Көрнекілік: отбасы мүшелері суреттері, балалар суреттері, киім бетперделері. Ойын шарты



бет9/17
Дата05.10.2022
өлшемі153 Kb.
#151758
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
12.Дидактикалық ойындар-1

«Сандық»


«Сандық» №26


Мақсаты: балаларды берілген тапсырманы ойлана отырып шешуде тапқырлыққа, шапшандыққа баулу. Ойын шартын түсіндіріп, ондағы мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды дұрыс, анық айтуға үйрету. Сөздік қорын молайтып, тапсырманы
Орындауда достық, жолдастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: сандық , түрлі – түсті асықтар, тапсырмалар жазылған жатқалта.
Ойын шарты: Сандық ішіне салынған түрлі-түсті асықтар.
Асықтар қызыл, жасыл, сары түске боялған.
Әр түске берілетін тапсырмалар әр түрлі. Тапсырмалар хатқалтаға салынады.
.Жасыл асық алған бала жұмбақ жасырады
шешкізеді. Сары асық алған бала мақал – мәтел айтады.
Қызыл асық алған бала өлең оқиды.
«Не артық?» №27


Мақсаты: Балаларды суретке қарап, оларды топтастыруға үйрету.
Құстар мен жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әр түрлі құстар мен үй жануарлары бейнеленген суреттер.
Ойын шарты: үлгілердегідей әр түрлі берілген суреттерден ненің артық екенін табады.
Берілген суреттерді топтастырып, олардың жалпы атауын айтады.
Неліктен артық екенін түсіндіреді.
Жеке мен жалпы ұғым туралы түсініктерін бекітеді.

«Қайсысы қайда тіршілік етеді?» №28

Мақсаты: суреттерден көрген заттарының аттарын атап, олардың қайда өмір сүретінің айтқызу.
Сөздік қорларын молайту.
Көрнекіліктер: теледидар, әр түрлі жануарлар, құстар суреттері.
Ойын шарты: әр түрлі аңдар, құстарды көрсетіп, олардың қайда өмір сүретіні сұралады.
Олардың немен қоректенетінін айтқызады.
Балалардың сөздік қорларына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады.
Олар туралы балалардың білетін өлең, жұмбақтарын айтқызады.


«Қарап ал да, есіңе сақта» №29


Мақсаты: балаларды көрген суреттерді есіне сақтап, көз алдына елестете отырып, әрқайсысын ретімен атап шығуға,
үй жануарларын, аңдарды және құстардың жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет