Курстық ЖҰмыс пән: Педагогика Тақырыбы



бет10/14
Дата23.05.2020
өлшемі88,76 Kb.
#70654
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Дариға курсовой

Ұжымдық шығармашылық іс мына кезеңдер бойынша жүзеге асырылады.

1-кезеңде ұжымның атқаратын жұмыстары әгімеден басталып, шешуге тиісті мәселелер ұсынылып, талқыланып, міндеттер белгіленіп, сұрақтар қойылады, іс жобасы жасалады. Бұл алғашқы әңгімелесу түрінде өтеді. Әңгімені балаларды қызықты пайдалы іске жұмылдыру мақсатымен мұғалім жүргізеді.

2-кезеңде ұжымдық істі жоспарланады. Жоспар шағын топтарда жасалып, оның шешімі жалпы топқа жарияланады, топта бекітіледі. Әр ұжым мүшесі өз пікірін айтып, мәселеге байланысты сұрақтар қойып, ұсыныстарын кіргізеді.

3-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс анықталады және дәлелденеді. Іс жобасы әр бөлімде талқыланып, әзірлеу жұмысы басталады. Әзірлік орталығын құру үшін уақытша ұйымдастырушы орган іс кеңесі сайланады. Кеңесшілер ата-аналар, педагогтар бола алады. Кеңестің мақсаты – жоспарды іске асыру үшін жоспарды нақтылау, әзірлікке бақылау жасау.

4-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс өткізіліп, дайындық қортындысы шығарылады. Мұны барлық ұжым мүшелерімен бірігіп, жетекшілері, тәрбиешілері ұйымдастырады. Бұл іске қатысушылар үшін ең бастысы – сергектік, өзі үшін, қабілетінше жолдастарына және адамдарға қуаныш әкелуге деген сенімділік. Бұл кезең әртүрлі таңғажайыптарға толы болады.

5-кезеңде ұжымдық шығармашылық іс аяқталып, қортындысы шығарылады. Үжым: «Қандай жұмыстар жақсы атқарылды? Себебі неде? Не істелмеді? Неліктен? Келешекке нені ұсынамыз?» деген сұрақтарға жауап алады.

6-кезеңде ұжымдық іске қортынды жасалғаннан кейінгі жиында айтылған ұсыныстар жүзеге асырылып, келешектегі іс-әрекетттерінің мақсат-мазмұны, бағыттары белгіленеді.
18

 Оқушылармен ұжымдық шығармашылық шаралар, сайыстар өткізуге болады, мысалы: «Фабрика» рөлдік ойыны, «Қысқы қарлы операция», «Қарлы ертегі», «Десант», «Рейд» жорық операциялары. Танымдық аукцион, ауызша журнал, телекөпір, күлкі эстафетасы сайыстары. Бұл шаралар ұжымдық түрде оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына әсер етеді.



Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Б.Д.Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді: «Шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.

Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін де көрінеді. Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі табуына көмектеседі. Өйткені, адам туынды ғана емес, тудырушы да. Ол өзін-өзі шынайы болмысына бастайтын жол іздеуі керек. Адам өзін-өзі жетілдіруге де жоюға да қабілетті. Кез-келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс-әрекеті ақыл-ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс-әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы

ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.

Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми-шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.

Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану - олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

19

А.С. Макаренконың ойынша, нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып есептеледі. Осыған байланысты қоғамның бастапқы бір ұясы болып саналатын оқушылар ұжымы басқа ұжымдармен байланыста болуы тиіс, оның алдында қоғам мен ел алдындағы міндеттер тұрады. А.С. Макаренко атап көрсеткен ұжымды сипаттайтын міндеттер бүгінгі таңда да өз мәнін жойған жоқ. Ол міндеттер мыналар:

- ұжым алдындағы айқын мақсат;

- ұжым мүшелерінің қоғамдық мақсатқа бағытталған іс-әрекет жасауы;

- ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы керек;

- өз арасында міндеттер белгілеу;

- қатаң тәртіптің болуы;

- өз мүшелері үшін ұжымның жауапкершілігі, өзара көмек, өзара бақылау, жолдастық сезім, қайырымдылық қарым қатынастың болуы.

- Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.

- Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.

- Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.

- Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.

Ұжымдарды ұйымдастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн:

- Әрбір пән бойынша бөлек топтар құрылатындығы, бір пәннің шеңберінде топтық құрамы жеке оқушылардың ілгері басуын ескере отырып анықталуының қажеттігі;

- Математика, химия, шет тілі пәндері бойынша ұғымдар оқушылардың білімдерінің және дағдыларының деңгейіне қарай құрылғаны орынды;

- Оқу ұғымдарын жинақтауда оқушылардың өзара қарым-қатынастары да ескерілуі тиіс.

Әр түрлі құрама ұжымдарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, 5 оқушыдан құралған ұжым тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. Өйткені 3 оқушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлер мен ұсыныстары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құралған адамдарда жіктелу пайда болады, ал 7 адамнан құралған топта әрбір оқушының өз пікірін айтуына, өз ұсыныстарын және көз қарастарын жеткізуіне мүмкіндік болмайды. Ұжыммен орындалатын жұмысты ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды

мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістікке орналастыру да оқушылардың өзін-өзі танытуларына, олардың өзіндік қасиеттерін және осы кезеңдегі өзіндік мәнін қалыптастыруға әсер етеді. Осы ұжымдық іс-әрекет негізінде оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайды, қарым-қатынас жақсарады, алға деген ұмтылушылық, қызығушылық пайда болады. Ұжымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда кеңесшіні сыйлау мәселесі де маңызды, яғнибалалардың іс-әрекетін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың


20

психологиялық құралдарын пайдалана алу қажет. Арнайы жүргізілген эксперименттер ғалымдарға мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: кеңесшіні ұжымның өзімұғалімнің және жоғары социометрилық статусы бар кеңесшініңкелісімдерін ескере отырып таңдауы керек; жағдайға байланысты кеңесшілер жиі ауыстырылып отырған дұрыс. Осылайша танымдық мәселелерді шешуде негізінен бастауыш сынып оқушыларының өзара ықпалдастығы, қарым-қатынасы, ынтымақтастығы, танымдық қызығушылық ерекшеліктері, танымдық белсенділігі, алынатын ұжымдық танымдық іс-әрекет мына түрде көрініс табуы мүмкін:

1. Ұжымдық жұмыс принциптерін ұйымдастыратын фронтальды жұмыс. Мұндай жұмыстарды ұйымдастырудың тапсырмалар түріне проблемалық жағдаяттарды талқылауда, теоремаларды бірігіп отырып дәлелдеуді, орындалатын жұмыстардың жоспарын бірігіп талқылауды, біріге отырып әңгіме құрастыруды, картина бойынша бірігіп жұмыстар жасауды, психотренингтер өткізуді т.б. жатқызуға болады.

2. Ұйымшылдық принципі бойынша ұйымдастырылған топтық жұмыс. Оның түрлері: жұптық жұмыс, топтық сауалда, топтық жұмыстарда әңгімелесу, дөңгелек үстел, пікірталас, дебат элементтері бар топтық жұмыстар (форум, сараптау, талқылау топтарының отырыс, сиптозицм, жобаларды ұсыну, ойындық модельдеу бойынша проблемалық пікірталастар, диалогтар т.б.).

3. Топ жұмыстарының бейнесі ретіндегі топтардағы өзара тексерулер: орындалған жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсінік беру, өзара пікір алмасу ( ауызша, жазбаша, практикалық жұмыстарды өзара тексеру т.б.).

4. Ассистенттердің, кеңесшілердің және белсенді оқу топтарының басқа да мүшелерінің жұмысы.

5. Оқушылар кездесуі.

Міне осылардың негізінде оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетінің толық ұйымдастырылуын көрсетуге болады.

Балаларды қоғамдық маңызды міндеттерді шешуге белсенді қатыстыра отырып, ұжым жеке адамды дамыту үшін кең мүмкіндік ашатын қарым-қатынастардың сан түрлі формаларына өріс жаюын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда балалардың ұжымды тек сырттай лайықты деп қабылдамауының психологиялық маңызы зор. Балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі мынада: үлкендер ұйымдастырған балар бірлестіктері қоғамның осы типке тән қарым-қатынастардың үлгісін жасауға мүмікндік береді. әрине,

сондықтан да коллектив ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасының олардың жеке басын қалыптастыру үшін шешуші маңызы бар. Атап айтқанда, ұжым-мектеп оқушысының жеке басының тұрақты адамгершілік қасиеті неғұрлым белсендің, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты.

Дамыған ұжымға баланың қарым-қатынасының өріс алған жүйесі, оның басқа адамға ерекше қарым-қатынасы іс-әрекет пен балалардың қарым-қатынасының сипатын сапалы өзгертуге негізделген ұзақ процесс. 1-2 сыныптардағы мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, әдетте
21

балалардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыратын, қоғамдық тапсырманы бөлетін мұғалімдер жасайды. 3-4 сыныптарда оқушылардың өз жолдастары арасында белгілі орын алуға қажеттілік өседі де, тәрбиенің шарты мен әдісі ретінде оқушылардың ұжымының құрылуы басталады.

Оқушылар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері мыналармен:


  1. Оқушылар әрекетінің мазмұнымен;

  2. Бұл ұжым қаншалықты таным іс-әрекеттің субъективті ісі ретінде болатындығымен;

  3. Танымдық іс-әрекет процесінде ұйымдастырылатын барлық қарым-қатынастардың жүйесімен айқындалады.

Барлық ұжым мүшелеріне әрбір оқушы үшін орнықты жағдай туғызатын қамқорлық қарым-қатынас ұйымдастыру аса маңызды.

Оқушылар ұжымы тәрбие объектісі ғана емес, оның субъектісі де. әрбір оқушы – осы ұжымның мүшесі, сондықтан да бастауыш сынып оқушысына ұжымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып, көпшілікітің пікірін ұйымдастырып отыруы қажет. Социалистік қоғам

адамның жеке басының интегралдық сапасы – ерекше актуалды педагогикалық міндетті құратын ұжымды қалыптастыру.

Қазіргі таңда ұжымды дамыту, оқушылардың белсенді әрекеттерін дамыту, жеке тұлғаны дамыту маңызды істердің бірі. Көрнекті педагогтар К.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.Макаренко, М.Жұмабаев оқушыны дамытуға бағыт-бағдар беріп отырған. Кеңестік психологтар Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Апанов, В.Давыдов, Л.Занков, В.Крутецкий, М.Мұқанов, Ж.Әбділдин, Қ.Жарықбаев, Т.Сабыров еңбектері танымдық іс-әрекетте жеке тұлғаны дамыту мәселесінің алтын қоры деп білеміз. (Қазақстан мектебі-14-71,2005-56 б).

Қазіргі педагогикалық психологиялық зерттеулерде балалардың бастауыш сыныптағы ерекшеліктерін атап көрсететін Л.Божовичтің, Р.Буренің, Л.Венгердің, Я.Коломинскийдің, Е.Панько және т.б. ғалымдар еңбектерінің маңызы зор.

Ұжымдық танымдық әрекеттің үрдісінде мынадай мақсаттар жүзеге асырылады:

1) Символикалық бейнелерге психикалық әрекеттің құралы ретінде (есте сақтау) саналы қатынасты қалыптастыру;

2) Қисынды ойлауды және көрнекі-бейнелі операцияларды меңгеру;

3) Қиялды, әр түрлі қабылдауды жетілдіру.

Сонымен дамыған ұжым өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның қалыптасуы, дамуы кіші шәкірттік шақта басталады да, ал түп тамыры одан да гөрі ертерек неғұрлым сәбилік шақта жатады. Оқушылар ұжымын дамыту дәрежесі оқушылардың өзара қарым-қатынастарының дамыту деңгейлерімен және сипатымен анықталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет