Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет280/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   316
Әдеби KZ
 
 
күніндегі әңгімедей болып шықты. Осындай тартыс қанды кекке айналып бара 
жатқан жағдайда, енді өзі сондағы анасына берген антын орындай алар ма? 
Қасым ауыр күрсінді. «Жоқ, жоқ қайткен күнде де антты орындауы керек. 
Анаға берген сөзін бұзса қарғыс атады...» 
Әрине Бұрындық ханның әскери басшысы болып жүргенде бұл антын 
бұзбайды, ал егер ертең алтын тақ-айдаһардың үстіне отыруға тура келсе қайтеді? 
Апалы-сіңлілінің балалары түгіл, бір анадан, бір әкеден туған егізді айыратын
бірін-бірі бауыздататын қанқұмар алтын тақ-айдаһар Қасым сұлтанды бүгінгідей 
өз еркіне қояр ма? 
Әй, қоймас. Алтын таққа отыру — өз басыңның айдаһарға айналуымен тең 
емес пе? Тең, сөз жоқ тең. 
Биылғы жыл Қасым сұлтанға ауыр тиді. Бұрындықтың орынсыз жұмсауымен 
дайындықсыз тиісіп бір-екі рет Мұхамед-Шайбаниден жеңіліп қалды. Оның үстіне 
хан тұқымын қанаушы санаған «Жалғыз көз» батыр, әлділерден опық жеген 
малшы-жалшыларды жинап, Қасымның да екі қос жылқысын айдап әкетті. Сыр 
бойының төменгі жағындағы балықшы ауылдарға апарып үлестіріпті деген сыбыс 
та құлағына жеткен. Бірақ Қасым жылқысын іздеп ол ауылдарға аттанбады. 
Өйткені, дәл осы кезде ең жақсы көрер әйелі Ханық-Сұлтан Ханша ұл тапты. Атын 
Қасымның өзі Хақназар қойды. 
Көп қатын алатын хан тұқымы балаға зар болмайды. Бірақ Қасым осы 
Хақназарға өте қуанды. Өзінің ізін басар қазақтың әйгілі ханының бірі боларын 
білді ме, күндік жерден ат шаптырып ұлан-асыр той істеді. Орақ барымталап алған 
көп жылқысын енді ол сонау балықшы кедей ауылдарға ұлым үшін берген 
садақам деді. 
 
 


301 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет