8. КӨЗІМДІ АШСАМ, КӨРЕТІНІМ КӨК АСПАН... Көзімді ашсам, терезеден көретінім-көк аспан, ақша бұлт, одан кейін... өрмекші. Ол мен жатқан палатаның төбесіндегі бұрышқа, лүп еткен самал болса үзіліп кетердей боп дір-дір етіп тұрған өзінің торын мекен етеді. Мен оның аяқтары арбиған кішкентай тұрқына қүнұзак қараймын да жатамын. Салбырап, төмен түссе екен деймін. «Егер төбеден өрмекші түссе үйге қонақ келеді» дейтін анам Мырзабек баздағы жападан-жалғыз үйде тұрған кезімізде.
Бір жолы, шынында да үйге өрмекші түскен күні, қолында тор дорбаға салып алған алмасы бар бір ағай екі-кештің арасында жылмаң етіп кіріп келеді. Мен төргі бөлмеде әкемнің тізесіне шығып, еркелеп ойнап отырғанмын.
- О, үйге қонақ келді, - деп қуанғанымнан алдынан жүгіріп шықтым.
Сөйтсем әлгі ағай әкемнің Шымкенттегі нағашысынын баласы екен. Айтуына қарағанда мәшине алған, оның үстіне үй соғып жатыр... Соған көмек керек. Әрине, менің мұндай шаруамен ісім жоқ, алдымдағы алқызыл алмамен әуремін.
Ертесіне әкем нағашысының баласына бір жылқысын сатып ақша ғып берді де, жолға аттандырып салды. Мұның бәрін мен кейін анамнан естідім ғой, әйтпесе қайдан білемін.
- Сөйткен нағашылары кейін әкеңнің қазасына келіп, бізге көңіл айтуға да жарамады - деп күрсініп отырар еді анам.
Бауырына ораған жібін аяғандай өрмекші түспей қойды. Кейде бір жаққа жолға шығуға бел буғандай төмен қарай жылдам-жылдам салбырап түсе бастайтыны бар. Бірақ әлденеге ойланғандай кенет салбыраған күйі тоқтап қалады да, ұясында бірдеңесі ұмыт қалғандай жоғары қарай қайтадан өрмелейді. Мен қараймын да жатамын. Әттең қол созым жерге жетсе ғой. «Егер өрмекшінің төмен салбырап түсіп келе жатқанын көрсең жібін үзіп жібер, сонда сағынып күтіп жүрген адамың келеді» дейтін анам. Ал менің сағынып, сарғайып күт-кен адамым сол шешемнің өзі...
Анам алғашкы кезде, онда мен дене жарақаттарын алып түскендерді емдейтін ауруханада едім, арага ай аралатып келіп түратын. Тәтті тоқаш, май, күрт, кәмпит әкелетін. Екеуміз, ол менің төсеғімнің аяқ жағына отырып алады, күңкілдесіп үзақ әңгімелесетіңбіз. «Әкеннің басына күлпы тас орнатып, қүран окыттым...» дейді. «Нүрқанат, Ербол достарың шап-қылап ойнап жүр...» дейді. «Ауылда қазір жан бағу қиын боп кетті»...дейді. Не айтса да мен үшін маңызды, мен үшін кызық. Қолынан ұстап жатамын, айта берсе екен деймін. Бір кезде менің жағдайыма ауысады. «Ұзақ жатқызды ғой...» дейді. «Аяғың жүруге жарады ма?...» дейді. «Қабырғаң қозғалғанда ауырмай ма?.. дейді» дейді. Сосын мені машинасымен қағып кеткен мас шопырды қарғайды:«Жүрімің кысқарғыр, жүр әлі көшені шаңдатып... Ондайларды құдай да, жауда алмайды...» деп.
Кейін анам, сырын соңыра білдім ғой, келмей кетті.
Мен мүны озімді басқа ауруханаға ауыстырып жіберге- нінен көріп жүргенмін, «үлкен қалада адасып, таппай жүрген шығар» деп. Сөйтсем... анам ылғи келеді екен, бірақ дәрігерлер кіргізбей, бетін кайтарып жібсреді екен ғой... Ал мен жүруге жараган аяғымды көрсетіп, секіріп ойнап бір мәз қыла-йын деп жүрсем.