«Төрт түлік мал – ел байлығы» Мақсаты: Балалардың төрт түлік мал туралы, олардың төлдерін ажырата білуге және пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ халқының өмірін төрт түлік малмен байланыстыра отырып, балаларды төрт түлікті құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, келген қонақтар! «ТӨРТ ТҮЛІК МАЛ – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Балалар бүгін бізде қонақта апайлар, аналарымыз отыр. Бар оқып білгенімізді ортаға салайық. Ендеше сендерге сәттілік тілеймін.