Көркем әдебиет стилі Талдау Мұқағали Мақатаев «Үнсіздік»



бет4/4
Дата15.12.2021
өлшемі15,09 Kb.
#100798
1   2   3   4
Байланысты:
Асан Гүлбар Талдау. (1)

Публицистикалық стиль

Газеттен алынған төмендегі тағы бір үзіндіге назар аударалық:

Қазақстан жеріне қашаннан да көз алартушылар аз емес еді ғой. Қазақтың дүркін-дүркін қырылып, өспей қалғанының бір қырсығы – осыншама жерге өзгелердің өзеурей қарағандығынан емес пе еді ( Ш.Мұртаза).

Бұл үзіндіде экспрессивті, бағалауыштық сөздер арқылы автордың қоғамдық-саяси жағдайға қатысы, оған баға беруі, өзіндік көзқарасының әлеуметтік сипаты анық көрінеді. Автордың «көз аларту» деп отырғаны жай көз аларту ғана емес, өзгеге үстемдік жасап, қоқан-лоққы көрсету деген сөздің «сыпайы» қолданысы болса, «қырылып, өспей қалу» – шындықты жалпылай жеткізіп тұрған тура мағыналы сөз. Ал «өзеурей қарау» – суық қолын салғысы келіп, қомағайлана, құныға қарау деген мағынада қолданылған деп түсінуге болады.

Публицистикалық стильдің басты ерекшелігі: ол ұлттық әдеби тілдің жетілуіне, сөздік қазынасының толығуына зор ықпал етеді, сол арқылы әдеби тілдің лексикалық-грамматикалық жүйесіндегі даму сипатын, жаңа бірліктердің нормалану үдерісін көрсете алады.

Талдау:

1.Қарым-қатынас аясы (қолданылатын орны): газетте

2.Қарым-қатынас мақсаты: заттар мен құбылыстардың мәнін ашу, белгілі бір құбылысқа оң не теріс баға беріп, қоғамдық пікір туғызу.

3.Стильдік сипаты: сөз үндеу, үгіттік-насихаттық мәнінде жұмсалады.

4.Тілдік ерекшеліктері:

а) лексика-фразеологиялық: зат пен құбылысқа оқырман назарын аудару үшін экспрессивті-эмоционалды реңктегі сөздер және бағалауыш лексика («көз аларту», «қырылып, өспей қалу», «өзеурей қарау» т.б); ,

– жалпы саяси лексика, халықаралық терминдер, күрделі тіркестер (Қазақстан, жер т.б);

тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер, афоризмдер мен перифразалар («көз аларту», «қырылып, өспей қалу», «өзеурей қарау»)



ә) морфологиялық: көптік тұлғалы зат есімдер, күрделі, қысқарған, жалқы, деректі, дерексіз зат атаулары, сан есім, сын есім, етістік тұлғалары, үстеулер (Қазақстан, жер, дүркін-дүркін)

б) синтаксистік: бұйрықты, лепті, риторикалық сұраулы сөйлемдер, сөз қайталаулар (Қазақтың дүркін-дүркін қырылып, өспей қалғанының бір қырсығы – осыншама жерге өзгелердің өзеурей қарағандығынан емес пе еді?! т.б.)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет