22
2.2. Жүpгізілгeн зepттeу жұмыcтapының тaлдaулapы мeн нәтижeлepі
Аталған бөлімде педагогикалық тәжірибеден өту мерзімінде «Оқушылардың ұжымдық жұмыстарын ұйымдастыру түрлері» тақырыбы бойынша жүргізген зерттеу жұмыстарының талдауы мен нәтижелерін сарапқа салсақ.
Ең алдымен бұл зерттеу жұмысын жүргізуде біздің көздеген мақсатымыз - жалпы оқушылар қауымы арасында ұжымдық жұмысты ұйымдастырудың негізгі мәселелерін анықтау және оны шешу жолдарын қарастыру болатын. Сондықтан, зерттеу жұмысының нәтижелерін өзімізге мынадай бірнеше сұрақтар қою арқылы қортындыласақ.
1. Оқушылар қауымына «ұжым», «ұжымдық жұмыс» атауын толық түсіндіре алдық па?
2. Оқушылардың ұжымдық жұмысын ұйымдастырудағы басты мәселелерді және оның шешімдерін таба алдық па?
3. Оқушылар арасында нағыз шынайы ұжымдық жұмысты қалыптастыра алдық па?
Біз жоғарыда зерттеу жұмысының барысын бірнеше қадамдарға бөлу арқылы айқындаған болатынбыз. Ендеше, аталған сауалдарға жауап беру үшін зерттеу нәтижелерін де дәл сондай қадамдар арқылы көрсетсек.
Алғашқы қадамды оқушылар қауымына «ұжым», «ұжымдық жұмыс» атауын ұғындырудан бастаған болатынбыз. Себебі, жай «топ»-тан қарағанда «ұжым» ұғымының мағынасы өте тереңде. Ұжымдық жұмысқа қатысқанымен, өзінің ұжым құрамына не үшін келгенін, қандай мақсаттық іспен айналысуы керектігін білмейтін оқушылар бар. Сондықтан, олардың «ұжым» жайлы ой-өрісін кеңейтетін ақпараттарды молырақ беруге тырыстық.
Нәтижесінде: оқушылар қауымының ¾ бөлігі «ұжым» туралы мәліметтерді жеткілікті түрде алса да, нағыз шынайы ұжымдық жұмыс көрінісіне көз жеткізе алмады. Өйткені, мың рет естігеннен бір рет көзбен көрген артық. Сол себепті, бірден теориядан практикаға көшіп, нағыз ұжымдық жұмыстың қандай болатынын өзіміз байқап көруді жөн санадық. (2-кесте)
Екінші қадамда оқушыларға қарапайым тапсырма «22-наурыз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының» сценариін және ұйымдастыру барысын жазуды ұсындық. Мұндағы мақсат – оқушылардың өздеріне берілген тапсырманы бүгінгі күнге дейін қандай дәрежеде орындап келгенін және ендігі кезекте біз олардың тілін қалай табуымыз керек, қандай бағытта жұмыс жасауымыз қажеттігін анықтау болды.
Бақылау нәтижесі тапсырманы ұжым құрамындағы озат, белсенді оқушылар орындап, қалғандарының көлеңкеде қалып қоюымен ғана шектелді.
Зерттеу барысында осындай әрбір қадам нәтижесі келесі қадамдардың тууына себепші болып отырды. Үшінші қадамда біз екінші қадамдағы тапсырма нәтижесінің себептерін анықтадық. Яғни, оқушылардың бір-бірінен ұялуы, мұғалімнен қысылуы, бір-біріне еліктеп, өз ойының нақты болмауы, ұғым мәнін толық түсінбеуі» сынды дүниелер оқушылардың ұжымдық жұмыс барысында өздерін еркін сезініп, лидер болуына кедергі жасайды.
23
Міне, оқушылардың ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыруға кедергі келтіретін осы және өзге де себептерді анықтай отырып, төртінші қадамда біз сол мәселелерді шешу жолдарын қарастырдық.
1. Ұжымдық жұмысты ұйымдастыруда оқушыларға ең қажетті әрі алғашқы маңызды дүние – адамгершілік деп тапқан болатынбыз. Оны қалыптастыруда «релаксациялық жаттығулар» және «іштегі негативті сыртқа шығару» тренингтерін де өткіздік.
Нәтиже: Релаксациялық жаттығулар барысында оқушылар денелерін бос ұстап, өз ой-қиялдары мен сезімдерін еркіндікке жіберген сәттен-ақ айналасының барлығы гүлге толғандай ерекше бір сезімге бөленеді. Жайлы музыка ырғағымен үйлесім тапқан ұстаздың күш-жігер, шабыт сыйлайтын сөздері олардың ең жақсы сәттерін еске түсіріп, жамандық атаулының барлығын бір сәт ұмытуларына мүмкіндік береді. Тіпті, жағымсыз қылықтары еске түскеннің өзінде, сол үшін жақындарынан ойша кешірім сұрап, оларды құшақтайды. Осындай сезімдерден кейін оқушылар жағымсыз көңіл-күй мен кикілжің атаулының ұжымдық жұмыста да, өмірде де мүлде қажеті жоқ екендігін, керісінше, үнемі күлімдеу, жақсылық ойлау жетістікке жетелейтінін бірден аңғарады.
Бұдан кейін іштегі негавтивті сыртқа шығару тренингі басталады. Релаксациялық жаттығудан соң оқушылар қалыпқа келіп, өздерінің бойындағы жағымсыз қасиеттерді еске түсіріп, бір қағазға тізіп жазады да, оны қатты ашу-ызамен умаждап, бар пәрмендерімен ортадағы қоқыс жәшігіне қарай лақтырады. Мұндағы барлық эмоция, дауыс арқылы жағымсыз қасиеттер жазылған парақты жәшікке лақтыру, бойдағы арам қасиеттерден арылып, ауыр жүктен жеңілдегендей керемет әсер береді.
Әрине, бұл тренингтер сырт көзге күлкілі, ерсі көрінуі мүмкін. Бірақ, оқушылар арасындағы адамгершілік байланыстарды орнату барысында мұндай жаттығулардың тигізер пайдасы мол.
Тренингтерден соң оқушылар арасында жабық түрде сауалнама жүргіздік. Бұл арқылы оқушылардың тренингтерден алған әсерін, жолдастарына, жалпы ұжымдық жұмысқа деген көзқарастарын анықтай алдық.
2. Ұжымдық жұмысты ұйымдастырудағы екінші мәселе – іскерлік қабілет. Бұл ұғымды біз жауапкершілік ұғымымен байланыстыра зерттеп, оны шыңдау үшін де амал-тәсілдерді қолдандық. Яғни, белгілі бір мерекелік іс-шараны ұйымдастыруды басты тапсырма ретінде алып, оны бөліктерге бөліп, әрбір оқушыға жауапкершілік міндетін жүктедік. Мақсат – ұжымдағы әрбір оқушыға жауапкершілік пен ешкімнің көмегінсіз өздігінен жеке жұмыс жасаудың мәнін түсіндіру еді.
Нәтижесінде, сценарий жазу, ұйымдастыру, номерлерді реттеу, қатысушылардың костюмі, музыкалық апараттар, партитура, реквизиттер, сахна дизайны және жарықпен жабдықтау сынды жауапкершіліктің барлығын үлестіріп алған оқушылардың әрқайсысы өз міндетін түбегейлі орындап, ұжымдық жұмыстың ілгері жылжуына жанын салды. Сонымен қатар, әркім
24
өзінің жеке тапсырмасына асқан тиянақтылықпен, ұқыпты қарап, ұжым мүшелерінің әрқайсысы шапшаңдық, белсенділік танытса, ұжымдық жұмыстың міндетті түрде сәтті аяқталатынына көз жеткізді. Себебі, жұмыла көтеріп, жан-жақты әрекет жасаған мерекелік іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.
Ең бастысы – оқушылардың іскерлік қабілеті шыңдалып, олар нағыз шынайы ұжымдық жұмыстың көрінісіне куә болды.
3. Иә, оқушылар қауымы нағыз ұжымдық жұмыс нәтижесіне қол жеткізді. Дегенмен, «ұжым» бір сәттік емес, мәңгілік болып қалыптасу керек. Ол әрине – бірліктің арқасында. Сондықтан, ұжымдық жұмыста бірлік деген құндылықты әрдайым биікте ұстау маңызды екенін айтып, жоғарыда оқушылар қауымына бірнеше ұсыныстар жасаған болатынбыз.
Сол ұсыныстар нәтижесінде:
Оқушылар қауымы нағыз шынайы ұжымның басты негізі – бірлік екенін түсінді.
Бірлік – бір-бірін кез-келген сәтте қолдап-қолпаштау, жәрдем беру, қиындықты ұжым болып еңсеру екендігіне көз жеткізді.
Бір-бірінің қателіктерін бетіне баспай, керісінше, оны түзеп отыру, тек жақсы дүниелерді көре білу – жетістікке алып баратынын ұғынды.
Ең бастысы – адамгершілік қасиет пен іскерлік қабілеттің тізгінін ұстайтын бірлік екеніне толықтай сенімді болды. Сондай-ақ, осы үш алыптың басын тең ұстап, ұжымдық жұмыста жұдырықтай жұмылып белсенді әрекет етуді өздерінің басты қағида, ұстанымдарына айналдырды.
Демек біз осы бөлімнің ең басында өзімізге қойған сауалдардың барлығына «зерттеу нәтижесіне қол жеткізу сәтті өтті» деп сенімді түрде жауап бере аламыз.
Міне, оқушылар арасындағы ұжымдық жұмысты ұйымдастыру түрлерін зерттеуде біздің қолданған әдіс-тәсілдеріміз бен оның нәтижелері осындай. Біз дайын ғылыми зерттеу-талдаулардан гөрі ұжымдық жұмысты ұйымдастыруда өз зерттеу әдістерімізді жүзеге асыруға тырысып, сол бағытқа көп көңіл бөлдік. Оқушылар қауымының мінез-құлық, психологиялық ерекшеліктерін өз жанымыздан бақылап, өзгеше жаңалықтарды енгізуге тырысып бақтық.
Қандай іс болсын, соңында нәтижеге қол жеткізу - үлкен жетістік емес пе?! Сондықтан, ғылыми талдаулармен ұштастыра байланыстырып жүргізген біздің зерттеу жұмысының нәтижелері алдағы уақытта өзге де ұжымдық жұмыстарды ұйымдастыру барысында қолданысқа ие болады деп сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |