Курсы: ,2 Семестр: 1, 2, Барлық аудиториялық сабақ саны 170


Әлемдік әнші- Майра Мұхамедқызы



Pdf көрінісі
бет131/151
Дата09.03.2022
өлшемі3,95 Mb.
#134708
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   151
Байланысты:
УМКД-по-каз.яз.-ЖУЛДУБАЕВА-Г.И.
Бағалау критерийлері (2), Doctors, Бас жиын, 1.1-үлестірме материал Тренер міндеті, Математика 5-11 сынып. КТЖ 2022-2023ж.ж., Pisa Есептер жинағы
Әлемдік әнші- Майра Мұхамедқызы
Майра Мұхамедқызы Қытайда туып, сонда білім алған. Мәскеудегі Чайковский
атындағы вокальдік байқауға қатысу үшін Қытайда үш мың талапкер жарысқа түсіп,
солардың ішінен бес адам таңдап алынды. Сол бес әншінің бірі - Майра Мәскеуден
абыроймен оралады.
Қазақстанға Майра 1994 жылы оралып, консерваторияда Нәдия Шәріпованың
ұстаздығымен білімін жетілдіреді. Қазір опера театрындағы қажырлы еңбегі үшін
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. Абай атындағы
мемлекеттік опера және балет театрында «Қыз Жібек», «Травмата», «Ригалетто» секілді
көптеген қойылымдарда басты рөлдерді орындайды.
Қазір Майра Мұхамедқызы дүниежүзілік биікке көтерілді. 2004 жылдан Париждің
Гранд-операсы Майрамен келісім-шарт жасап, ол Лос-Анжелес, Вашингтон опера
театрларында әнші болды. Францияның түрлі операларында Пуччинидің «Богемасында»,
Мейербердің «Африканкасында», Беллини, Доницетти, Верди сияқты композиторлардың
операларында басты рөлде ойнаған. Францияның басқа да опера 
театрлары Майрамен 2007 жылға дейін келісім - шарт жасаған.
Майра Францияда әлемге әйгілі Рональдо Аланье, Нжело Жоржью, Марчелло
Альварес сияқты т.б. ұлы әншілермен бірге ән айтқан. Мұндай дүниежүзілік дәрежедегі
қазақ әншілерін көрсету өте қиын, олар бірлі-жарым ғана. Майра Мұхамедқызы
дүниежүзілік дәрежеге өзінің әншілік талантымен ғана емес, керемет еңбекқорлығымен
жеткен.
Мәтінмен жұмыс
1.Мәтінді мәнерлеп оқу
2. Мәтінді аудару
3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет