Ойын тапсырмасы: Аюмен ойнауға үйрету.
Ойын тәртібі: Аюға жаңа ойыншықтар туралы әңгімелеу және қалай ойнау керектігін көрсету.
Құралдар: Әртүрлі ойыншықтар.(Балаларға таныс емес.)
және тақырып бойынша(мысалы: асхана, жатын бөлме,
жуынатын бөлме т.б. ыдыс-аяқ, киім-кешек, аяқ киім)
Ойын барысы.
Балалардың көңілін ойынға аудару. Қонақ келетінін ескеріп
айту, олар сендермен ойнауға келеді.
Балалар бірнеше топқа бөлу, әртүрлі тапсырма беру.
Ойыншықтарды тақырып бойынша таңдап, қонақтарды қалай ойнату
керектігін үйрету.
Содан соң топты бөлек отырғызу. Келетін қонақтарды тосу, қонақтарды ойыншықтарымен қуанту, ойнай білуге үйрету.
Ойын басталды. Есік қағылды. Аю келді. Балалар амандасады.
Аю ойыншықтарымен кездесуді өтінеді, қалай ойнау керектігін сұрайды.
Аю барлық бөлінген топтарға барады.
Аю балалардан сұрайды. Мысалы: «Кім кіммен ойнайды?
Ойнаймын дегенді ойнатасындар ма?
Кім өзі жалғыз ойнайды?»
Аю менімен бірге ойнайсындар ма?- деп сұрайды.
Барлығы бірігіп ойнайды.
«Қапшықтан кім не таңдайды» №13
Мақсаты:Балаларды салыстыра білуге, түстеріне, көлеміне қарай топтай
білуге және негізгі білімдерін толықтыра отырып топтауға үйрету.
Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін және сөздік қорын дамыту.
Заттарды дұрыс пайдалана білуге, үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Ойын тапсырмасы: Ойыншықтырды белгілеріне қарай топтау.
Ойын тәртібі Ойыншықтарды балалармен бірігіп топтау.
Құралдар: Әр түрлі ойыншықтар (көлеміне, түр-түсіне қарай бөлуге
ыңғайлы)
Ойын барысы: Балалардың ойыншыққа деген қызығушылығын арттыру.
Қапшықта не бар?
Кім не тауып алады екен?
Не үшін қажет?
Кім не алғысы келеді?
Бала қапшықтағы ойыншықтың қандай ойыншық екендігін табуын
қадағалау. Қапшықтан алған ойыншықты қайда қою керектігін ойланып
табу керек.Басқа балалар көмектесе алады.
Достарыңызбен бөлісу: |