Көрнекілік: отбасы мүшелері суреттері, балалар суреттері, киім бетперделері. Ойын шарты



бет2/17
Дата05.10.2022
өлшемі153 Kb.
#151758
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
12.Дидактикалық ойындар-1
Лазиз2
«Қарап алда есіңе сақта» №5

Мақсаты: балаларды көрген суреттерді есіне сақтап, көз алдына елестете отырып, әрқайсысын ретімен атап шығуға, үй жануарларын, аңдарды және құстардың жалпы аттарын айтқызу.Оларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: үй жануарлары, аңдардың, құстардың суреттері.
Ойын шарты: әр түрлі суреттерді теледидардан көрсетіп шығады.
Балалар бірінші суреттен үй жануарларын, екінші суреттен жабайы
аңдарды, үшінші суреттен құстарды атап шығады. Жалпы және жеке ұғымдарды бекітіп, оларға қамқоршы болу үшін не істейтіндері сұралады.


«Нан қалай жасалады?» №6


Мақсаты: балаларға нанның жасалу жолын түсіндіру. Нан жасауға
қатысатын адамдар
еңбегін бағалау, қадірлеуге тәрбиелеу.
Нанды құрметтеуге үйрету.
Көрнекілік: нан, бидай масағы, ұн.
Ойын шарты: нанды дастарханға келгенге дейінгі жолын көрсетіп, онда жұмыс істейтін адамдардың еңбегі көрсетіледі.
Балалар күнделікті жеп жүрген нанның ұлкен еңбекпен келетінін білетін болады.
Нан туралы ойларын кезек- кезек айтып шығады.
Мақал.
Еңбек етсен ерінбей, тояды қарның тілінбей.
«Дастархан мәзірі» №7


Мақсаты: балаларды тағамдардың жалпы және жеке атауы, ажыратып
атай білуге үйрету. Дастархан мәзірін жасауда қажетті заттарды айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.
Көрнекіліктер: дастархан, оған қажетті заттар, тағам түрлері.
Ойын шарты: балаларды топқа бөліп таңертеңгі және түскі асқа қажетті тағамдарды
айтқызып, дастархан мәзірін жасатуды жарыс түрінде жүргізу.
Балалар дастархан мәзірін даярлау кезінде, тағамдар туралы білетіндерін айтып отырады.
Тағамдарды қажет үстелге орналастырады.
Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


«Ыдыстарды толықтыр» №8


Мақсаты: ыдыстардың аттарын атап, оларды толықтыруға қажетті
құралдарды тапқызу.
Ыдыстардың жалпы және жеке атауларын меңгерту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет