Контентті дайындауда Қр білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты негізге алынды


Ділімбетов Қ., Ділімбетова Ғ.Қ. Топырақтану негіздері. Алматы, 1997. -168 б



бет4/5
Дата16.04.2020
өлшемі1,23 Mb.
#62688
1   2   3   4   5
Байланысты:
контент топырақтану.АГР-19-31 15.02.2020
Раушан Р. Д. Силлабус. Мелиорат егіншілік МРОЗ 2019doc, контент топырақтану.АГР-19-31 15.02.2020

2. Ділімбетов Қ., Ділімбетова Ғ.Қ. Топырақтану негіздері. Алматы, 1997. -168 б.


3. Качинский Н.А. Топырақ оның қасиеттері. – Алматы, 1959. -310 бет.

3. Тазабеков Т.Т., т.б. Жалпы топырақтану. - Агроуниверситет.1998. -136 бет


Бақылау сұрақтары:

Топырақ және оның пайда болуы.

Топырақтың пайда болуында физикалық, химиялық және биологиялық үгілу ерекшеліктері.

Топырақ түзілу құбылысы туралы түсінік.


Дәріс№3

Тақырыбы:Топырақтың түзілу факторлары мен жағдайлары

Дәріс мазмұны. Топырақтың түзілу факторлары.

Топырақтың түзілуі үшін Василий Васильевич Докучаев негіздеген 5 фактор: 1. Аналық тау жынысы. 2.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. 3. Климат (ауа-райы). 4. Жер бедері (Рельеф). 5. Шақ (топырақтың жасы) және академик Василий Робертович Вильямс дәлелдеген; 6. Адамның өндірістік әсері факторлары керек болады, бұлар өзара тығыз байланыста жүреді.

1) Аналық тау жынысының топырақ құраудағы ролі екі жақты. Ең алдымен тау жынысының беткі қабаты топыраққұраушы дене болып саналады. Келешекте құралатын топырақтың қасиеттері сол құрушы жынысының механикалық, агрегаттық, минерологиялық және химиялық құрамына байланысты болады. Ал механикалық және агрегаттық құрам топырақтан су ұстау, су өткізу, су сыйымдылық, жылу және ауа қасиетттерін, өсімдік тіршілігі, су, ауа, құрғақ құрылымның (режимін) анықтайды.

Жыныстың минералдық тегі топырақтың химиялық құрамын,ондағы химиялық процестердің бағытын, көрікті заттардың (N, P, K, Ca, т.б ) бастапқы мөлшерін анықтайды. Топырақ құрылу процесі жыныстың жоғарғы қабатында аяқталғанда жыныс, төсеніш болып, топырақ астында қалады. Бірақ ол топырақпен тығыз байланысты-екеуі газ, су, көректік заттар және жылу алмастырып тұрады. Барлық жер бетіндегі бұзылуға шалдыққан таулы жыныстар аналық топыраққұраушы жыныстар (гранит, кварцит, құмтастар) үгінділер-элювиі құрай береді. Ал тегіс жерлерде көбінесе аналық жыныстарды көп тараған борпылдақ шөгінді жыныстар құрайды. Әр топырақ аймағында сәйкес жыныстар болады. Бұрынғы КСРО-дағы орман аймағының-басты топыраққұраушы жыныстары сапасында мұз және мұз суларында шөгінділері, дала аймағында лесті құмбалшықтар көп тараған, ал тропиктер мен субтропиктердің топырақтары кристалдық және метаморфтық (гранит,ферросиликаттарды көп жыныстар, сланецтер) жыныстардың үгінділерінен құралады. Аса құнарлы, бағалы жыныстарға карбонатты лесты құмбалшықтар, су жайылмаларының аллювикалық шөгінділері, құнарсыз жыныстарға негізгі тау жыныстарының үгінділері мен кварцты құмдар жатады. Сор, сортаң топырақтардың құраушы тұзды жыныстарға құрамында ерітінді тұздары көп болғандықтан, құнсыз, өндірістік маңызы жоқ жыныстар жатады.

Топыраққұралу процесінің негізі-құрлықтың жоғарғы қабатында минералдық қосындылардан органикалық заттардың құралуы мен керісінше олардың қайтадан минералдануы болып табылады. Сондықтан топырақтың жаралуындағы басты жағдайы болып, биологиялық фактор (өсімдіктер мен жан-жануарлар және микроорганизмдер топтары) естептеледі.

2) Өсімдіктердің топыраққұралу процесіне тигізетін әсері үлкен, жан-жақты, тікелей және жанамалы болады.


  • А. Өсімдіктер топырақтың жоғарғы қабатында шірінді заттардың жиналуына қатысып, оның құнарлығын арттырады.

  • Б. Өсімдік қалдықтары топырақтағы микроорганизмдерге қорек болып, тіршілігіне жағдай туғызады.

  • В. Өсімдіктер тамырларынан әртүрлі қышқыл қосындыларды бөліп шығарып,топырақтағы өте нашар еритін минералдық заттардың бұзылуын үдетіп, топырақ қабатында жылжымалы қосындылардың жаралуына себептеді.Бұлар-өсімдіктердің топыраққа тигізетін тікелей әсері.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., т.б. Топырақтану. Оқу құралы/ - Алматы: Қаз ККА, 2009. -278 б.

2. Ділімбетов Қ., Ділімбетова Ғ.Қ. Топырақтану негіздері. Алматы, 1997. -168 б.


3. Качинский Н.А. Топырақ оның қасиеттері. – Алматы, 1959. -310 бет.

Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақтың түзілу факторіне аналық тау жынысының әсері.

  2. Топырақтың түзілу факторіне өсімдіктердің әсері.

  3. Топырақтың түзілу факторіне ауа-райының (климаттың) әсері.

  4. Топырақтың түзілу факторіне жер бедерінің (рельефтің) әсері.

  5. Топырақтың абсолют және салыстырмалы жасы.

  6. Адамның топыраққа тигізетін әсері.



Дәрiс№4

Тақырыбы:Климат, топырақ сулары және ыза суларының

топырақтың түзілуіндегі маңызы
Дәріс мазмұны. Топырақ - өсімдік үшін судың негізгі көзі. Су ылғал жеткіліксіз және тұрақсыз аумақтарда топырақтың құнары мен өнім мөлшерін анықтайды. Топырақтағы ылғалдың мөлшерінен өсімдіктердің өсіп-жетілу процестері мен ұсақ ағзалардың тіршілігі, сондай-ақ топырақтың технологиялық қасиеттері, меншікті кедергісі, механикалық өңдеу тәсілдері байланысты.

Топырақтағы судың формасы. Су гравитациялы, капиллярлы, бутәрізді, гигроскопиялы, қабықты және химиялық байланысты болып бөлінеді.

Гравитациялы су өсімдіктерге өте оңай енеді. Ол топырақта салмағымен жоғарыдан төмен жылжиды. Атмосфералық жауын оның басты көзі болып саналады. Көп мөлшердегі гравитациялы су гигрофиттерден басқа, көптеген мәдени өсімдіктердің тіршілігіне кері әсер етеді және оны топырақты кептіру арқылы жояды. Қоңыр салқын, әсіресе ылғал жеткіліксіз аймақта гравитациялы су топырақта өте аз уақыт болуы мүмкін.

Капиллярлы су – деп, топырақтың капиллярарын толтыратын суды айтады. Топырақ бетінен булану шамасына қарай капиллярлар бойымен топырақтың терең қабаттарынан су тез көтеріледі. Өте капиллярлы су көтергіштік қасиет саздақ құрылымсыз топырақтарда болады. Оларда су 3-4м дейінгі биіктікке көтеріледі. Ал құм топырақтардың капиллярлы су көтергіштігі 40-60см-ден аспайды. Капиллярлы су жерасты суларымен қосылмаса, буланумен төменнен жоғарыға қарай жылжымайды, асылған күйде қала береді.

Сазды топырақтардың капиллярлары жіңішке болып келеді. Бұл топырақтардың көптеген тұнбалы бөлшектері натриймен қаныққандықтан, ылғалданғанда тез ісініп капиллярларды бітеп тастайды. Сондықтан сазды топырақтардың барлық жағдайларда суды тез және биікке көтере алмауы. Басқа құрылымсыз тоырақтардың капиллярлылығының мықтылығы топырақ бетінен ылғалдың көп булануына себеп болады. Әсіресе топырақ бетінде қабыршақ пайда болғанда су көп шығындалады, сондықтан топырақтың бетін уақытында тырмалаумен бос күйде ұстап тұру қажет. Капиллярлы суды өсімдіктер жеңіл сіңіреді.

Бутірізді су топырақ бөлшектері арасында бу түрінде таралған. Жылдың жылы мезгілінде су булары топыраққа атмосферадан, ал салқын кезеңде топырақтың терең қабаттарынан енеді. Су буларының топырақтағы қозғалысы жылы қабаттарынан салқынға қарай болады. Жазда олар жерасты шықтың көзі болып, оны өсімдіктер пайдаланады.

Гигроскопиялы немесе адсорбцияланған су топырақта сіңірілген күйде болады және үлкен күшпен ұсталып тұрады. Бұл суды өсімдік сіңіре алмайды. Топырақтың гигроскопиялы ылғалдылығы тұрақты емес. Су буларымен қаныққан атмосферада гигроскопиялы ылғал бөлшектердің бетін түгелдей жуып тұрады. Бұл жағдайда топырақ толық немесе өте үлкен шекті гигроскопиялы. Гигроскопиялы су топырақты бу формасында өте қаныққан бөлшектерден аз қаныққан бөлшектерге қарай қозғалады.

Топырақтың гигроскопиялылығы механикалық құрам, органикалық заттар мөлшері, тұздар құрамына да байланысты болады. Құм топырақтарда гигроскопиялы ылғалдылықтың мөлшері 1-2%, саздақтарда – 3-5%, ал ауыр саз топырақтарда абсолютті құрғақ топырақ массасының 10%-на дейін. Біржарымдық ең жоғарғы гигроскопиялық, өсімдіктер сола бастайтын топырақ ылғалының өлі қоры өлшемі болады.



Қабықты су өте жұқа қабық түрінде топырақ бөлшектері бетіндегі гигроскопиялы су үстін қоршап тұрады. Қабықты су онда молекулярлық ілігу күшімен ұсталып тұрады. Молекулярлық ілігу күшімен ұсталатын судың ең көп мөлшері топырақтың ең үлкен молекулалық су сыйымдылығы деп аталады. Топырақта сазды бөлшектер мен қарашірінді көп болған сайын, қабықты су да көп болады. Бірақ оның өсімдікке сіңімділігі төмен.

Химиялық байланысқан су топырақтың минералды тұздарының құрамына кіреді.иЖоғарыда аталып өткен топырақ суының формалары табиғи жағдайларда өзара байланысты. Топырақ кебе бастағанда алдымен гравитациялы су, сонан кейін капилляры, ал өте құрғақшылықта басқа да су формалары жойылады. Топырақтың су режимі ылғалдылық, су сыйымдылық, су өткізгіштік және булану қабілеттерімен сипатталады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., т.б. Топырақтану. Оқу құралы/ - Алматы: Қаз ККА, 2009. -278 б.

2. Ділімбетов Қ., Ділімбетова Ғ.Қ. Топырақтану негіздері. Алматы, 1997.-168б.


3. Качинский Н.А. Топырақ оның қасиеттері. – Алматы, 1959. -310 бет.

Бақылау сұрақтары:

1.Топырақтағы гравитациялы су.

2.Топырақтағы химиялық байланысқан су.

3.Топырақтағы капиллярлы (қылтүтікті) су.

4.Топырақтағы бутәрізді және қабықты сулардың түрілері.

5.Топырақтағы гигроскопиялы немесе адсорбцияланған сулардың түрлері.


Дәрiс №5

Топырақтың морфологиялық белгілері. Топырақтың минералогиялық және механикалық құрамы

Топырақтың өз бойынан су өткізгіштігі және оның ылғалдылыққа байланысты болуы. Топырақтың сулық қасиеттері және су режимі




Дәрiс №6

Топырақтың өз бойынан су өткізгіштігі және оның

ылғалдылыққа байланысты болуы
Дәріс мазмұны. Топырақтың су өткізгіштігі деп – оның суды сіңіріп, жоғарғы қабаттан төменгі қабатқа өткізу қабілетін атайды. Бұл процесс топырақтың суды сіңіруінен және сумен қанықпаған қабаттарға сүзіп (фильтрациялап) өткізуінен тұрады. Суды өткізу жылдамдығына қарай топырақтар мына топырға бөлінеді:

  1. суды өткізгіштігі жақсы топырақтар – алғашқы бірінші сағатта суды өткізу қалыңдығы 15 см және онан да көп;

  2. суды өткізгіштігі орташа топырақтар – 15-5см аралығында;

  3. суды өткізгіштігі нашар топырақтар – 5 см-ден кем.

Топырақтың су өткізгіштігі оның гранулометриялық құрамына, структурасына, ылғалдылықтың дәрежесіне, қарашіріктік заттардың мөлшеріне байланысты болады. Құм және құмайт топырақтар сазды және саз топырақтардан гөрі суды өткізгіш келеді. Топырақтар ылғалмен қаныққан сайын суды өткізгіштігін бірте-бірте кемітеді.

КҚЖ: Саңылауы 2 мм елеуіштен өткізілген гранулометриялық құрамы (лат. грануло – түйір, гр. метр - өлшем. Топырақтағы іріліктері әртүрлі бөлшектерді оның гранумометриялық құрылымы дейді) және структурасы әртүрлі 4-5 топырақ үлгілері, биіктігі 25-30 см, диаметрі 3-4 см шыны түтіктер, стакандар, түтіктерді бекітетін штативтер, дәке, картон, сағат.

Кесте 5


Топы-рақтар

Уақыт

Топырақтың су өткізгіштік көрсеткіші (коэ-ті)

Алғашқы 1сағатта су өткен топырақ қалыңдығы, мм

10минсайын сүзуде соңғы (тұрақты) сүзілген су мөлшері

Кt (орташа 1сағ-та мм/мин.)

Түтікке алғашқы су құю

1-ші тамшының шығуы

Судың топырақ бойымен жүруі

Құм

Құмайт


Сазды

Саз























Сүзілу коэффициентін мына формула арқылы есептейді:



мұнда: Кt – жұмыс кезіндегі температурада сүзілу коэффициенті, мм/мин;

Q – белгілі уақыт аралығында (10 мин) өткен судың мөлшері, см3;

S – түтіктің кесіндісінің ауданы, см2;

Т – уақыт, минут;

10 – текше сантиметрді мм су қабатына ауыстыру коэффициенті.

Топырақтың ылғалдылыққа байланысты болуы.

Топырақтың ылғалдылығы деп – ондағы абсолютті құрғақ массаға есептелген судың проценттік мөлшерін атайды. Топырақтың ылғалдылығын білу топырақтағы жалпы және өсімдіктер өнімін жасайтын су қорын анықтауға, оларды құрғақ топырақ массасына есептеуге қолдану үшін керек. Топырақтағы судың шамасын біле отырып, суарудың мерзімдерін және нормаларын белгілеуге, яғни топырақтың сулық режимін реттеуге болады.

Топырақтың далалық ылғалдылығы онда, сол кезеңде қанша су бар екенін көрсетеді. Топырақта оптимальды ылғалдылықты (толық су сыйымдылықтың 60-70 проценті деңгейінде) ұстап тұру ауылшаруашылық дақылдарының мол өнімін жасайды.

КҚЖ: Топырақ бұрғысы, алюминий стакандар (0,01 г дәлдікпен өлшеу), техникалық таразылар (гирлерімен), кептіргіш шкаф, эксикатор, фарфор табақшалар, мүйіз қасықтар, саңылауы 1 мм елеуіш.



Ылғалдың процентін мына формулмен табу:

мұнда: ДЫ – топырақтың құрғақ массасына шаққандағы далалық ылғалдылығы, %;

а – бос стаканның массасы, г;

b – стаканмен топырақтың құрғатуға дейінгі массасы, г;

с – стаканмен топырақтың құрғатылғаннан кейінгі массасы, г;


Топырақтың далалық ылғалдылығын есептеу

Кесте 6



Үлгі алынған орын және тереңдігі

Стакан №

Массасы, г

Топырақтың далалық ылғалдылығы (ДЫ),

%


стакан-ның

(а)


стаканмен топырақтың құрғатуға дейінгі

(b)


стаканмен топырақтың құрғатылғаннан кейінгі

(с)


булан-ған судың

құрғак топы-рақтың

1

2

3

4

5

6

7

8


























Пайдаланылған әдебиеттер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет