Курс: 3 Мамандық: 5В050300 «Психология» Кредит саны


-тақырып. «Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы» психологиялық тренинг бағдарламасы



бет6/7
Дата25.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#7674
1   2   3   4   5   6   7

9-тақырып. «Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы» психологиялық тренинг бағдарламасы

Жоспары:

«Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы» психологиялық тренинг бағдарламасы, принциптері мен мақсат-міндеттері.

«Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы» психологиялық тренинг бағдарламасында қолданылатын психологиялық тест әдісі

Бағдарлама ережелері мен талаптары.



Әдебиеттер:

  1. Вачков И. Основы технологии группового тренинга, психотехники. Ось-89.

  2. Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001

  3. Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г.

  4. Рогов Е.И. настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995

  5. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003

«Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы» психологиялық тренингі бағдарламасының мақсаты - жеке тұлғаның, жалпы оқушыларды тәжірибелік бағытта психологиялық дайындауды, интенсивті жүзеге асыру үшін қолданудың ерекшелігі зор. Бұл оқушылардың әлеуметтенуі, оған психологияның әсерін ескерумен сипатталады.

Жалпы тренингтік қалыпқа келтіру әдетте, топтық мақсаттардан тұрады:

√ Психологиялық заңдылықтарды, механизмдерді, жеке тұлға мен адамдар арасындағы қарым- қатынасты қарастырады;

√ Жекелік дамуы, шығармашылық потенциалдың, өмірде оптималды деңгейге жетуі және бақыт пен сәттілікті сезіну;

√ Коррекцияға қатысушылардың өзін - өзі тану, өзіндік іздену және эмоционалды күйдің бұзылуы, өзіндік іс - әрекеттің өзгеруі негізінде болуы;

√ Топтағы қатысушылардың психологиялық мәселелерін қарастыру және олардың шешім қабылдауына көмек көрсету;

√ Субъективті өзіндік сезімнің және психологиялық денсаулығының жақсаруы.

Тренингтің бірінші спецификалық топтық мақсаты - қарым- қатынас, ал тренингтің өзіндік өсуі – екінші орында тұрады. 3-5 топтың мақсаты психотерапиялық және психопрофилактикалық болып табылады. Тренингтерде олар көбінесе қосымша ретінде қолданылады. Мақсат тапсырмаға байланысты болады. Егер мақсат жұмыстың нақты бағытын көрсетсе, онда тапсырмалар нақты қадамдарын жасайды.

«Тұлғаның өзін-өзі дамытуы» тренингі оқыту мен тәрбие беру жүйесінде жеке тұлғаның қалыптасуына, азаматтық қоғам мен индивидті әлеуметтендірудің әдістемесіне теориялық парадигма дайындауға мүмкіндік тудырады. Мына мәселелерді қамтиды:



  • ақиқатқа жетуге ұмтылу;

  • өзінің «Менін» тану арқылы адамның биік мәртебесін орнықтыру;

  • әлемді тануға ұмтылу;

  • табиғатпен, айналадағы адамдармен үйлесімді қарым-қатынас орнықтыру;

  • мінез-құлықтағы әдептілікті қалыптастыру;

Тұлғаның құрылымын және оның тұтастығын қамтамасыз етіп жетілдіретін психологиялық қасиеттер. Олар өмірдің мақсатымен және іс-әрекетімен, құнды бағдарлығымен, нұсқауларымен тығыз байланысты, яғни өзін-өзі тану, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру міндеттерін атқарады. Өзіндік сана қажет кезінде ғана орын алады. «Объективті өзіндік сана» тұжырымдама тұрғысынан, ол жасалатын әрекеттің талабы мен өзі туралы пікірдің қиылысуымен қарастырылады. Өзіндік санаы дамытатын қозғаушы күштерді индивидтің шынайы өздігінше әрекеттене, айналадағылармен арақатынасын өзгерте алуыана іздеу қажет. Сана, өзіндік санадан өз «Мен»-ін туындамайды, керісінше тұлға санасының дамуынан, яғни өз бетінше субъект бола бастағанда өзіндік сана туындайды. Практикалық және теориялық іс-әрекеттің субъектісі боларда, «мен»-нің өзі сол іс-әрекетте қалыптасады. Адам психикалық сферасының өзінің «мен»-іне қабілетін және мінезі мен темпераменті арқылы өзгешелігін анықтайтын тұлғалық қасиеттерін атайды. Адамның басынан кешіретін ахуалдары мен күйлері, бар өмірінің психикалық мазмұны тұлғалық құрамына кіреді. Бірақ, арнайы мағынасын, өзінің «мен»-іне қатынасы барлардың ішіне психикасында бейнеленіп ішкі өмірінің тарихына сезіміне әсер еткендері ғана тән бола алады.

Сана психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстануын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруіне мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып, адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжайды. Жеке адамның санасы мен қоғамдық сана диалектикалық бірлікте болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды. Сонымен қатар адамзат жинақталған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің шығармашылық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады. Сана объективтілік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. Өзіндік сана-сезім – сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнелеуінен біртіндеп қалыптасады. Адамның өзін-өзі тануында, оның басқаның бағалауы мен ұжымдық бағаның маңызы ерекше.


10-тақырып. «Өзіңді-өзің танып біл» жеке тұлғалық даму тренингі

Жоспары:

«Өзіңді-өзің танып біл» жеке тұлғалық даму тренингі туралы түсінік.



«Өзіңді-өзің танып біл» жеке тұлғалық даму тренингі нде қолданылатын психологиялық жаттығулар

Әдебиеттер:

  1. Вачков И. Основы технологии группового тренинга, психотехники. Ось-89.

  2. Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001

  3. Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г.

  4. Рогов Е.И. настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995

  5. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003

Бүгінгі таңда қарым –қатынастағы компоненттің даму коммуникативтілікке баулу процесі психологиялық тренинг аясында ойдағыдай шешілуде. Соңғы 30-40 жыл ішінде қарым-қатынас механизімін дамытуда белсенді, жедел әдіс-тренингтер ұйымдастырылып, қолданылуда. Психологиялық тренинг /немесе оның түрлері/ жанұялық қарым-қатынастағы түзету тәжірибесінде, жасөспірімді бейімдеуде, тұлғаның өзін танып білуінде т.б. жағымды жақтарымен көріне білді. Нақты және практикалық эксперименттердің элементтерін өзіне біріктіре отырып, қарым-қатынас біліктілігінің саласындағы өзін-өзі танып білу мәселелсі кең көлемдегі міндеттерді шешетін тренигтер психологиялық ықпалдың тиімді құралы болып табылады. Тренингтің дәстүрлік оқытудан өзгешелігі- негізін қалаушы принциптердің болуы. Психолог бұл принциптердің барлығын ұстануы қажет. Тренинг өткізуде принциптерді жүйелі түрде жүзеге асыру, дәстүрлі оқыту әдістерінің /лекция, семинар, көркем әдебиеттерді оқыту/ сапа жағынан айырмашылығын қамтамасыз етеді. Бұл принциптер төмендегідей:

    1. Белсенділік, әркімнің топ жұмысының нәтижелігіне жауапкершілігі.

    2. Топ жұмысына қатысу тұрақтылығы.Әр топ мүшесінің топ жұмысына басынан аяғына дейін үзіліссіз қатысуы міндетті.

    3. Топтың тұйықтығы. Топтағы болған оқиға топтан сыртқа шықпауы керек.

    4. Ашықтық пен адалдық.

    5. «Тоқта!» ережесі. Ойынға қатысқысы немесе қандайда сұраққа жауап бергісі, шынын айтқысы келмейтін адамның «Тоқта!» деп айтуына және ойыннан шығуына болады. Бірақ бұл ережені сирек қолданған жөн. Бұл адамның өзін тануын шектейді.

Тренингтің мақсаты:

  • өзін-өзі тану, түсіну, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;

  • ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту;

  • ойлаудың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;

  • қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;

  • өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;

  • коммуникативтік дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру;

  • өзі, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;

  • көңіл-күйді көтеру, сезіммен эмоцияны реттеу.

Бүгінде топта әреке ету қабілеттілігі қажетті кәсіби және жеке қасиеттердің бірі болып табылады. Психологиялық ойындар мен жаттығулар ынтымақтастыққа тәрбиелеуге бағытталған. Топ жетекшілері бұларды әртүрлі жағдайларда: топпен өтетін тренинг пен қарым-қатынас тренингтерін мектепте және мекемелерде қолдануға болады.

Жалпы білім беретін мектептер практикасында лекция-семинар сабақтары,шығармашылық шеберлік дискуссиялық клуб сияқты жұмыстардың жаңа формалары белсенді түрде енуде. Сонымен әлеуметтік-психологиялық тренинг дегеніміз не? Мамандар оны топтық жұмыстың белсенді белсенді әдістеріне негізделген психологиялық әсер ету деп есептейді. Бұл- тұлға дамуына, коммуникативті дағдының қалыптасуына, психологиялық көмек көрсетуге, стереотиптерді жоюға және қатысушылардың жеке проблемаларын шешуге байланысты сұрақтар қарастырылатын арнайы ұйымдастырылған қарым –қатынас формасы.

С.М.Жақыпов әлеуметтік-психологиялық тренингтің өзара әрекеттестігі және оқытушымен оқушылар арасындағы процесстің нәтижесінде бірлескен танымдық іс-әрекет қалыптасатындығын көрсеткен. Автор мұндағы қарым-қатына құралдарының аса иілгіштігі мен динамикалығын тұлғалар ерекшелігімен байланыстырады.

Тренингті оқытудың бір формасы, әдісі деп қарастырғанда, оның тиімділігі бірлескен пікірлік, танымдық іс-әрекеттерінің қалыптасуымен анықталады. Психологиялық тренинг басқа адамдарды терең түсінуге көмектеседі: өз бейнесін басқалардың қалай көретіндігімен салыстыруға мүмкіндік береді; өз мүмкіндіктерін көруге, өзіндік санасын жетілдіруге жағдай жасайды.



Тренингтік топ жұмысының принциптері

Арнайы тренингтерде қосымша принциптер мен ережелер қолданылуына байланысты әлеуметтік- психологиялық тренинг ұйымының көптеген принциптерінің ішінен негізгі принциптерді атап көрсетеміз.



1.Өзара әсер диалогизациясы принципі, яғни қарым-қатынастағы тұларалық теңдік, қатысушылардың өзара сыйласу мен бір-біріне деген тлық сеніміне негізделген. Егер топта біреуі немесе бірнешеуі басым болса, онда қарым-қатынас диалогқа тән қасиеттерді жоғалтады да, монологқа ауысады. Бұл тренинг табиғатына қарама-қайшы.

2.Тұрақты кері байланыс принципі, яғни қатысушылардың өзі туралы информацияны барлық іс-әрекетінің нәтижелерін талдап отырған басқа топ мүшелерінен ұдайы алып отыруы. Кері байланыс арқылы адам келесі қадамдарына коррекция жасауға, сәтсіз қарым-қатына тәсілін жаңаға ауыстыруға, оның қоршаған ортаға әсерін байқауға мүмкіндік алады. Ол үшін қатысушының басқаларға солар туралы пікірін айтуға және өздері туралы пікірлер тындауға барлық жағдайлар жасалуы керек. Осындай арнайы саналы түрде ұйымдастырылған кері байланыс максималды эффектін береді.

3.Өзін-өзі диагностикалау принципі:қатысушылардыңөзін-өзі ашуына, өздерінің жеке маңызды проблемаларын анықтап, түсіне алуға көмектеседі.

Тренинг мазмұнында адамға өзін, өз тұлғасының ерекшеліктерін тануға көмектесетін жаттығулар қарастырылады. Топтың әр мүшесінің белгілі бір шешіммен оны жүзеге асыруды талап ететін түрлі жағдайларда өзін көрсете білуіне көмектесу керек. Бұған вербалды қарым-қатынас тәсілі емес, практикалық әрекет көмектеседі.



4.Дамытуды оңтайландыру принципі.Жүргізушіден нақты диагностика, бөлек қатысушылар мен толық топтың белгілі бір психологиялық күйінің классификацяланған констатациясы, сонымен қатар шарттарды оптимизациялау мақсатында болып жатқан іске белсенді түрде араласуын көздеу. Арнайы жаттығуларды қолдану арқылы жүргізуші қатысушылардың өзіндік дамуына түрткі беруі, олардың барлық күшін керек арнаға бағыттауы керек.

5.Интеллектілі және эмоциялы сфералар гормонизациясы принципі. Бір жағынан тренингке жоғары эмоциялы қатысушылар болған жағдайда ол шынайы өтеді. Бұл ашықтыққа бағыттап, топ мүшелерін сенімге, ізгілікті қарым-қатынасқа жетелейді . Ал екінші жағынан, болған жағдайларды талқылау кезінде интеллектілі аналитикалық процестерді ынталандырады. Мұндай әрекеттің формасы – барлық тренинг бойы қолданылатын топтық дискуссия.

6.Барлық тренингке, жеке сабақтар мен жаттығуларға өз еркімен қатысу принципі. Жасөспірімнің жұмыс барысындағы өзгеруіне табиғи түрде ішкі қызығушылығы болуы керек. Тұлғаның позитивті өзгерістері мәжбүр ету кезінде пайда болмайды, оны талап етіп те керегі жоқ.

7.Топтың тұрақты құрамы принципі. Егер тренингтік топ жабық болып тұрақты құрам болып, жаңа адамдар қосылып отырмаса, онда топта топ мүшелерінің ашылуына әсер ететін ерекше процестер пайда болады, тренингтік топ өнімді түрде жұмыс істейді.

Топтың қалыптасу принципі туралы сұрақтар аса маңызды болып табылады. Жұмысқа қатысу үшін ең қолайлы жас 16 мен 40 жас деп есептеген. Оның құрамына жасөспірімдерді де қосуға болады. Бірақ бұл үшін жүргізушітренингтен кейінгі психологиялық көмек пен жүріс-тұрысына коррекция жасау мақсатында қатысушылармен контакт жасауға мүмкіндігі болуы керек. Мектепте практик-психолог ретінде жұмыс істеп жүрген педагог мұндай мүміншілікке ие. Гетерогендік принципін ескерсек, яғни жынысына, жыныстық деңгейіне байланысты топтастыру, ал тренинг мектептен тыс жүргізілсе, онда жасы мен мамандығына байланыстыру топтастыру.

Өзіндік тренингпен алғаш рет айналысушыға кішкентай топпен /10-12адам/ жұмыс істеген қолайлы. Белгілі бір тәжірибе жинақтаған соң қатысушылар санын 30-40 адамға дейін көбейтуге болады.

8. Ену принципі. Сабақ ұзақтығы жұмыс басында айқындалуы керек. Оларды жүргізу тәжірибесі толық түрде негізделген қорытындыға дәйек береді: өте ауқымды эффектіге ірі уақыт блоктарымен жұмыс істегенде ғана қол жеткізуге болады 3-4 сағат енумен, кейде бұдан ұзақ кезең бойына. Бұл қатысушыларды «елітуге», олардың ұзақ үзілістен кейін топтық процесстерге эмоциялы енулеріне көп уақыт кететіндігімен байланысты. Мектептегі тренингтік топ мектептің сабақ кестесімен сыйымды. Қосарланған сабақты аптасына кем дегенде бір рет өткізген жөн. Мүмкіншілік болса, сабақты 2-3 күнге белгілеп, күніне 6-7 сағаттан қарқынды тренинг өткізген жақсы. Мүмкін варианттардың бірі, 24 сағатқа созылатын тренинг-марафон, бірақ оны тек дайындығы бар қатысушылармен ғана өткізуге болады.

9.Бөлектену принципі. Бұл жағдайда қатысушылардың сөздерін бөтен ешкім естіп қоймауы шарт. Егер жүргізушіге аудио немесе видио жазбалар қажет болса, топтың барлық мүшелерінен рұқсат алу керек. Тренингтік жаттығулар мен тапсырмалардың үлкен бөлігі осы материалдар мен кейінірек өздік жұмыстары үшін арнайы жазылады.

10.Еркін кеңістік принципі. Бөлмеде қатысушылардың еркін қозғалуына , шеңбер құруларына, 3-4,7-8 адамнан микротоптарға бөлінуіне, оқшаулануына мүмкіндік болуы керек.

Тренинг дайындығының негізгі элементі, болашақ ұжыммен алғашқы кездесуі болып табылады. Бұл екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде –міндеттері, мерзімі, кездесу ұзақтығы туралы топтық әңгіме жүргізіледі. Жиналғандар тренингке қатысу немесе қандай да бір себептермен бас тарту сияқты шешімдер қабылдайды. Екінші кезеңде сабаққа қатысуға ниет білдіргендермен жекелеген түрде сөйлеседі. Жұмыс барысында мотивтер анықталады /қызығушылық, білімге құштарлық, жаңа тәжірибе алуға ұмтылыс, өмірге дайындық, өз проблемаларын шешу/. Бұл топқа кездейсоқ адамдар емес, саналы түрде бел буған адамдар қатысады.



11-тақырып. «Топта қарым-қатынасты дамыту» коммуникативті іскерлік тренингі

Жоспары:

«Топта қарым-қатынасты дамыту» коммуникативті іскерлік тренингі туралы түсінік.

Коммуникативті іскерлік тренингіндегі жаттығуларының топтамасы.

Әдебиеттер:


  1. Вачков И. Основы технологии группового тренинга, психотехники. Ось-89.

  2. Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг в школе. М., 2001

  3. Емельянов Ю.Н. Активное социальное –психологическое обучение – Л, 1985 г.

  4. Рогов Е.И. настольная книга практического психолога в образовании. М., 1995

  5. Фопель К. Технология ведения тренинга. Теория и практика. М., 2003

Қарым-қатынас барлық тірі жандыларға тән, бірақ өзіндік сана мен тілге тоқтала келе адам деңгейіне тән екендігі белгілі. Адам тұлға ретінде топта қалыптасады. Топ- адамдар арасындағы қатынастарды тікелей көрсететін амалданған көрс еткіш. Тұлға үшін топтың маңыздылығы – белгілі бір әрекеттер жүйесі. Топтың өзі белгілі бір әрекет түрінің субъектісі болады және сол арқылы қоғамдық қатынастардың жүйесіне енеді. Әлеуметтік қатынастың екі негізгі түрі белгілі. Оның біріншісі - әрекет, яғни бұл адамның әлеммен қарым-қатынастарының динамикалық жүйесі. Осы қатынастар негізінде, объектіде психикалық бейне пайда болады. Бұл бейне іс-әрекеттің анықталған мақсаты түрінде болады. Екінші түріне қарым-қатынасты жатқызамыз. Қарым-қатынас пен әрекеттің арасында адамдар белсенділігі ретінде айырмашылық бар. Әрекет нәтижесі заттың идеалды және материалды негізін түсіндірсе, қарым-қатынас адамдардың бір-біріне деген ықпалдылығы, әсері.

Тақырып: Топта қарым-қатынасты дамыту.

Мақсат: Психологиялық диагностика және сана-сезімді дамыту.

Құрал-жабдық: Жеке тұлғамен оның өз мінез құлқын өзі бағалауына, ақыл-ойына, өмірге деген көзқарасына жасалған диагностика бланкі, «Мен кіммін» әдістемесінің карточкасы.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру сәті.

Тренинг жүргізушісі қатысушыларды тапсырмамен таныстырады: өзін-өзі барынша ашу, өз менін сезіну, сезімін сыртқа шығарып, жеңілдену. Тренинг кезіңдегі тәртіптің принциптері мен қағидалары: «Осында, енді» сезімге ыдағаттылық, өзін-өзі ашу және шыншылдық.

Тренингтің әр қатысушысы өз белгісін ұсынуы керек, ол тос белгі болуы, сөз бейне т.б. болуы мүмкін.

II. Өмірге деген өз көзқарасын бағалауына диагностика жасау.

Қатысушыларға бланктер таратылып, мынандайт нұсқаулар беріледі: «Менің сіздерден өтінерім,өздеріңізге тән қасиеттеріңізді басқалардың айтуымен емес өз ойыңызша бағалаңыздар.Мінез-құлқыңыз сізді қанағаттандыра ма? Еркіңіз ше? Ден саулығыңыз және басқа да жағдайларыңыз қанағаттандыра ма?».

Өзіне-өзі баға беру негізінде өз түсінігін зерттей білі жатыр. Баға мынандай параметрлермен беріледі: ақыл, денсаулық, бақыт, мінез,ерік, дербестік, қабілеттік, сыртқы пішін, жағымдылық, құрылымдық белсенділігі.

Тәжірибе санында карточкалардың мазмұны, өзін-өзі интегралды бағалаудың кестесі талқыланып/ қырынан/ жасалады.

Өзін-өзі бағалау қырынан қарағанда ара іспеттес болып келсе тұлғаның ұстамсыздығы немесе жеке тұлғаның қалыпты дамуы болмаған жағдайда тон ішінде өзін солай ұстауынан деген пікір жасалады. Бұл адам өзін-өзі бағалауда айтарлықтай нашар көрсеткіш те емес, әйткен мен жақсылығы адамның дәл көрсетілген уақыттағы өзгеруіне себебін табу керек. Бұл тәсіл тұлғаның мінез-құлықтың ерекшеліктерін анықтауға мүмкіншілік береді. Осы уақытқа дейінгі темпераменттің, типті мінезбен ерекшеліктері анықталады. Жеке тұлғаның өзін-өзі кешенді түрде танып білуіне арналған формасы мен мазмұны жағынан конструктивті бағдарлама дайындалады.

III. Өз ақыл- ойын бағалау.

Нұсқау: Ақыл-ой жайлы берілген он тұжырымның ішінен өзіңіздің ыңғайыңызға келетін біреуін таңдап алып, сол жағындағы санды сызып

қойыңыз.


1

Менің ойым кез-келген ортада ең жоғары болып шығады.

10

2

Аз ғана интеллектуалдардың біреуімін

9

3

Мен анақұрлым ақылды адамдардың қатарына жатамын

8

4

Менің ақыл-ой деңгейім орташа

7

5

Ақыл-ой жағынан айналамдағылардың үздік тобына жатамын

6

6

Ақыл жағынан алғанда мен нағыз қарапайым адаммын.

5

7

Менің ақыл-ойым ортадан төмен

4

8

Жалпы мен барынша зерек адамдардың қатарына жатамын

3

9

Мен зеректігі төмен адамдардың бірімін

2

10

Кез- келген топта мен ақыл-ой жағынан төмен тұрамын

1


Нәтиже зеректікті зерттеу объектісінің мәліметтерімен салыстырылды. /Айзенк тесті, 16 РФ/

IV. «Тұлғаның өзін-өзі бағалау »тесті.

Нұсқау: Өзіңіздің жеке пікіріңіз бойынша сіздің мінез-құлқыңыздың ерекшеліктерін, сіздің тұлғаңызды анық ашатын 16 ұғымды тізімнен көшіріп алыңыз . Сонан соң осы 16 сипаттың ең маңыздыларын 1,2,3 және т.б. -16 –ға дейінгі сандармен белгілетіндей етіп ретпен жазыңыздар.

Енжарлық, ұқыптылық, белсенділік, дархан, өктем, тақуа, содыр. Сақ, қылжақ, жасық, жауапсыз, еренсіз, принципсіз, жүрекжұтқан, мінезсіз, салдыр-салақ, қысылып-қымтырыссыз, парасаттылық, биіктік, қулық-сұмдықсыз, тынышсыздық,қорқулық.

Сыпайылылық, ұрысқақақтық, риза болу, қызбалық, төзімділік, кеңпейілдік, сенімділік, көңілділік, өктемдік, ұқыптылық, әзершілдік, қозушылық, тәкаппарлық, кінәлілік.

Қызбалық, мақтаныш, дөрекілік, іскерлік, бейбастық, үстемшіл, жайдарылық, көргендік, тәртіптілік, сенгіштік .

Сараңдық, қаталдық, өмірге құштарлық, шапшаңдық, әйелсипаттылық.

Күншілдік, мақтаншақтық, бастамашылық, зялылық, ақылдылық, даралық, тыңдырылымдылық .

Қырсық, мықтылық,ұйымшылдық, ымырасыздық, сыншылдық, мәдениеттілік, консервативтілік.

Сүйкімділік, жеңіл ойлылық, екіжүзділік, қулық, тез сенгіштік, білугет құштарлық, омыраушылдық.

Сылбырлық, көн сөйлемеушілік, тұнжырлық, меланхолдік, секем алғыштық, кекшілдік, жұмсақтық, моралдік, тұрақтылық, арманшылдық, ерлік.

Кекшілдік, тапқырлық, немқұрайдылық, сын көтермеушілік, бапсыздық,.

Шыдамсыздық, аңғалдық, табандылық, ұқыпсыздық, былқ етпестік, дербестік, көпшілікті, ұнатпаушылық, шешімсіздік, сенімділік, еркіндік, құнтсыздық, тізгінсіздік,қысылушылық.

V . «Өзін-өзі ашуға арналған жаттығу».

Қатысушылар «қиял», «қиялдау» тақырыбын алады. Көздерін жұмып қиялдайды. Жүргізуші қатысушыларды қолдауы керек. Мысалы:



  • Мен сүйемін...

  • Маған ұнайды...

  • Маған қиын...

  • Менің жанымды жадыратады...

  • Достарымның арасында мен...

  • Келешекте мен ...

Тақырып саны қатысушылардың санына сай келеді.

VI. Жаттығу: «Мен кіммін»

Қатысушыларға өзінің «мен» образы төңірегінде, белгісі, жазбалары, қимылдық бейне, би, ән төнірегінде ойлануға уақыт беріледі.Басқа қатысушылар осы образдың бұл адамға қаншалықты сай келетінін талқылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет