Кошенова Раушан кандидат педагогических наук


Мақал, мәтелдер. Пословицы, поговорки



бет3/4
Дата11.03.2017
өлшемі1,51 Mb.
#11439
1   2   3   4

Мақал, мәтелдер. Пословицы, поговорки.
1. Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді

За двумя зайцами погонишься, ни одного не поймаешь.

2. Кеңесіп пішкен тон – келте болмас.

Ум хорошо, а два лучше.

3. Қойшы көп болса, қой арам өледі.

У семи нянек дитя без глазу.

4. Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді.

Ложка дегтя бочку меда портит.

5. Жатқан жыланның құйрығын баспа.

Не буди лиха, пока оно тихо.

6. Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды.

Два медведя в одной берлоге не уживутся.

7. Үндемеген үйдей пәледен құтылады.

Держи язык за зубами.

В закрытый рот муха не влетит.

8. Шегірткеден қорыққан егін екпес.

Волков бояться – в лес не ходить.

9. Жаман айтпай, жақсы жоқ.

Нет худа без добра.

10. Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.

Нет дыма без огня.
Следующий материал можно использовать во время работы

с картинами


Игра называется «На что это похоже?»

Предлагается определить, на какую букву похож предмет на картинке.

Қай зат қай әріпке ұқсайды?

Көшеде құдық-

Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?

(Г әрпі).

Қолымда шалғы –

Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?

(Ғ әрпі).

Түйе өркеші –

Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?

(М әрпі).
Дарбазаға қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?

(П әрпі).

Білезікке қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?

(С әрпі).


Қамытқа тұрған –

Қарайық,


Ұқсайды оған қай әріп?

(Д әрпі).


Мынау доға –

Қарайық,


Ұқсайды оған қай әріп?

(Л әрпі).


Сақинаға қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?

(О әрпі).
Айбалтаға қарайық

Ұқсайды оған қай әріп?

(Р әрпі).
Сөздік – словарь
Құдық – колодец Шалғы – коса

Сақина – кольцо Қамыт – хомут

Түйе өркеші – горб верблюда Доға – дуга

Дарбаза – ворота Айбалта – секира, топор

Білезік – браслет
Жаңылтпаштар. Скороговорки.

Есет атам ет асатар,

Ет асатса, бес асатар.
Торта қойдым,

Орта қойдым,

Орта қойдым

Жорта қойдым

Дүкенде ара балы бар,

Ара балын барып ал.


Жоламанның жорамалы рас,

Балалардың оралары рас.


Қырық құрқылтай

Бір құрдан үркіп ұшты.

Қырық құр

Бір құрқылтайдан үркіп ұшты.

Қырық құр қорқақ па?

Қырық құрқылтай қорқақ па?


Бақытбек батпаққа өсетін

Бақ-бақты мақтайды.

Мен бақ-бақты мақтайтын

Бақытбекті жақтамаймын.


Жүріп кетпей қатқақта,

Батпаққа батпақтап,

Жатпақ па?
Жаңбыр жауып келеді қар аралас,

Бір топ кемпір келеді шал аралас.

Тауға қайың бітеді тал аралас,

Бір топ сиыр келеді тана аралас.


Атам томағаламаған бүркітті

Мен томағаламағанда,

кім томағалайды?

Он қап, он қапты қақ

Он қапты қақ та, қапта.
Пышағы кесті, шашты,

Шанышқышы шанышты.


Ұшты, ұшты, кім ұшты?

Қысқыш ұшты, қыш ұшты.

Қысқаш ұшпас, қыш та ұшпас.

Ұшса ұшар, құс ұшар

Қашан қысқыш, қыш ұшты?
Ашқарақ-ау,

Ашқарақ,


Қасқырдан басқарақ.

Ашқарақ болғаның

Масқара-ақ!
Көктем жауын-шашынсыз болмас,

Жауын-шашынсыз болмаса,

Жасынсыз болмас.
Жақсы қайшы

Қайсы қайшы?


Айша қанша арша алса,

Ғайша сонша арша алды.

Шұнақ құлақ лақ

Бұлаққа барды.

Бұлақ жағасындағы

Құраққа барды.


Дала балалары қала аралады,

Қалай аралады?

Қарай – қарай аралады.

Талай аралады.


Ала – ала алашалар,

Тамаша олар.

Оған кім таласа алар,

Таба алса, алар.


Балалар шаруаға араласты,

Кораға мал қораласты,

Мал қамасты.
Қыста боран борар, қар борар,

Кыздар шәлі, орамал оранар.


Есепті сен шешсең,

сен шеш


Тез шешсен, тез шеш.

Ошақта от жоқ,

Шоқ тап, от жақ.

Көже пісті.

Көжені неше кісі ішті?

Далада күн ысып, шыжып тұр,

Шыжып тұрғандықтан,

Сенекте


Айран ашып, быжып тұр.
Дөң жатыр,

Дөңде тон – тон кен жатыр.

Аланғасарларша алаңға –

Сорланбасаңшы.


Есеннің шешесін көрдім.

Шешесін кеше көрдім.

Кеше көшеде көрдім,

Көшеде нешеде көрдім?


Бұл заржақ,

Қай заржақ?!


Шаршар жақ жоқ!

Бұл жылаңқы зор заржақ!


Қазыққа мал байланар,

Байланған мал жайланар.


Ізшілер іздесті,

Түз кезді, із кесті.

Тақпақ жатта,

Жатқа жатта

Жаттамай жатпа.


Жұмбақтар, загадки
Су ішінде желігер,

Кұм үстінде демігер.

(Балық)

Бір құрсақты,



Екі құлақты,

Он екі белбеулі,

Бір түймелі.
«Ти», - десем, тимейді,

«Тиме», - десем, тиеді.

(Ерін)
Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

(Куннің көзі)
Екі желілі,

Күйдің көрігі,

Әннің көлігі.

(Домбыра)


Адасқанда ал қолыңа,

Бағыт берер жолыңа.

(Компас)
Жазып, үй еттім,

Жинап, арқалап кеттім.

(Шатыр)
Кіретін жері-бір есік,

Шығатын жері-мың тесік.

(Елеуіш)
Жана – жана түнде,

Таусылды ол мүлде.

(Шырақ)
Аспандағы алып доп,

Жарқырайды жарық боп.

(Күн)

Төгіліп жерге ақ моншақ,



Ғайып болды сол шақта ақ.

(Бұршақ)
Әжемнің қолында шыр айналар,

Шыр айналса, өзіне шыр байланар.

(Ұршық)


Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарды күз жеткенде.

(Алма)

Ай далада ақ отау,



Аузы – мұрны жоқ отау.

(Жұмыртқа)

Көзін ашып-жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады.

(Бағдаршам)

Хабарлайтын дерегіңді,

Қабылдайтын керегіңді,

Бір жазу бар тіптен қызық,

Барлық әрпі: нүкте, сызық.

(Морзе әліпбиі)

Аяғы сырықтай,

Мойны құрықтай.

(Көрік)

Ағайынды бәрі:



Шықса – көк,

Түссе – сары.

(Жапырақтар)
Су көтеріп жүріп келем,

Өзім біреуге мініп келем.

(Иінағаш)
Табанға тақтым,

Жалпаң қақтым,

Зырлап бақтым.

(Коньки)
Сырты - тәтті, іші - тәтті,

Ортасы - сүйек қатты.

(Өрік)


Көк лағым көгенде

Жатып семіреді.

(Қарбыз)
Жеке өзін жей алмайсың,

Онсыз асты аузыңа салмайсың

(Тұз)
Көлбең – көлбең етеді,

Жер түбіне жетеді.

(Түтін)
Сулары жоқ,

Көлдері бар,

Үйлері жоқ,

Елдері бар,

Тастары жоқ.

Таулары бар.

Қарбыздай – ақ,

Аумағы бар.

(Глобус)
Сөздік – Словарь

Балық – рыба

Күн – солнце

Ерін – губы

Ай – луна

Қар – снег

Күріш – рис

Шатыр – зонт

Елеуіш – сито

Шырша – елка

Доп – мяч

Жапырақ – лист

Тұз – соль.

Бұршақ – град

Жұмыртқа – яйцо

Түтін – дым

Иінағаш – коромысло

При изучении алфавита на доске записываются стихотворения, скороговорки, дразнилки. Учащиеся подсчитывают, какая буква чаще всего используется, и поднимают заранее подготовленные карточки с буквами.

А – Астанамыз – Алматы

Алатау асқақ аясы

Алқабында атақты

Алқызыл апорт алмасы.

Б - Білмеймін болғанын

Бұрын бұндай,

Бітік біткен барынша

Биыл бидай.

Е – Ер – еліне ес,

Ері елін елейді.

Ер еліне еркелер,

Елімен ер елеулі.

Т – Толқыны таудай тепкілеп,

Телегей теңіз түнерді.

Теңселместен теплоход

Теңіздің төсін тіледі.

О – Олар отырып ортақ

Ойын ойнайды.

Ойынды ойлы

Ойнағандары оңғаны.

Ә - Әпендіше Әкімің

Әкелді де әлгінде

Әпкесінің әтірін,

Әлек шашып әркімге.

Д – Далалықтар

Дархан, дана, дарынды

Далалықтарға даналық

Данасынан дарыды.

Ж – Жайылып жасыл

жайлау жатыр,

жарасып, жайғасып

жылдағыдай

жұрт жабыла жайлап жатыр.

- Бақа, бақа, балпақ,

Басын неге жалпақ?

- Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ!

- Бақа, бақа, балпақ,

Көзін неден тостақ?

- Қырдан қарауыл көп қарап,

Көзім содан тостақ.

- Бақа, бақа, балпақ,

Бұтың неге талтақ?

- Көп отырдым ерініп,

Бұтым содан талтақ.
Ұмтылса қораз,

Жылайды Ораз.

Қашады Ораз.

Шақырса қораз,

Ораз бен қораз

Осылай араз.

Четвертый лишний

Один из играющих должен обнаружить лишнее слово среди четырех, записанных на доске или на плакате. Побеждает тот, кто обнаружит большее количество таких слов.


Көл қанша теңіз көйлек бармақ желтоқсан

қол неше бұлақ көмек саусақ ақпан
бас Қайда өзен түйме білек қаңтар
құлақ пайда құлақ жейде тілек қазан

үйрек алма көше кесе дүйсенбі өшіргіш


қаз алмұрт алаң қасық жұма қалам
тауық қауын даңғыл сүзгіш бейсенбі дәптер
балық өрік сиыр өшіргіш бала кептер

қара май көктем әпке кілем жапырақ


қызыл қант күз әже орындық ағаш
сұр нан қыс аға перде діңгек
бұйра қыз сағат зергер тарақ бұтақ
Придумайте сами
Составить метаграммы, используя слова.

бап – бақ – жал – бай – бас – мал – сал - қал

қыз – қыс – қыр – қаз – қор – қол – қой – қыр

қар – қал – қақ – қап – шал – бал - мал

Загадано слово. Оно обозначает сладость, любимую детворой. Если заменить третью букву этого слова, получится понятие, которое обозначает слово «счастье», заменить первую – часть тела и т. д.
Игра «Фразеологическое лото»

На карточках – фразеологизмы на казахском языке. Пользуясь словарем, учащиеся переводят фразеологизмы и подбирают эквиваленты.

1. Көз жасын қөл қылу – лить слезы в три ручья.

2. Көлегі – көк, тамағы тоқ – как сыр в масле кататься.

3. Мақтамен бауыздау – без ножа зарезать.

4. Он саусағынан өнер тамған – мастер золотые руки.

5. Көктен түскендей – как с луны свалился.

6. Түймедейді түйедей қылу – делать из мухи слона.

7. Үш ұйықтаса түсіне кірмейтін – и во сне не приснится.

8. Шаш ал десе, бас алу – перегибать палку.

9. Шық бермес Шығайбай – зимой снегу не выпросишь.

10. Қас пен көзің арасында – в мгновение ока.

11. Қой ауызынан шөп алмас – мухи не обидит.

12. Бір күн бие, бір күн түйе – семь пятниц на неделе.

13. Ініне су құю – выводить на чистую воду.

14. Сөге жамандама – не поминай лихом.

15. Тайып тұру – сматывать удочки.

16. Ұзын арқан, кең тұсау – откладывать в долгий ящик.

17. Екі көзі төрт болу - проглядеть все глаза.

18. Жабулы қазан, жабулы күйінде – не выносить мусор из избы.

19. Жападан жалғыз – один как перст.

20. Жаны қалмау – души не чаять.

21. Егіз қозыдай – как две капли воды похожи.

22. Қол қусырып отыру – сидеть сложа руки.

23. Басына көшіру – кричать вовсе горло.

24. Күнбе күн – день деньской.

25. Шыбық тимес шынқ етер – недотрога.
Бес саусақ – пять пальцев

Инсценировка для вечера казахского языка. Также можно использовать при изучении темы – «Азық-түлік» - Продукты


Дене мүшелері – части тела.

Басбармақ – большой.

Балаң үйрек – указательный.

Ортан терек – средний.

Шылдыр шүмек – безымянный.

Кішкентай бөбек – мизинец.

Все пятеро лежат на стульях, в ряд, входит бабушка и будит их:

Балаларым тұрындар,

Сөзге мойын бұрыңдар.

Все пятеро просыпаются, потягиваются, зевают.

Бабушка берется за большой палец и говорит ему.

Жатып алдың талайдан,

Бұзауларды бақ, айнам.

Кешке үйге келгенде,

Құйып берем ақ айран.

Большой палец кричит – «Алақай» и убегает.

Указательному бабушка говорит:

Шөп жиналып бітпеген,

Сен сонда бар жұртпенен.

Кешке үйге келгенде,

Май беремін құртпенен.

Среднего бабушка уговаривает так:

Сен – ортаншы бөбегім,

Қырда бүгін көп егін.

Сен қырманнан келгенде,

Кәмпитті үйіп-төгемін.

Безымянному она говорит так:

Еңбек еткен – жақсы адам,

Қарбыз жина бақшадан.

Дастарқанға сен үшін

Тәтті нанды көп салам.

Мизинцу, самому маленькому, она дает в руки веник.

Жатып бекер жеп-ішпе.

Үй жұмысын сен істе.

Кешке қарай өзінді

Тойдырамын жеміске.


Игра «Два Мороза» (Екі Аяз-Ата)

Две команды друг против друга становятся за линией. Расстояние – 10-15 м. После того, как первые два человека по считалке:


Ақ мамық,

Бақ мамық,

Даланы жапқан.

Тон мамық,

Кірпік мамық,

Шат мамық,

Берік мамық,

Қол мамық,

Ол мамық!

Ерінде тұр,

Мол мамық,
Қытықтан әбден өлдім,

Қытықтаған ол кім?


Становятся дедами Морозами, они выходят на середину игрового поля и говорят.

Біз аязбыз, аязбыз,

Балалармен аразбыз.

Первый входит и говорит: Мен қызыл шоқ тұмсықпын.

Второй: - мен қырсық көк тұмсықпын. И оба подхватывают вместе:

Жүрексінбей, нық басып,

Батыл болсаң, сыртқа шық!

Дети, приготовившись бежать, хором кричат:

Аяз бізге сөз емес,

Қорқатұғын біз емес.

И бегут на другую половину поля. Морозы стараются задеть бегущих рукой, - кто задет, тот мгновенно «застывает». Морозы опять начинают игру, на этот раз задача игроков усложняется – они должны «разморозить» стоящих на поле.

Игра «Откликнись, и я скажу твое имя»

(Дауыста, атынды айтам).

В середину выходит водящий, ему завязывают глаза. В это время все меняются местами. После слов водящего: «Дауыста, атынды айтамын», кто-то произносит слово «Тамаша», стараясь изменить голос. Если водящий узнает говорящему по голосу, то они меняются местами. Если же водящий не отгадает более 2 раз, то он должен отгадать загадки или без запинки произнести скороговорки.


Игра «Ақ серек пен көк серек»

(Ақ серек пен көк серек)

Ребята выстраиваются в две цепи на расстоянии 20-25 метров друг от друга. Крепко держатся за руки. Тот, кого вызывают из противоположной команды, должен разрушить их цепь. Если он не сможет этого сделать, тогда его оставляют.

На казахском языке вызов противнику звучит так:

Ақ серек пен

Көк серек

Тауып алдым бәйтерек.

Жалындаған күн керек

Жалпы достан кім керек?

Анау тұрған ұл керек

Оның аты Еркебек

Келсін бізге ертерек.


Игра «Что нужно сказать?»

(Не деу керек?)

Эту игру можно использовать на вечере, посвященном этикету.

Одна команда читает текст с вопросами, другая – должна поднять таблицу с правильным ответом. На доске – словарь вежливости:

Рахмет – спасибо

Кешір – прости

Сәлемет пе! – здравствуй! Көмектесейін – давай помогу

Рұқсат па? – разрешите

Мақұл – ладно, хорошо.
***

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын,

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?

(Рахмет)
Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу – айқай.

Сен де шықтың, көршінді

Осы келген бетінде


Допты қудың, жарыстың.

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың.

Ұмыттың сен не деуді?

(Сәлемет пе!)

Әжең сенің түскі асқа

Қанттарды салды мол.

Жұрттан бұрын ыдысқа

Әй-шәйі жоқ салдың қол.

Жөн еді не айтқаның?

(Рұқсат па?)
Қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек?

(Кешір)

Үй артында қоқысты,



Жатқан көптен үйіліп.

Тазалайды қарт кісі,

Белі зорға иіліп.

Не дегенің жөн еді?

(Көмектесейін)

Добын апар Назардың!

Деді ағаң, бармадың.

Тапжылмадың, сазардың,

Аға тілін алмадың.

Сен қай сөзді айтпадың?

(Мақұл)

Ә. Дуйсенбиев
Викторина «Өзің тап».

(«Угадай»)

Нужно перевести вопрос и подобрать правильный ответ из слов, записанных на доске.
Допиши нужное слово

- Шегірткеге не жарасады?

- Құланға не жарасады?

- Жыланға не жарасады?

- Ақ тауыққа не жарасады?

- Ақылдыға не жарасады?

- Секірген.

- Пысқырған.

- Ысқырған.

- Шоқыған.

- Оқыған.
Викторина «Неге?»

(«Почему?»)

В этой игре нужно дописать нужное слово:

Бұлттар неге (ауады)?

Жаңбыр неге (жауады)?

Құм неге (көшеді)?

Орман неге (шулайды)?

Теңіз неге (тулайды)?

Таулар неге (тозады)?

Жарық неге (өшеді)?

Маса неге (шағады)?

Жұлдыз неге (ағады)?


«Тізбектер» («Цепочка»)

Вид лексической игры, где каждое последующее слово надо начать с последней буквы предыдущего (өзен – наурыз – зерде – елес – сиыр).
«Поезд» («Поезд»)

Составляются из вагонов (3-4 человека) составы. Побеждает та команда, у которой состав длиннее. Вагон формируется, если ребята подобрали на заданную тему не менее 5 слов.


Работа по картинкам

Взяв произвольную картинку, учащиеся должны ответить на вопрос карточки. Что делает белый козленок? На рисунке – белый козленок. Нужно подобрать карточку со следующим текстом:
Ақ лақ–ау, ақ лақ

Неге жүрсің маңырап,

Енең келсе өрістен,

Жүгіресің жамырап?


Құмырсқа – Муравей
- Құмырсқа жазда не істейді? Қыста не істейді?

Еңбек сүйгіш құмырсқа

Ерте шығып жұмысқа.

Жаздай астық тасиды,

Толтырады ас үйді.

Қыстай тыныш жатады,

Рақатқа батады.

-Құмырсқа жазда астық тасиды.

Қыста тыныш жатады.
Тайлақ – Верблюжонок
-Тайлақ не істеді?

– Тайлақ ойнақ салып жұр.

Ойнақ салған тайлақ,

Кетпе алысқа ойнап.

Сала берсең ойнақ,

Қоямын мен байлап.



А. Бақтыгереева.

Бүгін қай күн? – Какой сегодня день?


- Бүгін қай күн? – Дүйсенбі.

- Ертең қай күн? – Сейсенбі.

- Оят онда Дүйсенді,

- Оят онда Сейсенді,

- Сабағынан қалмасын.
- Бүгін қай күн? – Сәрсенбі.

- Ертең қай күн? – Бейсенбі.

- Оят онда Сәрсенді,

- Оят онда Бейсенді,

- Сабағынан қалмасын.

- Бүгін қай күн? – Жұма ғой.

- Ертең қай күн? – Сенбі ғой.

Тұрсын онда Жұмажан,

Тұрсын онда Сенбіжан.

Сабағынан қалмасын.


- Бүгін қай күн? – Жексенбі.

- Демалыста Ескендір.

- Оят онда Жексенді,

- Дүйсен, Сейсен, Сәрсенді –

- Асыр салып ойнасын.
***

Чтобы выбрать для игры водящего, используйте считалки.

Бір дегенім – білеу,

Екі дегенім – егеу,

Үш дегенім – үскі,

Төрт дегенім – төсек,

Бес дегенім – бесік,

Алты дегенім – асық,

Жеті дегенім – желке,

Сегіз дегенім – серке,

Тоғыз дегенім – торқа,

Он дегенім – торқа,

Он дегенім – оймақ,

Он бір – қара жұмбақ.


Кім айтар?
Өзен суда балық бар,

- Балық бар деп кім айтар?

- Балқылдаған бақа айтар,

- Бақылдаған теке айтар,

- Бие сауған шал айтар,

- Бала баққан қозы айтар.

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған кезімде

Би билеймін дөңгелеп.

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Күндей нұрлы шағымда

Күнге жетем өрмелеп.

Ақ – түс,

Ақ сиырдың сүтін іш,

Ақ сүт берер саған күш.

Шым-шым мөлдір суға түс.



КТО БЫСТРЕЕ?

УЧИМ НАИЗУСТЬ

Кәмшат


Кәмшат шықты далаға,

Ісі оның шала ма?

Бір аяққа ақ түсті,

Киіп апты сандалын,

Күлдірді кеп жан – жағын.
Е. Елубаев
Тырна

Босқа қарап тұрмадым,

Біраз жұмыс тындырдым.

Әттең, бірақ тырнаның

Екі тісін сындырдым.

Болып қалдым ұятты,

Атам мұны ұқпай ма?

Менің тісім сияқты

Ол да қайта шықпай ма?

Е. Елубаев
Қаз

Суға түссе, балықтай

Жүре берер жалықпай.

Судан шықса, баладай

Тәй – тәй басып қалады – ай!
Сөздік-словарь
Тырма – грабли

Тіс – зубы

Іс – дело

Түс – цвет

Бақа - лягушка

Күлдіру – заставить смеяться

Қаз – гусь

Балық – рыба

Бала – ребенок

Қораз – петух.



Шырша жыры

Дала аппақ,

Жапалақтап

Қар жауып тұр тынбастан.

Қалың орман

Қар жамылған.

Маужырайды түнгі аспан.

О, алақай,

Аяз атай

Келе жатыр алыста,

Кәне, досым,

Әнге қосыл.

Әнге қосыл қалыспа!

Қол ұстасып,

Құшақтасып,

Үйренейік жаңа жыр.

Құтты болсын,

Құтты болсын,

Құтты болсын, Жаңа жыл!

Ә. Дүйсенбиев
Қаңтар

Ақ мақтадай қары бар,

Аязы бар, әні бар.

Дүниені жаңартқан

Жылдың басы – қаңтар.

Құрбы менен құрдасқа

Жыл да басқа, жыр басқа.

Әрбір бөбек өседі.

Қаңтарда бір жасқа.

Ә. Асылбеков
Аққала

Бойыма шақ қана

Қаладым аққала.

Қуансын қосыла.

Жүгірдім досыма.

Жығыла – сүріне

Жеткенше үйіне.

Мақтанып айтқанша.

Ертіп–ап қайтқанша:

Аққалам үлгеріп,

Кетіпті күнге еріп !..

Е. Елубаев
Қыс

Қандай қызық қыс деген?

Бәрін шебер істеген.

Бақша–бауды, тауды да

Бояған ақ түспенен.

Қандай суық қыс деген?

Қалтырайды құс деген.

Құлақшынды кимесең,

Құлағыңды тістеген.
Қыс дегенің ақ қана

Үлбіреген мақта ма?

Тыным таппай күн ұзақ

Тұрғызады аққала.



Ә. Асылбеков

Қыс

Шатынайды тыста аяз,

Қызыл шұнақ үскірік.

Қалшылдайды жалаңдап,

Зәрлі деммен ысқырып.

Ұшқан теңіз қалың қар

Жерді басып жабады.

Шұнақ аяз жалаңдап,

Екі санын сабады.

Мұздай демі бет қарып,

Аяз аузын ашады.

Құлақтанып қызыл Күн,

Жасыл ұшқын шашады.

С. Сейфуллин
Көктем

Қанша жүректі

Нұрлантып келдің.

Қанша жүректі

Ырғалтып келдің.
Қанша қап алма

Тағы үзіп келдің.

Қанша балықты

Ағызып келдің


Қанша сәулеңе

Сүйгізіп келдің,

Қанша сәукеле

Кигізіп келдің.


Мына келісің

Қызық – ақ сенің.

Қанша тырнаны

Тізіп ап келдің


Қанша көп ектің

Гүлін шынардың.

Қанша бөбектің

Тілін шығардың…



Т. Айбергенов
Еркеле
Жайнаған

Көктемде.

Айналаң

Кепкенде:



Алаудай

Күнге де,

Жалаудай

Гүлге де,

Асаудай

Бұлаққа,


Жасаудай

Құраққа,


Тулаған

Төменде,


Шулаған

Өзенге,


Жөнкіп бұлт

Ұшқанда,


Жәрдем қып

Құстарға,

Үлпілдек

Желге де,

Біртіндеп

Дөңге де –

Еркеле,

Өрмеле!


Қ. Толыбаев

Көктемде
Бұйра тұлым бұлақтар,

Жасыл шалғын өңірі.

Тым асыға алға аттар,

Айдынды аңсап көңілі.

Тізбектіліп барады,

Аспандағы тырналар.

Көзін алмай қарайды,

Құмарланып балалар.



Х. Талғаров

Көктем
Көктем күні күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Бәйшешектер дүркіреп,

Шыға келді қыр түлеп.


Күлім қағып күн шығып,

Күн нұрымен бір шығып,

Ел еңбекке құлшынып,

Қыза түскен тіршілік.


Көбелектер көлбеңдеп,

Ебелектер елбендеп,

Қаз – үйректер кердеңдеп.

Ұшып жатыр көлден кеп.

Көктем күні шуақты,

Көктем күні қуатты.

Мал жағалап суатты,

Сай – саламен су ақты.


Сылдыр – сылдыр бұлақтар,

Сыбдыр – сыбдыр құрақтар,

Кұрт – кұрт орып құр аттар,

Сырт – сырт ойнар лақтар.


Кешке оралып мал қырдан

Ауыл маңын даң қылған.

Көктем күні ән–думан,

Қуанады балдырған.



Ә. Асылбеков
Күзде
Қайтқан құсты көрдің бе,

Қаптан ұшқан әуелеп.

Күткен, күзім, келдің бе,

Сыңсып бағын мәуелеп.


Қамба толды астыққа,

Алғыс саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап–қап қауын алдық біз.



Е. Елубаев
Сөздік - Словарь

Қыс – зима

Қаңтар – январь

Құс – птица

Мақта – вата

Тырна – журавль

Бұлақ – родник

Аспан – небо

Күз – осень

Дән – зернышко

Шашу – бросать

Қап - мешок


Отбасы. Семья

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз - бесеуміз.

Бас бармақ – папам,

Балаң үйрек – мамам,

Ортан терек - ағам.

Шылдыр шүмек – мен,

Кішкентай бөбек – сен.


Біздің отбасы

Папам менің – қуанышым,

Апам менің – сауыншы,

Ағам менің – егінші,

Жеңгем менің – тігінші.

Атам болса, ол ұста,

Бәрі – бәрі жұмыста

Отырмаймын мен текке.

Кеттім мен де мектепке.

А. Сопыбеков
Кінәлі өзің

Мен керемет ұстамын,

Неше түрін нұсқаның

Қазір соғып берем деп,

Балғаны алдым елеңдеп.

Мама, шәйнек керек пе?

Зәрумісің шелекке?

Айтшы, кәне не дедің?

Бәрін жасап беремін.

Жарап қалар әжетке,

Таба ұстағыш қажет пе?

Ет малатын табақ па,

Ожау ма, әлде қалақ па?

Кәне, кәне, жасырма,

Барлық жоба басымда,

Деп бағамды өсіріп,

Кетсем керек көсіліп.

Бөсіңкіреп балғамен

Қолымды ұрып алған ем.

Тұрсам жылауға аз–ақ қап

Күледі інім мазақтап.

-Кінәлі өзің бәріне.

Қарамаған әліңе. –

Деп:


-Мақтансаң, балғадан

Таяқ жейсің әлі де.



І. Зікібаев

Ақыл
Әкемдей Шашымның ағы жоқ.

Әдемі мұртым жоқ. Апамдай

Әпкемдей Әжімім тағы жоқ.

Әп-әсем тұрқым жоқ Оған кім қарайды?!

Мейлі ғой! Ақылды болсам тек Жарайды

Қ. Мырзалиев

Жазираның өлеңдері



Үйде қалдым

Үйде қалдым мен міне,

Жалғыз қалдым жыламай.

Қуыршақтарын берді де,

Кете барды Құралай.

Құралайым шашына

Ақ лента тақты ғой.
Ертпей мені қасына.

Мектебіне тартты ғой.

Қала бердім отырып,

Қала бердім жыламай.

Жылар едім бақырып,

Күледі ғой Құралай

Мен ақылды баламын

Күнде ерте тұрамын

Құралайдан, Жаннадан.

Бетімді өзім жуамын,

Береді әжем бал маған

Папам, мамам кетерде.

Қолым бұлғап қаламын.

Айтпайды әжем бекерге,

Мен ақылды баламын.
Жақсы көйлек

Осы көйлек тамаша –

Құралайдың көйлегі,

Мен кием деп талассам,

- Сен кішісің, қой – дейді.

Осы көйлек тамаша –

Жаннамыздың көйлегі,

Мен кием деп талассам:

- Сен үлкенсің, қой – дейді.
Алғашқы сыйлық

Көктемде дән еккенде,

Мұны ешкім білмеді.

Көктем күн нұры төккенде.

Жатар шағы жеткенде,

Бәйшешегім гүлдеді

Қызылы бар, ағы бар.

Сары түсті тағы бар,

Ауламда гүл қаптады.

Айтқаныма наныңдар,

(Нанбайтын да табылар),

Көрген адам мақтады.

Желікпедім мақтанға.

Мақтап бара жатқанға

Гүл беруге қимадым.

Әбден гүлдеп болғасын,

Шоқ гүлімнің алғашын

Ақ мамама сыйладым.



Қ. Ыдырысов
Ақылды бала

Мен қорада ойнаймын,

Жүгіремін көшеде.

Үй салуды қоймаймын,

Шаршадың ғой десе,

Шаршайтын мен кәрі ме?

Күшке толы білегім.

Білгім келіп бәрін де,

Бәрін сұрап жүремін.

Кейде ән айтып, билеймін,

Ұрыспаймын ешкіммен

Мен ешкімге тимеймін,

Бәрімен де доспын мен.

Ойыншықтар көп менде,

Бүлдірмеймін, бұзбаймын.

Папам үйден кеткенде,

Кітаптарын сызбаймын.
- Айналайын, - деп мамам

- Құшағына алады.

- Сүйем, - дейді папам да, -

- Ақылы көп баланы!



А. Шамкенов
Елгезек

- Қайда барасың?

- Майға!

- Қайда барасың?

- Шайға!

- Мамаң қайда?

- Шаршап келді жұмыстан.

Не пайда босқа тұрыстан?

Кешке қарай қолым бос,

Кеттім, мені кешір, дос.

Келдім кеште жүгіріп,

Жауап берді ол қідіріп.

-Мынау жатқан жас қайың,

Біраз жарып тастаймын.

Апам әуре болғансын…

-Достым – ау, сиыр қарап тұр.

Шөлдеп тұр, қар жалап тұр.

Су әкеліп берейін,

Қазір қайтып келейін

Түсте де қолы бос емен.

Кеште де қолы бос емес.
Сонда да қалай дермін мен:

«Оспан маған дос емес».

Оспан досым, Оспаным,

Жақсысың, жаның елгезек.

Жетер босқа тосқаным,

Маған да, кәне, бер кезек!



Қ. Ыдырысов
Ақ мамам

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған,

Бақыты үшін балаңның

Аман – сау бол, ақ мамам!
Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі сезілген.

Қуат беріп құшағың

Қанат бітіп ұшамын.


Естіртемін алып кеп.

Ел білмейтін құс әнін.

Көрсетемін күллі елді,

Жарық етем түндерді.


Бұл жалғанда балаға,

Жақын жан жоқ өзіңнен.

Өзің маған мият күн,

Сен деп таңым жиі атты.


Ақ мамамның айқайы,

«Айналайын» сияқты.

Өсіріп мен сыйлаймын,

Жұрт көрмеген гүлдерді.


Жақсылығын жалғанның.

Саған үйіп төккендей.

Құшырланып өпкенде,

Күлкің нұрлы көктемдей


Мен деп кірпік қақпаған,

Менсіз тағам татпаған.

Бақыты үшін балаңның

Аман-сау жүр, ақ мамам!



Ә. Дуйсенбиев
Білмес бала

Іске десе қыры жоқ,

Үйренетін түрі жоқ.

Ара дейді орақты,

Күрек дейді қалақты.

Дәл осындай баланы

Көріп пе еңдер, достарым?

Балға дейді балтаны,

Қанар дейді қалтаны.

Дәл осындай баланы

Көріп пе еңдер, достарым?

Аю дейді төбетті,

Қоян дейді көжекті.

Дәл осындай баланы

Көріп пе еңдер, достарым?

Қасқыр дейді түлкіні,

Бүркіт дейді үкіні.

Дәл осындай баланы

Көріп пе еңдер, достарым?

Н. Жанаев
Үш бала

Бір ауылда үш бала, Тиіп кетсең жылайды.

Ақыл айтсаң тулайды, Үшіншісі елгезек,

Олар құрдас үш жаста. Екіншісі бір қыңыр,

Бірақ, бірақ олардың Бәрімізге ұнайды.

Қылықтары үш басқа,

Біріншісі шыңқ етпе, Н. Жанаев
-Жүзім, - дейді біресе,

- Қауын, - дейді біресе.

Әкеледі әкесі

Ұлы нені тілесе.

-Алма – десе,

Алманы,


-Кейде әкел дер –

Шабдалы.


Орындайды бұлжытпай

Болсын тілек қандайды.

Әке айтпайды: «Болмайды».

Ұл жеміске тоймайды.

Бірақ

Сол ұл орташа



Оқығанын қоймайды.

Е. Елубаев
«Радио» мен «Монтер»

Балалар жүр той жасап,

Бірі – шопан, бірі – ұстаз.

Біздер өстіп ойнасақ,

Қынжылыс та, тұрыс та аз.
Шелек киіп басыма.

Радио болдым да

Шығып ағаш басына

Отырдым өз орныма.


Құстар ұшып төбемде,

Тақпақ айтып ән салам.

Сүйсінеді төменде

Тыңдап тұрған барша адам.


«Бұзылып» ем мен бірде,

«Монтер» болды Нұралы.

Жөндеймін деп келді де,

Құлағымды бұрады.


Үнім шығып бір өзге

Көзіме жас іркілді.

Жөнделді, - деп лезде.

Барлық бала бір күлді.

Ойнап соқты өзімді,

Қандай өкпе айта алам.

Қысып қойып көзімді,

Әнге бастым қайтадан.



С. Калиев
Сақшы

Шекараға түн түнеп,

Қараңғылық кеп жетті.

Көк әлемі күркіреп,

Қара жауын селдетті.
Жарқырайды от – жасын,

Шулайды орман қалтырап.

Домалатып көк тасын,

Ағады өзен сарқырап.


Қалт етпестен тұр тыныш,

Өз орнында әр сақшы.

Таныс оған әр дыбыс,

Таныс оған жер жақсы.


Торлай берсін түн мейлі,

Құйсын жауын, жел сарнап

Қалт етуді білмейді.

Қыран көзді ер солдат.



І. Мәмбетов
Ұшқыш болам,

Көкке ұшамын,

Ұшқыш болар баламын.

Соңынан ерем

Гагариндей ағаның.

Батыр болам –

Көк аспанды сүйемін.

Жұлдыздарға

Барып – келіп жүремін.

І. Молдағалиев
Мен бақташы

Әкеме еріп, жиналып,

Қолға қамшы аламын.

Табынды өзім суарып,

Шалғынға айдап барамын.
Көк майса ғой келіскен

Сиырлардың қорегі.

Табын сиыр өрістен.

Бізге сүт ап келеді.



Е. Елубаев
Қалдыбек

Кір – қожалақ баттасқан

Беті – қолын жумастан.

Жатып алып нан жейді,

Төсегінен тұрмастан.
«Қалдыбекпін мен», - дейді,

«Өзімдікі жөн», - дейді.

Мазақ қылып балалар:

«Қаспақбайсың сен», - дейді


Ойын десе қалмайды,

Айтқан тілді алмайды.

«Таза болып жүр», - деген

Сөзге құлақ салмайды.


«Қатарыңнан қалдың», - деп,

Оны сыңға алдық кеп,

«Қаспақбай» боп бірақ та

Кетті аталып Қалдыбек.



Ө. Жайлауов
Күбі

Құйып қойып күбіге,

Апам қымыз піседі.

Көп кісі кеп күніне

Үйден қымыз ішеді.

Мен де күбі пісер ем,

Шашыратып төкпей бір.

Қара терге түсер ем.

Әттең, бойым жетпей жүр.

Е. Елубаев
Кімді жақсы көресің?

- Әкеңді, әлде апаңды,

Қайсысын жақсы көресің?

- Қинама, қонақ, баланы,

Жас бала оған не десін? Қонақ, айт өзің шыныңды,

Жауабын қалай бересің?

Қызыңды ма, әлде ұлыңды,

Қайсысын жақсы көресің?



Е. Елубаев
Айнат

Десең сен:

Кімді

Өнерлі, әйбат? –



Өзгеге үлгі,

Ол – біздің Айнат.


Десең сен:

- Қойғын


Етікті майлап, -

Доғарып ойынын,

Тыңдайды Айнат.
Десең сен:

Келіп,


Бөбекті ойнат, -

Ойыншық беріп,

Құптайды Айнат.
- Десең сен:

- Енді


Әніңді сайрат, -

Ұйытып елді.

Шырқайды Айнат.
Десең сен:

- Жаным,


Бөлмені жайнат, -

Еденнің шаңын

Сүртеді Айнат.
Десең сен:

- Кімді


Өнерлі әйбат? –

Өзгеге үлгі,

Ол – біздің Айнат

Ә. Асылбеков


Сұр қоян

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы–қырлы жерлермен

Ытқып–ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Киығын сап көзінің

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Е. Қырықбаев


Ертең ерте

Таң атқанда арайлап,

Оянады бар аймақ.

Бір кіріп те, бір шығып,

Басталады тіршілік.
Жап–жарық боп төңірек,

Сиыр шығар мөңіреп.

Ит үреді арсылдап,

Шошқа жүрер қорсылдап,

Кісінескен жылқылар,

Жайылымға ұмтылар.

Қозылары жамырап,

Қой жүреді маңырап.


Қораз – тауық шақырып,

Есек тұрар ақырып.

Кей жылауық балалар

Оянады бақырып...



Е. Елубаев

Кішкене әліппе

Бұзау «М» - ны «Ө» - ге қосып, -

«Мө» - дейді.

Бота «Б»- ны «Ө» - ге қосып, -

«Бө» дейді.

Құлын «Е» - ні «Е» - ге қосып, -

«Е-Е», - дейді.

Қозы «М» - ны «Е» - ге қосып,

«Ме», - дейді.

Ал мен: «М» - ны «А» - ға қосып, -

«Ма» - деймін.

«Ма» - «Ма», - деймін.

«Мама!» - деймін.

Ж.Смақов
Қыстың күні сықырлап,

Мұз жарылды сатырлап.

Айдың аппақ жарығы,

Маяда малдың арығы.

Аю маң–маң басады,

Бұғы үркіп қашады.

Орман іші көңілді,

Ағаштан ақ қар себілді.

Түлкі қатты жортады,

«Ав-автан» ол қорқады.

«Көлеңкемен кетем», - деп,

Қоян зытты секеңдеп.



Ж.Смақов
Менің мысығым

Бар менің бір мысығым,

Көрсең оның пысығын

Қақпақылдап ойнақтап

Ол әжемнің ұршығын.

Қояр емес ол мүлде,

Берер емес тіпті ерік,

Шаршап қалар дедім де,

Ұйықтаттым мен сүт беріп.

Ш. Мұхамеджанов
***

Қуыр – қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға тары шаш.

Бас бармақ,

Балаң үйрек

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкентай бөбек,

Сен тұр – қозыңа бар.

Сен тұр - сиырыңа бар,

Сен тұр – жылқыңа бар.

Мына жерде май бар,

Мына жерде құрт бар,

Мына жерде қатық бар,

Қытық, қытық, қытық бар.
Сөздік – Словарь

Балаң үйрек – указательный палец

Ортан терек – средний палец

Шылдыр шүмек – безымянный палец

Кішкентай бөбек – мизинец

Ұста – кузнец

Қуыршақ - кукла

Сыйлық – подарок

Ойыншық – игрушки

Орақ – серп

Күрек – лопата

Қалақ – мастерок

Төбет – пес

Қоян – заяц

Аю – медведь
Қарлығашқа тимеңдер!

Ол жарықтық киелі,

Адамзатты ол сүйеді,

Содан жақын жүреді.

Оған тиген баланың

Қолы сынып қалады, -

Деген сөзін ананың

Бәрі есіне алады.


Мынау жүрген малымыз,

Күтіп жүрміз бәріміз.

Суарамыз, шөп салып,

Ашиды оған жанымыз.

Анау жүрген торғайлар –

Даламыздың сәні ғой.

Жұмыртқасын алмаңдар, -

Деген папам, жармаңдар.

Жарамын деп беттері

Секпіл болып қалған бар.

Малды тепкен адамның

Шорт сынып аяғы, -

Деген ағам, - шойнаңдап,

Ақсақ болып қалады.

- Не шөмеле үйгенде,

Не қозы жайып жүргенде, -

- Деген әпкем –

Далада


Ұйықтап әсте үйренбе.

Далаға еш жатпаңдар,

Ұйықтап әсте үйренбе.

Далаға еш жатпаңдар,

Ұйықтап қалып далаға,

Аузы-мұрны қисайып,

Масқара боп жатқан бар…

Бақшаға

Жақсы-аға

Көп-көп ойыншық

Келді алып:

Бір балық,

екі есек,

үш үйрек,

төрт түлкі,

бес бүркіт

алты арғымақ

жеті жарғанат,

егіз саулық,

Тоғыз тауық,

Он торпақ.

Болма есепке

Сен шорқақ.

Ауызша, жазбаша

Қосып шық:

Қаншама

Жақсы-аға



Әкелді ойыншық
***

Мен тиінмін, тиінмін,

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам тола жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің.

Н. Жанаев

Ақ қоян-ау, ақ қоян,

Үркек қоян, сақ қоян.

Дыбыс шықса қашасың,

Белден бір-ақ асасың.

Отырасың паналап

Қалың шидің тасасын.

Ақ қоян-ау, ақ қоян,

Үркек қоян, сақ қоян.

Қаша берсең қалыңға,

«Қорқағым» деп ат қоям. Н. Жанаев


Ара

Қызғалдақтың қасына

Қойып едім қондырмай.

Бізін сұғып басыма,

Шақты-ау ара оңдырмай.

Енді тимен оған мен,

Ісіп кетті бас, шекем.

Балы тәтті болғанмен,

Тілі өзінің ащы екен.

Торғай


Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.



Қ. Мырзалиев
Сақ құлақ

Күшігім бар. Күшігім

Кереметтей сақ құлақ.

Күзетіп үй есігін,

Көңілді жүр шапқылап.

Құмары бір қанады,

Құрбыларым келгенде.

Бірден танып қалады,

Бөгде жанды қөргенде

Үріп тұрып жөнімен,

Қызық оның қашқаны.

Қорқып үріп, сонымен

Қорқытады ол басқаны.

Қ. Мырзалиев

- Қайсысы қайда барады?

- Қасқыр қайда барасың?

- Қой қыруға барамын.

- Қарсақ қайда барасың?

- Қаңғыруға барамын.

- Түлкі, қайда барасың? -

- Маймыл қайда барасың?

- Сауық іздеп барамын.

- Аю, қайда барасың?

- Бал тапқалы барамын.

- Майдан, қайда барасың?

- Мал баққалы барамын!

Қара теке біздегі

Жан тынышын іздеді.

Қартайған соң, әл кетіп,

Балаларды сүзбеді.

Күншуақтап жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

Қартайса да текеміз,

Ағармапты сақалы.

Е. Елубаев
Алтайда,

Алыста,


Аттан да

Озады


Жарысса.

Суыққа,


Аязға

Төзімді.


Кетеді

Көтеріп


Өзіңді.

Дәрі оның

Тым тәтті.

Сұлу да


Денесі

Сымбатты.

Сұрайды

Ал інім


Әскербек:

- Ағаш па басыңа

- Өскен! – деп.

Е. Елубаев
Құстар келді

Тырна келді тыраулап,

Тіліп өтіп аспанды.

Қаздар көлде жүр ойнап,

Көктем тойы басталды.
Тас төбеден күн күлді,

Қошаметтеп оларды.

Қара торғай былтырғы,

Ұясына оралды.


Құстар келді, сондықтан

Дала да ашты гүлдерін.

Әрбір құсқа жолыққан:

- Аман-есен жүр! – дедім.




Мысық

Көп жұмысты күнімен

Келгендей – ақ қиратып.

Отыр мысық тілімен

Үш тал мұртын ширатып.
Шағала

Күміс қанат шағала,

Ұшып жүрсің жағада.

Қармағың жоқ, ауың жоқ,

Шабақ алдың бағана.

Мақтанайын ағама,

Берсейші ұстап маған да.

Н. Жанаев


Ойыншықтар

Біздерде бар қуыршақ:

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды

Ақыл айтсақ, бұйырсақ.
Қуыршақтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Бұзау, қозы, құлыншақ

Ұйықта десең, ұқпайды.


Тыңдамайды ұрысса,

Осылары дұрыс па?!

Тентектігін тыймаса,

Тұрғызармын бұрышқа



Н. Әлімқұлов
Сөздік – словарь

Қоян – заяц

Қозы - ягненок

Қой - овца

Шошқа - свинья

Қораз - петух

Тауық – курица

Есек – осел

Мысық – кот

Жылқы – лошадь

Қытық – щекотка

Қарлығаш – ласточка

Тиін – белка

Ара – пчела

Үйрек – утка

Түлкі – лиса

Жарқанат – летучая мышь

Торғай – воробей

Күшік – щенок

Теке – козел

Бұғы – марал

Мүйіз – рог

Шағала – чайка
Апорт

Апорт дейтін алма бар

Жер жаратын атағы.

Ондай алма қайда бар?

Алматы – оның Отаны.

Әр ағаштың түбінде

Жатыр алма қамбасы.

Баптап күтсең күніне,

Берер саған алмасын.

Е. Елубаев
Қазан

Қауын – қарбыз

Қазан болып,

Бау-бақшаның түсті ажары.

Қырман басы

Тазаланып,

Тарқап кетті құс базары.

Бүрсең қағып

Жапырақтар,

Көше кезіп көшіп жатыр.

Тыныш қалған атыраптар,

Аппақ қарды тосып жатыр.



Е. Елубаев

Қарақат

Қалсам егер тығылып,

Қалың шөптің астында.

Таба алар деп кім біліп,

Жұрт көзінен қаштың ба?
Торсиған бал уызға

Кіп кішкентай қарақат.

Салып қояр ауызға,

Болса егер бала тап. С. Мәуленов


Бүлдірген
Жанымыздың жанарындай бүлдірген,

Бақшамыздан теріп жедім бір-бірден.

Қанша жесем тоятын да емеспін.

Жемей оны қоятын да емеспін.

Нағашы әжем қандай менің жақсы адам,

Өз еркімше қоя берді бақшаға.


Мамам ғана: - Ауырады ішің, - деп,

Жегізбейді,- айтқан сөзге түсін, - деп.

Нағашымның қалам дедім үйінде,

Бұған папам, бұған папам сүйінді.

Бақшадағы бүлдіргенді тәмам ғып,

Содан кейін сағынармын мамамды.



Т. Молдағалиев
Қарбыз

Теңбіл – теңбіл қарбызды

Тентек Серік жарғызды.

Сонан соң оны жеді.

Жеді де, былай деді:

- Сүйек болмаса, еті

неткен тәтті – деді.

Е. Елубаев
Сүт қалай ұйықтады

Сүт бір күні ұйықтапты.

Қатты ұйықтапты.

Ұйықтағаны соншалық,

Ұйып қапты.

Сүттің мұндай қылығын

Әжем ғана біліп қапты,

«Қарап отырып айран бопты»,-

Деп ел-жұрт қайран бопты.

Сүт ұйқысын қоя алмапты,

Айқайлап жатса да, оянбапты.

Мүлде берекесі қашыпты,

Шірене шертіп ашыпты.

Бұрқырапты.

Ашыған айран быжынап,

Жүдә, қатты құтырыпты.

Сүт ұйқысын қоя алмапты.

«Ұйқы - дұшпан» деген ғой,

Сүт тіпті іріп қапты.

Не дерін білмей тұрып қапты.

«Бұл сүтке ұйқы ұя салыпты».

Депті де, әжем айранды

Бір дорбаға құя салыпты.

Сүт сонда ғана оянып,

Еңіреп тұрып жылапты,

Көзінің жасын бұлапты.

...Бәлкім, жұрттың өсегі,

Дорбадан аққан сары су

Сүттің көз жасы деседі.

«Мұныңыз өтірік», - десе де,

Ертегіге сияды – ау.

Эй, дегенмен, балалар,

Көп ұйықтаған зиян-ау.

О. Әубәкіров
Әзіл

Заман дамып келеді,

Дамымаса мәні жоқ.

Жүзім жеміс береді,

Ішінде еш дәні жоқ.
Көріп жүрміз көлемі

Қызылшадай сәбізді.

Помидорлар өнеді

Дәл әңгелек тәрізді.


Кей қарбыз бұл күндері

Соп-сопақ, дәл қауындай

Кей қауынның түрлері

Асқабақтай, дәуін-ай.


Алмұрт сортын тауыпты,

Дөп-дөңгелек алмадай.

Ажырату қауіпті,

Шатыстырып алмағай.


Бас, бармақтай шиені,

Алша екен деп қаласың.

Ал картопты бүйендей

Көрсен,


Естен танасың

Е. Елубаев

***


Болсын мейлі дәмі жоқ,

Келсаптай зор қиярың.

Бәрінің де мәні жоқ,

Арты немен тынарын.


Дейтініміз содан да

Заман дамып барады.

Ойлап тапса болғаны

«Екі» алмайтын баланы

Сөздік – Словарь

Алма – яблоко

Ағаш – дерево

Қауын – дыня

Әзіл – шутка

Жүзім – виноград

Қызылша – свекла

Қарбыз – арбуз

Бүлдірген – клубника

Сүт – молоко

Ұйықтау – спать

Сәбіз – морковь

Алмұрт – груша

Қияр – огурец.



Сурет салдым

Суретін мен бір адамның

Салайын деп қалам алдым.

Дөңгелентіп басын салдым,

Екі сызып қасын салдым.

Аузын сап ем жаңа енді,

Күлімсіреп шыға келді.

Ең соңынан көзін болдым,

Айнымаған өзім болдым.

Міне, мынау мұрын болды,

Құлақ одан бұрын болды.
Жұмбақ өлең

Бірі киген киімді

Екіншісі киеді.

Қайда барса бірге барып,

Жұбын жазбай жүреді.

Тұра алмайды жарыспай,

Ағайынды екеуі.

Бір-бірінен қалыспай,

Кезек озып кетеді.
Әлі күнге бұлардың

Бәсекесі бітпеді.

Не біреуі қалып қап,

Біреуі озып кетпеді.



(Екі аяқ)
Екі қол

Ағайынды екеу екен:

Біреуі оқымаған,

Біреуі сауатты екен.

Сауатты елгезек те,

Көп іске жауапты екен.


Сонда да ол бауырын

Жанындай ұнатады.

Дейді: - Онсыз қалай ғана

Таң атып, күн батады.


Ататын асықты да,

Ұстайтын қасықты да,

Хаттарды жазатын да,

Есікті ашатын да,

Өзі екен.
Ағашты жара алам ба,

Шалғынды шаба алам ба.

Қайықты есер ме едім,

Жалғыз ет кесер ме едім?..



Е. Елубаев
Қол туралы жыр

Бір жасында қос қолын

Емізікше сорды ол.

Екісінде еңбектеп,

Аяқ етті қолды ол.

Қасық қылып ас ішті

Үш жасында қолымен.

Төрт жасында күрек қып

Жер қазып жүр онымен.

Бес жасында қолдары


Қалды мүлде жұмыссыз.

Бүлдіргеннен басқаны

Білмес қолы тынышсыз.

Жеті жасқа келгенде

Қолын нағыз қол етті.

Қағаз, қалам ұстады

Мектебіне келеді.

Қолы іске жарады,

Біріншіге ол барады.

Е. Елубаев
Он саусақ

Жалғыз саусақ тіпті де

Ұстай алмай жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

М. Әлімбаев

Қол

Қолың сенің жаралған

Жақсылықты жинауға.

Аямай дос-жараннан

Өз барыңды сыйлауға.

Ен далаға – тың жерге

Иен жеміс егуге

Елге келіп тигенде,

Жау сазайын беруге.

М. Әлімбаев

***


Шынықтырып денені,

Тісін жуып тазалап.

Мектебіне келеді,

Міне, үлкен азамат.


Жазықсыздан жолдасын

Жатса біреу жазалап.

Аямайды ол басын,

Міне, үлкен азамат.

Орамалы қалтада,

Үсті-басы тап-таза.

Отыр алғы партада,

Міне, үлкен азамат.


Ойнамайды орынсыз,

Үйдің ішін мазалап.

Кездессеңіз, оны сіз

Дейсіз үлкен азамат.

Сөздік – Словарь

Адам – человек

Бас – голова

Қас – бровь

Ауыз – рот

Көз - глаз

Мұрын – нос

Құлақ – ухо

Аяқ – нога

Қол – рука

Саусақ – палец
Отан сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң.

Отан – тарих, Отан – тіл.

Жасаған елің, өз халқың.

Отан – елің, Отан жер,

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

Отан деп өсіп жас жаның,

Оны ардақтап сүйе біл.

Б. Ысқақов

Алматы – астанам

Алматы – астанам,

Алматы – бас қалам.

Ардақтап атыңды,

Аузымнан тастаман.


Күмбездей көгіңнен

Күн нұры төгілген.

Тауың бар айшылық

Жерлерден көрінген.

Түріңнен тұр артпас,

Гүліңнен гүл артпас.

Кім сенің алқызыл

Алмаңа құмыртпас?


Мектебім осында,

Осында досым да.

Осында ойнаймын

Қолымның босында.



С. Сейітов
Отан

Отан – жерім, Отан – суым,

Отан – қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

М. Хакімжанова




Туған жер

Кеңсің дала,

Туған ана,

Көйлегің кең, көк-ала.

Жан беретін,

Тән беретін

Мейірімді ана, сен ғана.

С. Сейфуллин
Біз өмірдің гүліміз

Зеңгір көктен,

Нұрын төккен,

Ортақ біздің күніміз.

Жайнап өскен,

Жайдары өскен,

Біз өмірдің гүліміз.

Бал достыққа,

Жолдастыққа

Шақырады әніміз.

Тыныштықта,

Нұр құшақта

Бақыттымыз бәріміз.

Ә. Дуйсенбиев
Сөздік – Словарь

Дос – друг

Өлке – край

Аудан - район

Тарих – история

Ел – народ

Данқ – слава



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет