Көрнекілік: отбасы мүшелері суреттері, балалар суреттері, киім бетперделері. Ойын шарты



бет15/17
Дата05.10.2022
өлшемі153 Kb.
#151758
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
12.Дидактикалық ойындар-1

«Тез жауап бер» №48


Ойынның мақсаты: Балаларды жіктеуге,салыстыруға,жалпылауға жаттықтыру. Құстар,жәндіктер, балықтар, аңдар туралы білімдерін бекіту. Сан мен сын есімді зат есіммен сәйкестендіруге жаттықтыру.
Ойын материалдары:
1.9 тор көзге бөлінген кесте. Әр тор көзде-аңдар мен тор көздердің бейнелері: бірінші қатарда-торғай, көгершін, тоқылдақ,
екінші қатарда- ара, түлкі, шегіртке,
ушінші қатарда-қасқыр, көбелек, суықторғай.
2.9 тор көзі бар кесте. Бірінші қатарда-сиыр, бұлан, шағала;
екіншісінде- мысық, жолбарыс, тауық,
үшіншісінде- ит, түлкі, қаз.
3.9 тор көзді кесте.Бірінші қатарда-арыстан, керік, бегемот;
екіншісінде- ақ аю, солтүстік бұғысы, итбалық,
үшіншісінде- қасқыр, бұғы, құндыз.
4.9 тор көзді кесте.
Бірінші қатарда- шортан, пингвин, морж;
екіншісінде- дельфин, мөңке балық, алабұға,
үшіншісінде-бірқазан, кит, жайын.
Аңдар бейнеленген суреттер.
Ойының барысы: Тәрбиеші балалардың көз алдына кестені іліп, қарауды ұсынады және қойылған сұраққа олар тез жауап беруі тиіс. Дұрыс жауапқа
фишка алады.

1 кестеге сұрақтар.


1.Бірінші қатарда бейнеленген суреттерді жалпы қалай атауға болады?
2.Кестеде барлығы неше құс? (Төрт)
Оларды ата (торғай, көгершін, тоқылдақ, суықторғай).
3.Не артық? Аңдар ма, жәндіктер ме? (Аңдар артық)
4.№3 кестеде бейнеленгендерді неше топқа бөлуге болады?
5.Үшінші бағандағы суреттерге қараңдар. (Қатармен шатастырмау)
Оларға не ортақ? (Барлығы ұшады)
6.Бірінші,екінші бағандағы барлық аңдарды салыстыру. Қандай ортақ белгіні байқадыңдар? (Әр бағанда құстар, құстар,аңдар,жәндіктер бейнеленген)
2 кестеге сұрақтар.
1.Бірінші және екінші бағандағы аңдарды салыстыр. Оларды қандай топтарға бөлуге болады? (Жабайы және үй жануарлары)
2.Бірінші және екінші бағанда қандай қандай аңдар бір-біріңе ұқсас? (Мысық-жолбарыс, түлкі-ит).
3.Үшінші бағанда бейнеленегендердің барлығын не деп атауға болады?
(құстар?)
4.Қай құстар артық? Үй құстары ма, немесе жабайы құстар ма?
5.Екінші,үшінші қатардағы аңдарды салыстыр. Оларға ортақ не байқадыңдар?
(Әр қатарда бір-бірден үй құсы,бір-бірден жабайы аң).
6.Кестеде бейнеленгендердің барлығына қарап, қандай жануарлардың артық екенің айт. Үй жануарларыма, жабйы ма? (Теңдей)
3 кестеге сұрақтар.
1.Қандай аңдар суда көп уақытын өткізеді? (бегмот, итбалық,құндыз)
2.Бірінш қатардағы аңдарға не ортақ? (Бұл ыстық жерлрде өмір сүреді)
3.Екінші қатардағы аңдарға не ортақ? (Бұлар солтүстікте өмір сүреді)
4.үшінші қатардағы аңдарға не ортақ? (Бұл аңдар орманда өмір сүреді)
5.Үшінші бағаңдағы аңдарға не ортақ? (уақыттың үштен бір бөлігін суда өткізеді)
4 кестеге сұрақтар мен тапсырмалар.
1.Балықтарды ата
2.Құстарды ата
3.Не артық? Құстар ма? Балықтар ма?
4.Барлық теңіз аңдарың ата. Ең ірісі қайсы?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет