2. Оқушылардың ұжымдық жұмыстарын ұйымдастырудың эксперименталдық зерттеу жолдары................................................................... 8
2.1. Ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және зерттеу жұмыстары.................... 14
2.2 Жүpгізілгeн зepттeу жұмыcтapының тaлдaулapы мeн нәтижeлepі................ 23
Қорытынды............................................................................................................. 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................ 28
Қосымшалар............................................................................................................ 29
Кіріспе
«Ұжым – күрделі оркестр,
онда әркімнің өз аспабы болады,
сол аспабымен ойнайды»
В.А.Сухомлинский
Зерттеудің өзектілігі. Әрбір адам бала кезінен өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, ән айтады, өлең жазуға, әңгіме жазуға талпынады, билейді, музыкалық құралда ойнайды, т.б). Бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне жол көрсете алмайды. Сондықтан ата-аналардың, мұғалімдердің алдында жаңа міндет: балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт-бағдар беру. Бұл әрине көптеген амал-тәсілдерді, үлкен шеберлікті қажет ететін күрделі процесс. Міне, осы тұста біз «ұжым», «ұжымдық жұмыс» ұғымдарын солардың бірі ретінде қарастырамыз. Ресей философы Н.Г.Чернышевский «Жеке адам өз ақыл ойының толысқаны үшін қоғамға қарыздар» дейді. Иә, әр оқушы – жеке тұлға. Бірақ, оның тұлғалық қасиеті мен психологиялық ерекшелігі жекелей зерттеуден гөрі ұжымдық жұмыс барысында нақты айқындала түседі.
Ұжым – ортақ мақсат пен қоғамдық іс-әрекет арқылы біріккен тұрақты бірлестік. Ұжымдық жұмыс оқытудың тәрбиелік мәнін арттырып, тұлға аралық қатынастарды қалыптастыруға да оң әсер етеді. Сондай-ақ, ұжымдық жұмыстар барысында жолдастық, достық және ұжымдық сезімдері ғана қалыптасып қоймай, ұжымдағы әрбір оқушының өзіндік көзқарасы, мінез-құлқы, психологиясы қалыптасып, өмірге бейімделе алады. Оқушылар арасында басқаның ісіне енжарлық туғызбай, керісінше бір-біріне көмектесу, өз жолдасының ісіне қуану, ренжу, мақтану, намыстану сияқты әр түрлі қатынастар жүйесі орнайды. Ұжым арасындағы мұндай тығыз байланыстардың нәтижесінде өзіндік принципі қалыптасқан, қоғамға нақты бейімделген бала ғана білім мен ғылымда, шығармашылықта, жалпы өмірде өзі армандаған үлкен жетістіктерге қол жеткізері сөзсіз. Ал бүгінгі қоғам белесіндегі оқушылар ұжымында жоғарыда аталған критерийлерге кереғар көріністер табылып жатады. Мәселен, оқушылардың мінез-құлқына, талғамдары мен қарым-қабілеттеріне қарай сынып ішінде өзара топтарға, яғни, «топ ішінде топқа» бөлініп кетуі, соған байланысты ауызбіршіліктің жойылуы, ұжымдық іс-әрекеттің дұрыс орындалмауы, т.б. жайттар. Бұл қарама-қайшылықтардың алдын-алу үшін оқушылармен жұмыс жасайтын барлық орталықтар олардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ұжымдық жұмысты дұрыс
3
ұйымдастыруға міндетті. Себебі, отбасы, балабақша, мектеп, сынып, спорт секциялары, көрермендер студиясы, т.б. ұжым түрлері балалардың әлеуметтенуі мен қоғамға бейімделуіне зор ықпалын тигізеді. Сондықтан, тату-тәтті, мақсатшыл ұжым құру - тәрбиені ұйымдастырудың негізі көзі болмақ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білім және ғылым» атты тамыз конференциясында «Сапалы білім – қоғамды жетістікке жетелеудің жолы әрі экономиканы дамытудың басты құралы» деген болатын. Олай болса, оқушылар ұжымын қалыптастыру – сол қоғам қалыптасуының ең бастапқы сатысында орналасқан алғашқы мәселе. Сол себептен, курстық жұмыстың тақырыбын «Оқушылардың ұжымдық жұмыстарын ұйымдастыру түрлері» деп алдық.
Достарыңызбен бөлісу: |