Критериалды бағалаудың қағидаттары (принциптері)


) Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемді анықтаңыз



бет19/35
Дата02.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#170792
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35
Байланысты:
4- СЫНЫП

3) Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемді анықтаңыз.
А) Оның әкесі - актер, шешесі - мұғалім.
В) Оның достары да дәрігер болуды армандайды.
С) Оның шешесі – тіс дәрігері, әкесі - хирург.
D) Оның атасы - зейнеткер.


Айтылым
2. Берілген жоспар мен тірек сөздерді пайдаланып, «Менің сүйікті мамандығым» деген тақырып бойынша сөйлеңіз.
Тірек сөздер: мамандық , болашақта, сүйікті, армандаймын, ұнайды, пайдалы, қажетті, ұқсағым келеді, отбасымда.


Жоспар:
1) Мамандықтың түрлері
2) Менің отбасымдағы мамандықтар
3) Менің болашақ мамандығым
Оқылым
3. Мәтінді оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.
Отырар – Орталық Азиядағы ең көне қалалардың бірі. Ол Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Сондықтан ірі сауда орталығына айналды. Отырар алғашқы кезде Фараб деп аталады. Бұл қалада сәулетті сарайлар, ірі медреселер, монша, базар,мешіттер болған. Шығыстың ең танымал әрі ұлы ғұламаларының бірі Әбу-Насыр әл-Фараби Отырар қаласында туып-өскен.
Тараз – Оңтүстік Қазақстанда орналасқан көне қала. Ол Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Тараз қаласы бұрын Талас, Әулиеата, Жамбыл деп аталған. Бұл қалада сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болған. Олар: Айша бибі кесенесі мен Бабажа қатын кесенесі.Тараз моншасы – Орта Азия мен Қазақстандағы ең алғашқы моншалардың бірі.
Түркістан – ежелгі қалалардың бірі. Алғашқыда Шауғыр, кейіннен Йасы атанған. Түркістан қазақ хандарының сарайы болған. Түркістан қаласының ерекшеліктерінің бірі - Ақсақ Темірдің әмірімен салынған «Ахмет Яссауи» кесенесі. Ол әлемнің сегізінші кереметі болып саналады.


1) Отырар, Тараз қалалары неліктен ірі сауда орталығы болды?
А) Қалада ғұлама адамдар көп болды.
В) Қалада қазақ хандарының сарайы болды.
С) Қала Ұлы Жібек жолының бойында орналасты.
D) Қалада сәулет өнерінің ескерткіштері көп болды.


2) Тараз қаласының бұрынғы атауы?
А) Фараб,Шауғыр, Талас
В) Талас, Әулиеата, Жамбыл
С) Шауғыр, Жамбыл, Йасы
D) Талас, Йасы, Жамбыл




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет