Көрнекілік: үй жануарлары, аңдардың, құстардың суреттері.
Ойын шарты: әр түрлі суреттерді теледидардан, немесе суреттерден
көрсетіп шығады.
Балалар бірінші суреттен үй жануарларын, екінші суреттен жабайы аңдарды атайды.
Үшінші суреттен құстарды атап шығады.
Жалпы және жеке ұғымдарды бекітіп, оларға қамқоршы болу үшін не істейтіндері сұралады.
«Жалпы атауын ата» №30
Мақсаты: балаларға заттарды жеке – жеке таныта келе, ең соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешу арқылы тапқырлыққа, шапшандыққа баулу.
Көрнекілік:жемістер, ойыншықтар, оқу құралдары, үй жиһаздары.
Ойын шарты: тәрбиеші балаларға хатқалтаның ішіне салынған жемістер, ойыншықтар, оқу қралдыры, үй жиһаздарының суреттері бар бірнеше сериялы дидактикалық материалдарды таратып береді.
Осы материалдарды жалпы атауына сәйкес топтастыру қажет. Өзінің топтағанын дәлелдеп айтуы тиіс.
Мысалы: алма, өрік, алмұрт жемістерге жатады.
Өйткені олар – жеміс ағаштары.
«Сөйлемді жалғастыр» №31
Мақсаты: балаларды берілген тапсырманы мұқият тындап орынауға, сөйлемді жалғастыра білуге, сөйлемнің неше сөзден құралғанын айтуға үйретіп, тапқырлыққа баулу.
Көрнекілік: сөздер жазылған карточкалар.
Ойын шарты: бір бала сөйлемнің басын бастайды,
Сөйлемді балалар аяқтауы керек.
Мысалы: Бақшада ойыншықтар.... . Менің үйде.... .Мен бақшаға.... .
Ойынды тапқырлыққа байланысты өзгертіп отырып өткізуге болады. Сөйлемді балалар өздері бастап, өздері аяқтайды. Ойын соңында бір сөйлемнің неше сөзден тұратынын талдайды.
«Жер, су, ауа» №32
Мақсаты: балаларға берілген тапсырманы тез шешуге, жылдам жауап беруге, жерде, ауада, суда не болатынын дұрыс айтуға төселдіру, қоршаған ортаға қамқорлық сезімін тәрбиелеу. Шапшаң жауап беруге баулу.