Әйнектей көгілдір, Теңіздей тым мөлдір. (Аспан) Үлкен алтын табақтан, Әлемге нұр таратқан. (Күн) Күндіз білінбейді, Түнде күлімдейді. (Жұлдыз) Айсыз түнде қараңғы, Түнекте де боранды. Бір орнынан жылжымай, Бағыт берер бұлжымай, Қандай жұлдыз шырағы, Жол көрсетіп тұрады? (Темірқазық) Дұрыстап аңғарсаң, Көктегі бағдаршам. (Үркер) Жұмбақтарды шешіп, олардың мазмұнына талдау жасалады. - Жұмбақтар қандай тақырыптарда болды? - Олардың жауаптарын қалай топтастыруға болады? - Жауаптарына байланысты қандай ортақ тақырып ойластыруға болады? деген сауалдар арқылы тақырыпты болжау, жаңа сабақ тақырыбын хабарлау
Талқылау үшін сұрақтар
1. Жұлдыздар қалай пайда болады?
2. Жұлдыздар неден тұрады?
3. Жұлдыздар қалай пайда болады?
4. Жұлдыздар қалай өмір сүреді?
5. Жұлдыздар қалай сөнеді?
6. Бізге ең жақын жұлдыз?
Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс жасай отырып, оларды бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын талқылайды.