Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Қазақстандағы сөз бостандығы және баспасөз



бет11/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1
3 кл БЖБ қазақ т 30-09, Æèûíòû áà àëàó à àðíàë àí ä³ñòåìåë³ê ñûíûñòàð äåáèåòò³ê î ó , пример расчета налога на имущество. Практика по бухучету
Қазақстандағы сөз бостандығы және баспасөз

Қазақ елі бодандықтың бұғауынан босап, қоғамдық дамудың демократиялық жолын таңдағаннан бері де бір мүшелден астам уақыт өтті. Осы бір ауыспалы өлара шақта қазақ БАҚ жүйесінде сөз бостандығының негізі қаланды, цензура жойылды, Конституция арқылы сөз бостандығына, тәуелсіз баспасөзге кепілдік берілді. Бұл, қалай десек те, әркім белгілі мөлшерде болса да айтайын дегенін айта алатын, жазайын дегенін жаза алатын халге жеткенін көрсетсе керек. Алайда бұл осының өзі-ақ жеткілікті, бізде сөз бостандығы мен тәуелсіз баспасөз толық мәнінде орнықты деген сөз емес. Керісінше, енді ғана негізі қаланып, қалыптасуға бет алды десек шындыққа сай келеді. Осы орайда Қазақстанда журналистика еркіндігінің қалыптасуына, белгілі бір арнаға түсуіне, ілгерілеп өркендеуіне елеулі тосқауылдардың да ұшырасып отырғанын жасыруға болмайды. Оның басты себебін бірнеше негіздемелер арқылы атап көрсетуге болады:
Біріншіден: «тәуелсіз баспасөз», «сөз бостандығы» деген терминдер саяси өмірге, ұлттық БАҚ жүйесінің тәжірибесі мен сөздік қорына жаңадан енген ұғым. Сондықтан мүның өзі елде бұрын жекелеп зерттелмеген сала әрі тәуелсіз баспасөздің дәстүрі мен тәжірибесі жөнінде Кеңес одағынан қалған ешбір мұра жоқ, тіпті болуы мүмкін де емес. XX ғасырдың басында жарық көрген «Айқап», «Қазақ» сынды ұлттық басылымдарымыздың кейбір жарияланымдарынан тәуелсіз журналистиканың жалпы сипаттары байқалғанымен, оған бүгінгі өлшем тұрғысынан келсек — талапқа толықтай сай келеді деп айта алмаймыз. Сондықтан қазіргі таңда аталмыш ұғымды теориялық-тәжірибелік және әдістемелік тұрғыдан кең арнада қарастыру, зерделеу қажеттілігі өмірден туындап отыр.
Екіншіден: жарияланымдық саясаты мен саяси көзқарасы дербес, жариялылықтың, ашық ойдың, пікір алуандықтың мінберіне лайықталған тәуелсіз баспасөздің сипатына көп жағынан жақындайтын басылымдардың Қазақстанда пайда бола бастауы — ұлттық журналистика өміріндегі елеулі һәм тың құбылыс. Оларға бәрінен маңыздысы — бүгінде экономикалық дербестік болып отыр. Алайда ол әзірше толық шешімін тапқан жоқ.
Тәуелсіз баспасөздің өлшемі басылымдардағы азын-аулақ мақалалардың немесе теле-радио бағдарламалардың мазмұнымен, тың ойларымен, жанрлардың өзгеруімен, журналистердің жеке көзқарастарымен ғана анықталмайды. Айта берді оны тіпті бірлі-екілі газеттердің іс-әрекеттерімен байланыстырудың өзі жеткіліксіз. Сондықтан, мәселені бүкіл БАҚ жүйесі аясында жан-жақты талдап жалпы сипаттары мен ерекшеліктерін тану — нақты толыққанды мағлұмат алуға көмектесетін болады.
Үшіншіден: мерзімді баспасөзде жарық көрген кейбір материалдар мен жасалған зерттеулердің нәтижесінен белгілі болғандай, көптеген зиялыларымыздың тәуелсіз баспасөз, сөз бостандығы жайындағы түсініктері әлі де болса жалпылама және онда бірізділік жоқ, өзара қарама-қайшылығы да бар. Яғни әркім өз пайымынша ой түйеді, ғылыми тұжырымнан гөрі саяси көзқарас басым түсіп жатады. Дегенмен сөз бостандығын анықтауға деген игі қадамдар да баршылық. Айталық, сенатор, саясаткер-журналист Қуаныш Сұлтанов: «Сөз бостандығы — рухани бостандықтың қайнар бұлағы, адамзаттың жанкештілікпен қажымай-талмай ізденіп келе жатқан құндылығы. Сөз бостандығының ең беделді көрсеткіші — елдегі БАҚ-тың тыныс-тіршілігімен тікелей байланысты. БАҚ — бүгінгі қоғамның көрнекті әрі тікелей қоғамдық дүниетанымының қалыптасуына әсер ететін, кейде соны тікелей қалыптастыратын ұтқыр құрал» — деген ойда.
Белгілі қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов: «Демократия дегенде сөз еркіндігі жиі айтылып, тікелей байланыстырылады. Бұл жағынан ойласатын тұстарымыз әлі бар. Меніңше, билік пен оппозиция арасындағы қарым-қатынаста соншалықты ала бөтен еш нәрсе жоқ, тек сапалық деңгейін өркениет талабына сәйкес көтере түсуіміз қажет. Саяси күрестің өзі мәдениеттілік сипаттан аспауы керек. Үнемі билікті сынап, ал өздерінен ешқандай жауапкершілік сұралмайтын қарсы жақтың болуы мүмкін емес», — деген пікірде. Мәжілістің эксдепутаты, профессор Серікболсын Әбділдин: «Биліктегілер біздің елде сөз бостандығы бар дегенмен, оның шектеулі екені жасырын емес. Сондықтан белгіленген шектен шығып кеткен баспасөз құралдарын жөнге салу үшін басылымдарды бағынуға мәжбүрлеу бүтінгі биліктің ерекше қасиеттерінің бірі», — деп оған сын көзбен қарайды.
Айтылған ойлардың бәрі орынды. Жекелей алғанда, әрбірінде шындыққа сай келетін ұтқыр ойлар бар. Дегенмен, жоғарыда айтқанымыздай, бәрі де көзқарас білдірумен ғана шектеледі. Мұның өзі толық мәнінде тәуелсіз баспасөз туралы ұғымның әлі де болса нақтыланбағанын және оған ғылыми тұрғыдан тереңдеп барудың, зерттеп бір ізді ұғым қалыптастырудың қажеттілігі туып отырғанын аңғартады.
Төртіншіден: тәуелсіз деген атауға ие болып келе жатқан газеттерді шығарушылардың өздерінде осы ұғым ғылыми түрде қалыптасты деуге ауыз бармайды. Іс жүзінде олардың көбі өздерінің жеке көз-қарастарының жетегінде немесе қаржыландырушы ат төбеліндей аз ғана топтардың қас-қабақтарын бағумен жүр. Олай болса, өз істерін дәл осылай болжаммен жүргізулеріне тура келеді де, сөз бостандығы, тәуелсіз баспасөз жөнінде жұрт арасында теріс түсінік тудыратыны белгілі. Саяси партиялардың газеттері өздерін «тәуелсіз» деп атауға аса құмар. Одан мемлекеттік басылымдардың да еселері кеткендей қалысқылары жоқ. Ал барлық жеке меншік баспасөз атаулы бұл сөзге тіпті үйір келеді. Сонда «тәуелсізі» қайсы, «тәуелдісі» кім? Мұның өзі тәуелсіз баспасөз туралы мәселені кең арнада қарастыруды, оған қатысты туындаған сүрақтарға нақты жауап беруді талап етеді



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет