Курсының бағдарламасы «Биология» 050113 мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын



бет10/19
Дата18.02.2017
өлшемі3,16 Mb.
#9818
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

2-сұрақ. Бас-(Cephalon) –біріккен акрон және 4 сегменттен тұрады. Бірақ соңғы зерттеулер – акронның күрделі құрылысты екенін көрсетті. Ол ауыз алды қалақшадан және 2 сегменттен (антенна, ерін) тұрады. Бұл жағдайда бас -бас қалақшасынан және 6 сегменттен тұрады.

Баста акрон өсіндісі-антенна және 3 жұп жақтан: 2-ші сегмент аяғы-мандибулла, 3-ші сегмент аяғы-максилла және 4-ші сегмент аяқтарының бірігу нәтижесінде пайда болған-дара төменгі еріннен болады. 1-ші бас сегменті –интеркалярлы (вставочный) нашар дамыған, аяқтары болмайды.

Ересек форманың басында күрделі фасет көздері және 1-3 қарапайым көзшелер орналасқан. 3 жұп жақ- ауыз аппарат түзеді. Оның құрамына жақтарды үстінен жабатын- жоғарғы ерін (қозғалғыш тақта), кейбір формаларда жұтқыншықтың дара өсіндісі-гипофаринкс (тілше) кіреді. Ауыз аппараттың қоекке, қоректену тәсіліне байланысты бірнеше типі бар: кеміргіш, кеміргіш-жалағыш, шаншып-сорғыш, сорғыш түтік, жалағыш. Кеміргіш- алғашқы форма, ол онтогенетикалық дәлелденген. Мысалы: ауыз аппараты-сорғыш түтік көбелектердің дернәсілдерінің ауыз аппараты-кеміргіш. Басқа ауыз аппарат типтері кеміргіш ауыз аппараттың сұйық тамаққа көшуіне байланысты түр өзгерістері.

Ауыз аппарат типтері насекомдардың кең экологиялық радиациясын және қоректену тәсіліне орай топтардың арасындағы конвергентті ұқсастықты көрсетеді. Мысалы: сұйық тамақпен қоректенетін топтардың ауыз аппараты-тұмсыққа айналған, бірақ құрылысы түрліше.

Мұртшалар (антенна) бастың бет бөлігінен, көздер арасынан басталатын бунақты өсінді. Мұртшалар-сипап-сезу, иіс сезу мүшесі. Оның бірнеше түрі болады (лаб.).

3-сұрақ. Көкірек (Thorax) -3 сегменттен: алдыңғы, ортаңғы және артқы көкіректен тұрады. Бұл локомотор бөлімі, онда 3 жұп аяқ, 2 жұп қанат орналасады. Әрбір көкітек сегментінің құрылысы күрделі: склериттерден және жарғақшадан тұрады. Арқа склерит (тергит), бауыр (стернит) және екі бүйір (плеврит). Көкіректің хитинді жабыны ішке өсіп-эндоқаңқа түзеді, оған аяқ және қанат бұлшықеттері бекінеді.

Насекомның аяқтары 5 бөлімнен тұрады: базаль буыны-жамбас (coxa), ұршық (trochanter), сан (femur), сирақ (tibia), табан (tarsus) –бірнеше буынды және 1 немесе 2 тырнақпен аяқталады.

Атқаратын қызметіне қарай насеком аяқтары –жүгіргіш, жүргіш, қазғыш, ұстағыш, жүзгіш, секкіргіш, жасқақ т.б. болып келеді. Буынаяқтылар арасында насекомдардың аяқтары нағыз маманданған қозғалыс мүшесі. Оның артықшылығы 3-5 буынды табан, құрлық омыртқалы жануарлардың табанына ұқсас. Оның көмегімен жәндік тек тегіс құрлық бетімен ғана емес, сонымен қатар жоғары және төмен де қозғала алады. Алғашқы аяқ типі- жүгіргіш, жүргіш аяқтар.

Қанат-ұщуға бейіиділік. Дене қыртысы, кутикуламен жабылған, арасында жіңішке қуыс болатын - екі тері қабатынан тұрады. Қанат қабаты арасынан жүйке, кеңірдек және миксоцель лакундарымен канал өтеді. Олар жүйке түзеді. Жүйке ересек формада тірек қызметін атқарады. (Түрлері –лаб.) Қанат құрылысы, жүйкелену типі-систематикалық белгі.

Ең қарапайым насекомдарда қанат болмайды.

Қанаттың денеге бекіну және қозғалу типіне байланысты насекомдарды ескі және жаңа қанаттылар деп бөледі.

Қанат бұлшыұеттерінің қозғалысы насекомның ұшу пролцесін қамтамасықө етеді. Ұшу жылдамдығы әртүрлі: көбелектер секундына ққанатын 5-9 рет қағады, аралар-200, звонц масасы-1000. Ұшу жылдамдығы да әртүрлі: ара 3м/с, жынды көбелек-15м/с.

Қанаттың шығу тегін ғалымдар ертеден талқылауда. Қанат- көкірек сегменттерінің терісінің паранотальды өсіндісі-деп тұжырымдайды.



Құрсақ (аbdomen) –ішкі мүшелер орналасқан насеокмдардың 3-ші дене бөлімі. Негізінен 10-сегменттен тұрады, бірақ өте өзгергіш, олигомеризация тенденциясы байқалады. Кейбір шыбындардың құрсағы 4-6 сегменттен тұрады. Кейбір түрлерде түрлі қызмет атқаратын - аяқ рудименттері сақталған( грифельки, церки, жұмыртқа салғыштар,, т.б.).

Әдебиет: Болатова Қ.Б.,Байдулова Л.А. «Омыртқасыздар зоологиясы» электр.оқулық Орал 2007

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А.2005, 2 кітап 379-390 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 339-398 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 426-438 б.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Насекомдардың құрлықта тіршілік етуге бейімділітері.

  2. Кеңірдек тынысты жануарлар эволюциясының насекомдар прогрессивті бұтасы.

  3. Насекомдардың әртүрлі қоректену типіне және тәсіліне мамандану белгілері.

  4. Насекомдардың әртүрлі тіршілік ортасына: топырақ бетіне, топырақта, өсімдік қабатында (әртүрлі ярустарда), және суда тіршілік етуге бейімділіктері.

17 дәріс



Тақырыбы: Бунақденеліліердің анатомиясы, физиологиясы

Дәріс мақсаты: Бунақденелілердің бұлшықет, ас қорыту, зәр шығару, қан айналу, тыныс алу, жүйке жүйесі, сезім мүшелері, жыныс жүйесі және көбеюі туралы мәлімет беру, ұшуға байланысты насекомдардың ішкі құрылысындағы ерекшеліктерді көрсету.

Тірек сөздер:

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:

1.Бунақтыденелілердің ішкі мүшелер жүйесінің құрылысы.

2. Насекомдардың физиологиясы. Инстинкт.

Техникалық оқу құралдары: сызба-кестелер, макеттер, ылғалды препараттар
1-сұрақ.

Насекомдардың бұлшықет жүйесі жіктелген: денені және оның өсінділерін қозғалысқа келтіретін қаңқа бұлшықеттері және ішкі мүшелер құрамына кіретін – ішкі бұлшықеттер.

Бұлшықет күші салыстырмалы айтарлықтай, өз денесінен 14-25 есе ауыр жүкті қозғай алады, өз дене ұзындығынан 100-1000 есе артық ұзындыққа секіре алады (шегіртке, бүрге). Бұлшықет секундына 1000 рет жиырылуы мүмкін. Бұлшықет жұмысының жеделдігі – кеңірдекті газ алмасу жағдайында бұлшықеттегі химиялық процесс жылдамдығының жоғарылығымен түсіндіріледі.

Асқорыту жүйесі 3 бөліктен тұрады. Эктодермальды алдыңғы ішек кутикуламен төселген – жұтқыншақ, өңеш, жемсау және бұлшықетті қарыннан тұрады және 1-2 жұп сілекей безі болады. 1-ші жұп сілекей безі ас қорыту ферментін бөледі, 2-ші жұп жібек немесе өрмек безіне айналған (көбелек жұлдызқұртында). Алдыңғы ішекте қорек механикалы ұсақталады және сілекейдің әсерінен қорытылады. Қоректену тәсіліне қарай өзгеруі мүмкін. Мысалы: араларда «бал қарыны» - жемсаудың тұйық өсінділерінде бал жиналады, кейін ұялар толтырылады. Өсімдік қоректі насекомдар қарнында ірі хитинді тістер болады.

Энтодермальды ортаңғы ішекте ас қорытылады, сіңіріледі. Алдыңғы ішекпен шекаралас бөлігінде тұйық – пилорикалық өсінділер – ас қорыту безінің қызметін атқарады және қорытылған қоректі сіңіреді. Бауыр редукцияға ұшыраған ( дене массасы жеңілдейді - ұшуға бейімділік ).

Қоректенуге мамандануға байланысты әртүрлі асқорыту ферменттері өндіріледі. Жануарқоректілерде протеолитті ферменттер, өсімдік қоректілерде клетчатканы қорытатын - целлюлоза ферментін бөлуге қабілетті ішек симбионттары: қарапайымдылар мен бактериялардың көмегімен жүзеге асады. Мысалы: термиттер ішегінде ағаштекті қоректі қорытуды қамтамасыз ететін симбионттардың бірнеше ондаған түрі тіршілік етеді. Егерде термит ішегін симбионттардан босатса, термит өледі.

Ортаңғы және артқы ішек аралығында 2-150 эктодермальды мальпигиев тамырлары ашылады.

Артқы ішек ащы, тоқ және тік ішекке жіктеледі. Тік ішек қабырғасында ректаль безі болады, экскримент және эксекримет құрамындағы ылғалды соруды жүзеге асырады.

Зәр шығару мүшесі – мальпигиев тамырлары. Суда, ылғалды ортада тіршілік ететін формаларда мальпигиев тамырлары көп (150), себебі олар осмос қысымын да реттейді, ал қуаңшылықта тіршілік ететін түрлерде 1-2 жұп.

Зәр шығару қызметін май денелер, перикардия клеткалары атқарады. Зат алмасу өнімі жабын – кутикулада да жиналады, түлегенде кутикуламен бірге бөлінеді (дернәсілдерде).

Май денелер бірнеше функция атқарады. Қорек қоры (май, ақуыз , гликоген), метоболия ылғал қоры, дене массасын жеңілдейді. Сондықтан насекомдар ұзақ қорексіз, сусыз өмір сүреді, жылдың қолайсыз маусымын өткізеді.

Қан айналу жүйесі ашық. Қан – гемолимфа дене қуысында мүшелерді жуып, ағады. Жүрегі камераларға бөлінген түтік пішінді арқасында орналасады, жиырылып қанды қозғалтады (құрылысы, СОӨЖ-де қаралады).

Насекомдар қаны плазмадан және қан түйіршіктері – гемоциттерден тұрады, оның арасында фагоциттер , лейкоциттер , амебоциттер болады.

Қоректі затты мүшелерге таратады, зат алмасу өнімін зәр шығару мүшесіне жеткізеді, тіршілік процестерін гуморальды реттейді. Кеңірдек жүйесінің жақсы дамуына байланысты қан организмді газ алмасуға қатыспайды. Кейбір суда тіршілік ететін дернәсілдердің (масалар түрлері ) қанында гемоглобинге ұқсас қызыл пигмент болады. Оттегіге мұқтаждық туғанда, қан газ тасымалдап, тыныс алу процесіне қатысады. Насекомдар қаны дененің тургорын анықтайды, әсіресе жабыны жұқа, жұмсақ дернәсілдерде. Гемолимфа қысымына байланысты жас даралардың қанаттары жазылады, түлеу кезінде жабын жарылады.

Кейбір насекомдар қаны улы, оның қорғаныштық маңызы бар. Мысалы, қанқызы, алагүліктер қанының күйдіргіш қасиеті болады. Қауіп төнгенде, сегменттер және аяқ буындары арасынан қан бөлуге қабілетті. Осындай насекомдар ашық реңді, жыртқыштарды улы, жеуге жарамсыз екенін ескертеді.

Тыныс алу жүйесі – трахей (кеңірдект) сыртқы демтесіктер – стигмамен ашылатын жабынның ішкі терең майысуы (выячивания)

Кеңірдектің іші жұқа кутикуламен – интиммен астарланған, оны спиральды қалыңдаған – тенидин түзеді. Тенидин кеңірдектің қабысуына кедергі болады. Трахей бұталанады, одан өте жіңішке – трахеолдар басталып ұлпа, клетка ішіне енеді, ұлпадағы газ алмастыру жүзеге асырады. Максимальды 10 жұп стигма болады, екі жұп көкіректе, қалғаны құрсақ сегменттерінде орналасады. Кейде кеңейіп ауа қабын түзеді, олар дененің меншікті салмағын жеңілдетеді. Жақсы ұшқыш насекомдарда (шыбын, аралар) ауа қаптары дене қуысының үлкен бөлігін қамтиды. Кеңірдек – ашық жүйе.

2-сұрақ.


Насекомдардың суда дамитын дернәсілдерінде кеңірдек – тұйық, кеңірдекті желбезек (іші кеңірдек торы дамыған тері өсінділері) дамиды. Ол суда еріген оттегімен тыныс алуға мүмкіндік береді.

Басқа буынаяқтылардан насекомдардың ерекшелігі: оттегі ұлпаға кеңірдек жүйе арқылы жетеді, қан айналу жүйесі газ тасымалдауға қатыспайды.

Жүйке жүйесі барлық буынаяқтылар тәрізді – бас миы бауыр жүйке тізбегі.

Бас миы (жұтқыншақ үсті түйін) үш бөлімнен тұрады: прото-, дейто- және тритоцеребрум. Протоцеребрум акронды және көзді, дейтоцеребрум – мұртшаларды, тритоцеребрум – жоғарғы ерінді нервтендіреді. Протоцеребрумда саңырауқұлақтәрізді денешік дамыған, оған көру мүшелерінен жүйке өсінділері келеді. Мінез-құлқы күрделі насекомдардың бас миы, саңырауқұлақты денешігі жақсы дамыған.

Жұтқыншақ асты жүйке ганглиясы 3 жұп ганглиядан тұрады, ауыз аппаратты және алдыңғы ішекті нервтендіреді.

Бауыр жүйке тізбегі 11-13 жұп ганглиядан тұрады: 3 көкірек және 8-10 құрсақ (ганглиялар олигомеризациясы байқалады).

Ішкі мүшелерді нервтендіретін симпатикалық нервтер бар.

Орталық жүйке жүйесіне нейросекреторлы клеткалар кіреді, олардан нейросекреттер аксонмен кардиальды, жанама денелерге алдыңғы көкірек бездеріне келеді, олардан бөлінген гормондар гемолимфаға қосылады. Нейросекрет гемолимфаға қосылады. Нейросекрет эндокрин бездерінің жұмысын реттейді, олар өсу, түлеу, организмнің өсуі және зат алмасуды реттейді.

Жанама дене, дернәсілдерде ювениль гормонын бөледі, ол дернәсілдің дамуын қолдайды, метаморфозды (қуыршаққа айналуды) тежейді. Имагода ювениль гормоны жыныс өнімінің дамуын жеделдетеді.

Кардиаль дене организмде зат алмасуды реттейді. Алдыңғы көкірек безінің сөлі (экдизон-түлеу гормоны) түлеуді іске асырады. Сонымен насекомдардың тіршілік процестері нейрогуморальды реттейді.

Насекомдардың сезім мүшелері: механорецепторлар, хеморецепторлар, термо-, гигрорецепторлар және фоторецепторлар.

Механорцепторлар механикалық тітіркендіргішті қабылдайды. Бұл сипап-сезу, есту және сейсмикалық сезім мүшелері.

Есту және сейсмикалық сезім – ортадағы тербелісті қашықтықты қабылдайды. Бұл сезім мүшелерінің сенсиллалары маманданған, сколпофора деп аталады. Сколопофоралар есту мүшесі – хордотональ құрамына кіреді. Ол әртүрлі насекомдарда дененің әртүрлі бөлігінде орналасады (құрсақ, мұртша, аяқ, қанат)

Сколпофоралар есту мүшесі – тимпаналь құрамына кіреді, ол шекшектерде алдыңғы сирақта орналасады. Шегірткелерде есту мүшесі І-ші құрсақ сегментінде, әнші цикадаларда –құрсақ негізінде көкіректе орналасады. Есту мүшелері тек дыбыс шығаратын насекомдарда болады.

Хеморецепторлар химиялық тітіркендіргішті қабылдайды (контакталы немесе қашықтан). Оған дәм және иіс сезу мүшелері жатады.

Иіс сезу - қашықтық хеморецепция. Иіс сезу сенсиллдері мұртшада болады. Насекомдар иісі арқылы қорегін жұмыртқа салатын орын, жұбын іздейді (көбелек аталығы аналықты 3-9 км сезеді).

Дәм сезу – контактылы хеморецептор. Насекомдардың дәм сезу клеткаларының бірі – ащы, ІІ-сі тәтті, ІІІ-лері қышқыл дәмді сезеді.

Шыбын, көбелектердің дәм сезу мүшесі алдыңғы аяқ табанында, қоңыздарда жақ және ерін өсінділерінде орналасады.

Термо-, гигрорецепторлар ылғалдылық, температураны сезеді (контактылы қашықтан). Олар мұртшада, ауыз аппаратының өсінділерінде орналасады.

Фоторецепторлар – көру мүшелері – күрделі фассет және жай көздер.

Насекомдар күндізгі және ымырт топтарына бөлінеді.

Көбелек, ара, шыбын, құмырсқалар түсті айырады. Ара 4 түсті көреді. І түс адам көретін қызыл, сары, жасыл, ІІ түс көк-жасыл, ІІІ көк сия және 4-ші ультракүлгін түске сәйкес келеді.

Жүйке жүйесі, сезім мүшелері жақсы жетілген насекомдардың тіршілік жағдайларға бейімделу формасы, туа біткен күрделі қылық әрекеті рефлекстік жолмен жүзеге асады. Насекомдардың тіршілік әректеті шартсыз рефлекстерге негізделген: инстинктер, ұрпағына қамқорлық жасау, т.б. Мыс: аралардың шырын, тозаң жинауы, ұяшықтар жасауы, үйір құруы, дернәсілдерін қоректендіру – инстинктивті жүреді.

Ұрпаққа қамқорлықты аналықтар жасайды. Мыс: жалғыз басты аралар ( Vespidae тұқымынан) ағашта, жерде ұяшықтар жасап, оның әрқайсысына шырын, өсімдік тозаңын салып соған жұмыртқаларын салып, бетін жабады. Аналаықтар ұяшық ылғалдылығының жоғарлауын, дернәсілдердің тағам қорына батып кетуден қадағалайды. Ұрпағына қамқорлық – жабайы аңшы араға да тән. Ол өз жемтігін – насекомдарды өлтіріп, ініне жинайды да, оған жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан ара дернәсілдері сол насекомдармен қоректеніп жетіледі.

Кейбір насекомдарда ұрпаққа қамқорлықты аналықтармен бірге аталықтар да атқарады. Мыс: қи қоңызы (Scarabaeus тұқ.) қиды домалақтап, қозған ініне тастап оған жұмыртқасын салады, одан шыққан дернәсіл қиды жеп болғанша аналық және аталық інде жатады, содан кейін оны тастап кетеді.

Қауымдас насекомдарда инстинктік қылық күрделі (аралар, құмырсқалар, термиттер). Олардың қауымы тек өздеріне тиісті қызмет атқаратын және морфологиялық құрылысымен ерекшеленетін даралар тобына бөлінеді. Мыс.:жұмысшы даралар (ара, құмырсқа, термит), «солдаттар (термит), аталық даралар (ара, құмырсқа). Қауымдасып тіршілік ететін, насекомдарда жыныс полиморфизмі айқын байқалады.

Бұл аралардың қауымы ең жоғарғы дәрежеде құрылған. Олардың семьясында бір падиша (аналық), жүздеген аталықтар және 10000-50000 кейде 100000 жұмысшы аралар болады. (СОӨЖ, СӨЖ-де қаралады)

Құмырсқа, термиттер қауымдары да өте күрделі (СОӨЖ, СӨЖ-де қаралады)

Сонымен, қоғамдық насекомдардың тіршілік әрекеті – эволюция барысында ұрпақтан ұрпаққа берілетін шартсыз рефлекстің тізбегі.
Әдебиет:

Дәуітбаева К. «Омыртқасыздар зоологиясы» А.2005, 2 кітап 390-406 б.

Догель В.А. «Зоология беспозвоночных» М. 1981 350-368 б.

Шарова И.Х. «Зоология беспозвоночных» М. 1999 438-452 б.

Электронды оқулық «Омыртқасыздар зоологиясы»

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Насекомдардың анатомиясындағы прогрессивті белгілер.

  2. Ұшуға байланысты бұлшықет, т.б. мүшелер жүйесіндегі ерекшеліктер.

  3. Қоректенуге мамандануға байланысты асқорыту процесіндегі ерекшеліктер.

  4. Жүйке жүйесі және сезім мүшелері.

  5. Ұрпаққа қамқорлық. Инстинкт.

18 дәріс



Тақырыбы: Бунақденелілердің биологиясы

Дәріс мақсаты: Бунақтыденелілердің көбеюі, дамуы, тіршілік және маусымдық циклі. Қорғаныш рең мимикрия, қоғамдық насекомдар, инстинкт, табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы. Зиянкестер және ауру таратушы, қоздырғыштар, олармен күрес. Бал және жібек шаруашылығы. Пайдалы және сирек формаларды сақтау, қорғау жолдары туралы түсінік беру.

Тірек сөздер:

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

1. Насекомдардың көбеюі, дамуы

2. Насекомдардың тіршілік циклі

3. Насекомдардың табиғи биоценоздағы және адам өміріндегі маңызы.



Техникалық оқу құралдары: сызба-кестелер, макеттер, коллекциялар.
1-сұрақ Насекомдар дара жынысты. Көбінде жыныс деморфизмі жақсы байқалады. Аталық жыныс жүйесі тұқым безімен, тұқым шашқын каналға ашатын жұп тұқым жолынан тұрады.

Аналық жыныс жүйесі 2 жұмыртқа безінен, жұмыртқа жолынан және дара қынаптан тұрады. Жұмыртқа безі 1-100 жұп жұмыртқа түтіктерінен тұрады. Көптеген түрлерге өзегі қынапқа ашылатын тұқым қабылдағыш тән. Көбінің жұмыртқа салғыштары ірі – көкқасқа шегіркелерде қылыш тәрізді, саяқ шегіркелерде қысқа болады.

Насекомдардың жұмыртқа пішіні әртүрлі, дамитын ортаға бейімделген. Жабық ортада дамитын қоңыз жұмыртқалары сопақша, қандалаларда күбі тәрізді субстарқа бекиді. Көбелектерде – шөлмектәрізді, торқанаттыларда жұмыртқа сабақты. Насекомдар жұмыртқаларын топпен салады. Ұялары ашық немесе жабық. Колорад қоңызы картофель жапырағының астыңғы бетіне жапсырады (ашық), шегіркелер топыраққа (жабық) салады. Тарақандар жыныс жолында пайда болатын жұмыртқа капсуласы – оотекке салады.

Жұмыртқадан дернәсіл шығарда амнион қуысындағы сұйықты жұтады, дене тургоры күшейеді, басымен корионды жарып шығады.

Эмбрионнан кейінгі даму жұмыртқадан шыққаннан кейінгі даму, түлеу жолымен өседі. Онтогенез (жеке даму ) кезінде нсеком 3-4 тен 30-ға дейін түлейді (орташа 5-6 рет). Дернәсілден ересек формаға дейінгі даму процесінде жүретін морфологиялық өзгерістер – метаморфоз деп аталады.

Төменгі сатыдағы қанатсыз формалардан басқа насекомдарда ересек форма – имагоға жеткеннен кейін түлеу және өсу тоқталады.

Эмбрионнан кейінгі даму үш типке бөлінеді.

1. тура, метаморфозсыз даму – аметаболия немесе протометаболия

2. жартылай түрленіп даму – гемиметаболия

3. толық түрленіп даму – голометаболия

Аметаболияда – жұмыртқадан имагоға ұқсас дернәсіл шығады, айырмашылығы : мөлшерінде, гонада болмайды.

Гемиметаболия – жартылай метаморфозды даму (тарақан, турақанаттылар, кандала т.б.)

Жұмыртқадан имагоға ұқсас дернәсіл шығады. Қанат бастамасы бар, гонада дамымаған (нимфа) 5-6 рет түлеп имагоға айналады.

Бұл насекомдар тобы ішінде дернәсілдің имагодан провизор мүшелері (дернәсілдің тіршілікке бейімділігі) арқылы ерекшеленетіндері бар (инелік, біркүндік, веснянка ). Олардың нимфасы суда дамиды, кеңірдекті желбезектері, инелік дернәсілдерінде қорек ұстайтын «маска» (төменгі еріннің түр өзгерісі) болады.

Голометаболия – толық түрленіп даму: жұмыртқа – дернәсіл – қуыршақ – имаго (қоңыздар, көбелектер, қосқанаттылар, жарғаққанаттылар, торқанаттылар, жылғалылар). Олардың дернәсілдері имагоға ұқсамайды, экологиялық айырмашылығы бар. Мыс: Зауза қоңызы ағашта, дернәсіл – топырақта; көптеген шыбындар ұшып тіршілік етсе, дернәсілдері ыдыраған органикалық қалдық бар топырақта дамиды. Дернәсілдер бірнеше рет түлеп қуыршаққа айналады. Қуыршақ стадиясында және гистолиз – дернәсіл мүшелері ыдырайды, гистогенез – ересек форма мүшелері қылыптасады. Қуыршақтан имаго шығады.

Дернәсіл қор жинайтын, өсетін стадия, қуыршақ – түрленетін, ал имаго – таралатын, көбейетін стадия.

Тіршілік ету, қоректену тәсіліне және тіршілік ортаға байланысты дернәсілдермен қуыршақтардың бірнеше типі бар. (лабораториялық сабақта)

Метаморфоз процесінде өзара байланысты екі процесс: гистолиз және гистогенез жүреді. Гистолиз – дернәсілдер мүше ұлпалары бұзылады, ал гистогенезде – ересек насекомның мүшелері қалыптасады. Жартылай түрленіп дамитын насекомдарда бұл процесс бірқалыпты нимфа фазасында, ал толық түрленіп дамитын насекомдарда бұл процесс бірқалыпты нимфа фазасында, ал толық түрленіп дамитын нсекомдарда түрлену – қуыршақ фазасында жүреді.

Гистолиз – фагоцит және ферменттер іс-әрекет есебінен жүреді.

Ересек насекомның мүшелерінің қалыптасуы, яғни гистогенез – жіктелмеген клеткалардан имаго дискасы (бастамасы) даму есебінен жүреді. Имаго дискасынан көз, қанат ауыз аппараты, аяқ және ішкі мүшелер: бұлшықет, гонада дамиды. Асқорыту жүйесі, мальпигиев түтіктері, кеңірдек бұзылмайды, метаморфозда жетіледі.

Метаморфоз процесін ішкі секреция бездері реттейді. Бас миының нейросекреторлы клеткасы бөлетін гормондар кардиаль дене іс-әрекетін жеделдетеді, оның гормоны гемолимфа арқылы алдыңғы кеуде безінен (прторакаль) дернәсіл гормоны – экдизонның бөлінуіне себепші болады. Экдизон түлеу процесін қамтамасыз етеді (кутикула ериді, түседі, жаңасы қалыптасады).

Метаморфозда ювениль гормонын бөлетін дененің маңызы бар. Оның жоғарғы концентрацисында дернәсіл түлеп, келесі дернәсіл стадиясы қалыптасады. Дернәсілдің өсу қарқынына байланысты бұл дененің іс-әрекеті әлсірейді, ювениль гормон концентрациясы төмендейді, алдыңғы кеуде бездері дегенерацияға ұшырайды, дернәсіл қуыршақ фазасында түлеп, имаго пайда болады.

Насекомдар метаморфозының екі түрі бір-біріне тәуелсіз қарапайым даму типі – протоморфоздан дамиды – деген болжам бар.

Протоморфоз – тура даму, дернәсіл және имаго фазасында көптеген түлеу байқалады. Барлық даму фазасы бұл насекомдардың (алғашқы қанатсыз насекомдар) бір ортада жүреді.

Эволюция процесінде насекомдар топырақтың беткі қабатында жартылай жасырын тіршілік етуден топырақ бетінде , өсімдікте тіршілік етуге көшті. Жаңа ортаға көшу ірі ароморфоз – қанат даму және ұшуға әкеледі.

Ашық аймақты тіршілік орта ретінде игеру насекомдардың жеке даму эволюциясында көрінеді. Бұл толық түрленіп дамитын насекомдардың экологиялық қатарын кеңейтіп, жерде жануарлар арасында олардың гүлденуіне әкеледі.

Насекомдар жынысты көбейеді, жыныс диморфизмі жақсы көрінеді. Жұмыртқа салады, тірі туу да байқалады (бұл жағдайда жұмыртқа аналықтың жыныс жолында дамиды – ет шыбыны – саркофаг).

Кейбір насекомдарда ұрықтанбай даму – партогенез болады. Қолайсыз аймақта (биік тауларда, солтүстік т.б. аймақтарда ) кейбір қоңыздар қоңыздар, турақанаттылар , жарғақ, торқанаттылар партеногенді көбейеді.


2-сұрақ.

Насекомдардың тіршілік циклі – бірнеше онтогенез типтері болатын түрдің дамуы. Онтогенез – жұмыртқадан ересек формаға дейінгі бір дараның өмірі, сосын табиғи үздіксіз даму процесс бөлігінің бірнеше рет қайталануы.

Насекомдардың тіршілік цикл типтері:

1. Жынысты көбейетін аналық пен аталықтан тұратын – диморфты түрлерге тән ұрпақ қайталанбайтын тіршілік циклі (қоңыздар, көбелектер, кандала).

2. Партеногенді көбейетін, ұрпақ қайталанбайтын тіршілік циклі – мономорфты түрлер, тек партеногенді аналықтардан тұрады. (пля, листоблошки) қолайсыз аймақта – қоңыз, қандара, шегіртке т.б.)

3. Сирек, ұрпақ кезектеспейтін жынысты гермафродитті түрлердің тіршілік циклі (американдық шыбын түрлері)

4. Жынысты көбейетін және факультативті партеногенезді полиморфты түрлердің тіршілік циклі (аралар, құмырсқа, термиттер) аналық, аталық, жұмысшы, солдат

5. Жынысты және партеногенді ұрпақтың кезектесуі (гетерогония)

6. Жынысты ұрпақ және бірнеше педогенездің кезектесуі (педогенез – дернәсіл стадиясының партеногенді көбейеді).

7. Жынысты (аналық, аталық) және жыныссыз ұрпақтың кезектесуі (шаншар, орехотворкалар).

І. ұрпақ кезектесу болмайды:

1) Қос жынысты, жынысты көбею (зауза қоңызы)

2) Партеногенді көбею (биік тау қоңыздары, шегіртке)

3) Гермафродитті даралардың жынысты көбеюі (америка шыбыны)

4) Полиморфты түрлердің (ара) жынысты және партеногензді көбею.

ІІ. ұрпақ кезектеседі

1) Гетерония: жынысты және бірнеше партеногенді көбеюдің кезектесуі (тля, филлоксера)

2) Гетерогония: жынысты және бірнеше педогенетикалық ұрпақтардың (кейбір галалицалар) кезектеседі.

3) Метагенез жынысты және полиэмбрионды ұрпақтың кезектесуі (шаншарлар)

Түр морфогенез бөлігінің бір даму фазасынан циклді қайталануын – тіршілік циклі десе, бір жыл маусым бойы түрдің дамуын – маусымдық даму циклі көрсетеді. Мыс: зауза қоңызының тіршілік циклі 4-5 жыл жүреді, маусымдық циклі - көктемде қыстап шыққан дернәсіл қуыршаққа айналады және жас қоңыз көбейеді. Жазда, күзде, қыста олардың әртүрлі жастағы дернәсілдері кездеседі.

Жылына бірнеше ұрпақ беретін түрлер – поливольтенді түрлер (бөлме шыбыны маусымда 2-3 ұрпақ береді, имаго қыстайды). Көбі моновольтенді насекомдар (жылына 1 ұрпақ береді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет