Курсовой проект «пояснительная записка» По Теміржол көлігінде қозғалысты



бет4/4
Дата09.03.2022
өлшемі5,22 Mb.
#134734
түріКурсовой проект
1   2   3   4
а-даражолды;б –қосжолды аралықта
Бұл 3.3 б – суретте қос жолды аралықтағы пойыздардың жүрісі графигінің үзіндісі көрсетілген. Қосжолды телімдердегі пойыздардың жүріс сызығын бейнелеу және цифрды график торында жазу тәртібі дара жолды аралықтағыдай. Алайда аралықтарда екінші басты жол болғандықтан, жұп және тақ санды пойыздардың жүріс сызықтары өзара бөлім бекеттерінде де сондай ақ аралықтарда да қиылысуы мүмкін.
Пойыздардың жүрісін нақты және жазу және бейнелеу үшін графиктің стандарттық масштабтық торы жасалады. Уақытты сағаттық периодтық бейнелеу график торының негізгі элементі болып табылды.
Сағаттық уақыт мерзімі 10 минуттық тік сызықтармен бірдей алты бөлікке бөлінеді. Сағаттың басталуы мен аяқталуын қалың сызықпен сағаттар арасындағы 10 минуттық интервалдағы – жіңішке сызықпен және жарты сағатпен білдіретін сағаттық мерзіммен ортасы үзік сызықпен көрсетіледі. Пайдалануға қолайлы әрі көрнекі болу үшін 0, 6, 12, 18, 24 сағаттық сызықтарды басқаларынан көрі жуанырақ етіп сызады.
Сонымен, 24 сағатық уақыт периоды тәуліктік график торының негізгі түрін құрады.
График торында жүргізілген көлденең сызық белгілі бір бөлім бекетін білдіреді, ал телімдегі аялдама қосыны үзік сызықпен көрсетіледі. Автоблокировкадағы өтпелі бағдаршамдар бөлім бекеттері болып саналғанмен, график торында арнайы белгіленбейді.
График торының негізгі бөлігінің бүйірлерінде телімнің техникалық сипаттамасы туралы және пойыздардың жүріс графигін жасау үшін қажет болатын мағлұматтарды жасау үшін қажет болады.
Негізгі мағлұматтарды график торының оң және сол жағындағы тік бағаналарға орналастырады:

  1. Телімде техникалық операцияларды жасау бекеттерін жұп және тақ бағыттағы жолаушылар және жүк пойыздарын орындауға жұмсайтын уақыт нормаларын орналастыру.

  2. Жүк пойыздарының аралықтар арқылы жұп және тақ бағытта жүру уақыты.

  3. Бөлім бекеттерінің атауы.

  4. Пойыздар жүрісінің сигнализация мен байланыс құралдары.

  5. Аралықтардағы басты жолдардың және аралық бөлім бекеттеріндегі қабылдау жөнелту жолдарының саны.

  6. Қос тартымды және дамушы локомотивтерге сериялы. Демеуіш жол бөліктерінің ұзындығы.

  7. Қашықтық бөлім бекеттері аралығының жүйелі нәтижесі өсіп отырады.

  8. Пойыздар саны пойыздар жолаушылар жұп санмен тақ және жұп бағыттағы жүк пойыздарын соның ішінде құрама пойыздары бөлек – тақ және жұп санмен жеке көрсетіледі.

  9. Барлық жүк пойыздарының жүріс жылдамдығы техникалық және телімдік.

Графиктің негізінде пойыздардың жүріс кестесі жасалады, онда пойыздардың әрбір бөлім бекеттеріне келу, онда кету және жүріп өту уақыты көрсетеді.

3.3 Пойыздарды нөмірлеу


Әрбір пойызға белгілі бір нөмір беріледі. Солтүстіктен оңтүстікке және шығыстан батысқа қарай жүретін пойыздарға тақ нөмір, ал оңтүстіктен солтүстікке және батыстан шығысқа қарай жүретін пойыздарға - жұп нөмір беріледі.
Пойыздарды нөмірлеуді тасымалдаудың санаты мен тегіне қарай жүргізеді. Нөмірлер пойыздарды құрастыру стансаларында беріледі және баратын, сұрыпталатын немесе жүріс бағдары өзгертілетін стансаға дейінгі бүкіл жүріс бойында сақталады.
Берілген нөмір телімдік немесе сұрыптау стансаларына іргелес жатқан арлықтардағы пойыздың жүріс сызығының, үстіне қойылады.
Жүріс графигінде тақ пойыздардың жүріс сызығын жоғарыдан төмен қарай, жұп пойыздарда - төменнен жоғары қарай жүргізу керек.
Қазіргі уақытта темір жолдарда қабылданған график бойынша пойыздарды нөмірлеудің бір бөлігі төменде келтірілген.
Әр түрлі санаттағы пойыздар былайша нөмірленеді:

  1. Жолаушылар пойыздары

Жылдық жүрдек алыс сапарлық және жергілікті жолаушылар пойызы 1-130 Жылдық алыс сапарлық жолаушылар пойызы 171-300
Жылдық жөне жаздық жергілікті жолаушылар пойызы 601 -699
Қаламаңындық 6001-6999
2. Пошта-жүк, жүк-жолаушылар және баска көші-қон пойыздар
Пошта-жүк 901-948
Көші-қон (жүк құжатымен) 971 -998
3. Жеделдетілген-жүк пойыздары
Рефрижераторлық 1001-1098
Жүктерді контейнермен тасымалдайтын 1201-1298
Тез бұзылатын жүктерді тасымалдайтын 1302-1398

ПОЙЫЗДАРДЫҢ АҚ ҰҚ ҚАЗАҚСТАН




  1. Жолаушылар өте жуан сызық

  2. Жеделдетілген жуан сызық

  3. Жүк жуан сызық

  4. Құрама үзік түктелі сызық

  5. Диспетчерлік локомотив үзік сызық


4. Жүк пойыздары
Көмір және кен тасымалдайтын айналмалы маршруттық 1601-1698
Өтпелі 2001-2998
Телімдік 3001-3398
Құрама 3401-3498
Вагондарды телімдегі жеке аралық стансалар мен кірме жолдарға беріп-алуға арналған жақынаралық 3501-3598
Вагондарды тораптың бір стансасынан басқаларына беруге арналған тораптық 3601-3798
Вагондарды аралық стансаларға беріп-атуға арналған диспетчерлік локомотив 3801-3898
Вагондарды коммерциялық құжатымен аралықта түсіріп-тиеуге және оларды қайтаруға арналган 3901-3998
5. Локомотив
Демеуіш 4001-4098
6. Шаруашылық пойыздары
Автодрезина және мотовоз 5101-5198
Қар тазалағыш 7001-7098
Қалпына келтіргіш және өрт сөндіргіш 8001-8098

3.4 Пойыздардың жүріс графиктерін жіктеу


Пойыздардың жүріс жылдамдығына қарай параллельді және параллельдi емес (қалыпты) графиктер деп бөлінеді.
Параллельді графиктерде (3.5, а жене б-сурет) әpбip бағыттың пойыздары бірдей жылдамдықпен жүреді, сондықтан олардың жүріс сызықтары өзара параллель болады.
Әдеттегі пайдалану жағдайында пойыздардың жүрісі қалыпты графиктермен атқарылады (3.6, а және б-сурет), өйткені жүк және жолаушылар пойыздары әр түрлі жылдамдыкпен жүреді.
Аралықтардағы басты жолдардың санына қарай графиктер былайша белінеді:
даражолды график (3.5, а және 3.6, а-суреттер) - басты жол екі бағытга жүру үшін пайдаланылады және пойыздар стансалар мен айрылымдарда ғана кездесіп айырылыса алады;
косжолды график (3.5, б және 3.6, б-суреттер) – әр түрлі бағыттың пойыздары мамандандырылған жолдармен бip - бірінен тәуелсіз жүреді, олар стансалар мен озба бекеттерде ғана емес, аралықтарда да кездесіп айырылыса алады;

3.5-сурет. Пойыздардың жүріс графигі:
а-даражолды параллельді; б-қосжолды параллельді

3.6-сурет. Пойыздардың жүріс графигі:
а-даражолды параллельді емес; б-қосжолды параллельді емес;


3.7-сурет. Пойыздардың жүріс графигі.


а-даражолды-қосжолды (қосжолды айырымды) ;б-топтама
Жолай жүру бағытындағы пойыздардың орналасуына қарай графиктер мынадай болуы мүмкін:
Әдеттегі (пакеттік емес) график - даражолды телімдегі пойыздар аралықтарда жүріс бағыты өзгертіліп алма-кезек салынады (3.5, а-сурет);
топтама (пачкалы) график (3.8, 6-сурет) - жолай бағыттағы пойыздар стансалық арақашыктықпен бөлініп жүреді (пойыз жүрісінің аралықтағы уақыты мен жолай жүрісті стансалык интервалмен). Бұл бұрынырақ жөнел­тілген пойыз алда тұрған стансаға келмейінше, аралыққа пойыз жөнелтуге болмайды дегенді білдіреді, яғни аралыкта бip уақытта бip ғана пойыз болуы тиіс. Бұл график жартылай автоблокировкамен жабдықталған қосжолды телімде және даражолды телімде - сыңар графикте колданылады;
пакеттік график (3.9, а-сурет) - мұнда жолай бағыттағы пойыздар автоблокировкада (диспетчерлік орталықтандыруда) блок-аралықтармен шектеледі, немесе блок-қосындары бар жартылай автоблокировкада - қосынаралықтармен шектеледі. Бұл жағдайда стансалар арасында бip уақытта пакет түзетін бірнеше жолай пойыздар болуы мумкін;
ішінара-пакеттік график (3.9, б-сурет) - графикте пойыздардың бip бөлігі пакет тәртібімен, қалғандары – әдеттегі тәртіппен салынған

3.8-сурет. Пойыздардың жүріс графигі.
а-пакеттік; б-ішінара-пакеттік
Жұп және тақ бағыттардағы пойыздар санының арақатынасына қарай жұп санды және тақ санды (сыңар) графиктер болады. Жұп графикте екі бағыттағы пойыздар саны тең, яғни   =  . Сыңар графикте басым (жүк) бағыттағы пойыздар жүрісінің көлемі кері бағыттағы пойыздар санынан көп болады, яғни   >   болғанда, мұндағы   – басым (жүк) бағыттағы және  – кері бағыттағы пойыздар саны.
Тәулік ішіндегі кері бағыттағы (пойыз саны аз) пойыздар мен басым (пойыз саны көп) бағыттағы пойыздар санының арақатынасы бойынша графиктің сыңарлығы анықталады, ол сыңарлық коэффициентімен көрсетіледі:
Қосжолды айырымдары немесе бөлім бекеттерінде ұзартылған станса жолдары бар даражолды желілерде пойыздар тоқтамай кездесіп айырылысатын график қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда қарама-қарсы бағыттағы пойыздар жүріс барысында қосжолды айырым шегінде (3.8, а-сурет) немесе ұзартылған станса жолдары шегінде тоқтамай айырылысады.
Кейбір телімдердегі аралықтар өзара бірдей болады. Егер пойыздардың аралықтағы жүріс уақыты (қосжолды желіде) немесе пар пойыздың жүріс уақыты (даражолды желіде) бірдей болса, бұлар теңбе-тең аралықтар болып есептеледі. Егер бұл уақыт әрқалай болса – аралықтар өзара тең емес деп танылады. Тең емес қалыпты ( параллельді емес) график жасауды оңайлатады, өйткені ең қиын аралықтан басқа аралықтардың бәрінде түзілетін бос уақыт қажетті жағдайда пойыздың жүріс сызығын белгілі бір жағына қарай жылжытуға мүмкіндік береді. Теміржол желілерінде, әдетте , өзара тең емес аралықтар басым болып келеді. Аралықтардың тең еместік дәрежесін сипаттау үшін тең еместік коэффициенті қолданылады:
Телімдегі аралықтардың теңбе-теңдігі жоғары болса, тең еместік коэффициенті бірге соншама жақындайды.
Шектеуіш аралықтың өткізу қабілеті толық пайдаланылған графикті – толық график деп атайды. Егер телімнің өткізу қабілетінің резерві болса – толымсыз график деп атайды.
Даражолды телімде барлық қарсы бағытты пойыздар әр бөлім бекетінде кездесетін графикті толыққан график деп атайды (3.5, а-сурет).

3.5 Пойыздардың жүріс графиктерін жасауға арналған бастапқы мағлұматтар мен нормативтер


Пойыздардың жүріс графигін жасау үшін графиктің мынадай элементтері қажет болады:

  • Пойыздардың аралықтар арқылы жүру уақыты   ,   ‘’ ,екпіндеу   мен баяулауға   жұмсалатын уақыт нормалары;

  • Пойыздарды қабылдау, жөнелту және стансалар арқылы өткізу кезіндегі есептік минимум интервалдары – стансалық интервалдары τ сm ;

  • Пакеттегі пойыздар аралығындағы ( пойызаралық ) интервалдар I ;

  • Пойыздардың аралық стансада операцияларды атқару үшін тоқтап тұру нормативтері t сm ;

  • Локомотивтердің негізгі tнd және айналым tаd деполарында тұруының және техникалық операцияларды атқаратын бригадалар ауысымының t см ұзақтығы нормативтері;

  • Телімдік , жүк , жолаушылар , сұрыптау стансалардың парктерінде пойыздарды технологиялық өңдеу уақытының нормалары (t к̓п , t к̓жп )

  • Жолды , СОБ , байланыс және электрмен жабдықтау құрылғыларын және басқа ағымды күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарын орындау үшін берілген технологиялық «толаскез» t ұзақтығы.

Графиктің элементтері өткізу қабілетіне, телімдік және маршруттық жылдамдыққа , локомотивтер айналымына әсер етеді. Сондықтан жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарымен қатар , олар сондай-ақ локомотивтердің қуатын барынша толық пайдалану , өткізу қабілетін , пойыздардың айырылысу, басып озу кезінде және техникалық қажеттілікпен тұру уақытын қысқарту жағдайын; пойызаралық ең аз интервалдарды және локомотивтердің негізгі депо мен айналым бекетінде болу уақытын қысқартуды қамтамасыз ету жағдайын қанағаттандыруы тиіс. График элементтерін жасауда прогрессивтік нормаларды және мүмкіндігінше операцияларды қатар орындауды басшылыққа алу керек.
Стансалық және пойызаралық интервалдар пойыздардың жүріс қауіпсіздігін және темір жолды пайдаланудың ең жақсы өткізу қабілетін қамтамасыз етуі қажет.

3.6 Стансалық және пойызаралық интервалдардың түрлері


Стансалық және пойызаралық интервалдар пойыздардың жүріс графигінің ең негізгі элементтері болып саналады. Стансалық және пойызаралық интервалдарды жүріс қауіпсіздігінің талабын , кіреберіс сигналының алдында тоқтап қалуын немесе баяулауын жібермеуді, қолда бар техникалық құралдарды толық және тиімді пайдалануды , прогрессивтік технология мен озат жұмыс тәжірибесін қолдануды қамтамасыз ете отырып анықтайды.
Стансалық итервалдарды пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізу
операцияларынын графиктерін осы операцияларды уақыт жөнінен барынша үйлестіре отырып, жүк және жолаушылар пойыздары үшін жеке-жеке,
стансаның әрбір кіреберісі үшін айқындайды. Стансалық интервалдарды
анықтауда мыналарды ескеру қажет:
Стансалық және пойызаралық интервалдардың мөлшерін анықтауда
мьналарды ескеру қажет:

  • іргелес жатқан аралықтардың техникалық жарақтануы (басты жолдар
    саны, пойыздар жүрер сигнализация және байланыс құралдары);

  • кіреберістердің көлденең және бойлық пішіндері;

  • жолаушылар және жүк пойыздарына қызмет көрсететін локомотив-
    тердің сериялары;

  • пойыздын санаты,оның салмағы, ұзындығы және жүріс жылдамдығы,

  • пойыздардың шектеулі жүріс жылдамдықтары;

  • бағыттамалар мен сигналдарды басқару әдісі (бағыттамаларды маршруттық-релелік, электрлік және механикалық орталықтандыру, құлпылау арқылы қолмен бұру және басқа стансалық құрылғылар);

  • бағыттамалардың түрлері;

  • жолдардың, парктердің, сигналдардың, бағыттамалық қосындардың және станса кезекшісі үй-жайларының өзара орналасуы;

  • станса жолдарының ұзындығы;

  • іс жүзіндегі тежеу жолының ұзындығы;

  • пойыздарды әрбір бөлім бекетінен өткізу тәртібі (тоқтап немесе тоқтаусыз өту);

  • локомотив машинисіне аралыққа шығуға белгіленген рұқсат беру тәртібі;

Келесі станциялық және пойызаралық интервалдарды есептейді.
Стансалық интервалдар - пойызды қабылдау, жөнелту немесе жол тарамдары бар бөлім бекеті ( айырым, озба) арқылы өткізу операцияларын орындауға қажет болатын ең аз уақыт.
Стансалық интервалдарды пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізу операцияларының графиктерін осы операцияларды уақыт жөнінен барынша үйлестіре отырып , жүк және жолаушылар пойыздары үшін жеке-жеке , стансаның әрбір кіреберісі үшін айқындайды.
Қарсы келер пойыздардың әр мезетте келу интервалы. Даражолды телімдегі стансаға бір бағыттан пойыздың келуі сәтінен (3.7 , а-сурет) осы стансаға қарсы бағыттан пойыздың келуі мен немесе осы стансадан өтуі (3.7 , б-сурет) сәтіне дейінгі ең аз уақыт пойыздардың әр мезетте келу интервалы деп аталады. Пойыздардың әр мезетте келу интервалын анықтауда станса операцияларын атқаруға жұмсалатын уақыт пен пойыздың тартымдық есептеулері арқылы белгіленетін кіреберіс арақашықтығын жүріп өту уақытын ескереді.
Пойыздардың әр мезетте келу интервалының сызбасы 3.7-суретте келтірілген , ал операцияны орындаудың графигінде: 3.8 , в-суретте – қарсы пойыздарды бір мезетте қабылдауға рұқсат етілетін және 3.8 , г-суретте-оған тыйым салынатын жағдайдағы уақыты көрсетілген.
Пойыздардың әр мезетте келу интервалының мәнін технологиялық график салмай , жуықтатылған түрде былайша анықтауға болады:

  • автоматты блокировкада және бағыттамаларды қолмен бұруда:

  (3.1)







  •  

  • автоматты блокировкада және бағыттамаларды электрлік орталықтандырумен баскару:


3.7-сурет. Қарсы бағытты жүк пойыздарының стансаға әр мезетте келу интервалдарының сызбасы: a-екі пойыз да тоқтайтын кезде; б-бір пойыз тоқтамай жүріп өтетін кезде

3.8-сурет. Қарсы бағытты пойыздарды стансаға қабылдау кезіндегі орындалатын технологиялық графигі.
Пойыздың стансаға келу немесе одан жүріп өту сәтінен қарсы бағытқа жүруді күтіп тұрған басқа пойызды сол аралыққа жөнелту сәтіне дейінгі ең аз уақыт пойыздардың айырылысу интервалы деп аталады (3.9-сурет).

3.9-сурет. Пойыздардың айрылысу интервалы: а - екі пойыз да стансаға тоқтаганда; б- қарсы бағыттағы пойызды тоқтаусыз өткізуде
Пойыздардың, айрылысу интервалын анықтаудың үлгі графигі 3.13- суретте келтірілген.

Операциялар










Уақыт, мин




0,5 1,0




№2001-пойыздың келуін (өтуін) бақылау




0,1







Станса кезекшілерінің пойыз жүрісі туралы сөйлесулері

0,1







№2002-пойызға маршрут дайындау және шығар сигналын ашу

0,1







№2002-пойыздың машинисінің сигналды қабыл алуы және жөнелуі

0,2







Интервал ұзақтығы ,  

0,5









3.10-сурет. Пойыздардың айырылысу интервалын қамтамасыз етудегі технологияплық операцияларды орындау графигі
Жартылай автоблокировкада пойыздың көршілес б стансасына бару сәтінен сол бағытта жүретін пойыздың осы а стансасынан босаған а-6 аралығына жөнелуге дейінгі ең аз уақытты (3.11-сурет) пойыздардың стансалық жолай журу интервалы деп атайды. Екінші пойыздың стансадан тоқтамай өту жағдайында жолай журу интервалын жуықтатылған түрде мына формуламен анықтауға болады:
  (3.2)


3.11-сурет. а - пойыздар а стансасына аялдамастан жүріп өтетін кездегі стансалық жолай жүру интервалы; б-б стансасындағы кірер сигналы ашылған кездегі № 2003 тақ пойызының келген жері.
Екінші пойызды стансадан аялдаудан кейін жөнелтуде қашықтығын жүріп өтудің қажеті болмайды, сондықтан интервалдың ұзақтығы шамамен бір минут құрайды.
Автоблокировкада бірінен соң бірі жүріп отыратын екі немесе одан көп бағыттас пойыздардың блок-аралықтармен шектелуін басшылыққа ала отырып анықталатын ең аз уақыт аралығы автоблокировкадағы пакеттік (пойызаралық) интервал деп аталады (3.12-сурет).
Пакеттегі пойыздар арасындағы интервал шектелуге тиісті есептік қашықтыққа, пойыздардың жүру жылдамдығына, ал электр тартымында - сондай-ақ электрмен жабдықтау құрылғыларының куатына байланысты. Есептік қашықтық блок-аралықтардың саны мен олардың ұзындығы бойынша анықталады.
Есептік қашықтықты құрайтыш блок-аралықтардың санын алда келе жатқан пойыз одан кейін келе жатқан пойыздың жүрісіне әсер етпейтіндей жағдаймен анықтайды. Ол үшін бағыттас пойыздар үш немесе екі блок-аралықтармен шектелуі тиіс.
Бірінші жағдайда (жасыл шамға жүру) кейін келе жатқан пойыздың алдындағы бағдаршамда ұдайы жасыл шам жанып тұрады, бұл осы пойыздың машинисіне барынша қолайлы жұмыс жағдайын туғызады.

3.12-сурет. Автоблокировкада пакет түзу жүретін пойыздарды шектеу сызбасы: а, б – аралықта; в – стансаға қабылдауға; г-станса арқылы тоқтаусыз өткізуде; д – стансадан жөнелтуде
Екінші жағдайда (сары шамға немесе жасыл шам жанар алдында жүру) кейін келе жатқан пойыз бағдаршамға жақындағанда ғана бағдаршам сары шамнан жасыл шамға ауысады, бұл да пойыздың жүру жылдамдығын азайтуды талап етеді.
3.12-суреттегі пойыздардың орналасуы алда келе жатқан пойыздың блок-аралықтарды босату және бағдаршамдар шамының түсінің ауысуы сәтіне сай келеді.
Бағыттас пойыздардың стансалар аралығын жүріп өтуін, оларды стансаға қабылдап, өткізуді және стансадан женелтуді талдау негізінде пакеттегі есептік интервалы белгіленеді (3.15, в, г, д-суреттер). Бағыттас пойыздарды стансадан жөнелтудегі пакеттегі интервалын оларды екі блок-аралықпен шектелуін басшылыққа ала отырып анықтайды. Бірінші пойыз станса сыртындагы блок-аралықтардан өткенде ғана шығар бағдаршамының жасыл шамын жағуға мүмкін болады (3.15, д-сурет). Тиісінше пакеттегі интервал мынадай болады:
  ( 3.3 )

Қалыпты (параллель емес) графикте пакеттегі пойыздар арасының интервалы аралық шегінде үздіксіз өзгеріп отырады. Егер жолаушылар пойызы жүк пойызынан кейін жүретін болса, онда бұл интервал пойыздардың бөлім бекетіне келу жағдайы бойынша (бағыттас пойыздардың келу интервалы) анықталады.
Егер жүк пойызы жолаушылар пойызынан кейін жүретін болса, оңда бұл интервал пойыздардың бөлім бекетінен жөнелу жағдайы бойынша (бағыттас пойыздардың жөнелу интервалы) анықталады.
Бір пойыздың стансаға келу (стансадап өту) сәтінен осы стансаға жолай бағыттағы басқа пойыздың келу (станса арқылы өту) сәтіне дейінгі ең аз уақыт бағыттас пойыздардың келу интервалы   деп аталады (3.16-сурет).
Электрлік орталыктандыру жағдайында технологиялық график құрмастан,   интервалын, мин, жуықтатылған түрде былайша анықтауға болады: бірінші пойыз стансаға тоқтағанда:
  (3.4)
 
екі пойыз да стансадан тоқтамай өткенде:
  ( 3.5 )

Бір пойызды стансадан жөнелту (стансадан өту) сәтінен жолай бағыттағы басқа пойызды осы стансадан жөнелту сәтіне дейінгі ең аз уақыт бағыттас пойыздарды жөнелту интервалы   деп аталады (3.17-сурет).
Бағыттамалары электрлі орталықтандырылған стансада, технологиялық график құрмай   интервалын жуықтатылған түрде былайша анықтауға болады:
  (3.6)

Пойыздардың құрамдарымен және локомотивтермен төмендегідей техни- калық операцияларды орындау үшін стансаларда тоқтауды қажет ететін жағдайлар ғана графиктің элементтері болады: құрамды техникалық жөне коммерциялық тексеру, локомотивті тіркеу және жарақтау, локомотив бригадаларын ауыстыру, тежеуіштерді тексеріп байқау; вагоңдарды тіркеу және ағыту, жүктерді тиеу және түсіру, аралық стансалардағы маневр жұмыстары, жолаушыларды тасымалдау операциялары. Осы стансада қолданылатын технологиялық жұмыс процесіне сәйкес телімдік, сұрыптау жөне аралық сгансалардағы техникалық операцияларды орындау үшін пойыздардың аялдау нормаларын белгілейді. Жолаушылар пойыздарының аялдау уақытын жолаушыларды отырғызу мен түсіруге, жүктерді тиеу-түсіруге, жолаушылар пойызына қызмет ету жөніндегі өзге де операцияларға жұмсалатын уақытты (олардың қатар атқарылатынын) басшылыққа ала отырып анықтайды.

  (3.7)
І=0,06 









Уақыт, мин

1 2 3 4

Станса кезекгиісінің №2002-пойыздың келуін бақылауы және үй-жайына қайтуы




0,3













№ 22-пойызды өткізуге маршрут дайындау



















№ 2002-пойыз құрамының толық келгендігін және № 22-пойызга маршруттың дайындыгын баяндау




0,2













Кірер (кірер және шыгар) сигналды ашу




0,1













N° 22-пойыздың   арақашықтыгын жүруі










2,3










Станса кезекшісінің № 22-пойызды қарсы алуы










0,3







Интервал ұзақтыгы  







2,9


























Уақыт, мин

1 2 3 4

Станса кезекгиісінің №2002-пойыздың келуін бақылауы және үй-жайына қайтуы




0,3













№ 22-пойызды өткізуге маршрут дайындау



















№ 2002-пойыз құрамының толық келгендігін және № 22-пойызга маршруттың дайындыгын баяндау




0,2













Кірер (кірер және шыгар) сигналды ашу




0,1













N° 22-пойыздың   арақашықтыгын жүруі







2,3










Станса кезекшісінің № 22-пойызды қарсы алуы










0,3










Инпервал ұзақтыгы  







2,9










3.17-сурет. Автоблокировкада және бағыттамалары электрлі орталық-тандырылған стансадан бағыттас пойыздарды жөнелту интервалының ұзақтығы
Локомотивтің негізгі және айналым деполарының стансаларында тұру уақытының нормалары депо шаруашылығының аумағында локомотивпен техникалық операциялар жасау уақытынан, оның келу, депоға өту жолында тұру, деподан қайтарында жөнелту жолында тұру және пойыз жөнелтілгенге дейін тоқтап тұру уақытынан тұрады.

3.7 Бағыттағы телімдердің нақты және қажетті өткізу қабілетін есептеу


Желінің (телімнің) белгілі бір техникалық жабдықталуы және қабылданған жүрісті ұйымдастыру жүйесі (график түрі) жағдайында бір тәулік ішінде осы желі (телім) арқылы өткізілетін белгіленген массадағы пойыздардың немесе пар пойыздардың ең көп саны теміржол желісінің (телімінің) өткізу қабілеті деп аталады.
Нақты және қажетті өткізу қабілеті деген ұғымдар қолданылады. Нақты өткізу қабілеті ол да бір күрделі жұмыстар атқармай-ақ, қолда бар техникалық жабдықтар арқылы жүзеге асырылады. Кажетті өткізу қабілеті- әрбір нақты бағыгга мемлекеттің мүддесімен анықгалатын резервті ескере отырыл, берілген жүк және жолаушьшар ағынын өткізе алатын телім болуға тиіс. Резервті белгілеуде:өсіл келе жатқан тасымалдау көлемін игеру үшін желінің таяу болашаққа қажетті қуат қорын көпірлер мен тонңельдерді жөндеу, жолдарды, электрмен жабдықтау құрылғыларын қайта құру және күрделі жөндеуден өткізу қажеттігін; желінің өткізу қабілетін одан әрі арттыру жұмыстарының қажеттігін; тасымалдаудың әркелкілігі дәрежесін ескереді. Жолдар мен түйіспе желілерін күнделікті күтіпбаптау жұмыстарын жүргізу үшін, әдетте, тасымаддау көлемі азаятын кезеңдерде арнайы уақыт бөлінеді.
Аралықтың өткізу қабілеті графиктің түріне және оның элементтерінің мөлшеріне, сондай-ақ бөлім бекетгеріндегі жол тарамдарына байланысты. Аралықтардьң өткізу қабілетінің жалпы формуласы:
  (3.8)

мұндағы - жолдарды. түйіспе желілерді және басқа қүрылғыларды күнделікті күтіп-баптауға арналған графиктегі технологиялық «толас кездің» ұзақгығы;   - техникалық құралдардың сенімді жұмыс істеуін ескеретін коэффициент; Т - график периоды;   - график периодындағы пойыздар (пар пойыздар) саны.
График периоды - бұл осы график тән тәулік ішінде оқтын-оқтын қайталанып отыратын пойыздар тобының аралықта болу уақыты. Өткізу қабілеті график периодына кері пропорционадды болатындықтан, периоды барынша үлкен аралық шектеуіш аралық болып табылады. Телімнің өткізу қабілетін есептеп шығаруды максимальды аралықтан (жұп және тақ пойыздар жүрісі уақытының максимальды қосындысьнан) бастайды. Максимальды және шектеуіш аралықтар, әдетте,өзара сәйкес келеді.
График периоды пойыздарды аралықтарды шектеп түрған бөлім бекеттерінен өткізу тәртібіне байланысты. Пойыздарды өткізудің мынадай төрт нұсқасы болуы мүмкін.

3.18-сурет. Шектеуіш аралықтың бөлім бекеттері арқылы пойыздарды өткізу нусқалары
Бұл жағдайды мына мысалда карап көрейік (3.18-сурет):  =20 мин;
  = 20 мин;  = 3 мин;  = 1мин;  = 3 мин;  = 1 мин (мәліметтер шартты түрде алынған).
Екі пойыз да аралыққа тоқтаусыз жіберіледі (1-сызба, 3.18, а-сурет):
 =20+20+3+1+3+1=48 мин
екі пойыз да аралықтан тоқтаусыз өткізіледі (2-сызба, 3.18, б-сурет):
 = 
тақ пойьгздар аралықты шектеп тұрған екі бөлім бекетінен тоқтаусыз өткізіледі (3-сызба, 3.18, в-сурет):
 = 
жұп пойыздар аралықты шектеп тұрған екі бөлім бекетінен тоқтаусыз өткізіледі (4-сызба, 3.18, г-сурет):
 = мин;
Бұл мысал үшін пойыздардың жүріс графигін жасауда шектеуіш аралыққа пойыздарды 3-сызба бойынша салу керек.
Графикке салуға ең аз периодты сызба алынады. Максимальды аралықтағы даражолды телімнің өткізу қаблетін есептеп шығару үшін тандап алынған сызба қолданылады және осы аралықтан бастап пойыздардышахмат төртібімен кезектестіріп тоқтата отырып, телімнің екі жағына дейін жүргізіп шығадьі.
Мен А-Б телімінде шектеуіш аралықтың бөлім бекеттері арқылы пойыздарды өткізу үшін 3-інші сұлбаны таңдап алдым.
Бір пар пойыздың аралықта жүрген уақыты график периодының көп
бөлігін алатындықтан, пар пойыздың қай аралықта жүрген уақыты көп болса, максимальды деп аталатын сол аралық шектеуіш болады.
Автоблокировкамен жабдықталған қосжолды телімнің нақты өткізу
қабілетімына формуламен есептеледі
  (3.10)
мұнда I - пакеттегі пойыздардың интервалы, I = 8 мин болса, онда

Желінің қажетті өткізу қабілеті пойыздардың есепті мөлшерін анықтап, оны пайдаланудағы пойыздардың жүріс құралы мен пойыздарды жүргізу әдісін ұйымдастырумен салыстырады. Керекті жағдайда телімнің берілген өткізу қабілетін күшейту нұсқаларын қарастырады.
Телімнің қажетті өткізу қабілеті берілген жүк және жолаушылар пойыздарының мөлшеріне байланысты (резервті есептемегенде) төмендегі формуламен анықталады
  (3.11)


мұндай   ,   ,   ,  - тиісінше жүк, жолаушылар, жеделдетілген жүк және құрама пойыздар (пар) саны;  ,     - жолаушылар, жеделдетілген жүк және құрама пойыздардың жүк пойыздарын кеміту коэффициентгері.

3.8 Пойыздардың жүріс графигін жасау


Пойыздардың жүріс графигін жасау алдында үлкен дайындық жұмыстар жасалады. Жоғары маршруттық жылдамдыққа жету мақсатымен локомотивтердің айналым телімдерінің барысында пойыздарды графикке өтпелі түрде салады.
Пойыздар графикке санаттарына қарай жүйеленіп салынады. Алдымен алдын ала бағыттағы айналым сызбаларына сәйкес тандалған жолаушылар пойыздары,одан кейін жеделдетілген жүк, құрама және қалған жүк пойыздары салынады. Жергілікті жүк пойыздары алдын ала айналым сызбаларына сәйкес тандалған және телімдердің жергілікті жұмыс атқару жүйелеріне қарай салынады. Сонымен қатар телілімдердегі жүк жұмыстары-ның қалыптылығы және стансалар мен кірме жолдардың технологиялық процестерінің өзара үйлесімділігі қамтамасыз етілуі керек.
Жүк пойыздарын телімдік (сұрыптау)стансасынан бастап орташа интервалмен графикке салуға болады, оның мәні.
  (3.12)

 =21
Мұнда  - жүк пойыздарының шартты саны;  - « технологиялық толаскез»
Тәуліктің жарық мезгілінде графикте даражолды N-Д телімінде «технологиялық толаскез»   =60 мин және қосжолды А-N телімінде  =120 мин қарастыру керек. Графикте қатар салынған пойыздардың нақты интервалы 18,85  мәнінде ауытқып отыруы мүмкін.
Барлық есепті пойыздар А-N телімінде қысқаша түрде салынады. Бұл телімдегі пойыздардың жүріс уақыты берілген телімнің қашықты-ғын телімдік жылдамдыққа бөлу арқылы табылады. N-Д телімдегі пойыздардың кездесіп,басып озуында және айырылысуында аралық стан-салардың жол дамуын ескеріп отыру қажет. Тақ және жұп пойыздардың нөмірлері телімдік және сұрыптау стансасына шектес немесе екінші аралыққа жазылады.

3.9 Пойыздардың жүріс графигінің көрсеткіштерін есептеу


Даражолды телімде графикті салып болған соң жүк пойыздарының сапалы көрсеткіштері есептеледі:
- техникалық, телімдік жылдамдық және телімдік жылдамдықтың коэффиценті;
- локомотивтердің пайдалану айналымы;
- локомотивтердің пайдалану паркі.
Пойыздардың график бойынша орташа жүріс жылдамдығын, км/сағ, мына формуламен есептеп шығарылады:
ν = ∑ NL/ ∑ Nt (3.13)
ν = 18*70/ 18*(1200+2100)=0,02
мұндағы ∑NL- графигі бойынша көзделген пойыз-километрлердің тиісті (барлық пойыздардың жүрісінің) қосыңдысы; ∑Nt – осы график жасалған телімдегі пойыз – сағаттардың қосындысы (барлық пойыздардың телімдегі болу уақыты).
Пойыздардың жүріс жылдамдықтарын пойыз-километрдегі тиісті пойыз сағаттарға бөлу арқылы анықтайды.
Пойыздардың таза жүріс жылдамдығын есептеп шығаруда таза уақыттың пойыз – сағаттары есепке алынады.
Техникалық жылдамдықты есептеп шығаруда – аралық бөлімнің бекеттерінде аялдау уақытын ескерместен, екіндеу мен баяулауға жұмсалған уақытты есепке алады.
Телімдік жылдамдықты есептеп шығаруда – аралық жүру жолына кететін жалпы пойыз – сағаттарды есепке алады.
Маршруттық жылдамдықты есептеуде – бастапқы бекеттен соңғы бекетке дейінгі бағыттағы пойыз сағаттарды есепке алады.
Жүк пойыздарының жылдамдықтарын есептеу үшін берілген телімде тақ және жұп пойыздарға арналып ведомость жасалады (3.1- кесте)
Телімдік және техникалық жылдамдықтың орташа мәнін мынадай формулалармен анықтауға болады:
 = ∑   (3.14)


 =  (3.15)

мұндағы   ,  – пойыздардың график бойынша келу және кету сағаты мен минутының қосындысы. Сағат 24- ке дейін кеткен және келесі техникалық стансаға 0 сағаттан кейін келген пойыздар үшін келу сағатының қосындысына осындай пойыздардың санына көбейтілген 24 цифрына қосу керек;  - бір пойыздың барлық аралықтарда жүру уақытының қосындысы, мин;  - баяулау мен екпіндеу уақыты, мин;   - график бойынша барлық пойыздардың телімдегі бекеттерде аялдау саны; L – графиктетелімнің ұзындығы; N – бастапқы пойыздарының осы бағыттағы саны.
Мысал, 3.1 – кестеден және мөлшерін анықтаймыз:
  = 

Пойыздардың жүріс графигінен алынған барлық көрсеткіштері арнайы төлқұжатқа енгізіледі.



Тақ
пойыздардың нөмірлері

Уақыт, сағ- мин

Пойыздың телімде тұрған саны

Жұп пойыздардың нөмерлері

Уақыт, сағ - мин

Пойыздардың телімде тұрған саны

N-стансасынан жөнелуі

Д стансасасына келуі

Д стансасынан жөнеліу

N стансасына келуі

2001

02-20

03-47

0

2002

22- 10

23 - 38

0



 

 





 

 





3.1 – кесте. Пойыздардың N-Д телімінде болу уақытының ведомосі
айналым телімдері
ҚОРЫТЫНДЫ
Мен осы дипломдық жобада дара және қос жолды телімдерде пойыздардың жүріс графигін құрастырдым.
Бірінші бөлімінде жол бөлімшесінің сипаттамасы мен жұмыс көлемін қарастырдым. Оның ішінде тиелген және бос вагон ағындарын мен жүк пойызының құрамының есептеуін жасадым.
Екінші бөлімінде полигон телімдерінде жергілікті жұмыстарды ұйымдастырдым.Жергілікті жұмыс және оның көлемін анықтадым. Аралық стансаларда вагондарды тиеу және түсіру мөлшерін қарастырдым және құрама пойыздың жұмысын ұйымдастырдым.
Үшінші бөлімінде теміржол телімдері мен полигондарында пойыздар жүрісін басқару жүйелерін жасадым.Пойыздар жүріс графигін және оның маңызын қарастырдым. Пойыздарға нөмірлеу жасадым. Пойыздардың жүріс графиктерін жіктедім. Стансалық және пойыз аралық интервалдардың түрлерін қарастырдым. Бағыттағы телімдердің нақты және қажетті өткізу қабілетін есептедім. Пойыздардың жүріс графигін жасап жүріс графигінің көрсеткіштерін есептедім.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



  1. Бекжанов З.С. «Теміржол стансаларының жұмыс технологиясы». А.: ЖШС РПБК «Дәуір», 2013.

  2. Бекжанов З.С. «Пойыздар жүрісін басқару жүйелер». А.: ЖШС РПБК «Дәуір», 2012.

  3. Бекжанов З.С., Көбдіков М.А. «Теміржол полигонында пойыздар жұмысын басқару технологиясы». А.: ТОО «Эверо», 2011.

  4. Көбдіков М.А., Жүнісбеков П.Ж., Бекжанов З.С. «Тасымалдауды ұйымдастыру мен қозғалысты басқару». А.: ТОО «Эверо», 2011.

  5. Заглядимов Д.П., Петров А.П., Сергеев Е.С., Буянов В.А. «Организация движения на железнодорожном транспорте». М.: Транспорт, 2011.

  6. Сотников И.Б. «Эксплуатация железных дорог в примерах и задачах». М.: Транспорт, 2012.

  7. Под общей редакцией Тихомирова И.Г. «Технология работы участковых и сортировочных станций». М.: Транспорт, 2013.

  8. Бекжанов З. «Теміржолтану негіздері». А.: Береке, 2005.

  9. Зубков И.И., Угрюмов А.К. «Организация движения на железнодорожном транспорте». М.: Транспорт, 2008.

  10. Типовые технологические процессы работы сортировочной (Трансжелдориздат), участковой («Транспорт») и грузовой («Транспорт») станций.

  11. Каретников А.Д., Воробьев Н.А. «График движения пойыздов». М.:Транспорт, 2012.

  12. «Руководство по техническому нормированию маневровой работы». М.: Транспорт, 2012.

  13. Жандәулет Т., Қыстаубай Ж. «Темір жол терминдерінің орысша-қазақша сөздігі, Русско-казахский словарь железнодорожных терминов». А.: Медиа-транспорт, 2005.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет