Көрнекілігі: шар, алма, ойыншықтар.
Ойын шарты:балаларды екі топқа бөліп өткізуге болады.
Тәрбиеші сөз айтады, балалар сөзге сөз қосып, сөйлем құрайды.
Мысалы:
Алма .........
Сәуле ......... ............
Шар ......... ............
Менің .......... ............. ............
«Біз де» ойыны №36
Мақсаты: баланың ой – өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту,
зейінділігін арттыру.
Ойын шарты:ойын жүргізуші ортаға шығып, өзінің ойын айтады.
Ойынға қатысушылар «біз де» деп қосылып айтады.
Егер қосылмаса, онда үнсіз отырулары тиіс.
Мысалы:
Жүргізуші:
-Мен көлге барамын.
Балалар:
-Біз де.
Одан үйрек ұстаймын.
-Біз де.
-Үйректің жартысын күшігіме беремін.
Осы кезде біреу «біз де» деп қалса, ойын тоқтайды.
«Біз де» деген бала айыбын төлеп, ән, жұмбақ – жаңылтпаш айтып, би билейді.
«Гүл» №37
Мақсаты:балаларға гүл күлтелерінің түстерін атату.
Сөз, сөйлем құрастыру арқылы баланың ойлау, сақтау қабілеттерін
дамыту.
ӘДЕМІ ГҮЛ
ҚЫЗЫЛ ГҮЛ
КЕРЕМЕТ ГҮЛ
НӘЗІК ГҮЛ
ГҮЛ ҚҰЛПЫРЫП ӨСТІ.
Шарты: гүл күлтелерін бес түрлі түспен бояу.
Әр күлтеге гүлдің қандай екендігін білдіретін бес сөз тіркесін ойлату.
«Бұл киімдерді қай мезгілде киеді?» №38
Мақсаты: әр жыл мезгілінде қандай киімдер киетінін баяндату арқылы
сөздік қорларын молайтып, ауызекі баулу.
Ойын шарты:суреттегі киімдерді қай мезгілде киетіндігін айтқызу.
«Заттарды топта» №39
Мақсаты: суреттегі заттарды топтату арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |