25
Қорытынды. Қазақ даналығында «Адамның күні адаммен», «Бірлік болмай тірлік болмас», «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сынды мақалдар мен нақыл сөздер өте көп. Әрине, оның барлығы тегіннен тегін айтылмағаны белгілі. Өйткені, адамдар бірлесіп өмір сүру, небір келелі мәселелердің түйінін ұжым болып шешу - жекеленуден гөрі әлдеқайда тиімді екенін ерте заманнан-ақ біліп байқаған. Біздің қазіргі қозғап отырған «ұжым», «ұжымдық жұмыс» тақырыбымыз осы негізгі түп тамырдың жалғастырушы бөлігі ғана.
Жалпы, «ұжым» ұғымының мән-мағынасы өте тереңде деп айтуға толық негіз бар. Себебі, ұжымның қоғамға тигізер ықпалы өте зор. Соның ішінде атап айтар ең басты екі себеп бар.
Ең алдымен, ұжым – қоғамның бір бөлігі. Ал қоғам – жекеленген дара тұлғалардан құралады. Сондықтан, әрбір жеке жан иесінің өсіп-жетілуі, рухани және физикалық дамуы белгілі бір топтың ішінде ғана жүзеге асады. Яғни, шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, отбасы, балабақша, мектеп, т.б. сынды ұжымдық ортаға тап болады. Қандай жағдайда да ұжымнан бөлініп қалуға болмайды. Себебі, ұжым – кез-келген жеке адамды өмірге, қоғамға, әлеуметтік ортаға бейімдеп, тұлға болуына ықпалын тигізеді.
Ұжым – бірлік, татулық, жанашырлық, жауапкершілік сынды өзіндік талаптарымен әрбір жан иесін адамгершілікке тәрбиелейді. «Тәртіпке бас иген құл болмайды» дегендей ұжым мүшелері белгілі бір басшыға, я болмаса бастаушыға бағыну керектігін, қандай істе болмасын тәртіп пен сенім керектігін жақсы түсінеді.
Міне, қазіргі кездегі ауызбіршіліктен айырылған кейбір ұжым, топтар дәл осы қағиданы ұстанып, бір тәртіпке бағынып, нағыз шынайы ұжымдар қатарын көбейтсе, еліміздің де әлеуметтік-мәдени, саяси хал ахаулы біршама жетістіктерге жетеді деп ойлаймыз.
Ал біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі тақырыбы болып отырған оқушылар арасындағы ұжымдық жұмысты ұйымдастыру – осы аталған қажеттіліктердің ең бастапқы сатысында орналасқан алғашқы қадам. Себебі, адам өміріндегі ұжымдық қарым-қатынастың ең алғашқы көзі мектеп қабырғасынан бастау алады. Мектеп табалдырығын аттағаннан-ақ жаңа орта, жаңа достар мен жаңа мұғалімдерді кездестіреді. Ал оқушылардың жаңа ортаға бауыр басып, тіл табысуы және әрі қарай бір ұжым болып белестерді бағындыруы – ол тек жақсы ұстаз бен оның ұжымдық жұмысты ұйымдастыру тәжірибесіне байланысты болмақ. Баланың қандай болса да кез келген шығармашылық талпынысын құптауымыз керек. Өйткені, оның астарында баланың таза, ашылмаған шығармашылық бастауы жатыр. О.Бальзактың “Ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыру мұғалімді үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуге міндеттейді. Оқушының білім мазмұнындағы ғылыми ұғымдардың үлесін арттыру арқылы оқушыны шығармашылық әрекет жағдайларына әкелетін ішкі байланыстарды ашуға мүмкіндік туғызып, жағдай
26
жасау керек. Оқушы ойлауының барлық түрлерін диагностикалық бірлік арқылы дамыту керек.
Әрине, атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру, оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, т. с. с. Өйткені, ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.
Сондықтан, біз өзіміздің зерттеу жұмысымызды нағыз шынайы ұжым құрып, елдің елдігін арттыруға бет алған білімді де білікті ұстаздар мен ақылды да қабілетті оқушылар қауымына арнаймыз. Кәдеге жарап жатса, бұл біз үшін зор қуаныш болмақ. Өйткені, ол – еліміздің көркеюіне қосқан кішкентай үлесіміз деп білеміз. Сондай-ақ, оқушылардың шынайы қарым-қатынасы мен психологиясына ерекше мән бере отырып, оларды бір ұжымның шаңырағында жинап, ел мүддесі үшін жұмыс жасайтын елеулі азаматтарды тәрбиелеп шығару – біздің басты міндетіміз!
Достарыңызбен бөлісу: |