Көсемәлі СӘттібай¥лы шарбақтының жалғызы



бет16/18
Дата06.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#37603
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
ЕКІНШІ БӨЛІМ
Ғақлиялар

ЖАСАСЫН ҚҰЗҒЫНДАР


Бөктердегі ағаштың саясына тоқтадық. Бұтақтарында Құзғындар қарауытады. «Біздің мазамызды алған бұл кімдер өзі?» дегендей, бір шуласып барып басылды. Еркінсулеріне қарағанда, мынау қатып-семе бастаған ағаштың көлеңкесіне жан жуымайтыны көрініп тұр. Діні мен жапырақтарына саңғырық жұғып, әбден айғызданған. Саясындағы өлкеседен жағымсыз иіс шығады.
- Ойпырмай, мынау әп-әдемі ағашқа обал бопты-ау.
- Е, осындағы жапырағы жайқалған талдардың бірі еді... Бар сәнінен жүрдай болды байғұс. Бұлбұлдар да безіп кетті. Қазір көлеңкесіне мал екеш, мал да жоламайды.
- Құзғындардың айы оңынан туған екен онда.
- Айтпа, қызық-думан осыларда.
- Жасасын Құзғындар!
Тымық ауаны жаңғырықтыра айқай салдым. Ащы айғайды жақтырмағандай ағаштың ұшар басында отырған дәу қара Құзғын орнынан қалбалақтай көтеріліп барып, қайта қонақтады. Сірә, мынау өлекселі өңірдегі ешкім мазаларын алмайтын беймарал өмірге «жамбастары» әбден үйреніп қалса керек.
«Мәжнүн» талға араша сұрағандай қияға қарағам. Үмітім ақталмады. Қырандар бөктерден тым биікте қалықтап жүр екен.

ҚҰЗҒЫНДАР ҚАЗЫ БОЛСА


Бәйге алғандардың арасынан жарықшақ дауыстарымен жұртты ығыр қылған Қарға, Сауысқан және Жарқанатты көргенде торғайлар таң қалды.


- Ау, мыналарға бәйге беріп жүрген кімдер?
- Құлақтың құрыпын қандыратын Бұлбұлымыз қайда?
Бозторғай өзегінде нәрі жоқ, бұтақтары қатып-семіп қалған талдың басында тоқ басып отырған Құзғын, Тазқара, Күшігендерді көрсетті.

- Құзғындарға төрелік айтқызса Бұлбұл түгілі Қара-торғайдың үніне зар боларсыңдар әлі.


Бұл бір қисық-қыңыр кәрі ағаштары мол, қураған бұтақтарының басынан ертелі-кеш Қарғалардың қаркылы үзілмейтін сасық тоғай еді. Сымдай майысқан сәмбі талдар мен оқтаудай түзу ақ қайыңдар «мына бәлелерден аулақ жүреиікші» дегендей таудың самалы үзілмейтін биігіне карай таласа өсіпті. Құлаққа жағымды әдемі әуен де сол жақтан естіледі....
СҰҢҚАРДЫҢ СЫЙЫ

Сұңқардың сыйы Бұлбұлға бұйырды. Бірақ қанаттылар кауымы тым-тырыс. Сездірмейміз дегенімен іштерін өртеген қызғаныштың табы құбақандай құбылған өндерінен лап-лап ете қалды. Бозторғай ғана мәз. Жүрек жарды қуанышын бөлісейін деп Күшігенге бүрылған.


- Естідің бе, Бұлбұл бекерге шырылдамапты.
Күшіген қуанудың орнына күңк ете қалды.
- Естідім, Қариығаның арқасында апты ғой.
Өзінен өнері асқан туысының қуаньшына ортақтаса білу бақыты екінің бірінің мандайына жазыла бермейді екен. Бозторғайдың қараптан-қарап күшеніп жүретін Күшігеннен көңілі қалды. Осы кезде өзінен-өзі алақ-жүлақ етіп, ойға да, қырға да шапқылай берстін Сауысқан сап ете қалды. Бозторғай Құдайдан үміті бар біреуден әлі күдер үзбеген.
- Естідің бе, Бұлбұл...
Бірақ оның да құйрығы шошаң ете қалды.
- Шауыпкел деген атым бар. Маған беретін жөндері еді...
Сұңқардың сыйынан бір орнында омалып отырғаннан басқа түк бітірмейтін Құзғынның шабарманы атанған Сауысқан екеш Сауысқан да дәмелі екен.
ЖАПАЛАҚ

Мынау Бұлбұл, мынау Жапапақ демей бәрін бір торға қамаған. Жемсауы бүлкілдеп, көзі бақырайған Жапалақ та сандуғаштардың қатарына қосылды. Боқка мәз Қарға, құйрығы шыжбыңдаған Сауысқан, жапан далада жүні жалбыраған Тазқаралар да әнші атанып, мырзалардың лақтырып тастаған өлексесінен өз үлестерін таласып- тармасып алып жатты.


Бірақ, азаттық таңы атқалы Жапалақ байғұстың жайы болмай кетті. Ол о бастағы қараңғы қуысына тығылып ап, баяғы «әнші» атанған заманын көксеп, түнімен күңіренегінді шығарды. Дайын жем-суға дәніккен байғұс тышқан аулауды да ұмытып қалып еді...
ТЫРАҚЫ

Көзі бақырайып, қарны қампиып, шидей аяқтарын аспанға көтеріп жатқан жұдырықтай құсты көріп Тырна таңғалды.


- Оу, бәтшағар, шәниіп бұ не жатыс?
- Демалып... - деп, ыңыранды ол.
- Бәрекелді, ал аяқтарыңды көтеріп алғаныңа жол болсын?
- Аспан құлап түссе, басып қалмасын дегенім ғой.
-?...
Түк бітірмесе де дүниенің тұтқасын ұстап жүргендей шіреніп жататын бұл құстың аты Тырақы еді.
ТЕКТІЛІК

Қарақойын ауылының иттері өте көп. Шарбактары алқа-салқа көшесінен қашан өтіп кеткеніңше атыңның құйрығынан тістелеп мазаңды алады.


- Ата, осы жердің иттері жер-дүниені дүрліктіріп неге сонша шабаланады? - деймін, таңғалып.
- Е, балам-ай, иттердің міндеті үру емес пе?
Топтан жырылып үш ит шықты. Аттың тұяғына түсіп
кете жаздап, өршелене үрген төбетке жолаушының қампысы тиген бе, көзі айрандай әппақ болып кеткен. Ал анда-санда маңқ еткен дәу төбеттің жамбас жүні жидіп, терісі жалтырап қалыпты. Бір қызығы осы екеуі де орталарындағы семіз қара төбетке жалтақ-жалтақ карап, жағынғандай абайлады. Атамның қара айғыры шәу-ішу еткен иттерді елең қылар емес. Жалын сілкіп тастап Қарақойын ауылының ортасын қақ жарып келеді. Ақ көз сұмдық ызақор екен. Аяғынан бір тістемей айызы қанбайтындай Қара айғырдың соңынан тісін ақситып қалар смес.
- Мына шіркінді шабаландыра бермей неге бір теппей- ді, - деймін, ертоқымда жардай боп отырған атамның қақпақтай иығына қарап.
- Есіңде болсын, текті мал теппейді. Қара айғырдың тұқымы асыл, - дейді атам.
Ат төбеліндей ауылды у-шу қылған иттер артта қалды. Жауды жапырып қайтқандай тоқмейілсіген ак көз төбет бір тұп бұтаның түбіне барып сарымаққа бұтын көтерген. Топырақ тырмалаған семіз төбет мышқиып отыра калды. Жамбас жүні жидіп түсіп қалған жадау төбет екеуіне кезе- кезек қарап, аңқиып тұр.
Қарақойынды шулатқан төбеттердің қылығына қараптан -қарап күлкім келді.

КҮШІК ПЕН ШЕНЕУНІК


Бала кезімде нан мен қантты көп жеуші ем. Анам жесір болса да бұл мәселеде тапшылық көрсетпеді. Үйден таба нанның жартысын алып шыкқанымды керген Ақтөс алдымнан жүгіріп шығады. Көзін жәутеңдетіп, құйрығын бұлғаңдатып менен өз үлесін дәметеді де баяғы. «Сыбағасын» ә дегеннен асата салмаймын. Бір үзім нанды қысқан қолымды жан-жаққа алып қашып байғұсты әбден әурелеймін. Хайуаннын жәутең-деген жалынышты жанары қолымның бағытымен бірге зыр жүгіргенін қызық көрем. Кейін Ақтөс қолымда нан жоқ болса да қимылымды бағып тұратын болды...


Арада отыз жыл өтті. Қызмет бабымен бір шенеуніктің кеңсесіне бас сұктым. Сәлемдескеннен кейін қолымды қалтама салып едім, жас жігіттің жанары жалт етіп саусақтарым сүңгіген қалтама барып аялдады. Біраз уақыттан кейін қаламсабымды алмаққа төс қалтамды қарманғам. Шенеуніктің жанары жалт етіп тағы да үйреншікті әдетін қайталады.
Сыртқа шыққан соң қасымда бірге болған жолдасым:
- Сүйек-саяқтан дәметіп, жаман үйретіп қапты ғой байғүс бала. Бұралқы иттей жәутеңдеп қолыңа қарағыштай береді екен, деді, шенеуніктің қылығын жақтырмай.
Осы кезде Ақтөстің жәутеңдеп қолыма карағыштай беретіні есіме сап ете түскені. О немені жаман үйреткен мен едім. Ал мына жап-жас шенеунікті жәутендетіп қойған кім болды екен? Қарабай қоғам ба, Сарыбай қоғам ба?!..

АВТОНОМИЯ...


Бір көзін шел басқан бетпақ шал өзінен өзі өзеуреп отыр. Осы қызылкөз туралы «қала көшелерінің жартысына жуығының атын ала-шапқын боп жүріп өзінің ата- бабаларына алып берді» деген жағымсыз әңгіме жиі-жиі айтылады. Кейбіреулер, тіпті, көзіне шұқымаса да «бәленбай батыр, түгенбай болыстың бәрі тек қана осы қызылкөздің ата-бабаларынан шыққан екен да жүдә» деп мысқылдап, сыртынан мырс-мырс күліп жүр. Бірақ туған- туыстарының қолтығына су бүркіп, «үрит, соқтырып» отырған мына қитұрқысының қасында көше-мөше, ауыл- пауылыңның аттары жіп есе алмай қалғандай.


- Біздің атамыздың ұрпағының саны қазірдің өзінде қазақ халқының тең жартысынан асып кетті. Мынау таудың ар жағы мен бер жағы, анау жыңғылды-жүзгенді жалпақ дала түгел біздің жеріміз. Біздің ата-бабамыз....
Бетпақ шалдың жылдан-жылға асқынып бара жатқан рушылдық ауруына арқасы ұстап, шекесі тырысып жүретін көкем оның дәл осы жолғы жарапазанына күйіп кетті-ау деймін:
- Ой, оттаған аузыңды... Онда үкіметке хат жазып, ата- бабаларыңның бықып жүрген үрпағына автоноимия сүрамайсың ба? Аз қазақтың баласын алалаған сендейлерге жетпей жүргені енді Елбасынан автономия сүрау еді, - деп, әлгі басы қалт-қүлт етіп, көзі алақ-жүлақ еткен бетпақ шалды мәнерлеп тұрып бір боқтады да кете барды.
Қызылкөз аузы аңқиып, сілекейі шүбырып, омалып отырды да қалды.

АҚЫЛБАЙДЫҢ АТЫ


Ақылбайдың атында мін жоқ. Кінә қожайынында. Оң қолымен қамиы ұрса, сол қолымен тізгінді тартады. Сосын ат байғұс амал жоқ бір орнында айналшықтай береді, айналшықтай береді. Жануар кейде көзі алайып көткеншектеп те кетеді.


Ақылбайдың аты мен біздің тіліміздің тағдырында өте ұқсастық бар.

КӨЛЕҢКЕ


«Көлеңке» деген сөздің өзіне де көлеңке түсті. «Көлеңкелі экономика», «көлеңкелі бизнес», терезесін көлеңкелеген көліктер....


Кұнге шағылысқан айнадай (көлеңкелі) әйектердің ар жағынан сұғын қадап тұрған кім? Қарауылға алған қанішер ме? Әлде ақ ордаңның астынан ор қазуды ойлаған опасыз ба? Жұмбақ...
Парламенттің дастарқанынан дәметкен бір шұнақ құл көзін көлеңкелеп елге келді. Қап-қара көзілдірік жалпак бетінің жартысын жауып жатыр. Көлеңкеленгендерден
зәрезап болған жұрт аясын ба, оның аялдамаға жапсырылған табақтай суретінің бетіне «көзіңді көлеңкелесең де көкейің белғілі ғой, кәззәп!» деп, шимайлап кетті.

ҚАЗА ТУРАЛЫ АЗА


ТАЛАНТТЫҢ дәмі таусылды. Бірақ таланттар ауылының төрін жайлаған Құзғындар мұны көп қазаның бірі деп қабылдады. Сықсыңдағансығанымен «қызыл көз бәледен құтылдық па, жоқ па» деп қуанғандай қаламгердің туған- туысқандарына көңіл айтып, қазанама беруге де кісіліктері жетпеді.


ШЕНЕУНІК қаза болды. Шенеуніктердің төрінде отырғандар мұны орны толмас өкініш деп қабылдады. Азаматтың атын көзден кетсе де көңілден кетпейтіндей ғып ақтық сапарға қарақұрым халық болып шығарып салды. Ақ жамылып, әруаққа айналған марқұмның артындағы жылап-еңіреп қалған мүмкіндерғе осы ақиқи көңілден артықтың керегі де жоқ еді.
** *

Талант... Тайқымаңдайлардың төрінде жамбастап жатқандардың арасынан қаламгердің қазасына состиып үш адам ғана төбе көрсетті. Ауыр қазадан хабарсыз қалып, талантты ұлдың дүниеден өткенін бірнеше күннен кейін естіген есті кісілер жағаларын ұстады. «Ау, неге хабар бермедіңдер? Ол осы өңірдегі Азаматтық үні мен Ұлттық мені бар аздың бірі емес пе еді...»


Бірақ бұл нала-өкінішке «Талантбекті жерлеп келдік» деп, түк болмағандай қара шайын сораптап отырған салпы еріннің қап-қара беті бүлк етпеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет