Курс: 7 Тақырыбы: Ақуыздар алмасуы бұзылысы кезіндегі лабораториялық диагностика Орындаған



бет2/7
Дата22.10.2022
өлшемі2,04 Mb.
#154642
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ақуыздар алмасуы кезіндегі

ҚАЛЫПТЫ КӨРСЕТКІШ...
ҚАНДАҒЫ АҚУЫЗ ДЕҢГЕЙІНІҢ ТӨМЕНДЕУІ
Гипопротеинемия келесідей патологиялық жағдайларда анықталады: паренхиматозды гепатит, тағаммен ақуыздың жеткіліксіз түсуі (толықтай және толық емес ашығу), қабыну аурулары, созылмалы  қан  кету, ақуыздың зәрмен жоғалтылуы немесе жаппай ыдырауы, сіңірілу процесінің бұзылысы, интоксикация, қызба. Ақуыз концентрациясының 50 г/л – нен төмендеуі тіндердің ісінуіне әкеледі. Жүктіліктің ақырғы айларында, лактация, ұзақ физиологиялық жүктеме және төсекте жатқан науқастарда физиологиялық гипопротеинемия дамиды.
ҚАНДА ҚАНДАЙ АУРУЛАР КЕЗІНДЕ АҚУЫЗ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕЙДІ.
Гипопротеинемия келесі аурулардың көрсеткіші болып табылады:
  • Асқазан – ішек жолының аурулары (панкреатит, энтероколит)
  • Хирургиялық операциялар кезінде
  • Әртүрлі локализациялық ісінулер
  • Бауыр аурулары (цирроз, гепатит, бауыр ісінулері немесе бауырлық метастаздар)
  • Уланулар
  • Жедел және созылмалы  қан  кету
  • Күйік аурулары
  • Гломерулонефрит
  • Жарақат
  • Тиреотоксикоз
  • Инфузионды терапия қолдану (ағзаға үлкен көлемде сұйықтық түсуі)
  • Тұқым қуалау аурулары ( Вильсон-Коновалов ауруы)
  • Қызба
  • Қант диабеті
  • Асцит
  • Плеврит

АҚУЫЗ ДЕҢГЕЙІНІҢ ҚАНДА ЖОҒАРЫЛАУЫ
Гиперпротеинемии – сирек кездесетін көрініс. Бұндай жағдай кейбір патологиялық жағдайлар кезінде орын алады, ол кезде патологиялық ақуыздар туындайды. Бұндай лабораторлы көрініс инфекциялық аурулар кезінде, Вальденстрем макроглобулинемиясы кезінде, миеломды ауру, жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит, лимфогрануломатоз, цирроз, созылмалы гепатит кезінде болады. Шамалы гиперпротеинемия (физиологиялық) сұйықтықты көптеп жоғалтқан кезде: құсу, іш өту, ішек өтімсіздігі, күйік, қантты емес диабет және нефрит кезінде орын алады.
Ақуыз деңгейіне әсер ететін дәрілер
Қандағы ақуыз деңгейіне кейбір дәрілік заттар әсер етеді. Кортикостероид, бромсульфалеин гиперпротеинемия туындауына әкеледі, ал эстрогенды гормондар гипопротеинемияға әкеледі. Жалпы ақуыз деңгейінің жоғарылауы венада жгутты ұзақ уақыт ұстағанда және «жатқан» күйден, «тұрған» күйге ауысқан кезде де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет