Курстық ЖҰмыс пән: Педагогика Тақырыбы



бет6/14
Дата23.05.2020
өлшемі88,76 Kb.
#70654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Дариға курсовой

4

1. Оқушылардың ұжымдық жұмыстарын ұйымдастырудың теориялық негіздері

1.1. Психология ғылымындағы ұжым, ұжымдық жұмыс ұғымына теориялық талдау

Ұжым (лат. collektivus – жинақ) - ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған, бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі. Ұжым жай топқа қарағанда дамуы жағынан жоғары. Ұжым белгілеріне адамдардың саналы түрде бірігуі, оның тұрақтылығы, анық белгіленген ұйымдастыру құрылымдары, қызметті реттейтін органдардың болуы жатады. Ал педагогикалық ұжым – педагогикалық көзқарастарының, сенімдері мен іс-әрекеттерінің бірлігімен ұйымдасқан оқу-тәрбие мекемесі (мұғалімдер, тәрбиешілер, директор, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп дәрігері) қызметкерлерін біріктіреді.

Ұжым – жан-жақты тәрбие берудің аса маңызды құралы. Ұжым және жеке адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті әлеуметтік мәселелерінің бірі болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр. Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыруды және тәрбиелеуді жан-жақты тәрбиенің теориясы мен практикасының негізгі, жетекші мәселелері ретінде қарайды.

Тәрбиенің ең негізгі құралы – мектеп ұжым, ол – ортақ мақсатпен, іс-әрекетпен, гуманистік қарым-қатынаспен және жоғары жауапкершілікпен біріккен балалар мен ересектер одағы. Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді. Ол заңдылықтар – адамдар арасындағы өзара қатынастарды ұжым негізінде құруға болады деген дұрыс ұғымға негізделген.

Оқушылар ұжымы – тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.

Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.

А.В.Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, ең алдымен адамды тәрбиелеу маңызды, демек, ол адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.

Н.К.Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасын ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, ондағы балалардың қарым-қатынастарына үлкен мән берді. Балаларды ұжымда өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеу қажеттігін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты


5

бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалардың ұжымдық іс-әрекетінің формалары мен әдістері, өзін-өзі басқару және ұйымдастырудың әдістері, т.б.

А.С.Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.

А.С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.

1. Ұжым – тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.

2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.

3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланыста болса ғана қоғамның бір бөлігі болады.

4. Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері, ұйымдастырушылары болады.

5. Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды.

Қазіргі кезеңде А.С.Макаренконың идеясын дамытуда И.П.Ивановтың «Коммунар әдісі» игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні – ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелік принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық – шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П.Ивановтың «Коллектившілдерді тәрбиелеу» атты еңбегінде қарастырылған.

Сонымен, ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.

В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде «Мудрая власть коллектива», «Коллективтің құдіретті күші» т.б. баяндалды.

В.А.Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас - ұжымдық қатынастың даму процесі. В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Демек, ынтымақтастық балалармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде туды. Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалімдердің еңбектерінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қарастырылған.

Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету,


6

қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеру, оқу барысындағы «Осал жерлері» жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу деген сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды, оқушының тұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастардың жетіспеушілігін азайтады. Диалектикалық қарама –қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез-келген нәрсені дамыту процесінде күрес арқылы қарама-қайшылықтар пайда болады, олай дамытудың қозғалушы күші де, қозғалыс көзі де қарама-қайшылық. Бүгінгі таңдағы өркениетті отыз ел қатарына қосылуды мұрат тұтқан тәуелсіз Қазақсан Республикасының қоғамы болашақ түлектерді жедел өзгерісті дүниеде өмір сүруге дайындау қажеттігіне оқу-білімдену жүйесіне жаңа да курделі талаптар қоюда. Ал мұндай дайындық балада әрқилы ғылыми салаларға тән біршама білім-біліктер жиынтығы қалыптастырумен ғана шектеліп қоймастан, оның бойында жоғары шығармашыл және икемшіл тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған нақты істерді қамтуы тиіс. Соңғы жылдарда жалпы және орта білімді гуманизациялау мен гуманитаризациялау ниеті айқын әрі мақсатты бағыт ала бастады. Ал бұл ұлағатты мақсаттың тиімді іске асуы бала тәрбиесінің қайнар көзі бастауыш мектепке тәуелді болатыны айдан анық. Адамға табиғаттан берілген ізгіліктің мүмкіндіктердің 80% осы бастапқы кезеңнен қалыптасатынын ғылым дәлелдеп отыр.

Психологияда ұжым дегеніміз - топтың ең жоғары деңгейде ұйымдасқан түрі, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырып отырады. Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі обьектісі - адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл-күйі, сергектігі т.б. Таным теориясы (гнесология) - айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуі, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде жүзеге асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен теориялар құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымның саласы. Оқушылардың ұжымдық таным қызметін іске асыру үшін, оған оқушының оқуға деген қабілетін білген жөн. Қабілет - баланың бір нәрсеге деген құштарлығы арқылы ашылады. Қабілетсіз бала жоқ. Қабілеттілік нышан арқылы білінеді.

Баланы сынып ұжымында оқытудың ерекшеліктері:

- Тұрақты оқушылар тобы;

- Әр оқушының оқуын қадағалап бақылау, оған көмек көрсету;

Міне, осы ерекшеліктер оқушының ұжымда білім алып, таным қызметінің дамуына мүмкіндік береді.

7



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет