(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс: Ребусты шешу. Шыққан сөздің мағынасын түсіндіру.
Қандай баланы «алтын бала» деп айтуға болады?
(Ұ) – Балалар, бүгін «Алтын бала» әңгімесімен танысамыз.
(Қосымша материалды қара).
Біз бүгін әңгіме жанрымен танысамыз. Әңгіменің ерекшелігі – қысқа оқиғаны әңгімелейді.
Мұқият тыңдаңдар.
Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар.
Әңгіме ұнады ма?
Әңгімедегі баланың ісәрекеті сендерге ұнады ма?
Анасы Зәукенді қайда жұмсады?
Зәукен атайдың қандай затын жөндеп берді?
Әжей Зәукен туралы не айтты?
Анасы неге қуанды?
Осыдан кейін анасы баласына не айтты деп ойлайсың?