Көрнекті журналист, қаламгерлердің шығармашылық жолға келуіндегі алғы шарттар


Қазіргі қазақ спорт журналистикасының жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетіңіз



бет44/55
Дата19.05.2022
өлшемі0,62 Mb.
#143968
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55
Байланысты:
АХОНОВА СЕССИЯ-1

Қазіргі қазақ спорт журналистикасының жетістіктері мен кемшіліктерін көрсетіңіз.

Еліміздің спорт саласы, соның ішінде спорт журналистикасы да отыз бір жылдың ішінде қарқынды, қарыштап, қанат жая дамып кетпесе де, әлемдік тенденциядан, үдерістен көшін қалдырмады. Бұл әрине, біздің теле, интернет журналистикасына тиесілі сөздер. Ал қазақтың спорт баспасөзі сонау 1959 жылдан берi дамыл таппай, ел игiлiгiне қызмет атқаруда. Дегенмен, бүгінгі ақпараттық технологиялардың дамыған заманында мерзімді, мерзімсіз басылымдарға уақыт көшіне ілесу қиынға соқты. Әсіресе, спорт тақырыбында қалам тартып жүрген журналистерге оңай емес. Себебі, газет аптасына бір ақ рет жарық көрсе, интернет беттерінде жер шарының екінші бөлігінде орын алған кез-келген жарыс сол сәтте әлемге тарап жатыр.
Белгілі спорт журналисі, жазушылар одағының мүшесi Сейдахмет Бердіқұлов ағамыз өз заманында спорт такырыбын біраз зерттеп, спортқа тың қазақша терминдер енгізген болатын. Ал бүгінгі таңда Ғалым Сүлеймен, Темірхан ДОСМҰХАМЕДов сынды ағаларымыз көбіне кеп спорт такырыбында әдеби тұрғыдан қалам тартып жүр. Ендi негiзгi мақсат қазақ спорт журналистикасының газет журналдарда пайда болуын баяндасақ. Қазақ жерінде он тоғызыншы ғасырдың аяғында газет журналдар шығарыла бастады. Осы газет журналдарда қазақтың ұлттық ойындары туралы көлемі шағын болса да материалдар жарияланып отырған. Бұл жиырмасыншы ғасырдың ортасына дейін созылды.
Қазіргі кезде спорт жаңалықтарын барлық жерден кездестіруге болады. Мәселен кез келген арнадан спорт жаңалықтарын хабарлап жатады, немесе жаһандағы спортқа қатысты оқиғаларды әр түрлі сайттардан окып білуге, әлеуметтік желіден онлайн күйінде тамашалауға мүмкіндік бар. Онлайн режимінде көру алдымен арналарда ашылғанымен қазіргі кезде сайттардан және жекелей әлеуметтік желіні қолданушының парақшасынанда тамашалауға болатын дәрежеге жетті. Айтпағым, қазір ақпарат таратудың қанша көзі, тармағы болса, сонша спорттық мағлұматтарды тарататын құралдар бар. Ол: телеарналар, радио, газет журналдар, ғаламтор, әлеуметтік желілер және әрине болған оқиғаны жинақтап, қортындылап құнттап басып шығаратын кітаптар мен оқулықтар.
Заман көшінен қалмай, спорт журналистикасы да Ғаламтор желісінде қарыштап дамып келеді. Бұл тiптi басқа саладан гөрі спорт әлеміне өте қолайлы және орайлы десек те болады. Өйткені спорт әлемінде жаңалық өте көп, өзгеріс жеткілікті. Әр түрлі деңгейдегі ойындар мен додалар, жарыстар мен сайыстар, кездесулер мен матчтар бір-бiрiне iркес тіркес өтіп жатады. Соның бәрін кешктірмей, дер кезінде жариялап отыруға Интернет өте ыңғайлы болып отыр. Интернеттің (немесе электронды басылымның) басты артықшылығы мен ерекшелігі - ақпарат пен жаңалықтарды тәулік бойы жарыққа шығарып отыру мүмкіндігінде. Спортшылардың жетістіктері мен жеңістерін буы бұрқыраған күйінде жариялауға болады. Әрі басты кейіпкерлермен жедел түрде тiлдесіп, оны да жарықа шығарып отыруға мүмкіншілік бар. Осы ретте айрықша атап өтуге тиіспіз, Интернет аркылы тың ақпаратты әрқилы құрылымда түрлендіріп таратуға жеке парақшалары арқылы тікелей байланысқа шығып, яғни тілдесіп немесе хабарласып, өзіңізге қажетті Ауызекі тілмен айтқанда, араға адам салмай, спортшының өзімен тікелей байланысып отыруға болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет