Курстық ЖҰмыс пән: Педагогика Тақырыбы


Ұжымдық жұмысты ұйымдастырудағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері



бет7/14
Дата23.05.2020
өлшемі88,76 Kb.
#70654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Дариға курсовой

1.2. Ұжымдық жұмысты ұйымдастырудағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері

Ұжымдық жұмысты ұйымдастыру қажеттілік арқылы көрініс тауып отырады. Жаңа бір нәрсені білу үшін әрбір бала өзінің тіршілік және рухани қажеттігін өтеп отырады. Міне, осының әсерінен балада бір нәрсеге қызығу пайда болады. Ұжымда мұғалім балаларға ойлауды қажет ететін әр түрлі әдістерді қолдануды түсіндіріп көрсетеді, оларға түрлі жаттығулар мен тапсырмалар бере отырып шеберлікті, дағдыны бекітіп, шығармашылық қолдануды үйретеді. Міне, мұғалім мен оқушының осындай іс-әрекеттері ұжымдық іс-әрекетке айналады. 

Ұжымдық жұмыстың ұйымдастырылуының тағы бір көрінісі - қызығушылық, яғни танымдық қызығу. Бастауыш мектеп жасындағы баланың ұжымдық танымдық іс-әрекеттері оқу үрдісінде жүзеге асады. Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. Бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш келеді. Осы жастағы балаларды қандай да болсын бір іске оп-оңай тартуға жеңіл. Бұл кездегі балалар қиын істерді құштарлықпен орындайды. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрсе оларды ойлантады. Кеңестік психологтер зерттеулері бойынша 7 жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (сыныптағы оқушылар, мұғалім), жаңа орын (мектеп, сынып) іс-әрекеттің жаңа түрі және т.б. Балалар жасына байланысты танымдық қызығу мәселелерін бірнеше ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған: Н.Рыбалкина, Л.Горден, М.Беллева, И.Цветкова, Л.Маневцова, В.Иванова, бастауыш мектеп оқушылары бойынша А.Абдуллаева, М. Морозова, М.Щеломенцова, т.б. бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуына жақын мәселелерді В.Дорохова, Р.Жданова, О.Саулина, И.Трегубованың жұмыстарында қарастырылған (Қазақстан мектебі №7, 2005,56-58 беттер).

Мәселен, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуы мынадай көрсеткіштерге ие:

- Қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;

- Танымдық үрдіс пен танымдық іс-әрекеттің эмоционалдық көрінуі;

- Танымдық іс-әрекетте еріктің болуы;

- Танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;

- Жаңаны білуге ұмтылысы;

- Мектепте және басқаларға деген жағымды қатынас.

Қызығу жұмыстағы кемшілікті және қиындықты жеңуге көмектеседі, қол жетпейтін нәтижелерге жеткізеді. Оқушылардың танымдық қызығу іс-әрекеттерін қалыптастыру одан жан-жақты дамыған, білімді, шығармашыл қайраткерді қалыптастыруға, ойшаң, эмоцияға бай, қарым-қатынасшыл ұрпақты тәрбиелеуге көмектеседі.



8

Ал ортаңғы буын, яғни, 5-сыныптан жоғарғы сынып оқушыларында

қызығушылық сезімдері бәсеңдеп, салмақтылық, ұяңдық, жауапкершілік сезімдері орын ала бастайды. Өмірге деген көзқарастары дамудың жаңа сатысына көтеріліп, талғам пайда бола бастайды. Бұл ұжымдық жұмыс барысында оқушылардың әркімнің пікіріне еліктемей, өз ойын ашып айта бастауынан, жеке қызығушылықтарының пайда болуы мен әртүрлі іске бейімделуінен анық көрінеді.

Жоғарғы сынып оқушылары өзіндік көзқарасы, жеке әлемі қалыптасқан, жауапкершілік сезімі мол, үлкен өмірге қадам басар алдындағы зор салмақтылықпен ерекшеленеді. Бастауыш сынып оқушыларындағыдай тым ашық, аңғал, әр нәрсеге қызығушылық сезімдері бұл оқушылар категориясынан байқалмайды. Ал ұжымдық жұмысты ұйымдастыру өзге категория оқушыларынан гөрі осы жоғарғы сынып оқушылары арасында өте жеңіл, парасатты, ұйымдасқан түрде көрініс табады. Себебі, бұл оқушылар тобы өзін-өзі басқару тұрғысынан жоғарғы сатыда.

Оқушыларды ортақ ұжымдық жұмысқа біріктіру мен баулу – бұл тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқаты іздеудегі және қарым-қатынастағы адалдық жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады. Оқушылардың жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге, сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай-ақ мұндай критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді.

Ұжымдық жұмыстың, іс-әрекеттің мазмұны: барлық оқушылар, мұғалімдер, тәрбиешілер бірлесе отырып жоспарлайды, оқушылардың танымдық іс-әрекеттері оқу процесінде, еңбек процесінде дамиды.



Барлық жұмыстар оқушылардың қалауы бойынша жүргізіледі, оған әртүрлі сынып оқушылары қатыстырылуы мүмкін. Осындай жүргізген жұмыстар арқылы оқушылар өздерінің әртүрлі танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандырады. Сонымен қатар, мектеп ішіндегі оқушылардың арасынан дарынды балалардың шығуына ықпал етеді.

“Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.

Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.

9

Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологы П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П. Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.

Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймыз. Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады.

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Тіпті оның кәсіби жетілуіне өзгеше емтихан болып табылады.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
10

Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе «дарындылық белгілері» психологтар арасындағы пікір таластардың негізі болып табылады.

Талантты балалардың өмірінде және іс-әрекетінде байқалатын ерекшелік белгілері айқындалған. Мұндай белгілерді балалардың іс-әрекет ерекшеліктерін бақылаған кезде баяндауға болады. Шығармашылық дарындылықтың белгілері әртүрлі болатындығы қиындық туғызады және де олар әлеуметтік ортамен тығыз байланысты.

Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттілікті оқу әрекетінде көрінеді. Сондықтан әр бала бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағыттап, тәрбиелеу қазіргі таңдағы ата-ана мен мұғалімнің тарапынан қолдау тауып отыруы қажет.

Оқу іс әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Ал оқушы өз тарапынан белсенділік, дербестілік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыра алады.

Менің байқағаным, мәселен бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелдеді шешімдер қабылдай білуге тырысады.

Бастауыш сыныпта «Ана тілі» және «Қазақ тілі» сабағында ұтымды уақыт тауып, шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім мәтіннің, жаттығудың өн-бойынан шығармашылық тапсырмаға лайықты жағдайлар іздеп табуы керек. Кейбір практикалық тапсырмаларды да шығармашылық арнаға бұрып, өзгертуге болады.

Бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген әңгімелер, ертегі желісімен өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан мұғалім ертегіні немесе әңгімені бастап беріп, оны аяқтауға оқушыға тапсыратын болса, балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады.

Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болсада ашық, еркін айтады. Олар мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой-пікіріне қатты сүйенеді.

Ал орта буын және жоғарғы сынып оқушылары бастауыш кезеңінен өткен соң өздерінің қарым-қабілет, ой-саналарына, мінез-құлқына қарай сұрыптала бастайды. Оған үлкен сыныпқа қадам басу барысындағы адаптация, сабақ жүйесінің күрделенуі, бәсекелестердің анықталуы, тапсырмалардың ауырлығынан шаршау, көңіл-күйінің өзгеруі, т.б. әсер етуі мүмкін. Соның салдарынан, сынып арасындағы үздіктер саны төмендеп, оқу үлгерімдері әртүрлі деңгейге жіктеледі. Сондықтан ұжымдық жұмыста әр баланың белсенділік танытып, алда болуын, біліктілігін дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет