«Көркем аударма шеберлігі» пәні Көркем аударма шығармасы



бет28/32
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#83515
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Аударма алеми
Аударма алеми
Көш алдына қараса,
Бір қыз кетіп барады.
Шытырма көйлек етінде,
Нұр сәулеті бетінде,
Бұралып кетіп барады,
Перінің қызы секілді.

Орысшасы:


Возгловляя этот кош,
Едет девушка одна.
В платье золотом она.
Словно ясная луна,
Светится лицом она.
Скажешь: пери дочь она.

Бір қарағанда, дұрыс аударған тәрізді. Аудармашы ару жасын атамаған. Бірақ оны кейінгі бір ару келбеті суреттелген жолдарға қосқан. Қыздың шытырма көйлегі орнына алтын түстес орамалы сипатталған. Шытырма көйлек – қымбат, сәнді көйлектердің бір түрі. «Ясная луна» — қыз дидары суреттемесі. Туған Ай келбетімен салыстырылған. Түпнұсқада нұрсәулетті қазақ аруларының көркі күнге, айға, таңға, жұлдызға теңелген. Бұл қыздардың әдемілігін әспеттеудің бұрыннан қалыптасқан поэтикалық үлгісі.


Екінші көштегі қыз сұлулығы былай көріктелген:
Таң мезгілі болғанда,
Шолпанның туған жұлдызы.
Кигені Алтай қырмызы,
Бейіштен шығып келмесе,
Бұл жалғанда хор қызы,
Сондай-ақ болар туар да.
Адамзаттың бір қызы,

Ару сұлулығын керемет суреттеу ғой нағыз! Әлгінде пері қызы десе, енді адамзаттың бар сұлуының алдында айдай дидарын айшықтайды. Ал аудармасы қандай?




Скажешь – девушка? Куда?
Ты скажи: Шолпан – звезда.
Засияла на заре!
Вся одонта в шелк, в атлас,
В золоте и в серебре!
Не в рае ли радилась,
И не гурия ль сама?!

Таңда туған шолпан жұлдызбен Л.Пеньковский сәтті салыстырған. Бірақ көйлектерін жібек пен атласқа теңеп, алтынмен апталған, күміспен қапталған хор қызындай айшықтаған. Бірақ түпнұсқадағы қыз дидары алдыңғы бейнелеулерден асып түскен. Әдемі суреттеу. Қырмызы-қызыл көйлек. Жүзі албыраған, алаулаған таңғы арайда жарқылдаған шолпан жұлдыздай жан-жағына сұлулық сәулесін асқан сұлудың шашқан көркі көзге елестейді. Үшінші ару келбетінің суреттелуі де ғажап!




Толған айдай толықсып,
Ақ сазандай бұлықсып,
Бұралып кетіп барады,
Неше алуан қылықсып.

Орысшасы:


А сама, сама она –
Словно полная луна.
Светлой прелести полна.
Как серебряный сазан,
Разыгравшийся в воде,
Гнет она свой гибкий стан.

Толықсу, бұлықсу, қылықсу етістіктері бір-бірімен астасып, толған айдай нұрлы арудың керемет сұлулығын әсірелей түскен. Сазан сөзін орыс тілінде алмай, қазақ тілінде қалдыруы да аудармашының мақсатты әрекеті екені айқын. Өйткені қазақ лироэпосының, жырларының дыбыстық үндестікке, ассонанс пен аллитерацияға құрылатынын аңдаған аудармашы осы үйлесімділікті көрсетуді көздеген. Аудармадағы с әрпінен басталатын сама, словно, светлей, серебряный, сазан, стаи – осының айғағы. Үшінші қыз көркінің бейнеленуі де оқырман құштарлығын арттыра түседі.


Бір қыз кетіп барады,
Орта бойлы дембелше,
Алтынды кәмзол жидеше,
Сипатына қарасаң.
Бұрынғы қыздан өзгеше:
Алтын шыны кеседей,
Екі көздің шарасы.
Бейіштен жанған шамшырақ
Көзінің гауһар қарасы.
Туған айдай иілген,
Екі қастығ арасы.
Сымға тартқан күмістей,
Он саусақтың саласы.
Сондай-ақ болып туар да
Адамзаттың баласы.

Орысшасы:


Роста среднего она,
Коренастенька была
И грудистенька была,
А камзол – золототкан.
Драгоценнейший фарфор,
Позолоченных пиал.
Яблоки ее очей
Свет брильянтовых зрачков,
Райских светочей ярчей.
Брови - два серпа луны —
Тушью соединены.
Руки – серебра светлей,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет