Көрнекіліктер: келі, келсап, күбі, піспек, торсық, шәйнек, қазан, қақпақтар.
Ойын шарты: ыдыстардың аттарын ажыратып, оларды толықтырады.
Оларда қандай тамақ дайындалатыны, сақталатыны айтқызылады.
Мысалы: торсықта қымыз сақталады.
Шәй ішуге қандай ыдыстар қажет?
Оларды атап, көрсетіп шық.
«Балабақша» №9
Мақсаты: балабақша қызыметкерлерін және оларға қажетті құралдарды
дұрыс атап, ажырата білуге үйрету.
Көрнекіліктер: тәрбиеші, дәрігер, аспазшы және оларға қажетті құралдар.
Ойын шарты: тәрбиеші, дәрігер, аспазшыға керекті құрал- жабдықтардың аттарын атап, топтастырады.
Мысалы: тәрбиешіге қалам, дәптер, сызғыш т.б. құралдарды атап көрсету.
«Жеке атауын ата» №10
Мақсаты: көкіністердің аттарын жеке-жеке атап, пішіндерін ажырата білу.
Жалпы мен жеке атаудың мағынасын түсіндіру.
Көрнекіліктер: көкіністер суреттері, муляждары
Ойын шарты: балаларға себеттегі көкіністерді жеке- жеке алып, оның
атын, пішінін, түсін ажыратып айтқызады.
Таратылған муляждар бойынша көкіністер аттарын атайды. Жалпы және
жеке атауды салыстырады. Жеке көкіністерді себетке салады. Неліктен көкініс деп аталатынын айтады.
«Мамандықтың бәрі жақсы» №11
Мақсаты: балаларды әр түрлі мамандықпен таныстыру. Еңбекті
құрметтеуге дағдыландыру өз еліне пайдалы бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сатушы, етікші, дәрігер, шаштараз, кеңші, құрылысшы т.б.
Ойын шарты: суреттер тақтаға ілінеді.
Балалар өздері қалаған мамандықтарын таңдап алып, сол мамандық және оның пайдасы туралы әңгімелейді.
Тәрбиеші балалардың сөйлемді байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.
Мамандықтардың бәрі жақсы екенін түсіндіреді.
«Аюға ойыншығыңды көрсет» №12
Мақсаты: Тақырып бойынша ойнай білуге, ойыншықты дұрыс пайдалана білуге үйрету.Балалардың ойлау, есту, есте сақтау қабылетін және сөздік қорын дамыту.
Балаларды мұқияттылыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |