Әншейін теңеу Әдейі теңеу Эпитет - заттың, құбылыстың, айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитетсіз тіпті айтарыңды анықтау, суреттеп отырған нәрсеңді нақтылау қиын. Эпитет жайлы сөз болғанда әрқашан үлгі ретінде Абайдың:
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан,- деген жолдарын немесе Асқар Тоқмағамбетовтің Жұп-жұмыр жұмысшының білегі бар, Тап-таза таптық ойы, тілегі бар, Қып-қызыл Ленин туы бір қолында, Бір қолда балға, орақ, күрегі бар,-деген шумағын желдірте жөнелеміз.
Эпитет (айқындау)
З.Қабдолов “Сөз өнері”
Эпитеттің барлық түрі халық ауыз әдебиетінде. Ұлы Абай, сондай-ақ әр қоғам, әр дәуір суреткерлер шығармаларында көптеп кездеседі. Эпитет – заттық құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын сұлу суретті сөз. Эпитет – көркем әдебиеттің көркемдегіш амал-тәсілі. Эпитетсіз көркем шығарма болмайды, болуы да мүмкін емес. Эпитеттегі әр суреткер тыңнан тауып, жаңадан өрнектеуі, бұрынғыны қайталай бермей өзінше эпитет әлеміне бет бұруы керек. А.Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде: «Бір нәрсені көптеп айырып, көзге көбірек түсіретін етіп айтқымыз келгенде ол нәрсенің атына айқын көрсететіндей сөз қосып айтамыз, сондықтан айқындаудың өзге түрі көркейту деп айтылады»- деп эпитетке анықтама берген болатын
Жансыз нәрсені жанды нәрсенің күйіне түсіріп тұрпаттау кейіптеу деп айтылады. “Қылышын сүйретіп қыс келеді” дегенде, қиялыңа қылыш сүйреткен адамның суреті келіп түседі. Қыста қылыш та жоқ, қылыш сүйрететін күйі де жоқ. Жансыз қысты жанды адаиның күйіне түсіріп, адамның істейтін амалын телігендіктен қыс бізге адам сүгіретінде көрініп тұр.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
(Абай Құнанбаев)