біріккен іс-әрекеттерінің төмендегідей белгілерін көрсетуге болады:
біріңғай мақсаттың, жалпы мотивтің болуы студенттің қоғамдық маңызды мақсатқа жетуі үшін ұжым мүшелерінің барлығының күшінің біріктірілуінің қажеттігін түсінуі;
Ұжымның әр бір мүшесінің білімді, білікті және дағдыларды меңгерулерін қамтамасыз ететін жұмыстар мен қызметтерді оқушыларға тиімді бөлініп берілуі
Іс-әрекеттер барысында оқушылар арасында өз -ара жауапкершіліктің және тәуелділіктің пайда болуы;
Бірігіп жұмыс істеу барысында іс-әрекеттерін басқарудың ұжым-мүшелерін өздерінің кей жағдайда бақылау жасауларының қажеттігі;
Біріңғай кеңістіктің болуы және ұжымның барлық мүшелерінің жеке іс-әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;
Жалпы нәитжелердің болуы.
21.2Оқушылардың оқу іс-әрекетін мотивациялау.
Мотивация соматика және эмоциямен емес когнициямен анықталады. Талаптану когнетивтік қайнардан бастау алады. Мінез-құлықтың танымдық және мотивациялық компоненттері оның жеке іс-қимылдар барысында ғана емес мақсат таңдау мен шешім қабылдаудағы өзін-өзі біртұтас басқару мінезін анықтау деңгейінде де, олардың орындалу ережелерінде, ортаны қайта құру және бөгет жасайтын факторларды алып тастау кезінде де анықтайды.
Оқыту барысында мінез-құлықтың өзгеруі екі түрге бөлінеді: өз бетімен реакция іздеу мен бекіну оқуы және реакцияларды дайын үлгілерден алу мен бекітпеу оқуы – бұл әлеуметтік оқуға жатады.
Оқудың бірінші түрі – бихевиоризмде дәстүрлі зерттеу пәні, ал екінші оқу түрі – бұрыннан белгілі болса да эмпирикалық түрде зерттелмеген, тек теория жүзінде біріншісіне тиесілі. Оқудың бұл түрі бақылау арқылы әлеуметтік оқудың теориясын зерттеу және сараптаудың пәні болып табылады.
Психологиялық тұрғыдан бақылау арқылы әлеуметтік оқудың құрылымына зейін, сақтау, түсіну, еске сақтау, моторлық реакция, мотивация кіреді.
Зейін – үлгінің іс-қимылы мен орта ерекшеліктерінде жобалау.
Сақтау – үлгінің іс-қимыл мінездемесін түсіну, есте сақтау және есінде ұстап қалу.
Түсіну – үлгінің іс-қимылын ашу және интерпретациялау. Оған – бақылауға алынған іс-қимылдың ережелерін анықтауға арналған көздерінің, денесінің, қолдарының, декодталған сөйлеу үлгілерінің қозғалыстары жатады. Түсіну жинақталған тәжірибе қоры негізінде, ережелер және басқа да білімдер негізінде жүзеге асады.
Есте сақтау – анықталған ережелерді кодтау. Ол образдардың және символдардың көмегімен жүзеге асады. Вербалды кодтау кезінде субьект үлгінің мінез-құлқын суреттейді. Соның барысында вербалды суреттейді және қайталайды. Ұстап қалу, яғни сақтау операциялық жолмен ашылмайды.
Моторлы реакциялар – мінез-құлықты аяқтайтын, қалыптаспаған түрлері бірінші және екінші деңгейдегі барлық ережелерді меңгергеніне қарамастан нәтижесіздікке әкеліп соғатын, үшінші деңгей ережелеріне бағынатын ұсақ қозғалтқыш операциялар.
Мотивация – тікелей қабылданған мінез-құлықтың орындалған нәтижесін көре білу.
Оқудың жеке компоненттерінің факторлары келесі түрде суреттеледі: жинақталған тәжірибеге және мотивацияға байланысты.
Мотивация бекінудің негізгі мазмұны ретінде іс-қимылдың мақсатына нәтиженің сәйкес келуіне байланысты. Сонымен қатар ол өзі бақылау арқылы оқытудың барлық компоненттерінің факторы болып қала береді.
Бандура теориясы бойынша ортадағы өзгерістер субьектілік процестер (назарда, түсіну, есте сақтауда) мен мінез-құлықта (моторикада және мотивация) өзгерісті тудырады, соңғысы ортаны өзгертеді. Берілген теория, аяғына дейін қарым-қатынаста болмай, тек қана орта процесті бастайды, немесе тәртіп пен ортаға тәуелсіз мінез-құлық субъектілік процестер әрекетінің нәтижесі ретінде қарастыратындылығымен теориядан ерекшеленеді.
Қазіргі американдық авторлар С.Д. Пэрисмен Д.Р. Кросс когнитивті-мінез-құлық жағынан жақындау негізінде оқу үрдісінің құрамы мен құрылымын толық және жүйелі түрде сипаттауға тырысты. Олармен арақатынасы жоқ мінез-құлық бөліктері, құрамдары, операциялардың мотивациядан бөліп алу т.б. қолданылатын шектеулі жасанды лабораториялық жағдайларда оқудың дәстүрлі зерттеулерінің зияндығы мен тура шықпайтындығы ескеріледі. Авторлар өз сипаттауларында оқытуды барлық бағытталған мінез-құлықтағы сияқты үш аспектіге (компоненттерге) бөлуден бастайды: бастапқы процестер, мақсатқа жеткізуді жүзеге асыру және қорытындылаушы компоненттер. Біріншілері жағдайды бағалау, әрекет түрін таңдау, олардың салыстырмалы әсерін өлшеу. Екіншілеріне, таңдалған әрекеттің тәсілдері мен олардың жоспарға сай реттелуін қолдану жатады. Үшіншісі нәтижені бағалау, бастапқы тәжірибенің өзгерісіне әкеп соқтыратын және келесі әрекетті жасауда ескертілген оң және теріс нығайтқыштарды бағалаудан тұрады.
Қарапайым оқытуға көптеген спиральді циклдар мен орамдар енгізеді, ондағы дәстүрлі сызықты үлгілер тек жеке цикл немесе орамда көрсетеді. Алайда, оқыту – бөлшектенген циклдар мен орамдардың жай қайталануы емес. Оқуда әрбір цикл немесе орам өзіне дейінгілердің жетістіктерін енгізгеннен кейін олардан компоненттік құрамдары бойынша ерекшеленеді.
Оқуда әрбір циклдің маңызды қасиеті, яғни шеберлік пен еріктің, операция мен мотивацияның бірлігі болып табылады. Мотивация мен ерік негізінде әлем, өмір, себептілік, міндеттілік және т.б. туралы әлеуметтік дәрежедегі көріністер болып табылады да, олардың үйлесімділігі қатынасты құрап, мақсатқа жетуге бағыттайды. Соңғысы жылдам реттелінеді. Бұл реттеуде оқұ құрамы және оның факторлары (метотаным деп аталады) туралы білім, мақсатты жоспарлауды басқару мен оқытуды орындаудағы бағалау маңызды болып табылады. Шынайы күнделікті оқу көп жағдайда прагматикалық тапсырмамен негізделеді.
Ү22 дәріс. Оқытудың педагогикалық технологиялары- 2 сағат.
Мақсаты: Педагогикалық технологиялар туралы тұтас білімді қалыптастыру және күнделікті оқыту технологиясының жетістіктерімен кемшіліктерін сипаттау.
Жоспары:
1. Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар.
2. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологиялары.
Негізгі ұғымдар: технология, педагогикалық технология,біртұтас педагогикалық процесс, инновациялық мектептер,сабақ, творчество (шығармашылық), творчестволық іс - әрекет, мұғлімнің шеберлігі.
22.1. Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар
Дәстүрлі педагогикада “оқыту технологиясы” қазіргі таңда жалпы қабылданған түсінік болып табылмайды. Бірақ та дәстүрлі оқу процесінде оқытудың дәстүрлі технологиялары қолданылуда және қолдана бермекте .
В.Дальдің түсіндірме сөздігінен “технология-техника ғылымы. Техника- өнер, білім, істей білу, жұмыс тәсілдері және оны іске асыру” деген анықтамасын таба аламыз.
Ал, ЮНЕСКО құжаттарында оқыту технологиясы оқытудың барлық процесін анықтау мен қолдану, жүйелі құру әдісі ретінде қарастырылады. Сонымен қатар оқыту технологиясы техникалық және адамзаттық ресурстар мен олардың өзара қызметін есепке ала отырып білім алуды да қарастырады.
Бір жағынан, оқыту технологиясы – бұл оқу мәліметтерін өзгерту мен ұсыну, өңдеу құралдары мен әдістерінің жиынтығы, ал екінші жағынан – қажетті ақпараттық немесе техникалық құралдарды пайдалана отырып, оқытушының студентке әсер ету тәсілдері туралы ғылым.
Оқыту технологиясы маңызды және процессуалды сипаттамалардың белгілі бір жиынтығымен анықталады, сондықтан білімді ақпараттандыру түсінігін кеңейту және оқыту процесін жүйелі талдау мен жобалауға бағытталған.
Оқыту технологиясына берілген: “оқыту технологиясы – көздеген мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдістері мен құралдарының, формаларының жүйесін ұсынатын, оқыту бағдарламаларында қарастырылған оқытудың мазмұнын тарату тәсілі” анықтамасы көңілге қонымды. Сонымен, оқыту технологиясында оқыту құралдары, тәсілдері және мазмұны бір-бірімен тығыз байланысты. Оқытушының педагогикалық шеберлігі қойылған педагогикалық мақсатқа және бағдарламаға сай қажетті мазмұнды таңдап алуда және де тиімді әдістер мен құралдарды пайдалана білуінде.
Белгілі бір педагогикалық технологияны жасау процесін педагогикалық жобалау деп атауға болады. Оның төмендегідей реттілігі бар:
оқу бағдарламалары мен оқу жоспарында қарастырылған оқытудың мазмұнын таңдап алу;
оқытушының назар аударуын қажет ететін приоритетті мақсаттарды таңдап алу. Жобаланған пәнді оқыту процесінде студенттің қандай кәсіби және жеке қасиеттері қалыптасатынын анықтау;
басты бір мақсатқа немесе мақсаттар жиынтығына бағытталған технологияларды таңдау;
оқыту технологияларын жасау.
Оқыту процесі құрамындағы технологиялардың орнын төмендегі кестеден көруге болады.
Оқыту процесі құрылымындағы технологиялардың орны
Ғылыми пән
Оқу пәні
Оқыту
технологиясы
ОІС
ОҚС
моделі
Әдістер
Іс-әрекет
Тәсілдер
ОТҚ
ОҚС
Мұндағы :
ОІС- оқытушылық іс-әрекеттің субъектісі
ОҚС-оқу қызметінің субъектісі
ОТҚ-оқытудың техникалық құралдары.
Оқыту технологиясының мазмұны оқу және кәсіби дағды мен іскерлікті қалыптастыруды қамтамасыз ететін оқушыға берілген тапсырмалар жиынтығының, оқу мәліметтерінің құрылымының, жаттығулар мен тапсырмалардың мазмұнына сай болады. Бұл жерде оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары ең маңызды роль атқарады. Ұйымдастыру формалары студенттердің білімді, дағдылары мен іскерлікті жаулап алуларына, оқу көлеміне деген қатынастарына, берілген тапсырманы бекітуге арналған бақылау түрлеріне бағытталған.
Жалпы алғанда, оқыту технологиясының нақты классификациясы жоқ, бірақ екі түсінік қалыптасқан – дәстүрлі және инновациялық. А.Я.Савельев (жоғары білім берудің ҒЗИ) білім беру технологиясының келесі классификациясын ұсынады:
- Қызметтің бағыты бойынша (оқушылар, студенттер, оқытушылар және т.б.);
- оқыту мақсаты бойынша ;
- пәннің түрлері бойынша (гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық пәндер т.б.);
- қолданылатын техникалық құралдары бойынша (аудиокөру, компьютерлік, видеокомпьютерлік және т.б.);
- оқу процесін ұйымдастыру бойынша (жекеше, ұжымдық, аралас);
әдістемелік тапсырмалар бойынша (бір пәннің технологиясы, құралдары, әдісі).
Өзіміз көріп отырғандай, бұл топтамада оқытудың технологиясы мазмұндалады. Ал, оқу процесін ұйымдастыру формаларын, бақылау түрлерін таңдауға, пәндердің мазмұнын құруға келетін болсақ, педагогикалық жобалауды молдульдік оқыту мысалында қарастырғаны дұрыс.
Тиісті ғылым салаларына қарай оқу пәндерінің мазмұны сандық және сапалық параметрлері бойынша әр түрлі болып келеді. Оқу курсы үшін базалық білімдер таңдалып алынады; курстың қолданбалы аспектілері мамандықты ескере отырып жасалады, яғни мамандандыру курстары; сонымен қатар орындалатын оқу тапсырмалары тиісті түрде құрастырылады. Базалық білім –курсты оқытуға арналған негізгі педагогикалық мақсаттардың жиынтығы болып табылады.
Оқыту технологиясын жобалау пәннің мазмұнын, оқу процесін ұйымдастыру формаларын, оқыту құралдары мен әдістерін таңдауды жобалау болып табылады. Оќыту – тұлғаның аќыл-ойын дамытып, танымдыќ дағды ќалыптастырып, адамгершілікке негізделген имандылыќ тєлімдерін бойына сіңіру. Оќыту ұстаздың бағдарлы маќсат көздеп жүзеге асыратын ќызметі болса, екінші жағынан шєкіртке білім, тәрбие беріп, оларды ой еңбегіне, өмірге үйлесімді практикалыќ іске баулып, ќабілетін ұштап, шығармашылыќ ізденіске бейімделуіне жол ашатын күрделі педагогикалыќ процесс.
Оќыту технологиясының педагогикалыќ негiздерi – бiлiмдi ала бiлуге тәрбиелеп, аќыл-ойдың ќабiлетiн дамытып, тұлғаның адами негiзде ќалыптасуына ыќпал етiп, оның iлгерi жетiле беруiне бағдар берумен ќатар тұлғаның өздiгiнен iздене бiлу ќажеттiгiн туғызу жолдарын айќындау болып табылады. Ал таным ќабiлетiнiң дамуы оќушының объективтiк дүниенi, шындыќты танып бiлуге тиянаќты бiлiм алуы оќытудың әдістерi мен түрлерiн амал-тєсiлдерiн жетiлдiрумен шарттас.
Процесс адам баласының іс-әрекетіндегі ќозғалыс, тиісті нәтижеге жету жолындағы талпыныс болғандыќтан ол алуан түрлі әрекеттерді бір-бірінен бөлмей тұтастыќта ќарастырады. Осы орайдан келгенде оќыту процесін басќару, оның жүйесі мен ќұрылымын және негізгі заңдылыќтарын білу ағарту саласында ќызмет атќаратын мұғалімдер үшін басты шарт болып табылады. өйткені білім – адамзаттың жинаќтаған тєжірибесі, табиғат пен ќоғамдағы заңдылыќтар мен ќұбылыстарды тану, ұғыну. Ал білімді жеке адамның иігілігіне айналдыру үшін, оны танып, ойлану кезінде – талдап, салыстырып, жіктеп, жинаќтап, синтездеу керек. Былайша айтќанда, ойлау операциясының заңдылыќтарына сүйену талап етіледі.
Оќыту тұлғаның дамып, ќалыптасуындағы басты ќұрал. Білімнің ойға ќонып, бойға даруы оқытушының басшылығымен жоспарлы бағытта жүйелі түрде жүргізген іс-әрекетінің нәтижесінде орындалса, шєкірттің оны ынталы ќабылдап, ыќыласпен орындауы негізінде өзінің маќсатына жетіп жүзеге асады. Олай болса, оќыту – педагогикалыќ үрдістің (процестің) ќұрамдас бөлімі. өйткені шєкіртті тәрбиелеп, білім беріп, оларды өркендетудің мағыналы да мєнді болуы оны ұйымдастыра білуге, жүйелі түрде жүргізуге, тиісті заңдылыќтарды саќтап негізгі принциптерді тиімді пайдалана білу екендігі, бұлардың өзара ыќпалдастығын айќындайды. Бұларды бір-бірінен бөлмей тұтастыќта ќарау оќыту ісінің табысты да, нәтижелі болуына игі ыќпал етеді және кепілдік береді. Демек, оќытуды білімдендіруден, тәрбиеден және тұлғаның дамып өркендеуінен бөліп тастауға келмейтін бір-бірімен тұтас байланысќан ќұрамдас бөлімі деп танимыз.
Оќыту технологиясында сабаќтың негiзгi маќсаты оның сыртќы түрiнде, немесе атауында емес, оќушының сапалы жұмыс iстеп, тиiстi мәселенiң сыр-сипатын ұғынып, түсiнiкпен еңбектенiп өздiгiнен iздене бiлудiң жолын ашу. Оқытушының басшылығымен сабаќтан бастау алған iс-әрекеттiң шығармашылыќќа ұласуы оќушының мүмкiншiлiгiне орай дербестiгiн дамытуға машыќтандыру дағдысын ќалыптастыруды сабаќтың єр кезеңiнде ескеру керек. Бұл оќушының аќыл-ойын, ќабiлетiн, iскерлiк әрекетiн, өзiндiк iзденуге жаттыќтыруда үнемi назарда болатын заңдылыќ.
Болашаќ ұстаз оќу орындарында жүргiзетiн пєндерiне байланысты арнайы методика курсын өтетiндiктен жеке пєндiк әдістемеге тєн мәселелерге уаќыт бөлмей-аќ мұғалiмнiң сабаќќа єзiрлiгi, сабаќ жоспары, баќылау мен бағалау және оны есепке алу туралы мына мәселелерге зейiн ќойғаны жөн.
Оќу жоспарында көрсетiлген сағат санына лайыќтап, пєндiк оќу бағдарламасын басшылыќќа алып тұтас оќу жылына, немесе жарты жылға арнап күнтізбелік жоспар жасау пєн оқытушысының басты мiндетi. Жұмыс жоспары бойынша өтiлетiн таќырыптар оќушы меңгеретiн теориялыќ бiлiм және олар игеруге тиiстi практикалыќ дағды мен жаттығу жолдары, шәкiрттiң өздiгiнен атќаратын iс-әрекеттерi ќоса ќамтылуға тиiс. Сондай-аќ әдістемелiк пєн секциясымен келiсе отырып, пайдаланатын негiзгi оќулыќтар мен оќу ќұралдарын белгiлеу де артық емес. Мемлекеттiк стандарт жүйесiндегi бiлiмдi толыќ ќамтамасыз ету басты шарт деп санасаќ, оқытушының творчестволыќ iзденiсi мен өзiндiк тағылымдыќ өнегелiк табыстары негiзгi талаптарға үйлестiрiле жүргiзiледi. Демек, оқытушы шығармашылығына ешбiр шектеу ќойылмайды, ќайта мемлекеттiк талапты жүзеге асыруға игiлiктi ыќпал ететiн ќозғаушы күш ретiнде пєрмендi мазмұнға ие болады.
Оқытушының тиiстi таќырып бойынша өткiзетiн сабаќ жоспарында оќушыға берiлетiн бiлiмнiң деңгейi, бiлiмдiк көлем, оның сапасы, iскерлiк пен меңгеретiн дағды және шєкiрттiң бойына тиянаќты ќалыптастыратын жаттығу жолдары мен олардың өз бетiмен атќаратын жұмыстың түрлерi де көрсетiлгенi жөн.
Жоспарлауды және оның жүзеге асуын ќамтамасыз етуде ұсынатын басты бағдар – оќушының жаттанды түрдегi iс-әрекетпен шектелiп ќалмай мәселеге өзiндiк таным-түсiнiк ќалыптастыруға машыќтандыру болуға тиiс.
Єрбiр сабаќ өзiнiң нәтижесiмен айќындалады. Осы орайдан оќушының үлгерiмiн бағалауда назарда болатын басты талап:
1. Оќушының сабаќ бойынша жетiстiгiн және олќы жаќтары мен кемшiлiгiн көрсету наќты дєлел арќылы сипатталсын.
2. Баға әділеттi болып, орынсыз көтермелеуге, єдейi төмендетуге, немесе ымырашылдыќ жасауға мүлде болмайды.
3. Әрбiр баға тек бiлiмдi есепке алумен шектелмейдi, оның тєлiм-тәрбиелiк мєнi бар ќұрал екендiгiн ұмытпа.
4. Бағаның тәрбиелiк сипаты үшiн оны жазалаудың жолына айналдыруға болмайды.
5. Бағалауды сабаќтың ќай кезеңiнде болсын жүргiзу – оќушының ынта-ыќыласына єсер ететiндiктен, оны тиiмдi пайдаланған орынды.
6. Бағалауды оќушының өзiн-өзiне сынатып және өзара бағалаудың мєнi зор.
7. Бiлiмдiк, тєлiм-тәрбиелiк нәтиженi айќындай түсуде тек ауызша ғана емес, жазбаша, тест түрiнде де бағалау тиiмдi болатын кездерi аз емес.
22.2. Оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологиялары.
Оќыту технологиясының педагогикалыќ негiзгi мұғалiмнiң басќара бiлуi мен оќушының iс-әрекетiн ұйымдастырып, бағдарлап, ынталандыруына ќұрылған. Бұл дєстүрлi жолдан бас тарту деген емес, олардың арасындағы айырым мен үйлесiмдi дұрыс ұғынса, оќыту саласында табысќа жетуге болады. Сапалыќ нәтижеге ие болу үшiн төмендегi салыстырма түрiндегi кестеге тоќталайыќ:
I. Ұ¦стазбен шәкiрттiң бiлiм жолындағы педагогикалық қарым-қатынас ұстанымы
Оқытудағы дәстүрлi жолдағы ұстаным
|
Оқытудағы жаңа технологиялық ұстаным
|
Шєкiртке тиiстi оќу материалын түсiндiрiп, дайын материалды меңгерту басты парыз.
|
Оќу материалын тек дайын күйiнде ғана емес, өздiгiнше iздентiп, шығармашылыќпен игере бiлуге, еңбектене бiлуiне зейiн ќою.
|
Оќушының бiлуге ќұлќы болмаса да, ыќтиярсыз түрде мєжбүр етiп, iс-әрекетке тарту.
|
Оќушы материалын тек дайын күйiнде ғана емес, өздiгiнше iздентiп, шығармашылыќпен игере бiлуге, еңбектене бiлуiне зейiн ќою.
|
¦стаз тек өзiнiң пєнi аясында шектенiп, бiлiмнiң єр саласына мєн беруге ќұлќы бола бермейдi және оны мiндеттi деп ќарамайды.
|
¦стаз, тєлiмгер оќытатын пєнiнiң өмiрге үйлесiмдi, шығармашылыќ деңгейде болуына ынталанады.
|
Ұстаз тиiстi бағдарламадағы ұғым-түсiнiктердi бiлудi мiндеттеп, оны меңгерудегi ємiршiлдiкпен талап етедi.
|
Ұстаз шєкiртпен ынтымаќтасып, тапсырысты бiрлесе орындап, ынтымаќ орындауға баулиды.
|
Сабаќ барысында бiрнеше оќушының ғана бiлiмi бағаланып, олар тиiстi баға алады.
|
Сабаќќа ќатысќан оќушының бєрi де бiлiмiне баға бередi.
|
II. Бiлiм алудағы оқытушы мен шєкiрттiң әрекетi
Оқытушы бағдарламаны мүлтiксiз жүзеге асыруға тиiс. Көрсетiлген бiлiмдiк түсiнiктi өзгерте алмайды, оған тєуелдi.
|
Оқытушы бағдарламаны орындауға мiндеттi. Көрсетiлген деңгейде пєннiң ерекшелiгiне үйлесiмдi өзгерiстер енгiзiп, оќушының iзденiсiне мүмкiндiк бередi.
|
Оќу бағдарламасы оқытушы адал орындағанымен де шєкiрт мiндетiн өтеуге ынта-ыќылассыз, самарќау ќарауы да ыќтимал.
|
Оќу бағдарламасын орындауға ќызыќтыру – шєкiрттiң аќыл-ойын дамытып, бар күш-жiгерiн сала әрекеттенуге ынталандырады.
|
Оқытушы тарапынан берiлген түсiнiктi шєкiрттер жайбараќат тыңдап, белсендiлiк таныта бермейдi. Олардың ќандайлыќ меңгергенiне үнемi мєн де берiле бермейдi.
|
Оқушылардың сабаќтағы белсендiлiгi, еңбектене бiлуi есепке алынады. Сабаќ жоспарына байланысты керi сұраќтар да берiлiп шєкiрттiң өжеттiлiгi, басќаша ойлай бiлуi де ескертiледi.
|
III. Бiлiмдi меңгерiп оны жүзеге асыруға
негiз болатын ой-түртiк.
-Оқытушы оќушыларды үлгерiмiне ќарай үздiк, жаќсы, орташа, нашар деп топтастырып, сол орайдан тапсырма беруге ұмтылады.
|
Оќушыны үлгерiмiне ќарай болмейдi. Ќайта бєрiнiң де меңгере алатындағына сенiм бiлдiрiп ынталандырады.
|
Оќытуда пайдаланытн негiзгi де басты тєсiл-түсiндiру, көрсету, айтып беру әдістерi.
|
Ой-түрткiге негiз болатын iзденiстерге бағдар берiп, кестелiк үлгiлер мен бейнелiк сызбаларды басшылыќќа алады.
|
Деректердi тиiмдi пайдаланып ұќтырады, шығармашылыќ болмағаны мен бiлгiзу жолындағы әдістердi кеңiнен пайдаланады.
|
Ой-түрткi боларлыќ негiздердi кеңiнен ќолданып, оның амалдары мен тєсiлдерiн бiлгiзудi басшылыќќа алады да өздiгiнен iзденуге бағдар бередi.
|
Ќойылған проблеманы түсiнбеген, ойлана бiлмейтiн оќушыны ұнатпайды, тек аќыл айтумен шектеледi.
|
Жеке мәселенi бiлмей ќалғанына ќарамастан шєкiрт ойлау ќабiлетiн дамытуға барынша ќамќорлыќпен ќарайды.
|
Жеке оќушының үлгерiмiне баса назар аударылады да ќалғандарының iс-әрекетiне мєн берiлмей атүстi ќаралады.
|
¦жымдыќ топтың бiрлесiп еңбектенуiне және олардың шығармашылыќ мєнде болуына зейiн ќойылады.
|
IV Бiлiм мен тәрбие iсiнде өзiн-өзi ұйымдастыру
Шєкiрттiң атќарған iсi мен әрекетiн, берген жауабын талдау, бағалауды мұғалiм шешедi.
|
Шєкiрт өзiнiң iс-әрекетiн сондай-аќ жеке оќушылар мен ұжымдыќ атќарылған жұмыстарға өздерi талдау берiп, тұжырым жасауға үйретiледi.
|
Оқу мекемесінде атќарылған жұмыстардың ќай түрiне болсын баға беретiн оқытушылар. Мұндай iстен оќушылар сырт ќалады.
|
Атќарылған жұмыстың барлыќ түрiне талдау жасап, баға беретiн оќушылардың өздерi.
|
Оќушылар ұжымына басшылыќ жасау көбiне ємiршiлдiк жүйеде жүргiзiледi.
|
¦жымдыќ атќарылған iске оќушылар өзiндiк тұрғыдан талдап, ынтымаќтастыќ ќарым-ќатынасты жетiлдiруге мєн берiледi.
|
Бұл келтiрiп отырған салыстырмалы кесте – жел сөзбен желiктiретiн ұран емес, болашаќ маманның оќыту, бiлiм беру, тәрбие саласындағы дєстүрлi жолдың өмiршең өрнектердi жаңа технологияның ертеңгi iзгi бағыттарымен үйлесiмдi ќолдана алуына жол нұсќайтын бағдар.
Ќорыта айтќанда, оќыту технологияның педагогикалыќ негiздерi оќыту әдістерiмен тәрбие ќұралдарының бiр арнадан тоғылуы, сондай-аќ педагогикалыќ-психологиялыќ болмыстың бiлім беру, тәрбиелеу процесiн ұйымдастырудың әдістемелiк жол-жосығын меңгеру және оны жүзеге асыру болып табылады. Оќыту процесiн айќындауда пайдаланылатын әдістемелiк жүйе және адами мүмкiндiктердiң өзара ыќпалдастығын ескеретiн тиiмдi амалдарды ќолдана бiлу тұтастығы. Осы орайдан оќыту технологиясының негiзi маќсатты бағдардағы мазмұнның жүзеге асу заңдылыќтары мен оќыту әдістемелерi және оны ұйымдастыра бiлуге, тиiстi нәтижеге жетуге ќұрылады.
Соңғы жылдардағы педагогика технологияларының дамуы оқыту формаларын айтарлықтай молайтуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер, пікірталастар кеңінен қолданылуда.
В.Ф. Шаталов дәстүрлі класс – сабақ тәсілімен оқытудың әліде болса ашылмай жатқан орасан зор қорын көрсетіп, оқытудың итенцифтендірудің технологиясын жасап практикаға енгізген.
В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны оқу іс - әрекетіндегі белсенділікке қатыстыруға , дербес ерікті танымдықты тәрбиелеуге ,әрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілігін сезімін өзінің күштері мен қабілеттеріне сенімділік нығайта түсуге мүмкіндік береді. Оқытудың белсенді әдістері оқушылардың еркін іс-әрекетіне мүмкіншілік береді. Олардың ішінде мәселелік, ойын түріндегі (іскерлік, рольдік), пікір-сайыс, сұхбат, дөңгелек стол, ми шабуылы, т.б. оқыту түрлері қолданылуда.
Белсенді әдістерге компьютерлік оқыту формаларын қолданатын қазіргі деңгейдегі дамыған телекоммуникациялар,дистанциондық технологиялар информациялық технологиялар алдағы жүзжылдықта оқыту процесінің даму негізін құрайды.
Дистанциялық оқыту жүйесі университеттердің ғылыми және білім беру мүмкіншіліктерін нағыз үлкен оқушы аудиториясы үшін толық қолдануға жинаған тәжірибесін информациялық оқыту түрлерін жүзеге асырумен қолдану үшін мүмкіндік береді.
Дистанциялық оқыту (Д.О.) үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы болады, ол әртүрлі оқушылар категорияларына бірдей мүмкіншілік беруге жағдай жасайды.
Біртұтас педагогикалық процестің теориясын білу ұстаз іс - әрекеті объектісінің идеалдық моделі – нақтылы оқу – тәрбие мекемелерінің іс жүзіндегі процестің жағдайын диагностикалау өлшеу әдістемесін меңгеру – іс - әрекет объектісінің теориясын нақтылы процестің өзгерту жағдайын тұтасымен немесе оның аяқталған формасын, ситуациясын моделдеу (жобалау) үшін әрекет тәртібін анықтау (ұстаздар мен оқушылар іс -әрекеттерінің алгоритмі).
Жалпы оқытудың типтерін,түрлерін, стилдерін (яғни технологияларын) таңдап алу білім беру саласынан, білім беру парадигмасынан дидактикалық концепциялардан неше оқыту теориясынан, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінен, жеке тұлғалық және кәсіби мүмкіншіліктерден, ұстаздың бейімділігі мен жоғары бағалауына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |