Көсемәлі СӘттібай¥лы шарбақтының жалғызы


немесе кейіпкеріммен қоштасу



бет15/18
Дата06.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#37603
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
немесе кейіпкеріммен қоштасу

Бақытжанның әңгімесін тындап отырып кештің батқанын байқамай қалыппын. Оның әңгімеге қызыға берілген кездегі сезіміне селкеу түсіріп алмайын деп әдемі жапырақты айналдырып қараған боп, ойланып отырған едім: бақтың іші, манағыдай емес, алакөбең тарта бастапты.


Зерек-ақ бала, амал қанша... Ойымды сезіп қойды ма дегендей Бақытжанға жалт қарасам ол анадай жердегі орындыққа тізе бүгіп, бірдеңе жазып отыр екен...
Осындағы дәрігер айтып еді: бұл ауру адам санасындағы психологиялық жарақатты жылдам қабылдайды. Сондықтан осы аурумен ауырған адамдардың айналасындағылар сақтанған күннің өзінде өзін-өзі адамгершілік тұрғыдан ұстай білуі керек. Ал, Бақытжанға көп қорлық көрсетіпті: бұл ол адамдардың тарапынан - мейлі дәрігерлер, мейлі ауылдастары, мейлі достары, мейлі ол мүғалімдері болсын-тағылық болып табылады. Өйткені, Бақытжанның құдайдың алдында да, адамдардың алдында
да ешқашан жазығы жоқ.. Бейкүнә... Өкінішке орай, біздің қоғамымыз мүны түсінетін өркениетке әлі жеткен жоқ..
- Аға!
Ойға батып кеткен екем, құлағымның түбінен шыққан дауысқа жалт қарадым. Бақытжан.
- Аға, Сіздің балаларыңыз бар ма?
- Бар, оны неге сұрадың? - Көз алдыма үшінші сыныпта оқитын қызым - Индира, бірінші сыныпқа биыл барған бір- біріне тете балаларым Досхан мен Олжас келіп тұра қалды.
- Мына суретте Алтайдың әсем табиғаты бейнеленген. Өзім салдым. Балаларыңызға алып барып беріңізші. Менен ескерткіш болсын.
Алдым. Суреттің сыртына «Бақытжан Мейірқүлов. Алтай, 199...жыл. Қыркүйек» деп жазыпты. Толқып, тебіреніп кеттім.
- Рахмет, Бакытжан! Міндетті түрде апарып беремін.
Ымырт үйіріліп, қараңғылык бояуы қоюлана бастаған.
Бакытжан мен анасы жататын емдеу орталығының шамдары да жанды.
- Ал, Бақытжан, сау боп тұр. Мсн енді қайтайын. Анаң да іздеп жатқан шығар сені.
- Шығарып салайық па? Пойызыңыз қаншада?
- Жо-жоқ, керегі жоқ. Өзім-ақ... бірдеңе ғып қайтам ғой... Ал, жақсы...
Екеуміз қол алыстық Тек қана қол алыстық... Кіп-кіш- кентай нәзік саусақтары менің күректей қолыма сүңгіп кетті. Алақаны жып-жылы.... Білегіндегі тамыры бүлк-бүлк етеді. Соғып тұр...
- Ал, анаңа сәлем айт!
Жалт бұрылып кетіп бара жатыр едім Бақытжан «аға» деп айқайлады. Кілт тоқтадым.
- Ау, не боп қалды?
Жүгіріп келе жатыр.
- Жаңағы суретті бере тұрыңызшы.
- Неге?
Десем де төс қалтамдағы суретті алып Бақытжанның өзіне қайтып ұсына бердім. Бақытжан анандай жердегі талдың түбіне барды да сіріңкесін жарқ еткізіп суретті жағып жіберді.
- Бақытжан-ау, мұның не? Не боп қалды?
- Ағай, кешіріңіз, керегі жоқ екен...
Анасының «Осы күні балам нені пайдаланса да жағып жіберетін болды «Неге бүйтесің?» десем, «Басқалар мен сияқты ауырып қалмасын» дейді деген сөзі ойыма сарт ете қалды....
- Ренжімеңіз... Айтпақшы қай газетте істеймін дедіңіз ...,Ә-ә...есіме түсті... Сіздің атыңызға хат жазып жіберемін. Күтіңіз, мақұл ма...
- Мақұл, мақұл...
Мен басқа не дерімді білмей терезелерінен жарықтары жапырлаған үйдің тым-тырыс құлазыған ауласынан ұзай бердім.
* * *
....Бақытжан екеуіміз қоштасқалы бері де арада бір жыл өтті. Менің қайтып ол жаққа жолым түспеді. «Хат жазам аға! Күтіңіз...» деп жәудіреп қалған одан әлі хабар жоқ. Хат келмеген сайын қорқам. Себебі ... белгілі ғой.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет