Көсемәлі СӘттібай¥лы шарбақтының жалғызы


БІР КҮНІ МҰҢАЙЫП ОТЬІРСАМ



бет13/18
Дата06.02.2022
өлшемі1,9 Mb.
#37603
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
9.БІР КҮНІ МҰҢАЙЫП ОТЬІРСАМ...
Дәрігер келіп: «Мейірқұлов, жүр бері» деді. Осының алдында ғана «тексеру болады, палаталарды тазалаймыз» деп әлекедей жалаңдаған тазалыққа карайтын аиайлар өңкей ауруларды далаға куын шыққан. Менің жүрегім әлденеге кобал-жығандай болды. Өрмекшіме қарағам: ол болса қапелімде торына «тұтқынға» түсіп қалған шыбынмен әуре боп жатыр екен. Апайлар «палатаны тазалаймыз» деген сайын осы өрмекшінің ұясын бұзып тастар ма екен? деп зәрем қалмайтын. Ішім бірдеңені сезіпті... Даладан қайтып келсем бұрыш тап-таза-менің өрмекшім де, ұясы да жоқ...
Жылап жібердім. «Енді анам мүлде келмейтін болды» деп жорығам. Осы кезде ғой дәрігердің «Мейірқұлов, жүр бері» деп зекігені. Соңынан ілестім. Бас дәрігердің бөлмесіне кірсем... мінс ғажап, анам отыр! Жылап көрістік. Анам ауыз-басымнан түк қоймай шөпілдетіп сүйіп жатыр, сүйіп жатыр... Менің ішіме симай жүрген сағынышым көзімнен жас боп төгіліп жатыр, төгіліп жатыр...
Мені ауруханадан шығаратын болды. Бірақ оған қуанып жүрген жоқ. Әлсін-әлсін басымды кеудесіне басып, көзінің жасын орамалымен сүрте береді. «О, құдайым-ай, не жаздық саған!» дейді. «Сап сау балама қан құямыз деп ауру ғып берді ғой» деп дәрігерлерді қарғайды. Ауылдағы дәрігерге берілген жолдама қағазға қарайды да тағы жылайды.
Анам ауылға келгеннен кейін мені үйден көп шығармайтын болды. Анда-санда орталықтағы дәрігерге апарады. Маған дәрігер қыз мені көрген сайын «селк» ете қалатын сияқты болып көрінеді. Бір түрлі құтылғанша асыға ма, қалай... Мені бөлмеден шығарып жіберіп, анамды онаша алып қалады да ақыл айтып құлағын сарсытады. Бір жолы: «Өзіне жеке ыдыс-аяқ беріңіз. Ауылдың балаларына қоспаңыз» деп жатқанын естіп қалдым. «Ол... тек қан арқылы жұғады ғой» дейді анам жыламсырап. «Бізге енді жетпегені қан арқылы жұғу еді» дейді қыз зіркілдеп. Не керек, анам мені дәрігерге әкелген ғұрлы онын қабылдауынан екі көзі қып-қызыл боп, жылап шығады. Бұл құпия әңгіменің астарында не бүгулі жатқаны менің санама да біртіңдеп ұялай бастаған соңғы кезде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет