Күрес тәсілдерін оқыту әдістемесі Дауренбеков Галымжан Бакытович


Революцияға дейінгі россияда күрестің дамуы



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі44,66 Kb.
#87398
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 Дауренбеков Галымжан Бакытович күрес Word
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
Революцияға дейінгі россияда күрестің дамуы. Русиде күрес басқа елдердің күресінің дамуына қарамастан дамыды.Күш икемділік, төзімділік қарапайым халықты бұрыннан өзіне қаратты. Сондықтан да халықтардың серуендеуі және ойын-сауығы күреспен бітуі кездейсоқ емес. Әскерлерді дайындауда күрестің үлкен маңызы болды. Сол алыс уақытта орыс әскерлеріне әртүрлі жаушылардың шабуылын тойтаруға тура келді. Соғыс қолсайыс ұрысы мінездемесімен жүріп, қайсы бірі күш, ептілік және төзімділік шешуші роль атқарды. Кейде соғыстың болуына немесе болмауының сұрағын екі әскер-балуанның жекпе-жегі шешті.Солай, Лавреньевск жылнамасында печеневтердің Руське шабуылы баяндалады. Печенеждік князь Владимирге соғыстың орнына екі балуанның жекпе-жегін өткізуге және осымен соғыстың тағдырын шешуді ұсынады.Князь Владимир келісімін береді. Балуандық жекпе-жекте орыс батыры қолымен печенезінді өлуге дейін қылқындырды. 1022ж. сождық князь – алып Редедя осындай орыс князы Мстислав Черныймен белдесуде жеңіліс тапты. Күрес және де бәстестік сұрақтардың шешуші құралы болды. XVI ғ. Москвада күреспен бәсекелестікті шешетін арнаулы орын бөлінген болатын. Орыс халқының дастанында күрестің өте кеш кезеңінде белдесулер кездейсоқ емес екені суреттеліп жазылады, оны өнер ретінде арнайы оқып білуді талап етеді.
Патшалық Россияда кәсіпқой балуандардың еңбегі оңай болған жоқ. Олардың жолдары қиын болды. Оны көбінесе абыроймен өте алмады. Кейбіреулер - Пытлянский сияқты қиыншылықтан шаршап, өзінің алдынан болашағын көрмей, жарты жолда шығып қалды, басқалары - Проня сияқты мерзімінен бұрын қайтыс болды. Үшіншілері – Гаккеншмидт сияқты, өздерінің астында жүрген жалауын өзгертіп, және басқа елдерге ауыса жүгіріп, төртіншілері – Лурих сияқты өзінің жолын жолдастарының иығына артып, өзінің астына әлсіздерін жаншып өтті. Кәсіпқой күрес, алғашқы өзінің даму барысында кейбір спорт элементтері, бірінші дүниежүзілік соғыс алдында тек пысық іскерлердің баюының құралы болды және өзінің спорттық маңызын жоғалтты. Спорт түрі ретінде, әуесқой күрестің туылуы, әуесқой балуан үйірмесін ұйымдастырумен байланыстырылады. 1885ж. ауыр атлетика және күресті бірінші насихаттаушылардың бірі дәрігер Владислав Францевич Краевский Петербургте, бірінші Россияда ауыр атлетика үйірмесін ұйымдастырды, артынша күреспен де айналыса бастады. Сол уақытта атлетикаға күресті, боксты, ауыр заттарды көтеру енгізілді. Краевскийдің оқушылары жан-жақты дамыған елдерде болды. Олардың көбісі балуандар және штангашылар жарысында бірдей ойдағыдай қатысты. Шынында, оның шәкірттері бірінші жылдары орыстың белбеу күресінде мамандандырылды. Бірақ та оларға 1889 ж. Парижге француз күресінен халықаралық турнирге баруға керісін тигізген жоқ. Осы жаңа бастаманың мәні сонда, үйірмеге қатысушылар жас польшаның балуаны Владислав Пытлянскиймен танысты, ол үш жылдан кейін Петербургке ауысып келді және Краевскийдің шәкірттерін французша күрестің әдістеріне үйрете бастады. 1984ж. бастап үйірменің мүшелері манеждерде, цирктерде, бақша және парк сахналарында жарыстар өткізді. 1895ж. Владислав Пытлянский Петербургте өзінің күес мектебін ашты, кейінірек француз күресін насихаттап «Петербургтік атлетикалық қоғам» болып қайта құрылды. Ол орыс тілінде француз күресінің оқу құралын жазып шығарды. 1897ж. Петербургкте классикалық күрестен бірінші бүкілроссиялық әуесқой чемпионаты өткізілді. Салмақ категоряларына бөліну болған жоқ, балуандар белдесуді уақытын шектемей жеңіске дейін жүргізді. Бұл бәсекеде Александр Шмелинг жеңді. Ал келесі жылдың көктемінде орыс батырлары Вена қаласында бірінші Европа чемпионатын ойдағыдай ашты. Ерекше өзгешесі Георг Гаккеншмидт болды, ол кілемдегі жеңісі үшін «орыс арыстаны» деп аталды.1901ж. Гаккеншмидт Европа чемпионы атағына, дүние жүзінің чемпионы атағын қосты, онан соң кәсіпқойлыққа кетті.
XXғ. басында Россияның әуесқой күресі сонымен мінезделінді, үздік атлеттер кәсіпқойлыққа өтті. Олардың барлығы шаруалар және жұмысшы отбасыларынан шыққандар болатын, қаражаттық қолдау болмай, әуесқой болып қалуға мүмкіндік болмады. Күрестің дамуына және кеңінен таралуына елде үлкен роль ойнағаны мынадай көрнекті кәсіпқойлар, дүние жүзіне танымалы Иван Поддубный, Иван Шемякин, Иван Зайкин, Николай Вахтуров және т.б. сияқтылар болды. Олар бір рет емес белгілі шетел балуандарын ұтып дүние жүзінің чемпионы атағын жеңіп алған. Оғаш көрінуі мүмкін, неге мұндай дүние жүзінің чемпиондары көп болған. Тек Поддубный бұл атақты 6 рет жеңіп алған. Кәсіпқой күрестің ерекшелік қорытындысы сонда, оған жарнама керек болды – онсыз көрермендерді цирк аренасына алдап шақыра алмайсың. Сондықтан кейде дүниежүзінің чемпионаты жылына бірнеше рет әртүрлі елдерде ұйымдастырылды. 1905ж. соңында парижде классикалық күрестен, халықаралық жарыста өте тамаша шыққан, Поддубныйдың есімі ерекше танымал болды. Содан бері ол тағы да бірнеше рет дүние жүзінің біріншілігіне қатысып және де әр сайын жеңіспен шықты. Осы күнге дейін оның спорттағы өмірлігі таң қалдырады. Поддубныйға 55 жыл өтіп жатқанда ол Германияға және АҚШ-қа турнирге барып, бірнеше қатар кездесулер өткізді және әр кезде жеңіске жетті (1925ж.). Онан соң ол отанына қайта келіп және он үш жыл Совет цирктері аренасына шығып, бәрін тамаша техникасымен және таусылмас қуатымен тандандырды. Совет үкіметі Поддубныйдың спорттық қызметін жоғары есептеп, оны Еңбек Қазал Туы орденімен марапттады. Орыс батыры 1949ж. тамыз айында өмірден озды. 1962ж. бастап әйгілі спортшыны еске алып, жылда классикалық күрестен Поддубныйдың жүлдесіне халықаралық турнир өткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет