І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин.
II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3–5 мин.
|
(Ұ) Психологиялық жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін педагог тәрбиеленушілермен «ғажайып ақшақарды» қолдарына алып, ойлаған тілектері мен армандарын айтады.
Педагог балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы сурет топтамаларын көрсетеді.
Жұмбақ жасырады.
Жасыл ине киімім, Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріндемін үйіңнің. (Шырша)
|