11
Оқушылардың ұжымдық жұмысқа бейімделуі барысындағы тағы бір кезең – шығармашылық. Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізінде қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Адамның шығармашылыққа ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады.
Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз - оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Шығармашыл тұлғаның ерекшелігін И. Андреев «белсенді, шығармашыл тұлға өзімен және қоршаған ортамен қайшылыққа келуге қорықпайды, негізгі ерекшелігі - батылдығы, мәселені қоя және аша білетіндігі, мақсатқа жету жолындағы табандылығы, өзіндік пікірі мен жолы, бай қиялы» деп сипаттайды. Шығармашылығы дамыған тұлғаның ерекшелігі- жалпы зерделілігі, өзіндік ой түюі, мақсат қоя білетіндігі.
Бастауыш сынып оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Ал, сол баланы шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс:
- мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек;
- әрбір шығармашылық тапсырманы ұсынудың мазмұны баланың жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесу керек;
- қолайлы жағдай жасау;
- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру;
- ұжымдағы әр баланың талғамына құрметпен қарап, өзіндік көзқарасын дамыту.
Мұғалім оқушы үшін тек ұстаз ғана емес, сенімді досы болмағы ләзім. Егер мұғалім шығармашылықпен айналысатын болса, балалармен пікір алмасатыны заңды. Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біріншісі - «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген тыс қорғаныш сезімі, екіншісі - өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшіншісі - жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолы жағдай жасау, қолдау және дұрыс бағыт беру.
Менің байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғарғы сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге тырысады. Оқушы не
12
нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығуын арттыру жақсы тақырыптық концерттерге де байланысты. Мысалы 22 наурыз мерекесіне арналған мерекелік кештің үлгісін қарастыра отырып, әр оқушы осы мерекелік іс шарада белсене қатысып, өз үлесін қосқысы келді.
Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда мен мынадай әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамыз.
Олар мыналар:
1. Мәтін, ертегіні, әңгімені өз ойларымен аяқтау. Мысалы; Қайсар атасымен қыдырып жүреді. Кенет қой қора жақтан түтіннің иісі келді.
Қараса, қой қора өртеніп жатыр екен.
- Қайсар не істеді?
Бұл мәтінді бір-екі бала былай деп аяқтапты. Қайсар жүгіріп барып, өрт сөндіргіш машинасын шақырды. Жан-жақтан көмекке адамдар да келді. Өрт сөндірушілер мен көршілердің көмегімен өртті шығынсыз өшіріп алды. Қайсардың елгезектігіне атасы риза болды.
Қайсар ойланбастан қораға жүгіріп кірді де, қойларды айдап шықты. Сол кезде қораның үсті құлап түсті. Қайсар қойларды аман алып қалды. Шопан Қайсарға риза - шылығын білдіріп, қошақан сыйлады.
2. Ақын, жазушылардың мәтіндерін басқаша аяқтау.
Мысалы: Шона Смаханұлының (Тәкаппар) мысалын Әлібек былай аяқтады:
Балықты жағада ойнап жүрген Асқар тауып алды. Оның жағдайын көріп аяп кетті.
Оны жүгіріп барып теңізге салып жіберді. Содан бері балық өзінің туған теңіңзін ешқашан жамандамайтын болыпты.
3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу.
4. Мәтін бойынша мақал құрастыру.
5. Табиғат құбылыстарына, заттарға жұмбақтар құрастыру.
Сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін әр түрлі кездесулерден, саяхаттардан, жураналдардан оқығандардан алған әсерлерін әңгімелету. Шығарма ретінде жаздыруға, (Ана тілінен) оқытылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызуға болады.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Шығармашылық тапсырма түрлерін сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, психологиялық таралым, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап, әр сынып бойынша әрі қарай жалғастыра беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |