Курстық жұмыс


І БӨЛІМ. АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ



бет3/8
Дата29.06.2020
өлшемі93,64 Kb.
#74683
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Назым кіріспе

І БӨЛІМ. АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1.1. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДІҢ МАҚСАТЫ

Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту - басты мәселе. Шетел тілін меңгеруде көп қиыншылықтар кездеседі. Бұл қиыншылықтарды жеңу үшін пәнге деген ынтасын , әуестігін арттыру керек.

Жаңа заманның озық ойлы , терең мінезді, тәрбиелі жастарын қалыптастыру мектептегі тәрбиешілердің басты міндеті. Мұғалім жеке тұлғамен тікелей байланысты жүзеге асыра отырып , жұмысының негізгі бағыттары мен жұмыс бөліктерін дұрыс та сапалы ұйымдастыра алуы қажет.

Ойындар , тесттер арқылы балалардың мектепке дайындығын , таным процестерінің даму деңгейін, ақыл - ой қабілеттерінің жетілу барысын анықтауға болады .

Керн - Йирасектің мектепке дайындығын анықтайтын тесті баланы жан - жақты зерттеуге мүмкіндік береді.

- Диагностикалық тапсырмалар қысқа мерзімді уақытта жүзеге асатындықтан бірнеше оқушының бірігіп орындауына ыңғайлы .

- Гудинаф - Хрисстің тесті , Ганс - Айзенктің сөздік тестін пайдалану баланың ақыл ойын анықтауға және логикалық , эвристикалық ойлау, қиял процестерін дамытуға тиімді.

«Кімге не жетпейді? » бұл әдістеме баланың 5-6 жас аралығындағы ойлау деңгейінің психодиагностикасын жасауға арналған.Бұл әдіснемеге кірген тапсырманы бастамас бұрын балаға сурет көрсетіледі. Және бұл суретте әр балаға бір нәрсе жетіспейтіні айтылады. Ал жетіспеген зат алдыңғы жақтағы суреттерде көрсетілген . Баланың басты тапсырмасы , тез арада кім не жетпейтінін табу .

«Он сөз » әдісі . Ерікті есте сақтау процесін зерттеу кезінде «Он сөз» деген әдісті қолдануға болады. Берілген сөздер зейіннің қасиеттерін , тұрақтылығын және шоғырлануын зерттеуге бағытталады. Бұл әдістә балалар мен жұмыста қолдану мұғалімге баланың белгілі бір іс - әрекетке бағыттаушылығының қасиеті туралы қосымша ақпарат береді. Зерттеуді жүргізу үшін мағынасы жағынан байланыспайтын он сөз керек болады. Сараптаманы толық тыныштықта өткізген жөн. Сараптаманың алдында түсініктеме бере кеткен абзалырақ «Қазір мен сенің сөздеріңді қалай есіңде сақтайныныңды білгім келеді? Мен саған сөздер айтамын , ал сен зейініңді қойып тыңда және оларды есте сақтауға тырыс. Мен барлық сөздерді айтып болған соң сен оны қайталайсың. Есте сақтағандарыңды қандай ретпен босада айтуға тырыс.»

Орташа есеппен алғанда тәжірибе 5 - 7 минут уақытты алу керек.Бірінші тәжірибеде қабылдау 5 -6 сөз , бесінші тәжірибеде 8-10 сөз есте қалу керек.

«Бір нәрсенің суретін сал » әдісі. Балаға қағаз, түрлі - түсті қарындаштар беріп және ойланып ерекше бір нәрсенің суретін салуды ұсынады. Тапсырманы орындауға төрт минут уақыт беріледі.Баланы бағалау бала қиялының ерекшелігімен қорытындылады.

Балаларға дыбыстарды дұрыс айтуды үйрету.

Бала оқуды бастағанға дейін оның дыбыстарды дұрыс айтуын қадағалау қажет.

Бір дыбысты басқа дыбыстармен алмастырмауын жете қадағалау маңыздырақ.( Мысалы : қарбыз - қалбыз , т.б)

Балаға айтуы қиын әріп дыбыс сөздің басында , ортасында, аяғында орналасуы қажет.

С - сағат, мысық, тас

Р - рахат, қара, қар

Ж- жаз, Маржан, тәж

Ш - шана, алша, шаш

Қазіргі кезде бастауыш білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын тәжірибеде қолдану 12 жылдық оқытудың негізгі бағыты болып отыр. Баланың айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуге оқытудың басты мақсаты - адамзат мәдениетінің кез кедген саласындағы іс - әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен , шығармашылықпен меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.

Балаларды оқытуда зерттеу тәсілінн қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен , оның қоршаған дүниені зерделеуге қызығушылығымен түсіндіріледі.

Оқушылардың өзіндік зерттеулері , олардың жеке қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қасиеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді «Дайын күйде» алмай өз бетінше ашады.

Сонымен қатар, балаларға білім беруде тұлғаға бағдарланған тәсілді іске асыруда тиімді тәсілдің бірі болып саналады. Бұл бағыт тұлғаны қалыптастыру мен оның қазіргі заманғы серпінді қоғамға бейімделу мүмкіндіктерін арттыруды, баланы өнімді дамытуды көздейді.

Жеке тұлғалық қасиетттерге бағдарланған оқыту - проблемалы бағытқа және шығармашылық сипатқа ие. Оның басты бағдары - білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздеу арқылы білімді практикада қолдану. Баланың жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту, білім, біліктерді меңгеру мүмкіндіктерімен лоарды қолдану тілектерін ескеру.

Оқу процесінде ойын технологиясын қолдану - оқушының оқудағы танымдық іс - әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді. Ойын технологиясы арқылы мемлекеттік жалпыға міндеттібілім беру стандартында мәлімдеген құзіреттіліктерді оқушы бойында қалыптастыру міндеттерін шешеді.

Жоғарыда жіктелген барлық технологияларды дұрыс орынды шеберлікпен қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болады және жоғары дидактикалық жетістіктерді байқауға болады.

Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.

Білім беру үрдісін ақпараттандыруда төмендегідей әдістемелік, педагогикалық міндеттерді шешуге болады:

- білім беруде көлемді ақпаратқа қол жеткізе алу; білім алуға мотивацияның жоғарылауы; өз бетінше жұмыс істеу; өзін-өзі бақылау және т. б.

- жеке тұлғаны жетілдіру ( түлғаның ой-өрісі, эстетикалық тәрбие, зерттеу жұмысымен шұғылдану іскерлігін дамыту, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру және т. б.

- әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру (компьютерлік біліктілікті қалыптастыру, белгілі бір сала бойынша маман дайындау және т. б.)

- оқу-тәрбие жүмысын жетілдіру (білім берудің сапасы мен тиімділігін арттыру, танымдық әрекеттің мотивін қамтамасыз ету, пәнаралық байланыстарды тереңдету және т. б.

Сөз арқауы компьютерлік технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолдану мәселесі болмақ. Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде,тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады,жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға , сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады . Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.Студенттердің шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар және т. б.

«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:

- электрондық пошта( e-mail), телеконфереция, видеоконференция;

- жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web

серверге жеке шығару;

- ақпараттық каталогтар ( Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).

Шетел тілі сабағында компьютермен жұмыс жасай отырып, студенттер психологиялық тұрғыдан да жеңілдіктерге ие болады. Атап айтқанда, студенттердің жасаған әрбір жұмысына берілетін бағаның, олардың жасаған қатесін қайталаулар негізінде көрсете отырып, яғни жұмыс нәтижесін мақұлдап немесе белгілі бір дәрежеде қоштамай, өз пікірін білдіріп отыратын оқытушының тікелей қатыспауы, студенттерге өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік болуын қамтамасыз етеді. Бұдан оқытушының шетел тілі сабағындағы орнын жоққа шығару деген түсінік туындамауы керек.Керісінше, оқытушы тіл үйренушілердің жеке тұлға ретінде өз тапсырмаларын орындап, жұмыс қортындысын белгілейтін әлеуметтік-психологиялық жағдай туындата алатын, олардың жүмысына бағыт-бағдар беретін бірден-бір субъект.

Қазіргі уақытта шетел тілін оқытудың коммуникативтігі, интерактивтілігі, аутенттігі тілді үйрену үрдісінің мәдени контексте болуы үстемдікке ие болуда. Аталған ұстанымдар коммуникативтілік қабілетінің компоненті ретінде мәдениетаралық біліктілікті дамытудың алғышартын жасайды. Шетел тілін дәстүрлі оқытуда тіл үйренушілер тілдік жаттығуларды жасап, қажетті материалды жаттаумен ғана шектеледі. Яғни,ол төмендегідей көрініске ие болады: «сөздік қор + қажетті құрылым = тіл». Алайда , тілдік құрылымды жаттаумен шектелу, тілді қарым- қатынас құралы ретінде меңгеруге толық мүмкіндік бермейді. Шетел тілінде тілдік қарым – қатынасқа үйрету үшін шынайы, өмірлік жағдаяттар туындату қажет. Ол студенттердің қажетті материалды меңгеруіне және соған сәйкес мінез – құлықын қалыптастыруға жағдай жасайды. Аталған мәселені шешуде Интернет жүйесі айтарлықтай маңызға ие . Біз дәстүрлі шетел тілі сабағынатағы да сипаттама жасайық. Көп жағдайда шетел тілін оқыту үрдісінде оқытушы студент ойын басқарады, яғни , бағыт беру немесе жетекшілік етуден гөрі, ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл әрекет, психологтар көрсеткендей, студенттердің ойлау процесін тежейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін оқытушы өзі дайындап, жоспарды беріп, студенттен сөйлеу барысында тек соған сүйенуін талап етеді. Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға еркіндік берілмейді. Студент мәселені түсінбей, өзіне қажетті ақпаратты ала-алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келу мүмкіншілігінен айрылып, өзінше ой қорытып, оны тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетіне ие бола алмайды. Ал мәселені шешуде жаңа ой , құнды пікір айту өте маңызды. Және ол міндетті түрде қортындыланып, көрініске ие болар болса, оның нәтижесі жоғары болмақ. Шетел тілін оқыту технологиясының тиімділігінің көрсеткіштері мыналар:

- Студенттердің моральдық психологиялық ,интелектуалдық және жас ерекшеліктерін ескеру.

- Оқуға жағымды көңіл күй қалыптастыру.

- Ұстаз бен студент арасында сөз алмасу, ғылыми қарым-қатынас және әріптестік принципін орнықтыру.

- Студенттердің еске сақтау қабілеті мен творчестволық деңгейін көтеру арқылы белсенділігін арттыру.

- Оқуды игеруге мультимедиялық және басқа да техникалық арсеналды кең іске қосу.

- Сабақтардың бітуімен студенттердің келешекке қанағаттануының қорытынды нәтижесі.

«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»- деп Елбасымыз өз жолдауында айтып кеткен. Ағылшын тілі – қазіргі заманда жаһандық тіл. Бұл тілде әлемнің көптеген елінде сөйлейді. Қазіргі заманауи мектептерде ағылшын тілі пәні міндетті пән ретінде оқытылады. Күні кеше ағылшын тілі пәні кестедегі негізгі пән ретінде 1 сыныптан бастап оқытыла бастады. Неліктен біздер ерте жастан шетел тілін оқи бастадық? Осы тілде оқып үйрену үшін бе? немесе кітапта берілген мәтіндерді аударуға ма?Әлде ұстазымыздың сөздерін түсініп, сол үшін жақсы баға алу үшін бе? Мүмкін басқа шетелдің азаматтарын түсініп, олармен әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алу үшін керек пе? Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет