Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы



бет10/29
Дата07.02.2022
өлшемі197 Kb.
#97112
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Байланысты:
метод-ПЗ-Тіршілік-қауіпсіздігінің-негіздері-Модуль-7

7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Жылжымалы эпидемияға қарсы отряд
2. Жылжымалы эпидемияға қарсы отрядының қызметі
3. Жылжымалы эпидемияға қарсы отрядының бөлімдері
4. Санитарлық-эпидемиологиялық бөлім
5. Лабораториялық бөлім
6. Дезинфекциялық бөлім
7. Арнайы эпидемияға қарсы отрядтар (АЭҚО)
9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)
10.Ақпараттық материалмен жұмыс

Жылжымалы эпидемияға қарсы отряд (ЖЭҚО) ұйымдастырылмаған жағдайда зақымдану ошағындағы барлық жою шараларын санитарлық-эпидемиологиялық станциялар атқарады. Негізінде санитарлық эпидемиологиялық станциялар қызметі осы кезеңде ЖЭҚО қызметімен сәйкес. Бактериологиялық зақымдану ошағындағы көпшілік шаралар тікелей осы жасақтардың басшылығы мен қатысуы арқылы жүзеге асады.


ЖЭҚО аудандық, қалалық, облыстық және республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциялар, сонымен қатар эпидемиология, микробиология және гигиена институттары негізінде құралады.
ЖЭҚО-тың негізгі қызметі зақымдану ошақтары пайда болған кезде санитарлық гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және жүргізу болып табылады. Табель дәрілер, лаборотория мүлігі, дезинфекциялық-себезгі көліктер, көлік лабораториялар, көліктер және тасымалдауға арналған автотіркегіштер, қорғаныс киімдері және тағы басқа жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етіледі.
ЖЭҚЖ құрамында басқарма, санитарлық-эпидемиологиялық, лабораторлық, дезинфекциялық бөлімдер енеді. Лабораториялық бөлімде бактериологиялық, санитарлық-химиялық және радиологиялық лабораториялар бар (1кесте).

1кесте - Жылжымалы эпидемияға қарсы отрядының құрамы







Санитарлық- эпидемиологиялық бөлімнің қызметі: эпидемиологиялық барлауды ұйымдастыру және жүргізу, халық арасындағы шұғыл алдын алу, сынама алу, санитарлық – ағарту және т.б. жұмыстарды жүргізу.
Лабораториялық бөлім әртүрлі орталарға бактериологиялық, санитарлық, химиялық және радиологиялық зерттеу жүргізеді.
Дезинфекциялық бөлім – зардап шеккен халыққа санитарлық өңдеу, зақымдану ошақтарындағы дезинфекциялық және дезинсекциялық жұмыстарды бақылау және жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет