Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы



бет2/2
Дата17.04.2017
өлшемі412,09 Kb.
#14038
1   2

Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсету бойынша жаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Зазулинский, В. Д. Безопасность жизнедеятельности в чрезвычайных ситуациях: учеб.пособие для гуманитарных вузов. - М. : Экзамен, 2006.

12. Учебное пособие для занятий по чрезвычайным ситуациям и Гражданской обороне в организациях : учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2006.

13. Практическое руководство по биологической безопасности в лабораторных условиях : практикум. - Третьеизд. - Женева : ВОЗ, 2004

14. Приходько, Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. - Алматы : Юридическая лит., 2004.

15. ХванТ. А. Безопасность жизнедеятельности: учеб.пособие. - 4-е изд., перераб. и доп. - Ростов н/Д : Феникс, 2004

16..А.Жаханов, С.Садықов, Медициналық радиобиология негізі, оқулық; -Алматы; «Эворо», 2011ж. -276б.

17. Гигиена: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық. Ү.И.Кенесарие және т.б. – Алматы, 2010ж-656 б.


7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 7мин (15%)

Сұрақ-жауап.



9.Жаңа сабақты түсіндіру 10мин(30%)

10. Ақпараттық материалмен жұмысы: 15 мин (35%)

Бактериологиялық зақымдану ошағының қысқаша

сипаттамасы

Биологиялық қару қолдану және ауру туғызатын микроағзалар мен токсиндердің таралуы нәтижесінде биологиялық зақымданған ошақтар пайда болады. Биологиялық зақымданған ошақ деп биологиялық қару әсер еткен және биологиялық рецептура мен инфекциялық ауруларды тасымалдаушы зақымдалған қансорғыш жәндіктер таралған территорияны айтамыз.

Биологиялық зақымданған ошақ деп, биологиялық қару қолдану салдарынан адамдардың, өсімдік пен ауылшаруашылық жануарлар зақымдалған территорияны атаймыз. Ол биологиялық зақымдалған аймақта және зақымдану аймағынан тыс инфекциялық аурулардың таралуынан пайда болады.

Биологиялық зақымдану ошағы сипатталады: ауылшаруашылық жануарлары мен адамдардың жаппай инфекциялық аурумен ауруы, инфекцияның дамуындағы жасырын (инкубациялық) кезеңі, зақымданушекарасының анықталмауы, инфекциялы ауруды тудыратын қоздырғышты анықтаудағы лабораториялық талдаудың ұзақтығы мен күрделілігі, екіншілік зақымдану салдарынан ауру таралуының теңдігі, зақымдану әсерінің ұзақтығымен.

Биологиялық зақымдану аймағының көлемі биологиялық қару түріне, қолдануына, метеорологиялық және климаттық жағдайына, айқындалуына және алдын алу шараларының уақыты, залалсыздануы мен емдеуіне байланысты.

Солай биологиялық зақымдану аймағының шекарасында ауданы сәйкесінше S1және S2 2 биологиялық ошақ пайда болды. Биологиялық зақымдану ошағының шекарасы (S1және S2) елді мекен ауданымен (N және K елді-мекен шекарасы) анықталады.





Биологиялық зақымдану ошағы бар биологиялық зақымдану аймағының схемасы: 1 – биологиялық зақымдану аймағының сыртқы шекарасы; N (к) елді-мекен–биологиялық зақымдану ошағы.

Биологиялық затпен зақымдалған территория шекарасын алғашында бақылау постынан және барлау бөлімінен анықтауға болады. Шабуыл кезінде қорғаныс заттарын қолданбаған барлық адамдар зақымданған деп есептеледі (шартты түрде). Зақымданған адамдарға ауырған адаммен жанасқан немесе зақымданған заттарды ұстаған адамдар жатады. Биологиялық қару химиялық қару сияқты ғимараттар мен құрал жабдықтарға тура әсері жоқ. Бірақ оны қолдану полиграфиялық кәсіпкерліктің өндірістік қызметіне әсер етеді. Ол өз кезегінде жұмыс ауысымының графигіне кедергі жасап, өндірістің тоқтап қалуына әкеледі.

Бактериологиялық зақымдану ошағының шекарасын АҚ және өсімдіктер мен жануарлар медициналық қызметінің эпидемияға қарсы қызметі, радиациялық және химиялық бақылау посттары, барлау топтары мен метеорологиялық және санитарлы-эпидемиологиялық станциялардан алынған деректер негізінде анықталады. Инфекциялық аурулардың таралуын тоқтату үшін инфекциялық аурулардың таралуын тоқтату үшін бактериологиялық зақымдану ошағына карантин жүргізеді, ал жақын аудандарда обсервация режимін енгізеді. Ол жерде емдеу алдын-алу іс-шаралар кешенін жүргізеді. Карантинді бактериологиялық (биологиялық) қару қолданғанда және қоздырғышты анықтағанша жүргізеді. Егер ауру қоздырғышы аса қауіпті ауруға жатса (сібір жарасы, тырысқақ, оба, табиғи шешек) онда енгізілген карантин жалғасады.

Карантин – инфекцияның таралуын жоятын, зақымдану ошағын оқшаулайтын және инфекциялық ауруды жоюға бағытталған режимді-шектелген қатал эпидемияға қарсы іс-шаралар жүйесі.

Уақытылы анықтау мен ауырған адамдарды оқшаулау және алдын-алу шараларын жүзеге асыру үшін зақымдану ошағына бақылау орнатады. Ауырған адамдарды бақылау және күнделікті сұрау арқылы анықтайды.

Карантин болған территорияға қарулы күзет тағайындалады, комендантты күзет ұйымдастырылады, іс-қимылдар реттеледі. Адамдардың щығуына, жануарларды алып шығуға және заттарды тасуға тыйым салынады. Кіру (кіргізу) тек азаматтық қорғаныстың арнайы бөлімі мен медицина қызметкерлеріне ғана рұқсат етіледі.

Карантин аймағында орналасқан полиграфия нысандары ерекше жұмыс тәртібіне көшіп, эпидемияға қарсы іс-шараларды қатаң орындайды. Жұмыс ауысымдары бөлек топтарға (құрамы азайтылған) бөлініп, бір-бірімен ара қатынасын қысқартады. Жұмысшылардың тамақтануы мен демалуын топтарға ұйымдастырып, арнайы бөлмелерде жүзеге асырылады. Карантин аймағында оқу орындарының жұмысы тоқтап базарлар мен сауда орындары жабылады.

Кезекті алдын-алу және санитарлы-гигиеналық іс-шаралар ошақта дезинфекция мен дератизация санитарлы өңдеу жүргізіледі. Ошаққа азық-түлік пен заттарды кіргізу арнайы пункт арқылы медициналық қызметтің қатаң бақылауымен жүргізіледі.

Егер қоздырғыш түрі аса қауіпті емес түрге жатса (туляремия, ботулизм және басқалар) және жаппай ауру қаупі болмаса енгізілген карантинді обсервацияға ауыстырады.

Обсервация – қауіпті аймақта орналасқан немесе карантин енгізілген ошақтан келген жануарлар мен адамдарды бақылау шараларының жүйесі. Обсервация кезінде карантинге қарағанда оқшаулау-изоляциялау шаралары қатаң емес: кіру мен шығуды, максимальді шектеу, заттарды залалсыздандырудан кейін алып шығу, сумен қамтамасыз ету мен тамақтанудың медициналық бақылауын күшейту, алдын-алу іс-шаралары.

Бактериологиялық (биологиялық) ошақтағы бірінші кезектегі іс-шара шұғыл түрде халықты алдын-ала емдеу (антибиотик, сарысу қолдану және т.б.) және де дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу.

Дезинфекция – нысандарды, территорияны, ғимараттарды, техника мен әртүрлі заттарды залалсыздандыру.

Дезинсекция және дератизация – инфекциялық ауруларды тасымалдаушы жәндіктер мен кеміргіштерді жоюмен байланысты іс-шаралар.

Дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізгеннен кейін іс-шараны жүзеге асырған адамдар толық санитарлы өңдеуден өтеді. Керек болса өалған халыққа санитарлы өңдеу ұйымдастырылады.

Аталған іс-шарадан басқа карантин (обсервация) аймағында ауруға шалдыққан адамдарды анықтау жүргізіледі. Инфекциялы аурулар ауруханаға жатқызылады немесе үйде оқшауланады. Оларды тұрған пәтерлерінде дезинфекция жүргізіп, заттары мен киімдері залалсыздандырылады. Аурумен жанасқан адамдардың барлығы оқшауланады және санитарлы өңдеуден өтеді.

Карантин және обсервация мерзімі аурудың инкубациялық кезеңінің ұзақтығына қарай қояды. Оны соңғы ауруды ауруханаға жатқызу сәті мен дезинфекция аяқталуынан бастап есептейді.


Бактериялық зақымдалу ошағында жұқпалы аурулар өршіген кезде;

  • қолдан жасалған немесе табельды жеке қорғаныс заттарын пайдалану;

  • жұқпалы ауруларды жұқтыру мүмкін науқастардың және дене қызуы көтерілгендерді белсенді анықтап, оқшаулау;

  • жедел алдын алу шараларын қолдану;

  • жартылай немесе толық санитарлық өңдеу жүргізу.


Жеке дәрі-дәрмек қобдиша АИ-4

  • АИ-4 жеке дәрі-дәрмек қобдишасының негізгі мақсаты болашақта АИ-2 алмастыру. АИ-4 пластмассалы қорапшасында біреудін орнына үш шприц түтікті орналасқан.





АИ-4 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы тұрғындарды қорғау үшін ең тиісті мына құралдармен жабдықталған:

  • -фосфорлы-органикалық заттарға қарсы шприц түтіктегі антидот;

  • -уландыратын заттарға қарсы шприц түтіктегі антидот;

  • -ауруды басатын дәрмек салынған шприц түтікті;

  • -радиациядан қорғау дәрмегі № 1;

  • -радиациядан қорғау дәрмегі № 2;

  • -бактерияға қарсы дәрі-дәрмек № 1;

  • -бактерияға қарсы дәрі-дәрмек № 2;

  • -құсуға қарсы дәрмек.


Жеке химиялық улануға қарсы пакет (ИПП-8)

Адамның денесі мен киіміне, жеке қорғау құралына, приборға, аспапқа түскен улы сұйық зат тамшыларын залалсыздандыруға арналған. Ол жалпақ ыдыстан (газсыздандырылған ерітіндімен толтырылған) және төрт мақталы дәрі тампонынан тұрады.

Әуелі пакетті ашып, ыдысты алады. Бұдан кейін оның тығынын ашып, тампонның бірін жақсылап малып алады. Содан соң терінің күдікті ашық жерлерін мұқият сүртеді де, қайтадан шаяды. Сонымен қатар жаға мен жеңнің ұшын міндетті түрде сүрту керек. Оны жаққан уақытта теріні күйдіруі мүмкін.

Пакеттегі сұйық улы және көз үшін қауіпі, сондықтан көздің айналасындағы теріні құрғақ шүберекпен сүртіп, таза сумен немесе ас содасы ерітіндісімен жуу керек.

Химиялық уланудан қорғайтын жеке пакет жоқ жағдайда улы заттарды қолда бар химиялық заттармен залалсыздандыруға болады. Ересек адамдардың терісін емдеу үшін алдын-ала 1 л 3%-тік сутегі тотығы мен 30гр күйдіргіш натрий даярлау керек. Оларды пайдаланардың алдында жақсылап араластырады. Күйдіргіш натрийді селикаттық желіммен ауыстыруға болады (150 гр желімге 1 л 3%-тік сутегі тотығы). Қолдану әдісі химиялық уланудан қорғайтын пакеттегі сұйықтықтікіндей. Құрғақ натрийді қолданған кезде оның тері мен көзге тимеуін қадағалау қажет.

ИПП-10 құтысының бет жағы хайуанат қабырғасына ұқсас, қақпағы ыңғайлы. Қақпақ қолданған кезде тампонды емес тікелей тері мен киімнің зақымданған жерін шаяды.



Медициналық таңғыш пакет

Өнеркәсіпте пакеттердің 4 түрін шығарады: жеке, дәстүрлі, бір жастықшасы бар алғашқы көмек және екі жастықшасы бар алғашқы көмек пакеттері. Олар бір-бірінен жинақталу әдісімен, жастықшалар санымен, және көлемімен ерекшеленеді.

Жеке таңғыш пакеті дәкеден, екі мата-мақта жастықшасынан, жамылға мен түйреуіштен тұрады. Пакетті ашып, дәкені және таза таңғышты олардың ішкі жағына қол тигізбей алады. Жастықшалар жараның үстіне ішкі жағынан қойылады, тесік жараның астыңғы және үстіңгі жеріне қойғаннан кейін таңып тастайды, дәкенің ұшын түйреуішпен түйрейді.

Таңғыш қою тәртібі:

• Пакетті ашады, түйреуішті алып оны киімге түйрейді.

Сол қолмен бинттің ұшын, оң қолмен бинт орамын ұстап оны бұрайды.

• Басқа заттарға тигізбей жастықшаны жараға немесе күйікке жіппен тігілмеген жағымен басады.

• Жастықшаны орайды, ал бинттің ұшын түйреуішпен бекітеді.

Жеке медициналық қорғаныс құралдарын беру және сақтау тәртібі

Бірінші кезекте жеке медициналық қорғаныс құралдарымен категориялық қалаларда орналасқан бөлімшелердің жеке құрамдары, ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері және химиялық қауіпті өндірісі бар қалалар мен елді-мекендердің халқа қамтамасыз етіледі.

Екінші кезекте медициналық қорғаныс құралдарымен категорияланған қалалардың қалған халқы, ықтимал қирау аймағында тұратын елді-мекендердің тұрғындары және қалалардың бүкіл халқы мен категорияланған объектілерде орналасқан аумақтағы өзге елді-мекендердің тұрғындары қамтамасыз етіледі.

Үшінші кезекте медициналық қорғаныс құралдарымен бүкіл қалған халық, оның ішінде ауылды жердің адамдары қамтамасыз етіледі.

Медициналық қорғаныс құралдары жеке химиялық уланудан қорғайтын пакеттермен қоса беріледі. Ол жағдайда оны кімдердің беретіндігін, кімдердің алатындығын, қашан алатындығын білу өте маңызды.

Дәрі-дәрмек қобдишасын алғаннан кейін оның жиынын тексеріп, нұсқаулық бойынша пайдалану тәртібін оқып үйрену қажет. Өте қажет болмаса қобдишаны ашу, таблеткалары бар пеналды жұлу және ауыстыру ұсынылмайды. Таңғыш және химиялық уланудан қорғайтын пакеттер орамдарының қымтылуын бұзуға болмайды.

Алынған медициналық құралдар халықты азаматтық қорғаныс басшылығының ерекше өкімін алғанша сақталады. Пайдаланылмаған пакеттер мен дәрі-дәрмек қобдишалары белгіленген тәртіппен қоймаға тапсырылады, жау шабуылының қауіпі кезінде жеке медициналық қорғаныс құралдары ке-келген сәтте әзір болуы тиіс.

Жеке бөлімшелер құрамаларына жұмысшылар мен қызметшілерге, халықтың жұмыс істемейтін басқа санаттарына, оқушыларға, студенттерге арналған медициналық қорғаныс құралдарын сақтау, күту және әзірлікте ұстау ұйымдар АҚ бастықтарына, ал қалған халық үшін қалалар мен аудандар АҚ бастықтарына жүктеледі.

Медициналық қорғаныс құралдары тікелей ұйымдардың өзіне, не болмаса, қала сыртындағы резерв қоймаларында сақталады.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 5мин (10%)

Сұрақтар:

1. Бактериологиялық ошақ

2. Карантин және обсервация

3. Дезинфекция

4. Дезинсекция және дератизация

5. АИ-4 қобдишасы және оның құрылысы

6. Жеке химиялық улануға қарсы пакет (ИПП-8)

7. Медициналық таңғыш пакет



8. Жеке медициналық қорғаныс құралдарын беру және сақтау тәртібі
12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (2%)

13. Үйге тапсырма беру.Бейбітшілік уақытта және әскери кезеңде ТЖ жұмыстарындағы емдік-алдын алумекемелерінің дайындығы

Қ17, 429-431 беттер 2 мин (2%)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет