«Сән ательесі» №19
Мақсаты: балаларды суреттен көрген киімдердің аттарын атап, киімдер
мен ұлттық киімдерді ажыратып топтастыруға, тапқырлық шапшаңдыққа баулу.
Көрнекіліктер: жаңаша киімдер, ұлттық киімдер, хатқалта.
Ойын шарты: хатқалта салынған әр түрлі киімдердің үлгісі балаларға таратылып беріледі.
Балалар киімдер және ұлттық киімдердің аттарын атап, оларды қашан,
қайда киюге болатынын айтады.
Ол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрайды.
Киімді неден тігетінін, оны кімдер тігетінін айтқызады.
«Жайлауда» №20
Мақсаты: балаларды жайлаудағы тіршілікпен таныстыру.
Жайлаудағы табиғат-ерекшкліктерін айтқызу.
Көрнекіліктер: жайлау көрінісі бейнеленген суреттер.
Ойын шарты: балалар жайлаудағы көріністі бейнелейді. Жайлау
көрінісіне қажетті заттардың аттарын атап, орналастырады.
Олар туралы білетіндерін айтады.
Жайлаудағы табиғатты суреттейді.
Жайлауға адамдар не үшін шығатының айтқызады.
Самаурын, сандық, әже, сырмақ, киіз үй.
Қой, қозы, жылқы, құлын, сиыр, бұзаулар.
«Біздің көңіл күйіміз» №21
Мақсаты: балаларды суреттегі бет- әлпет бойынша ым мен мимикаға байланысты көңіл күйді ажырата білуге үйрету.
Көңіл күйді білдіретін сөздерді дұрыс айтқызу.
Көрнекіліктер: әр түрлі мимикадағы балалардың суреттері.
Ойын шарты: бет- әлпеттің мимикасына қарап, көңіл күйді білдіретін сөздерді бөліп айтады.
Сөйлем құрайды, әр түрлі көңіл күйді білдіретін сәттерді салу.
Күліп тұрған бала
Ренжіп тұрған бала
Аузын ашып тұрған бала
Аузын томпайтып тұрған бала
Қуанып тұрған бала
Қорқып тұрған бала.
«Қарама – қарсы сөздер» №22
Мақсаты: антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой- өрісін кеңейту, сөздік қорын қарама- қарсы сөздермен молайту, зейінділігін
арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: |