Курс: 3 Мамандық: 5В050300 «Психология» Кредит саны


VII. Жаттығу: «Ізгі образ қалыптастыру»



бет7/7
Дата25.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#7674
1   2   3   4   5   6   7

VII. Жаттығу: «Ізгі образ қалыптастыру»

Тапсырма: Ізгі образ жасау,суреттеу, бейнелеу. Сонан соң ол образды өзіңмен салыстырып, не жетпейтінін табу. Одан әрі көзді жұмып өзіңді сол модель ретінде көру.

Қайталау. Синтетикалық образға енген қатысушылардың жағдайын бақылау. Жаңа синтез олардың өміріне қалай енер еді?

VIII. Жаттығу «Даратұлға».

Нұсқау: Дара тұлғалар дегеніміз- өз тұлғамыз шеңберіндегі өз мақсатымен қажеттілігі бар көптеген психологиялық түзілімдер. Тұлғадағы кейбір даралық тек сізге ғана тән болуы мүмкін, басқалары басқа адамдарда кездеседі.Дара тұлғаға мысалдар: бала, ата-ана, іскер, т.б.

Ойланып көріңіз: Сізде тұлғаның қандай даралықтығы басым? Олардың қай жағы бағалы? Қай жағы жағымсыз? Сіздің оларға қатынасыңыз? Сіз оларды басқара аласыз ба, әлде олар сізден басым ба?



IX.Автопортрет әдістемесі.

Қатысушыларға қағазбен қалам таратылады да, өз автопортретін жасау ұсынылады. Психолог танысады да нәтижесін келесі сабақта айтады.



X. Сабақ қорытынды

12-тақырып. Интерактивті ойын әдістері

Жоспары:

Интерактивті ойын әдістері туралы түсінік

Қозғалмалы, ролді ойындар, оларды өткізуге дайындық пен жүргізу кезеңдері

Тренингтегі ойын әдістерінің психологиялық ерекшеліктері



Әдебиеттер:

  1. Вачков И. Основы технологии группового тренинга, психотехники. Ось-89.

  2. Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001

  3. Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г.

  4. Рогов Е.И. настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995

  5. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003

Оқушылардың танымдық үрдістеріне жүргізілетін коррекциялық жұмыс көбінесе жаңа оқу материалын меңгеруде, есте сақтауы мен қорытындылап, белсенділік танытуына байланысты іске асады. Ойындық жаттығулар болса, көбінесе оқып жүрген сабақты терең, жеңіл меңгеру мақсатында қолданылады.

Егер ойын «сергіту сәті» ретінде қолданылса, бұл ойынға бүкіл сынып оқушылары қатысады. Ойынның созылу уақыты 5-7 минут, бір эпизодта 1-2 ойындық жаттығулар қолданылуы мүмкін. Егер мұғалім әлсіз оқушыларға ойындық жаттығулар жүргізетін болса, онда 5-12 оқушыдан тұратын топ құрастырған жөн. Мұндай ойынның созылу уақыты 30-45 минут; осындай «ойын сабағында» 5-7 ойын қолданылуы мүмкін. Ойындық сабақтарды жүргізілу жиілігі- аптасына 1-2 рет.

Мектеп психологының алдында қандай жғдайда психодиагностика-коррекциялық жұмыс тұрады? Ең алдымен, ата-аналар, мұғалімдер немесе оқушылардың өздері қандай да бір проблемамен келген кезде туындайды.

Ата-аналар мен мұғалімдер тарапынан туындайтын проблемалардың басым көпшілігі оқушының сабаққа ынтасының төмендігінен, оқушының өз мүмкіндігінен төмен оқуына байланысты туындайды. Ал оқушылар психологтан қабілілеттілік пен икемділікті меңгеруге, есте сақтау қабілетін дамытуға, зейінін тұрақтыландыруға, аз уақытын дұрыс реттеп, сабаққа жақсы бейімделе алуға көмек сұрайды.

Сонымен қатар психологқа жекелік проблемалар бойынша да көмекке келеді, мысалы, бала бойындағы алаңболушылық (әсіресе, мектепте) өз-өзіне сенімсіздік, мінез-құлқындағы қиындықтар, басқа адамдармен қарым-қатынасының қиындығы. Оқушылар психологтан көбінесе өзімен жасты және қарсы жыныстағы оқушылармен, ата-ана және мұғалімдермен дұрыс қарым-қатынас жасау төңірегінде көмек сұрайды. Көптеген жеткіншектер мен бозбалалар өзіндік сапаны қалай дамытуға болады, өз-өзін тәрбиелеу жоспарын қалай құруға болады, қай мамандықты таңдаған дұрыс деген мәселелермен психологқа жүгінеді.

Коррекциялық жұмысты ұйымдастыру алынған индивидуалды психологиялық ақпаратқа байланысты екі бағытта жүреді: 1) нормативтердің құрастырылуы; 2) адамның ішкі жан дүниесінің индивидуалды қасиеттерінің нормативтерге сәйкес келуі.

Баланың эмоционалды үрдістеріне коррекцияда тек қана кейбір заңдылықтарға баланы статистикалық материалдарды қолданбайды, сонымен қатар типологияның өзіндік құрастырылуы, коррекциялық жоспар құрудағы симптомдар мен синдромдардың бұзылуын анықтау үшін қолданылады.

Мектеп психологының іс-әрекетінің міндеттеріне баланың психикалық даму ерекшеліктерін анықтау кіреді. Диагностикалық-коррекциялық бағыт ең күрделілірдің бірі, ол практика-психологтен арнайы психологиялық дайындықты талап етеді.

Тренингтегі ойын және ойындық элементтер – ойынды қолдану арқылы балалар мен ересектерге псхотерапиялық әсер ететін әдіс түрі. Әртүрлі әдістемелер негізінде, ойын жеке тұлға дамуына елеулі әсер тигізеді. Қазіргі психокоррекцияда ересектерге ойынды топтық психотерапияда және әлеуметтік психологиялық тренингте жаттығулар мен әртүрлі жағдайлар арқылы беріледі. Ойынды топтағы қатысушылар арасында жақын қарым – қатынас орнатуға, қобалжу, қорқу дәрежелерін төмендетуге, өзін – өзін бағалауын көтеруге қолданылады.

Ойынның маңыздылығы – оның екі жоспарлылығында және барлық ұжымдық ойынды белгілері сақталатын драмалық өнерде.


  1. Ойынның нақты әрекетті қажет ететін іс – әрекеті жүзеге асырылады.

  2. Ойынның мақсат, міндетін жүзеге асыру.

Ойынның екі жоспарлығы дамуының эффективтілігін көрсетеді. Ойындағы психокоррекциялық эффект, балалар мен ересектер арасындағы жағымды эмоционалды қатынас орнатумен жүзеге асырылады. Ойын адамдардағы өзін – өзіне сенбеушілікті, қорқынышты, негативті эмоцияларды түзетеді, балалардың қарым – қатынас қабілеттерін кеңейтеді.

Балалар ойыны құрылымы ойыншықтармен байланысты рольдергебөлінеді, ойын әрекеті осы рольдерге жүзеге асыру үшін қолданылады.

Ойынтерапиясының өтілуінің жалпы көрсеткіштері: әлеуметтік инфантилизм, тұйықтық, қарым – қатынасқа түсе алмаушылық, фобиялық реакция, жаман қылықтар, ұл балалардағы психикалық ауытқушылықтар.

Ойынтерапиясының эффективтілігі әртүрлі диагностикалық санаттағы, аутизммен шизофренияға толы балалармен жұмыс барысында көрінеді. Ойын терапиясының эффективтілігі шашының жұлынуына, тәртібінің агрессивтілікті, ата – ананың ажырасуы кезінен кейін эмоциялардың қалпын жақсартуға, қорқынышты жоюға, стресске түскен балаларға, оқудың тежелуін түзетуге сөйлеу қабілетінің төмендеуінің интелектуалды және эмоционалды дамуындағы ауытқушылықтарды, психосоматикалық аурулардың (бронхалық астма, нейродермит) «Мен - концепциясының» жақсауына, жақын адамдарын жоғалтқанда қолданылатын эффективті жол болып табылады.

Ойын жаттығуларын жүргізудегі, психологтың негізгі функциялары.


  1. Балаға жағымды атмосфера құру.

  2. Баланың эмоционалдық қобалжуын жою.

  3. Баланың өзінің қобалжуы мен сезімдерін түснікті формада көрсету.

  4. Ойын жаттығуларында баланың өзіне деген сыйласымдылық пен құндылық сезімдерін ояту.

Ойын терапиясының принциптері.

  1. Баланың коммуникативтілігі (баланың тең құқылы достық қарым – қатынас, шешімді әділ қабылдау, ойынның сюжетін, тақырыбын анықтау, шешім қабылдау бала таңдауында, бала – жағдай иесі).

  2. Коррекциялық үрдістің басқару нұсқауларының жоқтығы: ойын үрдісінің тежеу және тоқтату жағдайындағы ойын терапевттің бас тартуы.

  3. Баланың қобалжу мен сезімінде коррекциялық үрдіс фокусын орнаты: баланың ашық вербалды түрде өз сезімін көрсету, бала сезімін қысқа уақытта анықтау және зерттеуді өз – өзіне бұру, нақты өзін көре алатын балаға айна тәрізді болу керек.

Ойында коррекциялық үрдіс автоматты түрде жүрмейді.

Ойын терапиясының негізгі түрлері мен формалары.



  1. Егер критерийлердің теориялық тәсілдерін іске асыру барысында жүзеге асырса, онда келесідей түрлерді бөліп қарастыруға болады:

  • психоанализдегі ойын терапиясы

  • клиентке бағытталған ойын терапиясы.

  • ықпал ету ойын терапиясы.

  • қарым – қатынас орнату ойын терапиясы.

  • қарапайым ойын терапиясы.

  • отандық психологиялық тәжірибедегі ойын терапиясы.

  1. Ересектік функциялар бойынша ойынды:

  • нұсқаулы емес ойынтерапиясы

  • нұсқаулы ойын терапиясы.

Қазіргі психологияда ойында келесідей қарастырады:

  1. қоршаған ортаға жеке тұлғаның қарым – қатынасы.

  2. баланың субъективті маңызды іскерлігі.

  3. балаларға әлеуметтік жағынан ықпал ету.

  4. қабылдаудың маңызды мазмұны.

  5. баланың психикасының дамуы жүретін іскерлігі.

  6. баланың бүкіл өміріндегі әлеуметтік – педагогикалық форма ретінде.

Балаға бағытталған ойынтерапиясының өтілу кезеңдері.

Барлық терапияның кезеңдері, жағымды атмосферада, ойынтерапевті мен бала арасындағы қарым – қатынас барысында өтіледі. Осы қарым – қарынаста баланың жеке қасиеттері бағаланып, қолданылады, «Мен» кеңістіктігін кеңейтуге көмектеседі. Бұндай кеңеюлер мен қобалжулар терапиялық үрдістегі нақты белгіленгенкезеңдерде өтеді.

Ойын терапиясында бала әрекеті әртүрлі көрініс береді.

1 – 4-ші сеанс. Балада шығармашылық ойынға деген жүйесіз зерттеу қызығушылығы оянады, қуаныш пен қобалжу бір текті жүреді.

5 – 8-ші сеанс. Балада шығармашылық ойынға деген жүйесіз зерттеу жалғасып, ойынға деген жалпы агрессиясы жоғарланады, бұрынғыдай қуаныш пен қобалжу устінде болады.

9 – 12-ші сеанс. Ойынға деген жүйесіз зерттеу дәрежесі төмендейді, біртіндеп ойынға жалпы қызығушылығы оянады. Осының барлығы қарым – қатынас орнатуға шығармашылық пен қуанышты оятуға, терапевтпен вербальді қарым – қатынасын жоғарлатуға, отбасы және өзі туралы ақпараттар қорын кеңейтуге бағытталған.

13 – 16-ші сеанс. Шығармашылық және қарым – қатынас орнатуға арналған ойындарды қолданады. Агрессиялық ойын дәрежесі төмендейді. Керісінше бақыт, қобалжу, сенімсіздін дәрежелері жоғарылайды.

17 – 20-шы сеанс. Көріністі ойнау және рөльді ойындар қолданылады. Агрессвті пікірлер жалғасады. Ойын терапиясымен қатынас орнату күшейеді. Қуаныш – доминантты эмоция орнын алады. Бала өзі және отбасы туралы ақпаратты тасымалдауға жалғастырады.

21 – 24-ші сеанс. Рольдік, драммалық және қарым – қатынас орнатуға арналған ойындар қолданылады. Сәтсіздік жағдайлар көріністері өседі.

Уити (1975) ойынтерапияның басқа кең көлемдегі зерттеуін өткізді. Ол келесідей жағдайларды анықтады.

1 – 3-ші сеанс. Балалар көбіне, ойынтерапевті бала әрекетін вербалды емес және зерттеу ойындарында қалай қолданылатынын бақылайды.

4 – 6-ші сеанс. Қызығушылық пен белсенді зерттеу төмендейді. Сол арада агрессивтік ойын және сөздік эффектілер өзінің биік дәрежесіне жетті.

7 – 9-ші сеанс. Агрессивті ойын жоғалып, қуанышты, өмірлік жағдайларды (үй, мектеп т.б) вербальді түрде көрсете алатын шығармашылық ойын дәрежесі өседі.

10 – 12-ші сеанс. Сюжетсіз ойындар жойылып, оның орнына қарым – қатынасты орнату ойындары максималды дәрежеге жетеді.

13 – 15-ші сеанс. Жоғарыдағы сеанстарға қарағанда қобалжу дәрежесі өседі, ойынтерапевтпен қарастырылады. Вербалды қарым – қатынас күшейеді.

Ойын барысында ұл балалар мен қыз балалар арасында айырмашылықтар байқалады. Ұл балаларда көбінесе агрессия, ашу, сөздік эффектілер, агрессиялық айындар көрінеді. Ал, қыз балаларда шығармашылық ойындар, адамдар арасындағы қарым – қатынас орнататын ойындар, сонымен қатар қуаныш, қобалжу жағдайлары бақыланады.



Ықпал ету ойын терапиясы.

Ойын терапиясының ауқымды бағыты 30-шы жылдары Д.Левиннің жұмыстарында (1938) айқын көрінді, бұл жұмыстың басты мақсаты, балаларды белгілі бір ауытқушылыққа байланысты ықпал ету терапия идеясын дамыту. Д.Леви ең біріншіден ойын балаға жағымды ықпал ететінін сендірді. Осы арқылы ойынтерапевт таңдалған ойыншықтар балаға неліктен қобалжу реакциясын тудыратынын анықтады.

Бала ойын терапиясымен және ойын терапиясы өтәлетін бөлмемен жақын танысу үшін, еркін ойнауға рұқсат беріледі. Содан кейін ойынтерапевт балаға стрессогенді жағдайды туғызу үшін белгілі ойын материалдарын қолданады. Кейде балаларға ойынды өздігінен таңдауға рұқсат беріледі. Ойынды бақылай отырып ойынтерапевтбаланың вербальді және вербалды емес сезімдерін сөзбен, ашық түрде көрсетеді.

Ойын бөлмесінде ойын белсенділігінің 3 формасы бар.


  1. Агрессивті мінезден арылу: бала заттарды лақтырады, шариктарды жарады немесе инфантильді мінез формасын көрсетеді (мысалы, еміздікті емеді)

  2. Стандартты жағдайлар сезімінен арылу: анасының кеудесіне қуыршақты жақындату арқылы, қызғаныш сезімін көрсетеді.

  3. Баланың өміріндегі стрестік сезімдерден ойын арқылы арылу. Г.Хэмбидж (1955) «Структурная игровая терапия» атты мақаласында Д.Левидің жұмысына толық түсінік берді. Бұл мақалада баланың қорқу дәрежесі туралы, яғни, балаға еркін ойнау рұқсат етіледі.

Қарым – қатынасты орнатуға арналған ойынтерапиясы.

Терапиялық қарым – қатынаста Дж.Тафттың (1933) және Ф.Алленнің (1934) зерттеулері ойынтерапиясында келесідей маңызды бағыты пайда болды. О.Ранктің (1936) философиялық негіздегі жұмысы бала дамуының зерттеу тарихына елеулі үлес көрсетті.

Ойын терапиясында терапевт пен клиент арасындағы эмоцияналдық қарым – қатынасқа көп назар аударады. «Маған клиенттің әлемге деген қарым – қатынасын қалай қабылдайтынын анықтау маңыздырақ және клиент маған тұлға ретінде қызығырақ екенін сездіруге қорықпаймын» - деп жазды Ф.Аллен.

Өткен тәжірибені қайталау үшін ешқандай ықпал ету қажет емес. Тек қана қасқағым сәт пен әсер ету жеткілікті. Ф.Аллен мен Дж.Тафт балаға тұлға ретінде қарау маңызды ол мінез – құлқын өзі өзгерте алады деген.

Балаларға таңдау бостандығы беріледі – ойнау немесе ойнамау және өз әрекетін өзі басқара алады. Балалар өз тілектерін өздері шындыққа әкеле алады деген болжау туындайды. Қарым – қатынас орнату ойынтерапиясының мақсаты баланы өзгерту емес, баланың өз құндылықтарын, өзіндік «Мен - концепциясын» жоғарылату. Бала барлық тұлғалар сияқты өз – өзіне сенімді, ерекше, өзін – өзі дұрыс бағалайды және ішкі өзін – өзі дамыта алады.

Коррекциялық мақсаттың негізгі механизімінің жетістігі – ойын терапевті мен клиент арасында қарым – қатынас орнату. Мақсаттың шектелуі спецификалық жағдайлар қатарымен анықталады: «Мен» дәрежесінің бұзылуы, күмәндану, сенімсіздік.



13-тақырып. Коммуникативтілікке баулу дағдылар тренингіндегі психодиагностика және психологиялық практикум

Жоспары:

Коммуникативті дағдылар тренингінде психодиагностикалық әдістемелер

Психологиялық практикум негізінде психологиялық тренингті бағдарламаларды құрастыру

Әдебиеттер:

1Вачков И. Основы технологии группового тренинга, психотехники. Ось-89.



  1. Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001

  2. Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г.

  3. Рогов Е.И. настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995

  4. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003

Психологиялық диагностика - бұл оқушылардың барлық оқу кезіндегі педагогикалық-психологиялық үйретулер, тұлғаның индивидуальды ерекшеліктерін анықтау, оның оқу және тәрбиелеу процесіндегі потенциальды қажеттіліктері, сонымен қатар үйрету механизімін бұзудағы себептерді анықтау, әлеуметтік бейімделудің дамуы.

Бүгінгі күнде мектептегі психологтың диагностикалық жұмысы келесідей тапсырмаларды шешуге бағытталған:



  • оқушының әлеуметтік- психологиялық бейнесін аша білуге;

  • оқушылардың оқудағы және қарым-атынастағы ерекшеліктерін анықтауда психологиялық құрылым және жүйені таңдауға.

Диагностикалық жұмыс ұйымынан келесідей жайттарды бөліп алуға болады.

1. Барлық оқушыларды анықтаудағы қатар келетін комплексті психологиялық-педагогикалық зерттеу – «фронтальды» деп аталынатын, жоспарлы зерттеу. Мұндай түрі біріншілік диагностикалық көрсетеді, қорытындысы «сәттілік», «сәтміздік» балалардың қарым-қатынастағы мінез-құлықын өлшеудегі көрсеткіш болып табылады. Оқушыларды комплексті зерттеудегі педагогикалық-психологиялық дәрежесінде хабарлаудың негізгі тәсілі:

- мұғалімдер мен ата-аналарға экспертті сұраққа қою;

- зерттеу негізгіндегі оқушыны құрылысдық бақылау;

- оқушыларды психологиялық зерттеу;

- педагогикалық құжат анализі (сынып журналы, оқушылардың дәптері) және алдын ала зерттелу материалдары.

2.Тереңдетілген психодиагностикалық зерттеу күрделі жағдайларды зерттеуде қолданылады және индивидуальды клиникалық процедураларды қолдануды кіріктіреді. Мұндай жұмыс баланың қарым-қатынастағы қиындықтарына байланысты педагогтар мен ата-аналарға кеңес беру және т.б. тереңдетілген психодиагностикалық зерттеу күрделі әдістемелерді пайдаланылады.

3. Оперативтік психодиагностикалық зерттеу аз уақытты керек етеді, яғни ол экспресс- әдістеме, анкеталар, әңгімелесулер арқылы лезде хабарды ала алады, бұл барлық ойларды зерттеуге бағытталған.

Психодиагностика жұмысының негізгі параметрлері психолгиялық құжаттар және қатысушының жеке тұлғасын зерттеуді кіріктіреді, сонымен қатар танымдық психикалық процестерін, эмоционалды ерекшеліктерін, сыныптағы және ұжымдағы жеке тұлғалық қатынасын кіріктіреді. Диагностикалық зерттеу жүргізу негізінде типтік психологиялық әдістемелер қолданылады. Психологиялық диагностика - психологиялық дайындықтарды нығайту, жеке адам психодиагностикасының тәлім - тәрбиелеу негізін тереңдетіп оқыту, психологиялық көмек көрсету кезінде маманның практикалық дайындығын және кәсіби дағдыларын игертуді мақсат етіп қояды. Жалпы психодиогностика термині психологиялық дигноз қою немесе адамның толығымен психологиялық құрылымының барысы туралы кәсіби шешімін қабылдау деген мағынаны білдіреді, аталған термин екі анықтама берумен түсіндіріледі:


  • психодиагностикада психологиялық білім айтылған яғни әртүрлі диогностикалық амалдарды практикада қолдану;

  • психологиялық іс- әрекетіндегі психологиялық диогноздың практикалық құрылымының өзіндік сферасын меңзейді.

Ал, психологиялық диагностика мазмұны төмендегідей міндеттермен анықталады:

  • шынайы мәселені анықтау және табу;

  • практикалық міндетті құрастыру және ғылымилық түсінік көрсете алу;

  • зерттеу әдісін таңдау және құрастыру;

  • мәліметтерді өлшеу және жинақтау;

  • зерттеу кезіндегі аталған мәліметтер нәтижесін талқылау және интерпретация моделінің теориялық жағын топтастыру;

  • психологиялық қортындыны құрастыру және мәселе бойынша практикалық әдістемесіне нұсқау беру.

Жалпы психодиагностика - психодиогностика аталғандағы туындаған жекелей мәселелерді спецификалық диагносикалық тапсырмаларды сараптаумен анықталады. Психодиогностикалық тапсырмаларын анықтауда клиенттің жағдайымен экспертиз жасаған жағдайын айыра білу психодиогностикасының негізгі міндеті болып табылады.

Психодиогностикалық әдістер классификациясы:

1.бақылау кезіндегі психодиогностикалық әдістер

2.сауалнамалық психодиогностикалық әдістер

3.объективті психодиогностикалық әдістер

4.эксперименталды психодиогностикалық әдістер

Психодиогностикалық тапсырмаларды шешуге психикалық құбылысты, әртүрлі сферадағы адам өмірін айқындайтын фактор негізі үш шеңбермен көрсетіледі.

1.адамның басқалармен қарым/қатынас шеңбері;

2.адамның өзі - өзіне деген қарым/қатынас шеңбері;

3.адамның жоғарғы нерв іс - әрекеті функциялары.

Психодиогностикалық жұмыстың негізгі психологиялық көмек көрсету. Писхологиялық көмек көрсету үшін психодиогностика жұмыс нәтижелерін алу, өңдеу, қортындысын жеткізуде шынайы ерешеліктермен ерекшеленуі төмендегідей көрсетіледі:

-құрылдымдық дәрежесі, яғни клиенттің психологиялық шындығы рефлекстін мазмұнда айқын бейнеленеді;

-клиенттің жеке даралығы;

-мәселені шешудегі психологиялық өзіндік біліктілігі.

Психологиялық диагностика - алдына көптеген тапсырмаларды шешу міндетін қояды ол тапсырмалар төмендегідей:

1.Жеке тұлғаның әлеуметтік - психологиялық портретін құрастыру;

2.Өмірде қиындық туындаған адамдарға психологиялық көмек көрсете отырып, түрлі диогностикалық әдістемелерін формалар жолдарын анықтау, қарым - қатынас кезінде психологиялық жағдайын көтеру;

3.Психологиялық әдістемелерді туындаған мәселеге байланысты сәйкестендіре қолдану, нәтижесін өңдеу.

Психодиогностикалық тапсырмаларды шешудегі диагностикалық жұмыстар


  1. Кешенді психологиялық - педагогикалық бақылау ол мынадай міндеттермен жүзеге асады

-қарым/қатынас шеңберіндегі адамдармен жеке ретті сауалнама;

-зерттеу кезіндегі құрылымдық бақылау;

*құжаттарды өңдеу және оның нәтижелері.

Психодиогностикалық бақылаудың жеке даралық клиникалық тұрғыда жүргізілуі;



Жеке тұлғаның өзін - өзі анықтау, психологиялық ерекшеліктерін анықтау ретінде жұмыстар жүргізілуіп

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет